Турбина сатысының келтірілген қалақша пайдалы əсер коэффициенті
Турбина сатысының тиімділігі пайдалы əсер коэффициентімен (ПƏК) сипатталады. Турбина жұмыс қалақшалар куатының негізгі сатының бар куатына қатынасын, сатының келтірілген қалақша пайдалы əсер коэффициенті деп санайды:
ηо.л = Nu / Nо ,
мұнда жұмыс қалақшалар куаты Nu = Lu·G , ал Lu – меншікті жұмыс; сатының негізгі бар куаты Nо = Ео·G, ал Ео – меншікті энергия.
Осыдан келесі шығаруға болады:
ηо.л = Lu / Ео ,
Меншікті жұмыс мөлшерін келесімен табуға болады:
Lu = Nu / G = u·(c1·cosα1 + c2·cosα2) ,
Меншікті энергия мөлшері сатының орналасуына байланысты табылады. Егер, сатыдан соң үлкен камера болса, шығыс жылдамдығының энергиясы босқа шығын болып кетеді, сондықтан Ео = .
Сатылар аралығында орнатылған қалақшалар торында, шығыс жылдамдығының энергиясы келесі торда пайдаға асырылады, сондықтан
Ео = . Негізінде энергияны келесі түрде жазуға болады:
Ео = ,
мұнда будың негізгі кірістегі кинетикалық энергиясын есепке алғандағы толық жылу құламасы;
- келесі сатыда пайдаға асатын кинетикалық энергия мөлшері, ал коэффициент мөлшері нольден бірге дейін өзгереді. Егер, = 1 болса, сатының шығысындағы барлық кинетикалық энергия келесі сатыда пайдаға асырылады.
Сатының келтірілген қалақша пайдалы əсер коэффициентін меншікті жұмысты жылдамдық арқылы көрсетіп табуға болады.
Сатының келтірілген қалақша пайдалы əсер коэффициенті:
ηо.л = .
Сатының келтірілген қалақша пайдалы əсер коэффициенті бу жылдамдығының мөлшері мен бағытына байланысты. Негізінде, таза активті сатының ηо.л жылдамдық қатынасымен (u/Cф); жылдамдық коэффициенттерімен φ , ψ ; бұрыштармен α1 , β2 байланысы бар.
Таза активті сатыларға С1 = φ·С1t = φ·Сф жəне , сондықтан келесіні жазуға болады:
.
Сатының келтірілген қалақша пайдалы əсер коэффициентінің ең жоғары мөлшері ηо.лмакс , жылдамдық қатынасы тиімді кезінде (u/Cф)опт = φ·cosα1/2 , болады, 4.1- сурет.
Энергия шығындары:
саты шығысындағы бу жылдамдығынан .
Сатының келтірілген қалақша пайдалы əсер коэффициенті
ηо.л = 1 – ξс – ξр – (1 – χв.с)·ξв.с .
Сурет - Таза активті сатының (ρ = 0) келтірілген қалақша пайдалы əсер коэффициенті ηо.л мен энергия шығындарының ξ, жылдамдық қатынасымен (u/Cф) байланысы
Реактивті сатының келтірілген қалақша пайдалы əсер коэффициенті де жылдамдық қатынасымен байланысты, тек байланысына реактивтік дəреже де қосылады, 4.2- сурет.
Сурет - Реактивті сатының (ρ = 0,5) келтірілген қалақша пайдалы əсер коэффициенті ηо.л мен энергия шығындарының ξ, жылдамдық қатынасымен (u/Cф) байланысы
Негізінде ең тиімді жылдамдық қатынасын келесі формула арқылы табуға болады:
(u/Cф)опт = = ;
активті сатыға келтіріп келесімен жазуға болады:
.
4.2- суретте реактивті сатының (ρ = 0,5) келтірілген қалақша пайдалы əсер коэффициенті мен жылдамдық қатынасының байланысы көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |