Турбина сатысының ішкі салыстырмалы ПƏК
Тубина сатының салыстырмалы (келтірілген) қалақша пайдалы əсер коэффициенті тек қалақшалардағы энергия шығындарын есепке алады. Турбина қалақшаларындағы энергия шығындары арқылы сатының салыстырмалы қалақша пайдалы əсер коэффициенті табылады,
,
мұнда саптамадағы, жұмыс қалақшадағы жəне шығыс жылдамдығымен энергия шығынының коэффициенті.
Турбина сатыларында бұл энергия шығындарынан басқа диск пен бандажда (шен темірде) бу үйкелісімен жəне парциалдықпен энергия шығындары пайда болады. 4.3-суретте .
Турбина сатыларында ротор мен статор тығыздағыштардан будың шығыны арқылы (4.4-суретті қара) жəне будың ылғалдығынан пайда болатын энергия шығындарыда болады.
Сонымен турбина сатыларында келесі энергия шығындар пайда болады: ξт – диск жəне бандажда (шен темірде) бу үйкелісімен;
ξп – парциалдықпен энергия шығыны;
ξу – ротор мен статор тығыздағыштардан будың шығыны арқылы; ξв – будың ылғалдығынан.
Осы энергия шығындарын есепке алғанда, турбина сатысының ішкі салыстырмалы ПƏК табуға болады:
;
в)
а) диск камерасы бойымен кесінді; б) диафрагма мен диск арасындағы бу жылдамдығының эпюрасы; в) парциалды сатысындағы желдету ағындардың сұлбасы.
Сурет - Турбина сатысының кесіндісі
Сурет - Сатыдағы бу өту схемасы
Ротор дискі айналып тұрғанда, сатының диск аралығында бу үйкелісі пайда болады, осы үйкеліске қуат жұмсалады Nтр, сондықтан диск жəне бандаждағы үйкеліске энергия шығыны коэффициентпен көрсетіледі
ξт = Nтр/Nо.
Турбина сатысына бу парциалды жіберілуі сатының қуаты мен бу көлеміне байланысты жəне қалақшалар биіктігінің шектенуіне.
Сондықтан буды парциалды жіберген кезде оның тұрып қалатын аралықтары болады. Бұл буды желдетіп шығарған кезде энергия шығыны болады Nв, шығын коэффициенті ξв . Парциалды бу жіберген кезде саптаманың арқа жағында бу құйындап өткеннен сегментті энергия шығыны пайда болады ξсегм . Сонымен парциалдықтан энергия шығыны ξп = ξв + ξсегм .
Турбина сатысында бу саптама мен жұмыс қалақшасынан өтпей лабиринтті тығыздағыштан өтуі мүмкін. Тығыздағыштан өткен бу жұмыс атқармайтын болғасын энергия шығыны пайда болады. Бұл шығын коэффициентпен сипатталады ξу – тығыздағыштағы бу шығын коэффициенті.
Егер турбина сатысынан өтетін бу ылғалды болса, ылғал əсерінен энергия шығыны болады. Ылғалдан пайда болған энергия шығыныда коэффициентпен көрсетіледі:
ξвл = ,
мұнда уо , у2 – саты кірісі мен шығысындағы бу ылғалдылығы;
а – тəжірибеден табылған коэффициент (а = 0,4 – 1,4).
Энергия шығындары мен турбина сатысының келтірілген қалақша жəне ішкі салыстырмалы пайдалы əсер коэффициенттерінің байланысы 4.5-суретінде көрсетілген. Осы суреттегі график бойынша
бу ағынының ең тиімді жылдамдылық қатынасын табуға болады.
Сурет - Энергия шығындары мен ηоi байланысы
Лабиринтті тығыздағыштардың екі түрі болады: баспалдақты жəне тік ағынды, 4.6-сурет. Бу өткізу мөлшері (шығыс коэффициенті) тығыздағыштар тарақтарының пішініне байланысты болады, 4.7-сурет.
а) баспалдақты; б) тік ағынды.
Сурет - Лабиринтті тығыздағыштар көрінісі
Сурет - Лабиринтті тығыздағыштардың түріне байланысты шығыс коэффициенті
а)
б)
в) г) д)
а – статорда тарақша қылдары ал роторда жырашық; б – роторда қылдар статорда жырашық; в – тік ағынды (төмен қысымды цилиндрларда ТҚЦ қолданылады); г – қылдары бар сатысызды тығыздағыш; д - ұялы.
Сурет - Қазіргі бу турбиналардың лабиринтті тығыздағыштарының құрылысы
Қазіргі кезде ұялы тығыздағыштар қолданатын болды. Ұялы тығыздағыштар бір неше жолды қалқалардан тұрады. Қалқалар ыстыққа төзімді хром никельді фольгадан жасалады. Фольганың қалыңдығы 0,05 мм. Фольгадан жасалған қалқалар ұялы бөлшектерге дəнекерленіп қосылады, ұялы бөлшектер диафрагмаларға əлде обоймаларға орнатылады.
Ұялы тығыздағыштар қолданған кезде, бу турбинадағы шығындар мөлшері төмендеп, турбинаның пайдалы əсер коэффициенті 2,5-3 % өседі.
Шен темір тығыздағыштардың лабиринтті жəне ұялы түрлерінің құрылысы 4.9-суретте көрсетілген, ал соңғы жəне дафрагмалық тығыздағыштардың лабиринтті жəне ұялы түрлерінің құрылысы 4.10- суретте көрсетілген.
Түрі лабиритті ұялы түрі
Сурет - Шен темірдің (баждандың) тығыздығыштары
Түрі лабиритті ұялы түрі
Сурет - Соңғы жəне диафрагмалық тығыздығыштар
Достарыңызбен бөлісу: |