8.4 сурет – Қосиінді білік Мысалға, ұзындығы 3000 мм білік дайындамасы үшін ескі технология бойынша массасы 5 т соғылма алу үшін массасы 8 т құймакесек керек болды. Жаңа технология бойынша массасы 2,5 т құймакесек қажет, одан қалыптаудан кейін массасы 1,1 т дайындама алады. Сонымен қатар қосиінді білікті механикалық өңдеудің еңбек сиымдылығы 600 сағатқа төмендеді.
Қосиінді біліктерге жоғарғы техникалық талаптар қойылады; коренной және бұлғақты мойындардың диаметрлік өлшемдерінің дәлдігі 0,1 мм, олардын параллель еместігі 0,2мм/м, мойын пішінінің қателігі 0,05 мм, кедір-бұдырлығы 1,25 мкм.
Эксцентрлік біліктер. Эксцентрлік біліктерді жасау технологиясы қосиінді біліктерді өңдеудің технологиясында, операциялардың бірізділігінде және технологиялық жабдықтар мен әбзелдерді қолдануда ұқсастықтары өте көп.
Ауыр эксцентрлік біліктің дайындамасы болып болат соғылма (болат 45, 40ХН) табылады. Негізгі техникалық талаптар тірек мойындарының және эксцентрлік сатының диаметрлік өлшемдерінің дәлдігін, пішін дәлдігін және осы беттердің кедір-бұдырлығын, және де эксцентрикпен тіреуші мойындардың остерінің параллельдігін ережелейді, 8.5 сурет.
8.5 сурет – Эксцентрикті білік Эксцентрикті біліктің дайындамасын эксцентриситеті жазықтықтан белгілейді. Содан кейін біліктің бүйіржағын жонады және белгілеу бойынша кеңейжону білдегінде центірлік тесікті өңдейді. Токарлы білдекте дайындаманы центрге орналастырып біліктің барлық сатыларын мен эксцентриктің бүйір жақтарын жонады, және де бугелдерді орнату үшін біліктің ұштарына көмекші мойындар жонады.
Содан кейін бугелдерді жасайды, оларды білік мойынына кигізеді де пісіреді, оларда эксцентрик пен тіреуіш мойындары үшін центрлік тесіктерді жонуға центрлік тесіктерді белгілейді, екі бугелдеде эксцетриситетті сақтай отырып. Соңғысы эксцентрикпен тіреші мойындардың остерінің параллелдігін қамтамасыз ету үшін маңызды.
Дайындаманы центрлік тесіктерге орната отырып жонады, содан кейін экцентриктің бетін аунақшалармен бүрлеп беріктендіреді. Содан кейін дайындаманы бугелдердің басқа центрлік тесіктеріне орнатып біліктін бас осі бойынша барлық сатыларды соңғы рет өңдейді. Бұдан кейін бугелдерді кесіп тастайды, біліктің бүйіржағын өлшемге жонады және білікті сүйеніштерге тіреуші мойындар бойынша орнықтырып енгізгі центрлік тесіктерді қалпына келтіреді. Осы білдекте тірек моиындарын жылтыратады. Содан кейін қалған операцияларды орындайды: кілтек ойықтарын белгілейді және жонады, майлау мен бекіту тесіктерін бұрғылайды және бұранда салады. өңделген білікті соңғы бақылаудан өткізеді, тетік сызбасының номер таңбасын және дайындама жасау кезіндегі балқыма номерін қояды.
Бақылау сұрақтары:
1. Қосиінді баспақтардың тұғырының дайындамасын алу тәсілдері?
2. Қосиінді баспақтардың бас біліктері үшін материалдар?
3. Қосиінді баспақтардың бас біліктерінің дайындамасын алу тәсілдері?
4. Пісірілген тұғырларды жасауға арналған бастапқы материалдар?
5. Эксцентрикті білікті механикалық өңдеудің ерекшелігі неде?