Республикасы



бет1/23
Дата11.02.2020
өлшемі4,1 Mb.
#57809
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
UMK TPOiO kazakh

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Өнеркәсіптік инженерия институты
Білдекжасау, материалтану және машинажасау өндірісінің технологиясы кафедрасы



5В073800 «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығына арналған

«Жабдықтар мен әбзелдерді өндіру технологиясы» пәні бойынша
СТУДЕНТТІҢ ПӘНДІК

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

АЛМАТЫ 2013
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің 5В073800 – «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған «Жабдықтар мен әбзелдерді өндіру технологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені 1– 76 б. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 04.08.2003 №528 үкімімен бекітілген.

Құрастырушылар: Ақынғазиев Ж. т.ғ.к., доцент

Нарбаев А.А. т.ғ.к., доцент

Нұғман Ерік Зеинелович, аға оқытушы


Андатпа

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы өндірісінің бакалаврларын жабдықтар мен әбзелдерді өндіру технологиясының негіздерімен таныстыру оларды дайындаудың бір түрі болып табылады. ОӘК-де Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы технологиясының негіздері жайлы, ұсталық-баспалау машиналарының негзгі тетіктері мен түзілімдеріне қойылатын негізгі талаптар, қалып әбзелінің тетіктері мен түзілімдері, машина тетіктері мен қалыптарға арналған материалдар таңдау, термоөңдеу жайлы мәліметтер келтірілген.

Курстың мақсаты студенттерді дайындама алудың технологиялық үрдісін жобалау, оларды механикалық өңдеу, құрастыру және сынақтан өткізу әдістемелерімен таныстыру.

Пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес максималды толық қамтылған, дәріс материалдың мазмұны көлемді келтірілген. Әрбір дәрісте негізгі түсініктемелері, терминдері белгіленген, жүйеленген материалдарды қабылдауға оңай болу үшін дәріс сұлбалар, кестелер, суреттер немесе жалпы түсініктемелер негізінде құрастырылған.

© Қ.И.Сәтбаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2013



1 ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – Syllabus
1.1Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақты өткізетін оқытушы – Ақынғазиев Ж.

Қатысу ақпараттары 92-99-61, (2-25)

Кафедрада болу уақыты МЖҒ кестеге сәйкес


1.2 Пән туралы мәліметтер

Аталуы «Жабдықтар мен әбзелдерді өндіру технологиясы»

Кредит саны 3,(135)

Өткізілетін орны. «Білдек жасау, материалтану және Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы өндірісінің технологиясы» кафедрасы

1 кестеде 5В073800 мамандығы бойынша оқу жоспарының көшірмесі келтірілген
1 кесте

Оқу жоспарынан көшірме



Курс

Семестр

Кредит

Аптасына академиялық сағат

Бақылау түрі

Дәріс

Тәжірибелік сабақтар

СӨЖ

СОӨЖ

Барлығы




1

2

3

4

6

7

8

9

10

4

7

3

2

1

3

3

9

Е, КЖ


1.3 Пререквизиттер математика; физика; материалдар кедергісі; өзараауысымдылық негіздері; машина тетіктері мен құрылымдау негіздері; ыссы қалыптау және соғу технологиясы; суықтай қалыптау технологиясы; құралдарды жобалау; қысыммен өңдеу цехтарының жабдықтары;
1.4 Постреквизиттер: МҚӨ цехтарын жобалау
1.5 Пән туралы қысқаша мағлұмат

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы өндірісінің бакалаврларын дайындаудың құраушыларының бірі оларды жабдықтар мен әбзелдерді өндіру технологиясының негіздерімен таныстыру. ОӘК Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы технологиясының негіздері туралы, ұсталық-баспалау машиналарының негізгі тетіктері мен түзілімдеріне, қалыптық әбзелдін тетіктері мен түзілімдеріне қойылатын негізгі талаптар туралы, қалыптар мен машина тетіктері үшін материал таңдау, термиялық өңдеуді тағайындау туралы мәліметтер келтірілген. Жасаудың технологиялық үрдісін жобалауды, қалып және машина тетіктері мен түзілімдерін құрастыру мен сынауды оқыту.

Пәнді оқыту міндеттері.

Конструктивті-технологиялық және эксплуатациялы-технологиялық талқылауларды және де бәсекелесе алатын бұйымдарды, олардың өндірісте тез қолданылуын ескере отырып тарату, ұсталық-қалыптау жабдығы мен әбзелдің негізгі тетіктерін жасау мен құрастырудың технологиялық үрдістерін жобалауға мамандарды дайындау.



Пәнді оқу барысында студент білуі тиіс: сапаға, өлшемдер дәлдігіне, пішініне және ұсталық- қалыптау жабдығы мен әбзел тетіктерінің қарапайым беттерінің орналасуына қойылатын рационалды талаптар әдістемесін; тетіктердің, құрастыру бірлігінің және жалпы бұйымның технологиялылығын талдау әдісін; өңдеу мен құрастырудың технологиялық үрдістерін жүргізу үшін жабдық пен әбзелдің, өңдеудің технологиялық әдістерін таңдау критерилері; жабдық пен қалыптау әбзелінің тетіктерін жасау үшін материалдарды таңдау әдістемесін; негізгі машиналар мен қалыптарды құрастыру және типтік тетіктерді дайындаудың технологиялық үрдістерін жобалау әдістемесін.

Студент істей білуі керек: ұсталық-қалыптау машиналары мен әбзелдің тетіктерінің дайындамасын алу әдістерін таңдауды; жекелеген технологиялық факторлардың әсерімен байланысқан есептерді жүргізуді; өңдеудің дәлдігін бағалауды; өңдеу мен құрастырудың маршрутты технологиясын құруды.
1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және орындау графигі

2 кесте


Тапсырмалар түрі және орындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсырма

түрі

Тапсырманың тақырыбы

Ұсынылған әдебиеттердің беттерін көрсету

Тапсыру мерзімі

Ағымдық бақылау

Тәжірибелік сабақ № 1

Бұйым сапасын бағалаудың ықтималды-статистикалық әдісі.

Нег.1 [46-73],

Қос. 4 [23- 37]

Қос. 5 [3- 12]

2аптада

Тәжірибелік сабақ № 2

Таралу қисығын тұрғызу (Гаусс заңы).

Нег.1 [63- 73], Қос.4 [23-29], Қос. 5 [3-12]

4 аптада

Тәжірибелік сабақ № 3

Бағалаудың статистикалық әдістерін қолдануға есептер шығару

Нег.1 [46-73] Қос. 5 [3-12]

6 аптада

АБ 1

Тестілеу

1 модуль




8 аптада

Ағымдық бақылау

Тәжірибелік сабақ № 4

Өңдеудің жиынтық ауытқуларын есептеу

Нег.1 |102-116] Қос. 5 [13-30]

10 аптада

Тәжірибелік сабақ № 5

Механикалық өңдеуге әдіптер

Нег. 1 [253-265]

12 аптада

Тәжірибелік сабақ № 6

Ауыспалы жүйелі ауытқуларды есептеу

Нег.1 |31-45] Қос. 5 [3-30]

14аптада

АБ 2

Тестілеу

2 модуль




14 аптада

Курстық жоба







15 аптада

Қорытынды бақылау

Емтихан





Кесте бойынша


1.7 Әдебиеттер тізімі

1.7.1 Негізгі әдебиеттер

1. Маталин А.А. Технология машиностроения. Л.: Машиностроение, 1985.- 496с.

2. Медведев В.А. Технология кузнечно - прессового машиностроения. М.: Машиностроение, 1984.- 184с.

3. Мендельсон B.C., Рудман Л.И. Технология изготовления штампов и прессформ. - М.: Машиностроение,1982.-207 с.



1.7.2 Қосымша әдебиеттер

4. Основы технологии машиностроения / Под ред. В.С.Корсакова. -М.: Машиностроение, 1977.

5. Нарбаев А.А. Технология производства оборудования и оснастки. Методические указания к практическим занятиям (для студентов очной и заочной форм обучения специальности 250440 – «Машины и технологии обработки металлов давлением») Алматы: КазНТУ, 2001, с.1-34.
1.8 Білімді бақылау және бағалау

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде кредиттік технология бойынша оқуда студенттер білімінің рейтинг бақылауы қолданылады.

Пәннің рейтингі 100 пайыздық шкала бойынша бағаланады.

3 кесте


Бақылау түрлері бойынша рейтинг пайыздарын бөлу


Вариант

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Баллы

1

Емтихан


Қорытынды бақылау

100

Аралық бақылау

100

Ағымдағы бақылау

100

4 кесте


«Жабдықтар мен әбзелдерді өндіру технологиясы» пәні бойынша

барлық бақылау түрлерін өткізудің күн тізбелік графигі



Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Бақылау түрлері

Т1


Т1

Т2


Т2


Т3


Т3


АБ1


А1

Т4

Т4


Т5

Т5


Т6

Т6

АБ2



КЖ А2


Аптадағы бақылау саны

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

2

2

Бақылау түрлері: Т – тәжірибелік сабақ, АБ – аралық бақылау, КЖ – курстық жұмыс

Студент жалпы ≥ 30 рейтинг балы есебімен қорытынды бақылауға жіберіледі. Қорытынды бақылауға ≥ 20 балл жинаған жағдайда ғана өткізілді деп есептелінеді. Пәннің қорытынды бағасы шкала бойынша (5 кесте) анықталады.



5 кесте

Студенттердің білімін бағалау



Баға

Әріптік эквивалент

Рейтингтік балл (%)

Балмен

Өте жақсы


А

95-100

4

А-

90-94

3,67

Жақсы


В+

85-89

3,33

В

80-84

3,0

В-

75-79

2,67

Қанағаттанарлық

С+

70-74

2,33

С

65-69

2,0

С-

60-64

1,67

D+

55-59

1,33

D

50-54

1,0

Қанағаттанарлықсыз

F

0-49

0


Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар

1 Модуль

1. Өндірістік үрдіс. Технологиялық үрдіс.

2. Жеке, сериялы өндіріс және оларды ұйымдастыру әдістері.

3. Жаппай өндірісте қандай жабдық қолданылады?

4. Машина құрылымының технологиялылығы қандай негізгі көрсеткіштері бойынша бағаланады?

5. Дайындамаларды механикалық өңдеуде орнықтардың тұрақтылық принципі қандай роль атқарады?

6. Дәлдік қандай көрсеткіштермен сипатталады?

7. Қандай қателіктер кездейсоқ болып табылады?

8. Өлшемдер дәлдігін бақылау қандай әдістермен іске асырылады?

9. Пішіндер дәлдігін бақылау қандай әдістермен іске асырылады?

10. Беттік қабаттың сапасы қандай параметрлері бойынша сипатталады?

11. Беттің кедір-бұдырлығына технологиялық жүйе қатаңдығы қалай ықпал етеді?

12. Сериялы өндірісте қандай жабдықтар қолданылады?

13. Тетіктерді жоңқаны түсіріп өңдеудің технологиялық әдістері.

14. Тетіктерді жоңқаны түсірмей өңдеудің технологиялық әдістері.



15 Абразивті аспаптармен тетіктерді өңдеудің технологиялық әдістері.

2 Модуль

1. Тоқпақтардың құрылымдық әркелкілігі.

2. Тоқпақ тұғырының құрылымы.

3. Тоқпақ тұғырының материалы, дайындама алу әдісі, механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты.

4. Тоқпақтар соташығы. Дайындама алу әдісі, материалы. Механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты.

5. Тоқпақтар төсі. Құрылымдары. Материал. Дайындама алу әдісі, техникалық талаптар. Механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты.

6. Қосиінді машиналардың құрылымдық ерекшеліктері.

7. Қосиінді машиналар тұғырының құрылымы.

8. Қосиінді машиналар тұғырының құрылымы, дайындама алу әдісі, механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты.

9. Қосиінді машиналардың басты біліктерінің типтері. Техникалық талаптар. Материал, дайындама алу әдісі. Механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты.

10. Тегершіктер. Техникалық талаптар. Материал, дайындама алу әдісі. Механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты.

11. Қосиінді машиналарды құрастырудың технологиялық сұлбалары. Дәлдік нормасы.

12. Гидравликалық баспақтардың құрылымдық ерекшеліктері. Гидравликалық баспақтар тұғырының материалы, дайындама алу әдісі, пісірілген тұғырларды механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты.

13. Гидравликалық баспақтар тұғырының материалы, дайындама алу әдісі, құйма тұғырларды механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты.

14. Гидравликалық баспақтар цилиндрлерінің материалы, дайындама алу әдісі, гидравликалық баспақтардың тұйық цилиндрлерін механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты.

15. Гидравликалық баспақтар цилиндрлерінің материалы, дайындама алу әдісі, гидравликалық баспақтардың жанама цилиндрлерін механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты.

16. Гидравликалық баспақтар бағанашық материалы, дайындама алу әдісі, техникалық талаптар, гидравликалық баспақтардың бағанашығын механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты.

17. Ұсталақ-баспалау машиналарын жөндеу. Тетіктердің тозу түрлері. Машина тетіктерін қалпына келтіру әдістері. Бақылау.

18. Тоқпақтық қалыптарды жасау технологиясы. Ірі тоқпақтық баспақтарды механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты.

19. КГШП қалыптарының ендірмесін жасау технологиясы.

20. Суықтай қаңылтырлы қалыптау қалыптарының тетіктерін жасау технологиясы. Механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты.
Аралық аттестация ға арналған сұрақтар

1. Жаппай өндірістің ұйымдастырушы әдістері.

2. Өңдеу дәлдігіне қандай факторлар ықпал етеді?

3. Өңдеу сапасына қандай факторлар ықпал етеді?

4. Орнықтандыру және орнық.

5. Механикалық өңдеудің техүрдістерін жобалау үшін бастапқы мәліметтер.

6. Әр түрлі өндірісте технологиялық үрдістерді жобалаудағы технологиялық құжаттама.

7. Механикалық өңдеуге әдіптер.

8. Машинаны құрау технологиясын өңдеудің бірізділігіі

9. Дайындама алудың технологиялық әдістерінің сипаттамасы.

10. Тетік бетінің дәлдігі мен сапасы өзара қалай байланысады?

11. Технологиялық жүйенің жылулық деформациясының дәлдік пен сапаға ықпалы.

12. Өлшемдердің сейілу заңдары.

13. Тетік бетінің сапасын басқару қандай әдістермен іске асырылады?

14. Қалдық кернеулердің дәлдікке ықпалы.

15. Түзілімдік құрастыру – оның ерекшеліктері.
1.9 Курстың саясаты мен процедурасы

Студенттер сабаққа міндетті түрде қатысуы керек, сабаққа қатыспаған күндерін қосымша сабақпен толықтырады. Тәжірибелік сабақтар ағымдағы бақылау ретінде уақытында тапсырылуы қажет. Уақытында тапсырылмаса балы кемиді. Аралық бақылау оқу процесінің графигіне сәйкес тест түрінде қарастырылған.


2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ

2.1 Курстың тақырыптық жоспары

6 кесте


Тақырыптар атауы

Дәрістер

Тәжірибелік сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

1. Кіріспе. Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясыдағы өндірістік және технологиялық үрдіс. Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы өндірісінің типтері. Бұйым дәлдігі және өндірісте оны қамтамасыз ету тәсілдері. Дайындама мен тетік бетінің сапасы

2




3

3

2. Білдектерге орнату ауытқулары мен орнықтары. Орнықтарды таңдау. Өңдеу дәлдігіне әсерететін факторлар

2

2

3

3

3. Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы өндірісінің технологиялық әдістерінің сипаттамасы. Машина құрылымының технологиялылығы

2




3

3

4. Машина тетіктерін өңдеудін технологиялық үрдістерін жобалау. Құрастырудың технологиялық үрдістерін жобалау

2

2

3

3

5. Аз сериялы өндірісте ұсталық-қалыптау машиналарының ірі тетіктерін жасау кезінде қолданылатын жабдық және әбзел

2




3

3

6. Тоқпақ тұғырларының құрылымдық ерекшеліктері. Тоқпақ тұғырларын жасау технологиясы

2

2

3

3

7. Тоқпақтардың цилиндрлерін, сотаңын және поршенін жасау технологиясы

2




3

3

8. Қосиінді машиналарды өндіру технологиясы. Тұғырларды жасау. Бас біліктерді жасау

2

2

3

3

9. Тегершіктерді, шкивтерді, тісті донғалақтарды жасау

2




3

3

10 Түзілімдер мен механизмдерді құрастыруға және жалпы машинаға қойылатын талаптар

2

2

3

3

11. Гидравликалық баспақтарды жасау технологиясы. Цилиндрлер мен тығынжылдарды жасау

2




3

3

12. Қалып әбзелін жасау технологиясы. Қалыпты жасау кезінде өңдеудің жалпы және арнайы әдістері

2

2

3

3

13. Қаңылтыр қалыптауға арналған қалыптарды жасау технологиясы. Қалып жиынтығы. Нормаланған тетіктер

2




3

3

14. Ыссы көлемді қалыптауға арналған қалыптарды жасау технологиясы. Тоқпақ қалыптарын жасау. Қосиінді ыссы қалыптау баспақтарына арналған қалыптар

2

3

3

3

15. Ұсталық-қалыптау машиналары мен қалыптарды жөндеу. Жөндеудің мақсаты мен міндеті. Машиналар мен қалыптарды жөндеудің технологиялық үрдісінің жалпы сұлбасы

2




3

3

Барлығы

30

15

45

45


2.2 Дәріс сабақтарының қысқартылған жазбалары
1 Дәріс. Кіріспе. Бұйым және технологиялық үрдіс. Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясыдағы өндірістік және технологиялық үрдіс. Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы өндірістерінің типтері. Бұйым дәлдігі және өндірісте оны қамтамасыз ету тәсілдері. Тетіктер мен дайындамалардың бет сапасы.

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы өндірістің маңызды саласы болып табылады. Оның өнімі — машиналар халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады. Өндірістің және халық шаруашылығының өркендеуі, және де оларды жаңа техникалармен қамтамасыз ету қарқыны Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясыдың даму денгейіне де байланысты болады.

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясыдың дамуы мемлекеттің дамуы болып саналады.

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы-технологтарының алдында мынадай мәселелер тұрады машина сапасын арттыру, оларды дайындауда еңбек сиымдылықты, өзіндік құнның және материал шығынын азайту, ағымды жұмыс әдістерін енгізу, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, сондай ақ жаңа объектілерді өндіріске дайындау мерзімін қысқарту.

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясыдағы технологиялық үрдіс машинаның құрылымын жақсартумен ғана емес және де оларды жасау технологиясын үздіксіз жетілдіру мен де сипатталады.

Машина құрылымының жетістігі қазіргі заман техникасының денгейіне сай келуімен, пайдалану кезіндегі үнемділігімен сипатталады. Осы талаптар ескерілген машина құрылымын технологиялық деп атайды.

Өндірілетін машиналардың сапасын технологиялық қамтамасыз етуді арттыру маңызды, және де бірінші кезекте олардың дәлдігі. Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясыда, машинаның қолдану сапасын және оларды өндіру технологиясын арттыру үшін дәлдіктің маңызы зор. Дайындамаларды жасаудың дәлдігін арттыру механикалық өңдеудің еңбексиымдылығын азайтады, ал механикалық өңдеудің дәлдігін арттыру құрастырудың еңбексиымдылығын, қиылыстыру жұмыстарын жою және бұйым тетіктерінің өзара ауысымдылығын қамтамасыз ету нәтижесінде, азайтады.

Машинажасаудың басты мәселелерінің бірі технологиялық үрдістердің өту заңдылықтарын оқу және параметрлерін анықтау, оларға әсер ете отырып өндірісті бәсеңдетуге және оның дәлдігін арттыруға болады.

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы технологиясы мынадай пәндермен тығыз байланысты: құю өндірісінің технологиясы, соғу және қалыптау технологиясы, пісіру технологиясы, термиялық өңдеу технологиясы, қабат төсеу технологиясы (қаптаманы жағу технологиясы), кесу теориясы, метал кескіш білдектер мен құралдар, әдіптер, техникалық өлшемдер, материалтану және термиялық өңдеу. Бұл ғылымдарды қолданбай технологиялық сұрақтарды қарастыру мүмкін емес.

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы технологиясында, машина өндірісінің соңғы кезеңіне жататын мәселелер шешіледі–дайындамаларды механикалық өңдеу және машинаны құрастыру. Бұл үрдістер өзара байланысқан және еңбексиымдылығы жоғары (бұйымды жасаудың 80—90%).

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы технологиясы – бұл қажетті сападағы машиналарды жасау туралы ғылым, өндірістік бағдарлама мен көрсетілген мөлшерде, және де беілген мерзімде аз еңбек шығынымен, яғни төменгі өзіндік құнмен.

«Жабдықтар мен әбзелдерді өндіру технологиясы» курсы үш бөлімнен тұрады:

1) Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы технологиясының негіздері;

2) Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясыдың ұсталық–баспалау технологиясы;

3) Қалып жасау технологиясы.

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясыда бұйым деп – кәсіпорында жасалынатын өндірістің кез-келген затын айтамыз. Бұйым болып машина, оның құрастыру элементтері, сондай ақ жекелеген тетік болуы мүмкін.

Тетік – құрастыру операцияларын қолданбай, маркасы мен атауы біртекті материалдардан жасалған бұйым. Тетіктің сипаттамалық белгілері – оларда ажырамалы және ажырамайтын қосылыстар болмайды. Тетік бұл машинаның бірінші құрастыру элементі.

Құрастыру бірлігі – бұл құрама бөліктері құрастырылатын бұйым.



Құрылымға байланысты құрама бөліктер жекелеген тетіктерден немесе жоғарғы реттік құрама бөліктер мен тетіктерден тұруы мүмкін. Құрама бөліктерді бірінші, екінші және аса жоғарғы реттік деп бөледі. Бұйымды құрама бөліктерге бұлай бөлу технологиялық белгілеріне байланысты жүргізіледі.

Бұйымды функционалды белгілеріне байланысты да құрама бөліктерге бөлуге болады. Мысалы, оларға газ таратқыш қозғалтқыштың механизмін, оның майлау және суыту жүйесін жатқызуға болады.



Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясыда құрастыру жалпы және түзілімдік болып бөлінеді. Жалпы құрастырудың кешені болып бұйым, түзілімдік құрастырудың кешені болып құрама бөлігі табылады.

Жаңа машиналарды жасаған кезде алдын ала құрастырылған және тексерілген құрама бөліктерден тұратын олардың жалпы құрастырылуын қарастыру керек, бұл оларды өндіруде ғана емес, сондай ақ баптау, қолдану және жөндеу кезіндедегі артықшылығын қамтамасыз етеді.

Өндірістік үрдіс - өзара байланысқан іс әрекеттердің жиынтығынан тұрады, олардың нәтижесінде бастапқы материалдар мен шалаөнімдер дайын бұйымға айналады. Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясыда өндірістік үрдіс өндіріс жабдықтарын дайындау мен жұмыс орындардың қызмет көрсетуін ұйымдастыруды; материалдар мен шалаөнімдерді алу мен сақтауды; машина тетіктерін жасаудың барлық сатыларын; бұйымды құрастыруды; материалдар, дайындамалар, тетіктер, дайын бұйымдар мен олардың элементтерін тасмалдауды; өндірістің барлық сатыларындағы техникалық бақылауды; дайын өнімді орауды және шығарылатын бұйымды жасаумен байланысты басқада іс әрекеттерді қамтиды.

Технологиялық үрдіс - деп өндіріс затын өлшеу мен күйін анықтау әрекеттерінен тұратын өндірістік үрдістің бөлігін айтамыз. Машинаны жасап шығаруды арттыру өндірісті кеңейтумен емес, бірінші кезекте технологиялық үрдісті бәсеңдету жолымен қамтамасыз етілуі қажет. Сондықтан Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы технологиясының негізгі міндеті жоғары өнімді технологиялық үрдістерді жасау болып табылады.

Орындалу ретіне байланысты, бастапқы дайындаманы жасаудың технологиялық үрдістерін былай бөледі: термиялық өңдеу, дайындамаларды механикалық өңдеу, бұйымды түзілімдік және жалпы құрастыру.

Технологиялық үрдісті операцияларға бөледі. Технологиялық операция деп бір жұмыстық орында орындалатын технологиялық үрдістің аяқталған бөлігін айтамыз.

Көмекші операциялар, оларға тасымалдау, бақылау, таңбалау және басқада жұмыстар жатады.

Бұйым шығару көлеміне, тұрақтылығына, жиілігіне (регулярности) және атаутізімнің көптігіне байланысты өндіріс әртүрлі типтерге бөлінеді: жеке, сериялы және жаппай.

Жеке өндіріс жасалатын немесе жөнделетін бұйымның атаутізімінің көптігімен және бұйымды шығарудың аз көлемімен сипатталады.

Жаппай өндіріс ұзақ уақыт бойы үздіксіз жасалатын немесе жөнделетін бұйымның атаутізімінің аздығы және бұйымды шығару көлемінің көптігімен сипатталады.

Жаппай өндіріс үшін МЕСТ 3.1108—74 сәйкес операцияны бекіту коэффициенті бірге тең, яғни әрбір жұмыстық орында бір тұрақты қайталанатын операцияны орындау бекітіледі.



Синтетикалық аса қатты материалдар мен алмастардан жасалған құралдар жоғарыөнімділікті технологиялық әбзелдер және барлық түрдегі фасонды құралдар үлкен қолданыс тапты.

Механикалық өңдеуге ең төменгі әдібі бар нақты жекелеген бастапқы дайындамалар кеңінен қолданылады (қысыммен құю, дәл құю, ыссы көлемді қалыптау және баспалау, мөлшерлеу мен безеулеу т.с.с.).

Құралатын түзілімдер мен өңделетін дайындамалардың өзара ауысымдылығын қамтамасыз ету кезінде, реттелген білдектерде автоматты түрде өлшемдер алу әдісімен қажетті дәлдікке жетеміз.



Жаппай өндірістегі жұмысшылардың орташа біліктілігі жекеге қарағанда төмен.

Жаппай өндірістің технологиялық құжаттамалары тетік үлгісімен жасалынады техникалық нормалары толығымен есептеледі және тәжірибелік тексеріледі.

Сериялы өндіріс, периодты қайталанатын партиялармен жасалатын немесе жөнделетін бұйымның шектелген атаутізімімен және бұйымды шығару көлемінің көптігімен сипатталады.

Серия немесе партиядағы бұйымның санына және бекіту коэффициентінің мәніне байланысты операциялар шағын-сериялы, орташа сериялы және ірі-сериялы болып бөлінеді.

Операцияны бекіту коэффициенті, бір ай ішінде орындалған немесе орындалатын барлық әртүрлі технологиялық операциялардың жұмыс орынының санына қатынасымен анықталады. Операцияны бекіту коэффициенті шағын-сериялы өндіріс үшін 20-40 аралығында, орташа сериялы үшін 10-20; ірі сериялы үшін 1-10 аралығы.

Сериялы өндіріс Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы өндірісінің негізгі типі болып табылады және осы типтегі кәсіпорындармен Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы өнімінің 75-80% шығарылады. Барлық технологиялық және өндірістік сипаттамалары жағынан сериялы өндіріс жеке жаппай өндіріс арасындағы аралықты алып жатыр. Жұмысшылардың орташа біліктілігі жаппай өндіріске қарағанда жоғары ал жекелеген өндіріспен салыстырғанда төмен.

Күрделі әмбебап білдектерде жұмыс істейтін жоғары білікті жұмысшылар мен баптаушылармен бірге реттелген білдектерде жұмыс істейтін жұмысшы-операторларда пайдаланылады.

Қарапайым құжаттама мен қарапайым дайындаманы тәжірибе-статикалық нормалауды бір уақытта қолданған кезде біршама күрделі және жауапты дайындамалар үшін технологиялық құжаттама мен техникалық толығымен жасалады.



Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы мен құралжасау көптеген бұйымдарының дәлдігі олардың сапасының маңызды сипаттамасы болып табылады. Жасау кезінде дәлдік дұтыс болмаған кезде қазіргі кездегі қуатты және жоғары жылдамдықты машиналар жұмыс істей алмайды, өйткені машинаның дұрыс жұмыс істеуін бұзатын және қирауын тудыратын қосымша динамикалық жүктеулер мен дірілдер пайдаболады.

Түзілімдерді құрастыру мен тетіктерді жасаудың дәлдігін арттыру механизмдер мен машинаны пайдаланудың сеніділігі мен ұзақ мерзімділігін арттырады. Мұнымен тетіктер мен жалпы машинаны жасау дәлдігіне қойылатын талаптардың үздіксіз күшейтілуі түсіндіріледі.

Мысалы, тығынжылды жұптарды жасаған кезде қосылыстардағы саңылау әдібі

2–3мкм құрайды, бұл әрбір жанасқан тетіктерден, 1–2мкм әдіппен сипатталатн дәлдікті талап етеді.

Жауапты теодолитті тетіктердің түйіскен жерінде саңылаудың ауытқу мүмкіндігі 0,6 дан 1,0 мкм дейін. Шарикті мойынтірек тетіктерінің дәлдігін арттырып, саңылауын 20 дан 10мкм азайтқан кезде оның жұмыс мерзімі 740 сағаттан 1200 сағатқа артады.

Дәлдікті арттыру бұйым өңдеу үрдісінде де маңызды. Бастапқы дайындамалардың дәлдігін арттыру механикалық өңдеудің еңбек сиымдылығын төмендетеді, тетікті өңдеу әдібінің өлшемдерін азайтады және металды үнемдеуге әкеледі.

Механикалық өңдеудің дәлдігін арттыру құрау кезіндегі қилыстыру жұмыстарын болдырмайды, тетіктер мен түзілімдердің өзара ауысымдылық принцптерінің жұргізілуіне мүмкіндік береді, бұл соңғының еңбексиымдылығын азайтады және де машинаны жөндеуді жеңілдетеді және арзандатады.

Тетіктің дәлдігі деп оның сызба талаптарына сәйкескелуін айтамыз: өлшемі, геометриялық пішіні, өңделетін беттердің өзара дұрыс орналасуы және олардың кедір – бұдырлық дәрежесі.

Дайындаманы өңдеудің берілген дәлдігін екі әдіспен алуға болады: тексеру жүрісі және өлшеу, және де реттелген білдектерде автоматты түрде өлшем алу.

Тексеру жүрістері мен өлшеу әдістері жеке немесе шағын сериялы бұйым өндірісінде, тәжірибелік өндірісте, және де жөндеу мен құралөндіріс цехтарында қолданылады. Әсіресе бұл әдіс ауыр Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясыда қолданылады. Сериялы өндіріс кезінде бұл әдіс бастапқы ақау дайындамалардан жарамды тетіктер алу үшін қолданылады.

Реттелген білдектерде автоматты түрде өлшем алу әдісі сериялы және жаппай өндірісте кеңінен таралған. Қарастырылған, дәлдікті алу әдістерінің қай қайсысында болмасын әртүрлі себептермен пайда болатын қателіктер болады.

Қателіктер жүйелік және кездейсоқ болып бөлінеді. Кездейсоқ қателіктердің пайда болу себебі өңделетін металдың қаттылығының тербелісі, әдіп шамасы, өңдеу кезінде дайындаманың күйі, температура т.б. болып табылады.

Жүйелік қателіктердің пайда болу себебі өңделетін тетіктің, білдектің, айлабұйымның және құралдың деформациясы, тозуы, дәл еместігі, БАҚТ жүйесінде болатын жылу құбылыстар, сондай ақ тетікті өңдеудің теориялық сұлбасындағы қателіктер болып табылады.

Тетіктің (дайындаманың) бет сапасы деп, ретімен қолданылатын бір немесе бірнеше технологиялық әдістердің әсер ету нәтижесінде оның беткі қабатының күйін айтамыз. Ол кедір-бұдырлық, толқындылық, сондай ақ физика-механикалық қасиеттермен сипатталады.

Беттің кедір бұдырлығы деп орнық ұзындығындағы, салыстырмалы аз қадамды тегіс еместіктердің жиынтығын айтамыз.

Беттің толқындылығы деп жүйелі түрде қайталанатын салыстырмалы үлкен қадамды тегіс еместіктердің жиынтығы.

Кедір-бұдырлық пен толқындылық өлшем дәлдігімен өзара байланысты. Жоғары дәлдікте беттің кедір бұдырлығы мен толқындылығы төмен болады.



Машинаны пайдалану кезінде оның тетіктерінің бет сапасы өзгереді. Тозу, микросызаттардың пайда болуы мен ұлғаюы, кетік, коррозиялық және эррозиялық қирау сияқты құбылыстар беттің сапасын нашарлатады; сондықтан да өндіріс үрдісінде машина тетіктерінің қажетті бет сапасын қамтамасыз етумен қатар оның тұрақтылығын машинаны пайдаланудың ұзақ мерзіміне сақтау маңызды.

МЕСТ 2789–73 бойынша беттің кедір бұдырлығының алты параметрі анықталған: Ra, Rz, Rmax, Sm, S tp.

; ; (пішіннің салыстырмалы тірек ұзындығы).

Бет сапасына әсер ететін факторлар: дайындамаларды алу әдістері (құю, соғу, қалыптау, илемдеу); өңдеу әдісі; кесу режімдері; дайындама материалының құрылымы және механикалық қасиеттері мен химиялық құрамы; БАҚТ жүйесінің қатаңдығы және т.б.

Беттің кедір бұдырлығына технологиялық факторлардың әсерін біле отырып беттің берілген кедір-бұдырлығын алуды қамтамасыз ететін өңдеу шартын тандауға болады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Қазіргі кездегі Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы технологиясына қойылатын талаптар.

  2. Технологиялық үрдістің құрылымы.

  3. Жұмыстық жүріс дегеніміз не?

  4. Көмекші жүріс дегеніміз не?

  5. Өндірістің әртүрлі типтерінің технологиялық сипаттамалары мен ұйымдастыру әдістері.

  6. Пішіннің дәлдігін бақылау әдістері мен жабдықтары.

  7. Беттердің өзара орналасуын бақылау әдістері мен жабдықтары.

  8. Беттің сапасына әсер ететін факторлар.

  9. Беттің сапасын бақылау әдістері.

10. Беттің сапасын бақылау жабдығы.

Ұсынылған әдебиеттер: Нег.1[5-128]; нег.2[3-22]; нег.3[3-18]; қос. 4[5-23, 117-160].

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет