Республикасы


Дәріс. Білдектерге орнату қателіктері мен орнықтары. Орнықтарды таңдау. Өңдеу дәлдігіне әсер ететін факторлар



бет2/23
Дата11.02.2020
өлшемі4,1 Mb.
#57809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
UMK TPOiO kazakh
сыныптан тыс іс-шара Бағила, тест қоршаған орта

2 Дәріс. Білдектерге орнату қателіктері мен орнықтары. Орнықтарды таңдау. Өңдеу дәлдігіне әсер ететін факторлар

Әр машинаның дұрыс жұмыс істеуі үшін тетіктер мен түйіндердің өзара дұрыс орналасуын қамтамасыз ету қажет.



Білдектерде тетіктерді өңдеу кезінде, дайындамалар өңдейтін құралдардың берілісті қозғалыс траекторясын анықтайтын, білдектердің механизмдері мен түйіндеріне сәйкес дұрыс бағдарлануы керек (бағыттаушы құралкүймешік, жоңғылау және кескіш бастиек, тірек, көшірме құралдары және т.б.). Өңделген дайындамалардың пішіндері мен өлшемдеріндегі қателіктер, дайындамалар мен кесу жиегінің пішін түзуші қозғалысты берілген траекториясының ауытқуларымен анықталады. Машиналардың құрастыру бірлікері мен тетіктерінін оларды құрастыру және тетіктерді жасау кезінде дайындамаларды білдектерге өзара бағыттау мәселелері оларды орнықтандырумен шешіледі.

Жалпы жағдайда орнықтандыру деп таңдалған координаттар жүйесіне қатысты дайындама немесе бұйымға қатысты қажетті күйге келтіруді айтамыз (МЕСТ 21495-76). Дайындаманы білдекте механикалық өңдеу кезіндегі орнықтандыру дегеніміз өңдейтін құралдың беріліс қозғалысының траекториясын анықтайтын, дайындамаға білдек элементтеріне сәйкес қажетті күйді беру.

Технологиялық операцияны орындау үшін өңделетін дайындаманы орнықтандыруды іске асыру ғана емес, сонымен қатар дайындама бағдарының (ориентировка) сақталуына және өңдеу процесінің қалыпты жүруіне кепілдеме беретін, өңдеудің барлық кезеңінде оның жылжымайтындығы айлабұйымға қатыстылығын қамтамасыз ету керек. Осыған байланысты дайындамаларды айлабұйымдарға орнату барысында әртүрлі екі мәселе шешіледі: орнықтандырумен іске асырылатын бағдарлау және дайындаманы бекіту арқылы жылжымастықты құру. Әртүрлілігіне қарамастан мәселелер бірдей теориялық әдістермен шешіледі, яғни кеңістікте дайындаманың (механикалық жүйе) мүмкін орын ауыстыруына белгілі шектеу қою.

Қателіктерді есептеу әдістері. Қателіктерді есептеу негізделген технологиялық үрдістерді жобалау және өнім сапасын арттыру қорын айқындау үшін қажет. Технологиялық үрдістер дәлдігін есептеудің бірнеше әдістері бар.

Есептік-аналитикалық әдіс технологялық үрдісті қатаң белгілі бір (детермининрование) жағдайда қолданылады. Есептеу қателіктердің пайда болу жағдайы мен технологиялық үрдістің жүруін нақты көрсететін, аналитикалық және эмпирикалық формулалармен жүргізіледі. Бұл әдісті жеке және шағын сериялы өндірісте қолданады. Ерекшеліктері: физикалық құбылыстар есебіне негізделген және қателіктердің пайда болу себебін анықтауға мүмкіндік береді.

Ықтималды-статистикалық әдіс тетіктердің үлкен тобында қолданылады. Ол физикалық құбылыстың мәнін ашпай-ақ өңдеу, құрастыру дәлдігін бағалау және зерттеу, жабдық жұмысының дәлдігін бақылау мен талдау бойынша есептерді шешуге мүмкіндік береді. Осы әдісті қолдана отырып, бастапқы сияқты жиынтық қателіктерді де анықтауға болады.

Есептік-статистикалық әдіс есептік-аналитикалық және ықтималды-статистикалық әдістердің дұрыс жақтарын үйлестіреді. Ол өндірістің әр түрлі жағдайларына бейім.

Білдекте өңдеу үшін орнату кезінде бағытталатын дайындаманың (сонымен қатар сызықтар мен нүктелер) бетін орнық деп атайды, ал дайындаманы орнықтармен анықталатын бір жағдайға (положение) келтіру, орнықтандыру деп аталады.

Қателіктерді есепиу мен өңдеу мен құрастырудың технологиялық үрдістерін жобалау орнықты таңдаумен байланысты. Олардың жалпы классификациясын қарастырайық.

Орнықтарды жобалық, құрылымдық, өлшеу және технологиялық деп бөледі.

Жобалық деп бұйымды жобалау кезінде таңдалған орнықты айтамыз. Олар тетіктін басқа тетіктер немесе бұйым бөліктеріне қатысты есептік орналасуын анықтайды. Әдетте бұйым сызбаларында бұл орнықтарды геометриялық элементтер түрінде келтіреді (білік және тесік остері, симметия жазықтығы, бұрыш биссектрисасы).

Конструкторлық орнық деп тетік немесе бұйым жағдайын анықтау үшін қолданылатын орнықты айтамыз. Әдетте бұйымды құрастыруды конструкторлық орнықты оның элементтерін бір бірімен теңестірме ақ түйістіру арқылы жүргізеді. Конструкторлық орнықтар бұл кезде шынайы бет болып келеді.

Өлшеу орнықтары деп дайындаманы өңдеу кезінде (бұйымды құрастыру кезінде) орындалатын өлшемдерді санау жүргізетін, немесе тетік беттерінің өзара орналасуын тексеретін орнықты айтамыз. Егер олшеу орнығы ретінде шынайы беттерді қолданатын болса, онда тексеру бақылаудың қарапайым әдісімен жұргізіледі. Геометриялық сызықтарды немесе нүктелерді қолдану кезінде бақылаудың жанама әдістерін қолданады.

Технологиялық деп жасау үрдісінде бұйымның немесе дайындаманың жағдайын анықтауға қолданылатын орнықты айтамыз. Айлабұйымдарды қолданған кезде технологиялық орнық ретінде айлабұйымның орнату элементтерімен міндетті түрде түйісетін шынайы беттерін пайдаланады. Дәлдеумен орнату кезінде дайындаманың шынайы беті де, дайындамада белгілеу сызықіз түрінде келтірілген, геометриялық сызық пен нүктелерде қолданылады. Технологиялық орнықтарды өңдеу маршрутында орналасуына байланысты қаралтым, аралық және соңғы деп бөледі. Қаралтым орнықтарды өңдеудің бірінші операцияларынды қолданады, дайындамада өңделген беттер әлі болмаған кезде. Олар аралық технологиялық орнықтарды жасауға, ал көбнекей өңдеуді аяқтауға арналған соңғы орнықтарды жасауға арналған. Жалпы жағдайда технологиялық орнықтын үш түрінде рет-ретімен қолданады.

Технологиялық орнықтарды негізгі және жасанды деп бөледі. Негізгі орнық – бұл тетік құрылымымен қарастырылған және оның бұйымда жұмыс істеуі кезінде белгілі бір ролін атқаратын беттер. Жасанды (көмекші) орнықтар – бұл технологиялық ойларға байланысты тетікте арнайы жасалынатын беттер. Тетіктін бұйымда жұмыс істеуі үшін бұл беттер қажет емес, өңдеу аяқталғаннан кейін қажетінше алыптастауға болады. Жасанда технологиялық орнықтарды жасау мүмкіндіктері тетік құрылымында қарастырылып талқылануы қажет (біліктердің ортанғы тесіктері, центрлеуші белдеуше және автомобиль қозғалтқышының поршн юбкасының бұйіржағы және т.б.).

Орнықтарды таңдау. Технологиялық үрдістерді жобалаған кезде берілген дәлдікті қамтамасыз ету үшін орнықтарды таңдаудың маңызы зор. Әдетте дайындаманы өңдеуді технологиялық орнықты жасаудан бастайды. Алғашында технологиялық ретінде қаралтым орнықты қабылдайды, яғни дайындаманың өңделмеген беттері. Бұл беттер келешекте өңделмейтін немесе өңделетін болуы мүмкін. Таңдалатын қаралтым орнық бетті келесі өңдеу кезінде әдіптің біркелкі алынуын қамтамасыз етуі керек, өңделген технологиялық орныққа орнықтандырумен және тетіктін өңделген және өңделмеген беттерінің өзара дұрыс орналасуымен.

Қаралтым орнық беттер мүмкіндігінше тегіс болуы тиіс; қалыптау және құю еңістері болмауы керек; мұнда құюжол, қосылма, құю пішіндерінің және қалыптардың ажыранды жазықтықтарын жасау қажет емес.

Дайындамаларды өңдеу үшін технологиялық орнықтарды таңдау кезінде орнықтарды үйлестіру принципін қолдану керек, яғни технологиялық орнық ретінде өлшеу орнығы болып табылатын бетті қолдану. Технологиялық, өлшеу және конструкторлық орнықтарды үйлестіру кезінде жақсы нәтижелерге қол жетеді, яғни құрастырылған бұйымдағы тетіктердің күйін анықтайтын беттерді (мысалы, тісті доңғалақтын ортанғы тесігі мен күпшектін бүйіржағы). Технологиялық, өлшеу және конструкторлық орнықтардың өзара байланысын ескере отырып, технолог орнықты таңдау мен технологиялық үрдістерді жасау кезінде бұйымның жұмыстық сызбаларын ғана емес сонымен қатар құрастыру сызбаларында сараптау қажет. Сонымен қоса құрылымдаушы, өңдеу кезіндегі технологиялық, өлшеу және конструкторлық орнықтарды үйлестіру мүмкіндігін ескере отырып тетікті жобалау міндетті.

Өңдеудін маршрутын жасаған кезде орнықтардың тұрақтылық принципін сақтау керек.; барлық негізгі технологиялық операцияларда технологиялық орнық ретінде дайындаманың бірғана бетін қолдану. Орнықтардың үлесімділік және тұрақтылық принциптері мына жағдайларда тұрақты болады, егер сақталатын өлшемдері мүмкіндігінше тұрақты бір өлшеу орнығынан қойылса. Тетіктерде жасанды технологиялық орнықтарды жасау орнықтардын тұрақтылық принципін толығымен ұстануға ықпалетеді. Егер технологиялық орнықтын тұрақтылығы қамтамасыз етілмесе, жаңа технологиялық орнық ретінде, міндетті түрде өңделген және мүмкіндігінше дәл өңделген беттерді таңдайды.

Өңдеу дәлдігіне әсерететін факторлар.



Білдектін геометриялық қателіктері. әрбір металөңдейтін білдек бірлік технологиялық жүйенің жекелеген түйіндері болып келетін, бірнеше құрылымдық түзілімдерден тұрады. Бір түйіндер өңделетін дайындамамен, басқалары – кесу құралымен байланысқан. Білдектің қозғалатын немесе қозғалмайтындай бекітіліп өзара орналасқан түзілімдерінің, оны құрастыру кезінде пайда болған қателіктері, онда орындалатын өңдеу қателіктерінің пайда болуының себебі болып табылады. Білдек түзілімдерінің өзара орналасуының қателіктері (білдектін геометриялық қателктері) дайындаманың өңделетін бетінің пішініне және орналасуына әсер етеді, бірақ оның өлшемдеріне тікелей әсер етпейді. Білдектің геометриялық қателіктері құрастырудың дәл еместігінен, оның негізгі тетіктерін дұрыс өңдемеуден, сондай ақ тозудан болуы мүмкін.әртүрлі типтегі білдектердің мүмкіндік геометриялық қателіктері сәйкесінше МЕСТ-терде келтірілген дәлдік нормаларымен ережеленген. Осы нормаларда дәлдікті тексеру әдістері көрсетілген.

Кесу күшінің әсерімен технологиялық жүйенің серпімді деформациялары. Өңдеу кезінде білдек, айлабұйым, өңделетін дайындама мен кесуші құрал тұйықталған серпімді жүйе болып келеді, мұны технологиялық жүйе деп атаймыз (БАҚТ жүйесі). Өңдеу кезінде кесу күші технологиягиялық жүйе элементтерінің серпімді сығылуын тудырады. Олардын шамасы кесу күшіне сондай ақ элементтер қатаңдығына да тәуелді болады, яғни олардын әсер етуші күшке қарсыласу қабілеті. Әртүрлі қималардағы кесу күштері мен элементтер қатаңдығының тұрақсыздығы жүйе элементтерінің біркелкі емес сепімді сығылуын тудырады, соның нәтижесінде жекелеген дайындамалардың өңделген беттерінің пішін қателіктері және бір партиядағы дайындама өлшемдерінің өзгеруі пайда болады. Соған байланысты өңделген беттердің дәлдігі технологиялық жүйе элементтерінің қатаңдығына тәуелді болады.

Қатаңдық әсер етуші күштін, осы күшпен туындайтын деформацияға қатынасымен анықталады. Технологиялық жүйенің қандай да бір элементінің қатаңдығы (кН/мм) деп – кесудің құраушы Ру күшінің өңделетін бетке нормалі бойынша осы элементтің у ығысуын айтамыз: . Қатаңдықтын кері шамасы – икемділік.

Кесу құралының өлшемдік тозуы. Өңдеу үрдісінде кескіш құралының тозуы байқалады. Таза өңдеу кезінде артқы бет бойынша тозу жүреді. Өңдеу үрдісіндегі үйкеліспен туындайтын тозу үздіксіз жүреді. Бірінші жақындатуда оның шамасын кесу уақытына немесе дайындама металында кесуші құралдын жүріп өткен жолына тура пропорционал деп санауға болады.

Өлшемдік тозу сызықтық заңға бағынбайды. Кесуші құралдың бірінші қысқа кезеңі асажоғары өлшем тозуымен жүреді (бастапқы тозу). Екіншісі (негізгі) – құралдың орташа тозуымен сипатталады (салыстырмалы немесе меншікті тозу). Үшінші кезең құралдың тез тозуымен байланысты.

Өлшемдік тозуды мына формуламен есептейді

мұндағы: uн – бастапқы тозу, мкм;



u0 – меншікті тозу, мкм (құрал материалына және өңделетін материалға тәуелді);

Lкесу жолының ұзындығы, мм.

Білдекті реттеу қателігі. Мұқалған құралды мерзімді ауыстыру білдекті әр кезде орындалатын өлшемге реттеуді қажет етеді. Шақтама кіші болған кезде бір немесе бірнеше реттеулерді жүргіземіз. Реттеу мен қайтареттеу міндеті бір партияның барлық тетіктеріның орындалатын өлшемдері шақтаманың шектік аймағында болуын қамтамасыз ету болып табылады.

Кескіш құрал жасаудағы қателік. Механикалық өңдеу қателіктері мөлшерлегіш және фасонды кескіш құралдарды жасаудың дәл еместігінен болуы мүмкін. Біріншіге бунақты кескіштер, кілтек ойықтарды, бұрғыларды, үңгілерді, ұңғылағыштарды және тартажонғыштарды өңдеуге арналған дискілі және пальцевые жонғыштар; екіншіге – фасонды кескіштер мен арнайы тартажонғыштар, бұрандажонғыш құрал, сонымен қатар пішінді шарықтастар жатады. Кескіш құралдардың екі түрінің де жұмысы көшірмелеу әдісіне негізделген, сондай-ақ олардың өлшемі мен пішіні міндетті түрде өңделетін дайындамаға беріледі. Дискілі және пальцевые жонғыштарды пайдалану барысында кесілетін бунақ енінің дәлдігіне құрал тістерінің остік және радиалды ауытқуы әсер етеді, нәтижесінде ол дұрыс қайралмайды немесе білдекке дұрыс орнатылмайды.

Технологиялық жұйенің жылулық деформациясы. Механикалық өңдеу үрдісінде кесу аймағында, білдектің бөлігінде үйкеліске кететін жоғалым, сонымен қатар сыртқы көздерден бөлінетін жылу нәтижесінде технологиялық жүйені қыздыру жүргізіледі.

Жүйенің жылулық күйі стационарлы және стационарлы емес болуы мүмкін. Бірінші жағдайда жүйенің жылулық тепе-теңдігі қалыптасады – жылудың келуі санды түрде оның жоғалымына тең және технологиялық жүйенің жекелеген буындардағы температура уақыт бойынша тұрақты. Жылулық күйдің стационарлы жағдайына алдын ала қыздыру кезеңінен өткен кішігірім дайындамаларды білдектерде өңдеу үрдісі жуықталады. Стационарлы емес жылулық күй білдектің ұзақ уақыт тұрып қалуынан кейінгі іске қосу кезеңінде бақыланады. Егер кесу кезіндегі жылу дайындаманы біршама қыздыратын болса, кез-келген үрдісті стационарлы емес деп санауға болады.



Дайындама материалындағы қалдық кернеу. Қалдық кернеу қабырғалары жұқа қатты емес дайындамаларды өңделу дәлдігіне көп әсер етеді.

Қалдық кернеу деп сыртқы жүктеу болмаған кезде дайындамада немесе дайын тетікте болатын кернеуді айтамыз. Қалдық кернеу толығымен теңгеріледі, және олардың әсері тетікке байқалмайды.

Қалдық кернеудің үш түрін ажыратады. Бірінші түрдегі кернеулер өңделетін дайындаманың өлшемдерімен бірдей үлкен көлемді материалдарда теңгеріледі. Екінші түрдегі кернеулер микроскопиялық көлемде қалыптасады. Үшінші түрдегі кернеулер ультрамикроскопиялық көлемде. Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы технологиясында бірінші түрдегі кернеуге аса көп көңіл бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Қатты дененің кеністіктегі қозғалысын толығымен жою үшін, денені қанша бос дәрежесінен айыру керек?

2. Дайындамаларды айлабұйымдарға орнату кезінде оларды бағыттау мен қозғалмастықты қамтамасыз ету мәселелері қалай шешіледі?

3. Құрылымдаушылық орныққа анықтама беріңіз?

4. Технологиялық орныққа анықтама беріңіз?

5. Өлшеу орнағына анықтама беріңіз?

6. Жасанды технологиялық орнық деген не?

7. Орнықтардың тұрақтылық принципі неге байланысты?

8. Технологиялық жүйенің қатаңдығы дегеніміз не?

9. Технологиялық жүйенің икемділігі дегеніміз не?

10. Технологиялық жүйенің қатаңдығы өңдеу дәлдігіне қалай әсер етеді?

Ұсынылған әдебиеттер: Нег.1[74-106,143-192]; нег.2[22-25]; нег.3[15-18]; қос. 4[38-116].
3 Дәріс. Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы өндірісінің технологиялық әдістерінің сипаттамасы. Машина құрылымының технологиялылығы.

Өндірістік үрдіс машина тетіктерін жасау; бұйымды құрастыру; материалдарды, дайындамаларды, тетіктерді, дайын бұйымдарды және олардың элементтерін тасымалдау; техникалық бақылау; дайын өнімді орау барлық кезеңдерін қамтитыны белгілі (1 дәріс).



Орындалу бірізділігіне байланысты бастапқы дайындаманы жасау, термиялық өңдеу, дайындаманы, түзілімді және бұйымды жалпы құрастыруды механикалық өңдеудің технологиялық үрдістері ажыратылады.

Машина тетіктерінің дайындамасын құю, қысыммен өңдеу, пішінді және сорттық илемді кесу, сонымен қатар аралас әдістермен алады.

Ағаш және темір үлгілерге машинамен пішіндеу кезінде дайындаманы құм қоспаларға құю арқылы алу – процестері жақсы механизацияланған, ал қабыршық пішіндерге құю әдістері, балқытылған үлгілер бойынша, орталықтандырылған, кокилге қысым арқылы құю жартылай және толығымен автоматтандырылған.

Дайындаманы қысыммен өңдеу арқылы алуда радиалды-соғу машиналарында соғу, көлденең соғу машиналарында шөктіру, кенеріксіз қалыптау, айналмасоққышта фасонды иілту, дайындамаларды көлденең-бұрамалы және арнайы орнақтарда илемдеу, автоматтарда суықтай шөктіру әдістері түгелдей автоматтандырылған.

Тоқпақтар мен баспақтарда соғу және астарлы балдақтар мен қалыптарда соғу мен қалыптау әдістері аз дәрежеде механикаландырылған және автоматтандырылған. Айналмасоққыштта фасонды иілту, дайындамаларды көлденең-бұрамалы және арнайы білдектерде (300 дана/мин дейін) илемдеу әдістері анағұрлым өнімді. Тоқпақта немесе баспақта үлкен емес дайындаманы қалыптау кезінде өнімділік 1000 дана/сағ дейін жетеді. Тоқпақтар мен баспақтарда соғу және астарлы балдақтар мен қалыптарда соғу мен қалыптау әдістерінің өнімділігі азырақ.

Металды пайдаланудың анағұрлым үлкен коэффициенті (0,9) КСМ шөктіру, кенеріксіз қалыптау, қысып шығарумен қалыптау, айналмасоққыштта фасонды иілту кезінде қамтамасыз етіледі, әсіресе көлденең-бұрамалы және арнайы орнақтарда илемдеу, автоматтарда суықтай шөктіру және бір дана дайындамаларды келесіде жасау үшін шыбықтарды ранайы пішіндер арқылы сымдау. Соңғы жағдайда металды пайдалану коэффициенті бірге жуықталады. Сыртпішін құрушы операциялардың ең қысқа циклы (тазартусыз және термиялық өңдеусіз) КСМ шөктіру, кенеріксіз қалыптау, қысып шығарумен қалыптау, айналмасоққыштта фасонды иілту кезінде қамтамасыз етіледі, әсіресе көлденең-бұрамалы және арнайы орнақтарда илемдеу, автоматтарда суықтай шөктіру әдістерін қамтамасыз етеді.

Білдекте алдын-ала өңделген дайындаманы (немесе илем) 2-4 сағат ішінде кернеуі төмен токтың көмегімен жергілікті қыздыратын электрқыздырумен шөктіру әдісінің келешегі зор. 900-1000°С температурада дайындама баспақ қалыбында қалыптасады, дайындаманы 2-3 дәлдік класы бойынша отқабыршықсыз алады.

Суықтай қаңылтырлы қалыптау жоғары өнімділікті әдіс болып табылады. Дайындама алу үшін бастапқы материал жолақ және таспа түріндегі қаңылтыр металл. Қаңылтырлы қалыптау кезінде топтық қалыптар тиімді.

Қысыммен өңдеуге илемдегі дайындамаларды илемнен ию машиналарында ию, қуыс дайындамаларды кеңейжаю (сақина, төлке) олардың диаметрін ұлғайту үшін, және де обечаекті айналма соғу білдектерінде айналмасоғу.

Соғылмаларды түзетумен дайындамаларда кенеріктерді кесу мен тесіктерді қобылау кезінде, және де қалдық кернеулердің әсерінен пайдаболатын қайырылу мен майысуды жояды. Түзетуді ыссы немесе суық күйде жүргізеді. Қалыптарда суықтай түзету ыссы түзетуге қарағанда өнімді болып келеді (100…150 дана/сағ).

Илемнен алынған дайындамаларды метал кескіш білдектерде олардан тетіктер жасау үшін және соғылмалар мен қалыпталған дайындамалар алу ушін қолданады.

Дәлдігі қарапайым және жоғары ыссы соғылған болатты және мөлшерленген шыбықтарды пайдалана отырып сортты және пішінді илемдерді қолданады.

Илемнен алдынған тетіктерді оларды дайындамалар немесе шыбықтарға кескеннен кейін жасайды (жолақ, қаңылтыр). Құрама пішініне сәйкес тетіктер жасау үшін домалақ, төрт бұрыш, жолақты илем, және де жапсарсыз құбыр мен пісірілген құбырларды қолданады.

Көптеген тетіктерді жасауға қолданылатын иілген пішіндер жеңіл және жеткілікті қатты. Құрылымдарда ашық, жабық және көпқабатты пішіндерді қолданады. Иілген пішіндердін түрі құрылымның жекелеген элементтер түріне ұқсас болуы мүмкін. Металды үнемдеу (30…70%) мен өңдеу уақытын азайтуды (20…40%) тетіктерді пішінді құбырлардан немесе қимасы өзгермелі құбырлардан жасау кезінде алуға болады.

Ірі-сериялы және жаппай өндірісте қолданылатын арнайы илем кесумен (резанием) өңдеуді толығымен болдырмайды, мұнда негізінен кесіп алу (отрезка), тесікті бұрғылау мен тазарту ғана қалады.



Аралас әдістерді күделі және ірі дайындамаларды дайындау үшін қолданады. Әдетте жекелеген қарапайым элементтерге бөледі. Дайындамалар мысалдары: бір күрделі дайындамаға жіктік немесе нүктелік пісірумен жалғанған қаңылтырқалыптау элементтері; дәнекерлеумен тұтас біріктірілген, қаңылтырдан қалыпталған және механикалық өңделген дайындамалар; электршлакты пісірумен ірі дайындамаға біріктірілген алдын-ала өңделген илем немесе илемнен алынған элементтер; бір ірі күрделі дайындамаға термитті пісірумен біріктірілген өлшемі жағынан орташа құймакесектер.

Қара металды пластмассамен ауыстырған кезде тетіктерді жаппай өндірудің өзіндік құны 1,5...3,5 есе, ал түсті металлдарды алмастырған кезде 5...20 есе төмендейді. Әдетте пластмассалар байланыстыратын заттар, толтырғыш, пластификатор, бояғыш, біріктіретін заттар, катализаторлар, ингибриттер және т.б. қоспалар тұратын көпкомпонентті материал болып табылады. Компоненттерді таңдау арқылы материалға қажетті қасиет береді. Байланыстыратан заттар ретінде термопластикалық және термореактивті шайырларды қолданады.

Толтырғышқа байланысты пластмассаларды ұнтақтәрізді, талшықты және қабатты материалдар деп бөледі. Толтырғыштарға ағаш ұны, ұнтақталған кварц, тальк, ұнтақталған шлак, графит, алюмини тотығы, кремни карбиті және басқа да заттар. Жалпы қолданыстағы тетіктерге (торқылар, тегершіктер, қалпақшалар, тұтқалар) фенолоформальдегидті шайырлардан К18-2, К21-22, К17-Збидр. алынған, К17-36 типтес су және химиялық тұрақты баспақ-ұнтақтар, К21-22 типтес электризоляциялы, К18-56 жылуға төзімді баспақ ұнтақтарды қолданады. Ірі бұйымдарды діріл тығыздағышы бар пішіндерде алады. Қаңылтырлы толтырғышы бар пластмассалар (текстолиттер, шынытекстолиттер) термореактивті болып келеді. Оларды қаңылтыр дәне құбыр түрінде жеткізеді. Тісті дөңгелектерді, мойынтірек ішпектерін және басқа да тетіктерді синтетикалық шайырлар сіңдірілген мақтақағазды маталар мен шыныматалардан жасалған дайындамалар пакетін баспақтаумен алады.

Үйкеліс қасиеті, қаттылық, соққы- және дірілшыдамдылық, ыстыққа төзімділік және өңдеу технологиясы толтырғыш қасиетіне байланысты болады. Бұл пластмассалардан машина тетіктерін екі кезенде жасайды: бірінші дайындама алады, содан кейін оны кесумен өңдейді.

Талшықты толтырғышы бар пластмассалар (мақта целюлоза, асбестті және шыны талшық) сонымен қатар термореактивті. Беріктігі бойынша олар қабатты материалдардан қалыпқояды, бірақ машина тетіктерін жасаудың технологиялылығы мен үнемділігіне байланысты олардан озық. Талшықты толтырғышы бар пластмассалардан күрделі пішінді тетіктерді жай және құюмен баспалау немесе синтетикалық желіммен желімдеу әдістерімен жасайды. Талшықтарды қаңылтырлар, құбырлар, шыбықтар түрінде қолданады.

Толтырғышы жоқ пластмассаларға барлық полимерлер жатады. Олар әдетте термопластикті болады және бірнеше рет өңдеуге жіберіледі. Поливинилхлорид (капрон, капролон), полистирол, полипропилен, полиметилметакрилаттан тетіктер баспалау және құю әдістерімен жасалады.

Әр түрлі тетіктерді кесумен өңдееп жасау үшін полимерлер экструдерінен материал алады.

Дайындамаларды өңдеу әдістері.

Кесумен өңдеу. Берілген пішіндер, машина тетіктерінің өлшемдері мен бет сапасы кесумен өңдеу арқыла алынады; кесумен өңдеуді сыдыру, қаралтым, жартылай таза және таза деп бөледі. Дәл өлшемдер мен беттін аз кедір-бұдырлығын алу үшін жұқа өңдеуді қолданады.

Сыдырумен ірі соғылмалар мен, 3-ші класс дәлдікті құймакесектерді өңдейді. Сыдырумен бастапқы дайындаманың пішін қателіктері мен кеңістіктегі ауытқуларын азайтады.



Қаралтым өңдеуді сыдырумен алатын дайындамалар, дәлдік класы 2-3 болатын ірі қалыпталған дайындамалар және дәлдік класы 2 болатын ірі құймалар үшін қолданады.

Жартылай таза өңдеуді қаралтым өңдеу кезінде барлық әдіптер жойылмаған кезде немесе өңделетін дайындаманың геометриялық пішінінің дәлдігіне және оның элементтерінің кеңістітік ауытқуы жоғарғы талапты көрсеткенде қолданады.

Жартылай таза өңдеуде 4-5 дәлдік класын ұстайды және беттің кедір-бұдырлығы Ra=50…12,5 мкм.



Таза өңдеуді соңғы немесе келесі таза өңдеуде аралық өңдеу ретінде қолданады. Ол 4...3 дәлдік класын және беттің кедір-бұдырлығы Ra=12,5…2,5 мкм қамтамасыз етеді.

Бір рет таза өңдеуге орындай барысында жоғары дәлдікті қамтамасыз ететін әдіспен алынған дайындамалар жатады.



Кескішпен жұқа өңдеу, ажарлауды ауыстыратын, және кесудің аз тереңдігінде (0,05…0,5 мм) және арнайы білдектерде аз берісте (0,05…0,15 мм/об) іске асырылатын цилиндрдің сыртқы және ішкі бетін ақырғы таза өңдеуде қолданылады.

Жоңғышпен өңдеу кезінде қаралтым, жартылай таза, таза деп, ал өңдеу кезінде түпбетті жоңғыш және жұқа жоңғылау деп ажыратады. Қаралтым жоңғылау құйма мен соғылманы өңдеуде, бастапқы өңдеуді 3 мм жоғарылататын әдіпте қолданылады.

Жартылай таза жоңғылау геометриялық пішін мен кеңістіктік ауытқулар қателігін азайту үшін қолданады. Жартылай таза жоңғылау кезіндегі беттің кедір-бұдырлығы Ra=25…6,3 мкм және жазықтықтан 1 м ұзындыққа ауытқуы 0,1…0,2 мм.

Таза жоңғылау қаралтым жоңғылаудан кейінгі соңғы өңдеу ретінде немесе келесі таза өңдеудің алдындағы аралық өңдеу әдісі ретінде қолданылады. Таза жоңғылау кезіндегі беттің кедір-бұдырлығы Ra = 10…1,25 мкм және жазықтықтан 1 м ұзындыққа ауытқуы 0,04…0,08 мм.

Жұқа жоңғылау тегіс беттерді түпбетті жоңғышпен ақырғы өңдеу әдісі ретінде қолданылады. Жұқа жоңғылауда әдіп 0,2…0,5 мм аралығында болады. Жұқа жоңғылау кезіндегі беттің кедір-бұдырлығы Ra = 2,5…0,4 мкм және жазықтықтан 1 м ұзындыққа ауытқуы 0,02…0,04 мм.

Үнгіштеуді қаралтым (құйылған немесе қобыланған тесіктерді өңдеу) және таза (бұрғыланған немесе алдын-ала кеулейжонылған тесіктерді өңдеу) деп ажыратады. Диаметрі 120 мм тесіктерді үңгілейді. Үңгіштеу бастапқы тесіктін пішін дәлдігін арттырады, оның осінің ығысуын төмендетеді.

Тесікті ұңғылау ақырғы өңдеу әдісі ретінде немесе жануыштауға, жұқакеулей жонуға, ысқылауға предшествующий әдіс ретінде қолданылады. Ұңғылау тесік осінің ығысуын төмендетпейді, оны диаметрі нақты тесік алу үшін қолданады. Тесікке қойылатын талаптарға байланысты алдын-ала (Ra= 2,5…1,25 мкм), таза (Ra= 1,25…0,63 мкм) және жұқа (Ra = 0,63…0,32 мкм) ұңғылау қолданылады.

Тартажонумен өтпелі тесіктерді, кез-келген қиманың ойығын, жазық және қисық сызықты беттерді, сондай ақ айналу бетінің сыртжағын өңдейді. Тартажонумен өңдеу маршрутын қысқартады, өйткені тартажону құралдардың кешенін алмастырады (мысалы, үңгі немесе кеңейжоңғы кескіш пен ұңғылағыш; қаралтым және таза жонғыш). Тесікті кеулейжонуды бұрғылағаннан кейін, ал ойықтар және сыртқы беттерді - өңделмеген беттер бойынша жүргізеді. Тартажонумен 2а…3а класс дәлдіктері және беттің кедірбұдырлығы Ra = 6,3…0,63 мкм қамтамасыз етіледі.

Ажарлауды алдынала және соңғы өңдеу әдісі ретінде қолданады. Сыдырумен ажарлауды көбнесе ұсақ және орташа құмалардың орнықтарын алу үшін қолданады, беттердің кедір-бұдырлығы Ra = 2,5…1,25 мкм болады. Өткір жүзді құралмен өңдегеннен кейін жазық беттерді алдын ала ажарлауды шеттік немесе шарықтастын шетжағымен жүргізеді, беттердің кедір-бұдырлығы Ra = 6,3…0,63 мкм болады.

Жануыштау кажақ қайрақшалармен (абразивными брусками) радиальды бағытта бір қалыпты қозғалатын арнайы бастиекпен жүргізіледі. Бастиек бір уақытта айналмалы және қайтымды-ілгерлемелі қозғалыс жасайды, нәтижесінде өңделетін, бетте майды жақсы ұстайтын, кажақ дәндерден тұратын қиылысатын сызықіздерден кішкентай торсызықтар пайда болады. Тесіктін диаметіріне және алдынғы өңдеулерге байланысты жануыштаумен 0,01...0,20 мм қабатты алып тастайды. Диаметірі 20...400 мм және одан жоғары тесіктерді жануыштайды. Жануыштаумен тесіктін конустығын және сопақтығы жояды, оның остік орналасуын өзгертпей ақ. Жануыштауды алынатын әдіп және кажақ қайрақшалардың дәнділігіне байланысты алдын ала, таза және жұқа деп бөледі. Майлау-салқындатқыш сұйықтық ретінде машина майымен керосин қоспасы болып табылады. Жануыштау 1...2 класс дәлдікті және беттін Ra = 0,8…0,1 мкм кедір-бұдырлығын қамтамасыз етеді. Жануыштаудын алдында орындалатын өңдеулер – ұңғылау, жұқа кеулейжону, ажарлау.

Ысқылаумен 1 класс және одан жоғары дәлдік, сондай ақ 0,1 мкм кіші кедір–бұдырлық алынады. Ысқыш – құралды өңделетін дайындаманың материалына қарағанда, жұмсақ материалдан жасайды. Оның беті кажақ ұнтақтармен немесе пасталармен шаржыланады. Ішкі және сыртқы цилиндрлі, жазық, сондай ақ басқада беттерге қажау жүргізіледі.

Жылтыратуды жұмсақ жылтыратылған, яғни жылтыратылған паста немесе кажақ сұйықтықты ағыншасы жағылған шарықтаспен жүргізіледі. Жылтыратыдың нәтижесінде беттің кедір-бұдырлығы Ra= 0,032…0,012 мкм азайады.

Термиялық және химия-термиялық өңдеу. Бұл өңдеуді тетіктің технологиялық және пайдалану сипаттамаларын анықтайтын, металдың физико-механикалық және физико химялық қасиеттерін өзгерту үшін қолданады. Термиялық өңдеу кезінде металдың құрылымдық және фазалық, сондай ақ кернеулік күйінің өзгеруі жүреді. Термиялық өңдеудің негізгі түрлері – босандату, қалыптандыру, шынықтыру мен босандату, жетілдіру мен ескіру. Химико-термиялық өңдеу даындаманың беткі қабаттарын әртүрлі элементтермен диффузиялық қанықтандыру мен жүреді; бұл кезде беткі қабаттың химиялық құрамы өзгереді. Химико-термиляқ өңдеуге көміртектендіру, азоттандыру, циандау, алитирлеу, хромдау, силицирлеу және сульфаттау жатады.

Жоңқаны алусыз өңдеу. Дайындама өңдеудің бұл әдісі, оның материалын жоңқаның пайда болуынсыз пластикалық деформациялау болып табылады. Дайындама материалының немесе оның беткі қабаттарының біршама көлемін пластикалық деформациялайды. Бірінші жағдайда дайындамның жаңа элементтерінің сыртпішін құруы жүреді (бұранда, тісті беттер, оймакілтектер, бұдырлық), екінші жағдайда дайындаманың беткі қабаттарын беріктендіру мен беттерді таза өңдеу, тегіс еместіктерді тегістеу жолымен.

Машинаның дайын тетіктерін соңғы қабылдаудың алдында салқындатқыш сұйықтықтардын ізінен, жоңқа және басқада кірлерден тазартады. Тек осы шарттарда ғана сапалы бақылауды орындауға болады.

Қаптау әдістері. Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясыда жылтырсыр бояулы, гальваникалық, тотықты және пластмассалық зеңді қаптауларды қолданады. Метал және метал емес қаптамалардың классификациясы, қалындықтар реті мен белгілеуі мемлекеттік стандартталған.

Құрастырудың технологиялық әдістері. Түзілімдік және жалпы құрастыру кезінде бұйым элементтерінің қосылыстарын қиылыстыру және оның құрама бөліктерін реттеу жүргізіледі. Слесарлы-қиылыстыру жұмыстарының негізгі түрлері егеулеу, тазарту, қыру, ысқылау, жылтырату, тесіктерді орынында өңдеу болып табылады; оларды жеке және шағын серялы өндірістерде қолданады; олар еңбексиымдылықты және жоғары білікті жұмысшылармен орындалады.

Тетіктердін қосылысын қозғалатын және қозғалмайтынға бөледі. Олардың екеуіде ажыратылатын және ажыратылмайтын болып жасалынады. Ажырамайтын деп пайдалану кезінде бөлшектеуі қарастырылмаған қосылыстарды айтамыз.



Машина құрылымының жетілдірілуі оның қазіргі кездегі техниканың денгейіне сәйкскелуімен, үнемділігімен және қолдануға ынғайлылығымен сипатталады, сондай ақ оны жасауда өте үнемді және өнімді технологиялық әдістерді қолдану мүмкіндіктері қаншалықты ескерілді. Осы мүмкіндіктердің барлығы толығымен ескерілген машина құрылымын технологиялық деп атайды.

Осы машинаның құрылымының технологиялылығын бағалауды басқасымен салыстыру арқылы жүргізеді, олардың еңбексиымдылығын, өзіндік құнның және материал сиымдылығын салыстырып.

Бұйым құрылымының технологиялылығы – салыстырмалы түсінік. Бір машинаның құрылымының технологиялылығы әртүрлі типтегі өндірістер үшін әртүрлі болады. Жеке өндірістегі жеткілікті технологиялық бұйым, ағымды-жаппай өндірісте аз технологиялық, ал ағымды-автоматтандырылған өндірісте технологиялық емес болуы мүмкін. Бір бұйымның құрылымының технологиялылығы, өндірітік мүмкіншіліктері әртүрлі зауыттар үшін әртүрлі болады.

Бұйым құрылымының технологиялылығы – жалпы түсінік. Құрылымның технологиялылығын, дайындау үрдістерін орындау шартынан, өңдеу үрдісінен, құрастыру және бақылаудан бөліп қарауға болмайды. Технологиялылыққа жұмыс жасалынған дайындаманың құрылымы келесідегі механикалық өңдеуді қиындатпау тиіс.

Машина құрылымының технологиялылығы туралы түсінік өндірісте ғана емес, сонымен қатар қолдануда да кен таралған. Машина құрылымы қызметкөрсетуге ынғайлы және жөндеуге жарамды болуы тиіс.

Машина тетіктеріне қойылатын жалпы талаптар. Погрессивті технологиялық әдістерді қолдану мүмкіүндігі машина тетіктерінің құрылымымен анықталады. Тетікті құрылымдық рәсімдеу кезінде технологиялық талаптардың қатарын ескеру қажет. Бұл талаптарды сақтау өңдіріс қиыншылықтарын азайтады, өңдіріс циклын қысқартады, еңбек өнімділігін арттырады және машина тетіктерінің өзіндік құнын азайтады. Бұл талаптар дайындаманы өндіру технологиясымен және оларды келесіде өңдеу технологиясымен де қойылады. Тетіктерді бағдарламалық басқару білдектерінде, агрегатты білдектерде, автоматтарда және жартылай автоматтарда, сондай ақ автоматты жүйелерде өңдеу кезіндеқұрылымның технологиялық сұрақтары аса мәнге ие болады.

Тетік беттерінің берілген дәлдігі мен кедір-бұдырлығы оның қолданылу қызметімен түсіндірілуі керек. Дәлдік пен кедір-бұдырлыққа түсіндірусіз қоылатын үлкен талаптар қосымша операциялар жасауға әкеледі, өңдеу циклын ұзартады, өңдеудің еңбексиымдылығын арттырады және тетіктін өзіндік құның жоғарлатады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Дайындамалар алу әдістерін атаңыз.

  2. Жоңқаны алумен дайындаманы өңдеу әдістерін атаңыз.

  3. Жоңқаны алмай дайындаманы өңдеу әдістерін атаңыз.

  4. Дайындаманы кажақ өңдеу әдістерін атаңыз.

  5. Қаптаудың түрлері мен міндеті.

  6. Машина құрылымының технологиялылығын қандай критерияларға байланысты бағалайды?

  7. Жануыштау операцияларының міндеті.

  8. Термиялық өңдеудін негізгі түрлерін атаңыз.

  9. Тетік бетін химико-термиялық өңдеудің мәні неде?

10. Спираль бұрғымен бұрғылау арқылы алынатын тесіктін максималды диаметрі.

Ұсынылған әдебиеттер: Нег.2[77-86]; нег.3[28-95]; қос. 4[160-225].


4 Дәріс. Машина тетіктерін өңдеудің технологиялық үрдістерін жобалау. Құрастырудың технологиялық үрдістерін жобалау.

Машина тетіктерін өңдеудің технологиялық үрдістерін жобалау. Технологиялық үрдістерді жасаудың негізі екі принциптен тұрады: техникалық және экономикалық. Техникалық принцпке сәйкес технологиялық үрдіс берілген бұйымды жасауда жұмыстық сызбаның және техникалық шарттардың барлық талаптарын толығымен қамтамасыз ету тиіс. Экономикалық принцпке сәйкес бұйымды жасау ең төменгі еңбек шығынымен және өндірістін тұрыпқалуымен жүргізілуі тиіс.

Тетікті жасаудың технологиясын жобалау үшін, техникалық және ұйымдастырушылық шешімдердің негізін құруға қажетті және жеткілікті, бастапқы мәліметтер қажет.

Бұл дайындама мен тетік,жабдық және әбзел құрамы, жұмысшы кадырлардың саны мен олардың біліктілігі және т.б. туралы мәліметтер. Технологияны белгілі бір алгоритімдермен жасайды, мұнда өзара байланысқан үлкен кешенді мәселелерді шешудің әдістемелік бірізділігі қаланған. Сонымен қатар жасалған технологиялық үрдіс тиімді болуы үшін қарама-қайшы факторлардың үлкен санын, шарттарын, шектеулерін ескеруіміз керек.

Тетікті жасаудың технологиялық үрдісін жасаудың бірізділігі: тетікке қойылатын технологиялық талаптар мен сызбасын оқу; бағдарлама мен жасалатын тетіктің жалпы санымен танысу; болашақ үрдістін түрін және ұйымдастыру формасын таңдау; дайындама алу әдісі мен түрін анықтау; тетік беттерін, орнықты өңдеудің әдістерін және өтулетді, жабдықты, әбзелді, құралды үйлестіру әдістерін таңдау; өңдеу маршрутын (бірізділік) құру; механикалық өңдеудің операциялық картасы мен операциялық нобайын жасау; кесу режимдерін тағайындау; өңдеудің әрбір варианттары бойынша нормалау; варианттардың әсерін бағалау және осы шарттағы тетік жасаудың тиімді технологиялық үрдісін таңдау.

МЕСТ 14.302-73 технологиялық үрдістін екі түрін тағайындайды – жеке және типтік. Жекелеген үрдісті атауы, типтік өлшемдері бірдей бұйымдарды жасауда қолданады. Типтік үрдісті құрылымдық және технологиялық белгілері ортақ бұйымдар тобын жасаған кезде қолданады, яғни типтік технологиялық үрдіс осы топтағы тетіктердің кезкелгенінің технологиясын жасауға мәліметтік негіз болып келеді.

Типтік технологиялық үрдісті жасаған кезде типтік машинаны немес тетікті таңдау қажет. Сондақтан да бірінші кезең болып осы немесе басқа бұйымдарды классификациялау болып табылады. Классификациялау негізі болып, оларды класстарға бөлуді қамтамасыз ететін бұйымның атқаратын міндетінің жалпы белгісі қалануы тиіс. Әрбір класстар өз ішінде ішкі кластарға, топтарға және ішкі топтарға бөлінеді.

Тетіктердің жалпы атқаратын міндеті оларды жасау маршрутының сондай ақ қолданатын жабдық пен технологиялық әбзелдің ұқсастығын анықтайды. Тетіктерді классификациялау әдетте олардың құрылымдық орындалуының бірынғайлауы және қалыптандырумен үйлестіріледі. Технологиялық үрдісті типтеудің негізгі кезеңі болып типтік бірізділікті және операция мазмұның, орнықтандыру сұлбаларын және әбзел құрылымын бекітумен жалпы технологиялық үрдісті жасау.

Технологиялық операцияның бірізділігі мен мазмұның анықтау, типтік технологиялық үрдісте бар, жалпы операциялар санынан таңдаудан тұрады, олардын көмегімен қажетті сапа көрсеткіші бар тетіктер жасау қамтамасыз етіледі.

Күнделікті жобалаған кезде технологтар, яғни көрсетілген мән жиынтығын тек технолог шешкен жағдайда, қажетті анықтамалық және нормативтік материал болған жағдайда да бөлшекті жасаудың технологиялық үрдісінің тиімді вариантын алу қиын. Бұны былай түсіндіреміз, технолог іс жүзінде әсер ететін барлық факторлар түрлерін және технологиялық үрдістің барлық мүмкін варианттарын жылдам ескере алмайды.

Қазіргі кезде инженерлік іс тәжірибеде бөлшекті жасаудың технологиясын жобалау үрдісін автоматтандыруға арналған есептеу техникасы кең қолданылады. Бірақ, ЭЕМ технологтың күнделікті қайталанатын жұмысын жылдамдатып және күрт қысқартады, сонымен қатар бөлшекті жасау үрдісінің бірзаңдылығына терең бойлауды талап етеді.

Технологиялық үрдісті автоматтандырып жобалау бірізділікті кезеңдер тізбегінен тұрады. Алгоритмдерді құрастырғанда белгілі бір математикалық әдістерді білу қажет. Ең тиімдісі теориялық және экспериментальді зерттеулермен үйлескен математикалық модельдеу әдісі. Бұл әдістің артықшылығы оның әмбебаптылығынды және үрдісті математикалық түрде оптимациялау мүмкіншілігінде. Нақты технологиялық үрдістің мазмұнын баяндайтын қажетті техноло гиялық құжаттар. Өндіріс түріне байланысты МЕСТ 31108-74 көрсетіледі. МЕСТ 14302-73 келісілгендей әрбір технологиялық үрдіс мазмұнын бөлшектеу дәрежесі бойынша маршрутты, операциялы және маршрутты-операциялы болып бөлінеді.

Маршрутты технологиялық үрдісте операцияның мазмұны өңдеу режимімен өтілімдерді көрсетілмейтін құжат бойынша орындалады.

Операциялы технологиялық үрдісте операция мазмұны өңдеу режимі мен өтілімі көрсетілетін құжат бойынша орындалады.

Маршрутты-операциялы технологиялық үрдісте, операцияның жартысы көрсетіліп, ал жартысы өтіліммен режимдері көрсетілмей берілетін құжат бойынша орындалады.

Жалпы тағайындалатын құжаттар пішінінің жинағының құрамына: маршрутты карта (МК), нобай картасы (НК), типті технологиялық үрдіс бөлшектерінің ведомості (ВТБ, ВТО), операция картасы (ОК), жинақтың операциялық картасы (ЖОК), және т.б.

Маршрутты карта. Технологиялық бірізділік бойынша барлық операциядағы бұйымды тексеру және жасайтын технологиялық үрдістің сипаты кіреді. Оның ішінде жабдық, әбзел, материалды және еңбек нормативтері туралы берілгендер бар. Бұл карталар негізінен жекешеленген және сериялы өндірісте қолданылады.

Операциялы карта. Операцияларды өтілімдер бойынша жабдықтар, әбзелдер және өңдеу режимдерінің суреттемесі кіреді. ОК сериялы және жаппай мол өндірісінде қолданылады. ОК жинағына МК қоса беріледі. Бағдарламаны басқару білдектеріне арналған операцияларды жобалаған кезде есептеме технологиялық картаны жасайды, ал оның ішінде аспаптың траекториясы және жұмыс элементтері туралы мәліметтері кіреді. Осы карта негізінде білдекке арналған басқару бағдарламасын жасайды.

Маршрутты және операциялы картаны сызба негізінде, өндірістік бағдарлама, сипаттізім, құрылым сипаттамасы, бұйымның техникалық шарттары кіреді, өз кезегінде келесі нормативті материалдар қолданылады: білдек катологтары, кесуші және көмекші аспаптар катологтары, құрал біліктер бойынша нормальдар және анықтамалық материалдары, кесу режимдерінің нормативтері және дайындау-аяқталу шығыны және көмекші уақыт және т.б. кіреді.

Нобай картасы және баптау сүлбесіне технологиялық үрдістің барлық операциялары бойынша графикалық суреттемелер кіреді. Нобайдағы бөлшек білдекте өңделу қалыпында көрсетіледі. Көппозициялы өңдеуде нобайды әр позиция үшін көрсетіледі, өңделетін беттерді қалың сызықтармен сызылады, ал орнықтырулар-шартты белгілермен МЕСТ 31107-81, өңдеудің баолық өлшемдері шақтамалары мен бедерлерімен көрсетіледі.

Жинақтаудың технологиялық үрдісін жобалау. Бастапқы берілгендер технологиялық үрдісті жобалаған кезде машиналарды жинақтауда: машина сызбалары, қызмет бабының сипаттамасы және оның негізгі сипаттамасына техникалық талаптар; машина санын жасауға арналған, сонымен қатар өндірістік бөлімшелер цех, завод туралы қосымша мәліметтер.

Жалпы сипаттамалы бірізділікте машина жинақтау технологиясын жобалау: машинаның қызметін бабын сараптау және оның негізгі техника-эксплатациялық сипаттамасы; машина сызбаларын және оны дайындауға арналған техникалық талаптар; машинаны жинақтаудың жалпы бірізділігін және оның бөлек жинақ бірлігін жобалау; жинақтаудың жалпы сүлбесін жобалау және жинақтау жұмыстарын еңбек көлемін бағалау; машинаның жалпы жинағының операциялары бойынша технологиялық үрдісті жобалау және оның жинақ бірлігін жобалау кіреді. Жинақтаудың технологиялық үрдісін жобалауының бөлшектеу дәрежесі өндірістің типіне байланысты. Егер жинақталатын машина саны көп болса технологиялық үрдісті бөлшектеп жобалайды. Жекешеленген және аз сериялы өндірісте жинақтау маршрутын жобалаумен шектеледі. Жайшылықта машинаның күрделі құрылымына жалпы жинақтау сүлбесін жасайды, ал сосын ұсақ жинақтау бірліктеріне жинақтау сүлбесін жобалайды. Жинақтау сүлбесі машина жинақтаудың бірізділігін және оның жинақтау бірлігін графикалық суреттеу арқылы 4.1-суретте көрсетілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет