1 –білдек үстелі; 2 -айналдырық; 3 -құал-сайман магазині; 4 –еркн бағдарламалау үшін дисплейі мен клавиатурасы бар басқару пульты; 5 –СББ жүйесінің тірегі;
Үлкен сатылы центрлік тесіктерді өңдеу кезінде айналма үстелі бар білдектерді қолданған дұрыс, егер бір өстін бойындағы тесіктер бір бағытта диаметірлік өлшемдері бойынша өссе: тетіктін негізінен жоғарғы шетжағына қарай. Бірақта өнделетін тесіктің өсін айналма үстелді білдектің үстелінің айналыс өсімен сәйкестендіру дайындаманы орнату кезінде біршама уақыт шығынын қажет етеді.
Соңғы өңдеу ретінде жұқа кеулейжонуды көп қолданады. Қажет болған кезде: тесіктін бетжағын беріктендіру үшін оларды шарикті немесе аунақшалы кеңейтетін құралбілікпен жаю.
Шағын сериялы өндірісті автоматтандару, тетікті өңдеу кезінде бір типтік өлшемнен келесісіне автоматты түрде көшетін, жұмсақ технологиялық жүйелерді жасауды талап етеді. Бұл мәселелерді шешу кезінде негізгі болып СББ білдектер және көпмақсатты білдектер табылуы тиіс. Оларды автоматты транспортпен байланысқан бірлік технологиялық жүйеге біріктіру ЭЕМ басқарылатын жоғарыәсерлі жұмсақ өндірістік жүйелерді құруға мүмкіндік береді.
Дайындама мен кескіш құралды бағдарлама бойынша автоматты түрде ауыстыратын жоғары өнімділікті көпмақсатты білдектер, тұрқылы тетікті бір орнатуда төрт-бес жағынан толық өңдеуге мүмкіндік береді. Білдектерде көп құралды магазиндердің, кескіш құралдың үлкен жиынымен болуы бір немесе бірнеше жұмыстық позицияда дайындаманы бір орнатумен жазық және пішінді беттерді, бас және бекіту тесіктерін, бұранда салу мен қажетті ойықтар мен бунақтарды алу үшін әртүрлі технологиялық өтулерді автоматты түрде орындауға мүмкіндік береді.
Білдек ЭЕМ берілетін бағдарлама бойынша басқарылады. Бағдарламаның ауысуы 1,5...4 мин. аралығында жүреді.
Тетіктерді әр жағынан өңдеу үшін көпмақсатты білдектерде бағдарлама бойынша тетікті қажетті бұрышқа бұратын айналма үстелді қоланады.