Республикасы


Дәріс. Шағын сериялы өндіріс шарттарында ұсталық-қалыптау машиналарының ірі тетіктерін жасау кезінде қолданылатын жабдықтар мен әбзелдер



бет4/23
Дата11.02.2020
өлшемі4,1 Mb.
#57809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
UMK TPOiO kazakh

5 Дәріс. Шағын сериялы өндіріс шарттарында ұсталық-қалыптау машиналарының ірі тетіктерін жасау кезінде қолданылатын жабдықтар мен әбзелдер.

ҰҚЖ тетіктерінің атау тізімі өте кен тараған. өңдеу маршрутын таңдау өңделетін тетіктін пішініне, өлшемін, массасына, санына, технологиялық жабдыққа, әбзелге және басқа да факторларға байланысты. ҰБЖ тұрқылы тетіктерін өңдеу кезінде жабдықты қолданудың көп кездесетін сұлбалары:

- жазықтықтарды бойлық-сүргілеуіш (БС) немесе бойлық-жонғылау (БЖ) білдектерінде, ал тесіктерді бойлық-кеңейжону білдегінде өңдеу;



- жазықтықтарды бойлық-сүогілеуіш немесе бойлық-жонғылау, центірлік тесіктерді айналма үстелді білдектерде, қалған тесіктерді кеңейжону білдектерінде өңдеу;

- жазықтықтарды және центрлік тесіктерді айналма үстелді білдектерде, ал қалған тесіктерді кеңейжону білдектерінде өңдеу;

- толық өңдеу кеңейжону білдектерінде.

Көрсетілген барлық сұлбаларда, кеңейжону білдектерінде алу қиынға түсетін кішігірім тегіс және бекіту тесіктерін өңдеу үшін радиалды-бұрғылау білдектерін қолданады. Сонымен тетіктін нақты ерекшелеріне байланысты қосымша басқада жабдықтарды қолданады: тасымалданатын сүргілеуіш, қашау, бұрғылаубілдектері; арнайы ажарлағыш құрылғыларды және т.с.с. Бірақ бұл қосалқы техникалық жабдықтар, өңдеудің жалпы бірізділігін таңдауды шарттамайды және тетік жасау циклы мен жалпы еңбексиымдылығын анықтамайды.

Көбнекей бірінші сұлбаны қолданады. ҰҚЖ шығаратын зауоттарда үстел ауданы (4…5 м) х (10…12 м) және жүк көтергіштігі 150т дейінгі, ауыр бойлық-сүргілеуіш және бойлық-жонғылау білдектері бар.

Екінші және үшінші сұлбаларды әдетте үлкен диаметрлі бас тесігі бар тетіктер үшін қолданады,оларды кеңейжону білдектерінде өңдеу қиынрақ және аз өнімділікті. әсіресе үшінші сұлба үшін ені мен ұзындығынын қатынасы, бірге жуық болғаны дұрыс. Кері жағдайда бүйіржақ беттерді айналма үстелі бар білдектерде өңдеу құралдың біршама бос жүрістерімен өтеді.

Төртінші сұлба бойынша, айналма үстелді, бойлық-сүргілеуіш және бойлық-жонғылау білдектердің мүмкіншіліктерінен габариті тек массасы үлкен тетіктерді өңдейді.

Материалдың, өңдеуге біршама және тегіс емес әдіптерін, және де құйылған үлкен габаритті дайындамалардың кішігірім дәлдігін ескере отырып дайындамадан тетікті оңтайлы пішу (рационально выкроить). Бұл дайындамаларды белгілеу көмегімен жүргізіледі. Белгілеу кезінде екі негізгі мәселе шешіледі: барлық өңделетін беттерде қажетті әдіптер бар ма және және тетіктің қажетті дәлдігін алу үшін өңделетін беттердің арасында бұл әдіптерді тиімді түрде үлестіру.

Барлық қарастырылатын тетіктер үшін жалпы болып олардың дайындамаларын білдектердің үстеліне онтайлы орнатудың ұсыныстары танылады. Жүктеу үстел ауданына бірқалыпты таралуы қажет. Бұған 5.1 суретте көрсетілгендей дайындаманың үстелге түсіретін қысымын үлестіретін арнайы төселгіштерді 3 қолданумен немесе үстелге 1 қосымша жүктеулерді 2 орнату жолымен жетуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет