8.1 сурет – Бір тіректі баспақтың тұғыры.
Көрсетілген операция жоңғылау-кеулейжону бағанашығында немесе бойлық-кеулейжону білдегінде орындалуы мүмкін. Келесі операция аса маңызды болып табылады, өйткені мұнда бекіту тесігінен басқа тұғырдың барлық беттері өңделеді: бағыттаушылар, үстел ойығымен, IV—IV ось бойынша тесіктер және оның екі бүйіржағы, тұғырдың артжағындағы дөңесшелер және бүиір және шетжақ беттердегі тесіктер қатары. Осының бәрін бұрылу үстелін қолдана отырып бойлық-кеңейжаю білдегінде немесе кеңейжаю бағанашығында орындайды. Тұғырларды аз партиялармен жасаған кезде келтірілген өңдеуді бірнеше білдектерде орындаған дұрыс.
Келесі операцияларда бұрғылау мен бекіту тесіктеріне бұрандама салуды радиалды-бұрғылау білдегінде жүргізеді. Бұл үшін салмалы кезеулеткіш тақтаны, ал тұғырлардың бұрылуы үшін бойлық бағытта остік айналатын екі тіректі бұрылу айлабұйымын қолданады.
Тұғырлар өңдегеннен кейін соңғы бақылаудан өтеді.
Жабық типтегі баспақтардың тұғырларының, 8.2 сурет, массасы 50...70т. Дайындаманы құюмен алады. Мұндай тұғырларды өңдеудің маршрутын шартты түрде екі кезенге бөлуге болады: технологиялық орнықтарды және түбінің беттерін өңдеу; бағыттаушылар мен бас тесікті өңдеу. Тұғырларды жасауды, оның I—I симетрия жазықтығын, 8.2 сурет және II—II 8.3, а сурет, негіз беттерін III—III және ось беттерге байланысты технологиялық құйылмашық күйін белгілеуден бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |