1 – дайындау жылғалары бар жиынтық; 2 – қаралтым жылғаның ендірмесі;
3 – соңғы жылғаның ендірмесі; 4 – ендірмелерге арналған ұялар
14.2 сурет - Құралған тоқпақ қалыбы
Қосиінді баспақтар үшін қалыптарды жасау. Қосиінді ыссы қалыптау баспақтарында қалыпталатың соғылмалардың дәлдігі, тоқпақтарда қалыпталатың соғылмалар дәлдігінен жоғары. Итеріп шығарғыштардың бар болуына байланысты соғылмаларды төменгі қалыптау еністігімен жасайды. Сәикесінше ҚЫҚБ қалыптарын жасау кезінде дәлдік талаптары, 14.3 сурет, тоқпаққалыптарын жасау кезіндегіден жоғары болады.
1- жиынның төменгі тақтасы; 2 – бағыттаушылар; 3 – ендірмелерді бекітетің сыналы тақтайша; 4,10 – тіреуші тақталар; 5 – жиынның жоғарғы тақтасы; 6,9 – ұстатқыштар; 7,8 – жылғалы ендірмелер
14.3 сурет – ҚЫҚБ қалыбы
Ендірме жылғаларына тіреуші жазықтықтардың параллелдігі жиынтықтың тіреуші жазықтығына қатысты тіреуші жазықтықтың ұзындығынан 0,02 % аралығында болуы тиіс. Жиынтықтың жоғарғы және төменгі жазықтықтарының параллелдігінен ауытқу, олардың ұзындығынан 0,03 % дейін рұқсат етіледі. Бағыттаушы бағанашықтар мен төлкелердің остестігі жиынтық тақтасын бірге өңдеумен қамтамасыз етіледі. Жұмыстық бетке кедір-бұдырлық талаптары, тоқпақ қалыптарының бет кедір-бұдырлығына қойылатын талаптарға ұқсас.
Қосиінді баспақтарға қалып жиынтығын жасау қаңылтыр қалыптауға арналған қалып жиынтығын жасауға ұқсас. Тақта жиынтықтарының дайындамасы ретінде болат құймаларды қолданады; оларды жазықтықбойынша өңдейді және құрастырылған күйінде бағаналар мен төлкелерге тесіктерді кеулейжонады. Ендірмелерге ұяларды өңдегеннен кейін барлық қалған ұяларды, ойықтарды, терезелерді белгілейді және өңдейді, итеріп шығару, қысу механизімдерін және басқада тетіктерді құрастыруды орындайды.
Призмалық ендірмелерді, тоқпақ қалыбын өңдеу бірізділігіне ұқсас өңдейді. Тоқпақ қалыптарынан айырмашылығы, призмалық ендірмелерді барлық сыртқы беттері бойынша өңдейді. Сонымен қатар ендірмелердің еністік беттері тіреуші тақтайша және десте қыспағының түйісетің жазықтығының еністік бұрышымен келісілуі қажет. Белгілеуге дейін ендірменің алдынғы қуысы өңделген тіреуіш жазықтық орнығымен ажарлануы қажет. Жұмыстық қуысты белгілеу екі ендірмеге сәйкес қатаң түрде жүргізілуі қажет, оларды біратаулы орнықтардан – енкіш тіреуішті жазықтықтардан жүргізу керек. Жылғаны көшірме-жонғылау білдегінде бабына жеткізумен өңдейді, термиялық өңдеуге дейін және кейін.
Қолданылуы ұқсас тоқпақ қалыптарының жұмыстық қуыс айырмашылығына байланысты, қосиінді баспақтарда орнатылатың қалыптарда газ шығаратың арналарды бұрғылайды, олар қалыптың терен қуысында майдын жану үрдісінде пайда болған ауа мен гадың еркін шығуына арналған. Әдетте газ шығаратың арналардың диаметрі 1,2..1,5 мм құрайды. Мұндай диаметр кезінде метал каналға ақпйды, ал соғылманың бетінде пайда болатын шығынқылық оның сапасына әсер етпейді.
Арналарды орындау қарапайым болуы үшін кіші тесіктерді 15...20 мм терендікке бұрғылайды, содан кейін жылғаның келесі жағынан кіші тесікпен жалғасқанға дейін диаметрі 8...15 мм тесікті бұрғылайды. Қоршаған ортамен байланыстыру үшін жылғалы ендірменің негізгі бетінде, барлық тесікпен қилысатың, радиусы 5...6 мм арна жонады.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұтас тоқпақ қалыптары үшін дайындама болып не табылады?
2. Тоқпақ қалыптарын жасау талаптарын анықтайтын негізгі құжаттама болып не табылады?
3. Құрама тоқпақ қалыптарының құрылымдық ерекшеліктері қандай?
4. ҚЫҚБ қалыптарында газшығару арналарын қарастырады, ал тоқпақ қалыптарында - қарастырмайды?
5. ҚЫҚБ ендірмелерін жасау тәсілдері?
Ұсынылған әдебиеттер: Нег.3 [138 - 152].
15 Дәріс. Ұталық-қалыптау машиналарын және қалыптарды жөндеу. Жөндеудің мақсаты мен міндеті. Машиналар мен қалыптарды жөндеудің технологиялық үрдісінің жалпы сұлбасы.
Ұсталық-қалыптау жабдықтары (ҰҚЖ) мен әбзелдерін жөндеуді жоспарлы-алдын алу жүйесі – бұл жұмысқа қолдануды техникалық бақылау бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларын уақыт бойынша, ҰҚЖ мен технологиялық әбзелді баптау мен жөндеуді кешенді жоспарлау. ҰҚЖ мен әбзелдерін жөндеу деп ақауларды дұрыстау және олардың еңбек қабілеттілігін сипаттайтын, жоғалтқан бастапқы сапаны біршама орынына келтіру түсініледі.
Ж мен Ә ЖАЖ кезінде кіші, орташа және толық жөндеулерді жүргізеді. Жөндеуді орындаудың бірізділігі мен периодтылығын ҰҚЖ мен қалыптарды жөндеу қиындықтарының категориясына байланысты тағайындайды. Сәйкесінше жоспарлы шамаларын анықтайды: жөндеуаралық период (екі жоспарлы жөндеу арасындағы күнтізбелік мерзім) және жөндеу циклы (екі толық жөндеу немесе жасау мен бірінші толық жөндеу арасындағы күнтізбелік мерзім).
ҰҚЖ мен қалыптар үшін жөндеу қиындықтарының категориясы, оларды жасаудың еңбексиымдылыгын анықтайтын нақты факторларға байланысты тағайындалады; сондай ақ типтік белгілеріне байланысты жөндеу қиындықтарының категориясын тағайындайтын анықтама нормативтер қолданылуы мүмкін: ҰҚЖ түрлері, қалыптар, олардың атқаратын қызметі, тетіктер сапасы, қиындықтар мен габариттер және т.с.с.
Жөндеудің нақты еңбексиымдылығы, жөндеу жұмыстары кезінде қолданылатын жөндеу технологиясы және типтік уақыт нормаларымен жасалған ақаулық ведомосттармен анықталуы тиіс.
Жөндеу периодтылығы және жөндеу де тұру нормасы. Типтік жағдай мынаны тағайындайды:
жөндеу аралығы, кезекті екі жоспарланған жөндеулер арасындағы жабдықтың жұмыс жасау уақытын қамтиды;
жөндеу циклы – агрегатты кезекті екі толық жөндеулер арасындағы период.
Жөндеу циклы мен жөндеу аралығының ұзақтығын жабдықтың өңдеу сағат санымен санайды.
Өңдеу сағаты саналмайтын агрегаттар үшін жөндеу циклы мен жөндеу аралығының ұзақтығын, агрегатты қолдану коэффициентін ескере отырып оларды пайдаланудың күнтізбелік уақыты бойынша тағайындайды.
Жұмыстық циклдар туралы айтқанда, олардың құрылымын білдіреді. Жөндеу циклының құрылымы деп жоспарлы жөндеу мен технологиялық жабдықты тексерудің қайталану реті қабылданады. 15.1 суретте, ұсталық-баспалау жабдығы үшін жұмыстық циклының ұсынылған құрылымы берілген.
15.1 кесте – Ұсталық-баспалау жабдығы үшін жұмыстық циклдың құрылымы
Жабдықтар
|
Жөндеу операцияларының қайталануы
|
Жөндеу операцияларының саны
|
Орташа жөндеу
|
аз
жөндеу
|
тексеру
|
Соғу машиналары, ұсталық-баспалау автоматтары, тоқпақтар
|
К – О – О - Т1 – О – О - Т2 – О – О - С1 – О – О - Т3 – О – О - Т4 – О – О - К
|
1
|
4
|
12
|
Біліктерд іжөндеу. Қолдану кезінде біліктерде қондыру мойындары, кілтек ойықтары мен оймакілтектер тозады, бұранда зақымданады, білік иіледі.
Тозған білік мойындарын (сызаттар, сызықіздер және 0,12 дейінгі цилиндрлік еместік) – ажарлаумен жөндейді. Біршама тозу кезінде жөндеу өлшеміне жонады және ажарлайды. Мойын диаметірін 5...10% төмендетуге болады. Егер мойынның бастапқы өлшемін қалпына келтіру қажет болған жағдайда – оларды діріл доғамен, металдандырумен, хромдаумен және т.б., өсіреді (наращивают), содан кейін жонады, ажарлайды, термиялық өңдейді.
Цилиндрлерді жөндеу кезінде, жөндеу өлшемдері бойынша жөндеу қабылданған. Цилиндрлердің жөндеу өлшемдерін өндіруші зауыт тағайындайды.
Сырғақтарды жөндеу (тоқпақ бабасы). Ен көп тозуға бағыттаушылар ұшырайды. Жөндеу кезінде беттердің түзусызықтығын және олардың өзара параллелдігін қалпына келтіріледі. Жөндеуді тексеру сызғышы бойынша қырумен, аса үлкен тозуды – ажарлау немесе жоңғылаумен жүргізуге болады.
Тұғырды жөндеу. Баспақтардың және тоқпақтардың тұғырларының бағыттаушы беттері ең көп тозуға ұшырайды. Бұл беттерде көп жағдайда қажамалар байқалады. Үстел бетін жөндеу кезінде бағыттаушылардың түзу сызықтығын және перпендикулярлығын қалыптастырады. Бағыттаушыларды жөндеуді әртүрлі әдістермен жүзеге асырады: қырумен, ажарлаумен және болаттан, текстолиттен, жезден және акрилопласттан жасалған компенсациялы жасамаларды орнықтырумен.
Тұғырлар тозған бағыттаушылармен (қалыпқа келтірілмеген) 5...6 мм диаметрлі және 4...5 мм тереңдікті тесіктерді теседі. Әрбір 2500...3000 мм²-қа бір-бірден бұл тесіктерді барлық бет бойынша бір қалыпты орналастырады. Тұғыр бағыттаушыларының беттерін майсыздандырады және сырғақтың түйісу беттеріне бөлгіш сабын қабатын жағады. Сырғақ+тұғырды жинақтайды. Бағыттаушылардың арасындағы саңылауға акрилопласттар (мысалы, бутакрил) құйылады. Содан кейін майлау үшін бунақтарды орындайды. Пластика қабатының қалыңдығы 1...10 мм (ең көбі 3...4 мм). Бутакрил – тозуға тұрақты, шойынмен, болатпен, қоламен жұпта жақсы жұмыс жасайды. Қолданудың ең жоғары температурасы 800С.
Әбзелді жоспарлы-ескертулі жөндеу жүйесі (ӘЖЕЖ) аз, орташа және капиталды жөндеуден тұрады.
Кішігірім жөндеу – кішігірім ақауларды жою (ажарлау, әрлеу, серіппені, тіреуіштерді, орнықтырғышты, кіші диаметрлі сотанды ауыстыру. Қалыптың бір бөлігін шашу жүргізіледі).
Орташа жөндеу – тақта (жоғарғы және төменгі) мен бағыттаушылардан басқа жұмыстық тетіктердің 25...30%, көмекші тетіктердің 10% кішігірім + ауыстыру немесе қалпына келтірі.
Толық жөндеу – тақтадан басқа жұмыстық тетіктердің 50...75%, көмекші тетіктердің 50% ауыстыру немесе қалпына келтіру, бағыттаушы элементтерді ауыстыру.
Пайдалану үрдісінде жоспарлы жөндеуден басқа қолдану күтімінен тұратың техникалық жөндеу аралық күтім жүргізіледі: сыртқы тексеру, қолдану үрдісінде ақаулылықты анықтау, тазартуды; кішігірім ақауларды дұрыстау, бекіту және қысу тетіктері мен құрылғыларын тарту, қолдануды техникалық бақылау мен баптау және әбзелді сақтау; қоймалар мен жұмыстық орындарда әбзелді сақтау сапасы мен күйін, айлабұйымды міндеті бойынша қолдануды, дұрыс орнатылуын күнделікті бақылау; жоғарғы тозу себебін анықтау және оларды болдырмауға шаралар қолдану.
Қалыптарды жөндеу мен қалпына келту. Ыссы көлемді қалыптау қалыптарының тозуының негізгі себептері болып: пластикалық деформация, жарықтар, қажалу, қирау болып табылады.
Жарықтар – қызыл мыспен безеулеу.
Қалыптарды қалпына келтірудің ен тиімді тәсілі электр доғасымен балқытып қаптастыру. Қалыптың нақышын, қол электр доғасымен балқытып қаптастырумен толық қалпына келтірудің орташа құны жаңа нақыш жасау құнының 25...35% құрайды.
Жаңа қалып тетіктерінің шыдамдылығын арттыру және тозғандарын қалпына келтіру үшін тозуға төзімді балқыманы қолданады. Балқытылған қабаттын әртүрлі қасиеттері әртүрлі электрод маркаларын қолданумен алынуы мүмкін.
ЭН-60М, ОЗШ-1, ЭН-60, ЦИ-4 электродтары – 4000С температураға дейін сақталатың тозуға төзімділігі жоғарғы бетті алуға мүмкіндік береді, бұл қалыптау кезінде осы температураға дейін қызатын қалыптар үшін өте қымбат.
УОНИ-13/НЖ, ЭШГ, ЦИ-5, Ш-1 электродтары – 400…5000С дейін мартенситті қасиетін сақтап ауада суытқан кезде өздігінен шынығатын қасиетке ие балқытып қаптастыру қабатын алуға мүмкіндік береді.
Ыссы қалыптау қалыптары үшін ОЗИ-4, ОЗИ-5 электродтарын қолданады. ОЗИ-4 жұмыстық беті 700...8000С дейін қызатың қалып тетіктері үшін қолданылады. ОЗИ-5 – жұмыстық беті 800…8500С дейін қызатың қалып тетіктерін балқытып қаптастыру үшін қолданылады.
Ыссы көлемді қалыптау қалыптарының шыдамдылығының төмен болуы және олардың дайындамаларының біршама құнына байланысты, қалыптың толық құнынан 50...70% дейін, кішігірім жөндеу және қалыптау жылғаларын қалпына келтіру ұсталық-баспалау өндірісі экономикасына үлкен әсер етеді.
Көлемді қалыптауға арналған тұтас қалып шыдамдылығы әртүрлі элементтерден тұрады. Дайындау жылғалары, сағалар және шөгуге аландары қалыптаудың – ондаған мың соққысына шыдамды, алдын ала жылғалар біршама аз, ал соңғы қалыптау жылғалары оданда аз (дайындау жылғасынан 5...7 есе аз).
Жұмсалатың жабдықтарды толық пайдалану мақсатында құрастырылған қалыптарды қолданады. Әмбебап қалып-жиынтығын және қалыптандырылған ендірмелерді қолданумен құрама пішіні мен өлшемдері бойынша ұқсас соғылмаларды қалыптау мүмкіндігі пайда болады.
Тоқпақтардың ауыспалы ендірмелерін қолдану жоғары легірленген қалып болаттарын қолдану есебінде қалыптардың шыдамдылығы 1,5...3,5 есе артады.
Суықтай қаңылтыр қалыптау қалыптарының жұмыстық қабілетінің төмендеу сипаттамасы жұмыстық беттердің тозуы болып табылады. Тозу орындаушы өлшемдердің өзгеруі, беттердің сапасының төмендеуі, кесу қырларының мұқалуы, ұяқалыпта ақау қабаттарының пайда болуымен анықталады.
Қалыптың тозған тетіктері ажарлаумен, әрлеумен немесе балқытып қаптастыру одан әрі өңдеумен, гальваникалық қаптаумен қалпына келтіріледі.
Құйылған қатты қорытпаларды механикалық өңдеу шарықтастармен ажарлау, бабына жеткізу немесе әрлеумен - сәйкесінше ұнтақ немесе май ұнтақпен, жүргізіледі.
Құйылған қатты қорытпалармен балқытып қаптастырылған пішінөзгерту қалыптарының шыдамдылығы 10...15 есе, ал стеллитпен балқытып қаптастырылған ажырамалы қалыптар, асаптық болаттан жасалған қалыптардың шыдамдылығымен салыстырғанда 5...6 есе артады..
Бақылау сұрақтары:
1. Жөндеу циклы дегеніміз не?
2. Жоспарлы алдынала жөндеудің негізгі түрлері бар?
3. Жөндеуаралық техникалық күтім қандай негізгі операциялардан тұрады?
4. Тоқпақ цилиндрлерін жөндеу кезінде қалпына келтірудің қандай әдістері қолданылады?
5. Бас біліктердің тозу түрлері және оларды жөндеу әдістері?
6. Суықтай қаңылтыр қалыптау қалыптарының деформациялау тетіктерінің тозу түрлері?
7. Қалып тетіктерін жөндеу кезінде тозуға төзімділікті арттырудың қандай тәсілдері қолданылады?
8. Жөндеу кезінде пластмассалады қолдануға болама?
Ұсынылған әдебиеттер: Нег.3 [184 - 190].
2.3 Студенттің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары (СОӨЖ)
№
|
Тапсырма
|
Жүргізу формасы
|
Әдістемелік ұсыныстар
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Бұйым дәлдігінің мәні және оны өндірісте қамтамасыз ету әдістері. Сапа параметрлері. Тетік бетінің сапасын бағалау әдістері
|
Тренинг
|
Технологиялық параметрлердің дәлдік пен сапаға ықпалы
|
[1] 26-104;
[2] 11-32;
[3] 15-19;
[4] қос: 9-136
|
2
|
Механикалық өңдеуге әдіптерді есептеу әдістемесін меңгеру
|
Тренинг, есеп мазмұнын қорғау
|
Берілген дәлдікке қатысты әдіп мөлшерін анықтау
|
[1] 253-265;
[2] 81-83;
[3] 19-21
|
3
|
Дайындамаларды жобалау, құрастыру кезіндегі технологиялықты жоғарылату әдістері
|
Тренинг, есеп мазмұнын қорғау
|
Құрылымды жетілдіру бойынша білімді бекіту
|
[4] қос. 160 -185
|
4
|
Бірлік және топтық технологиялық үрдістерді жобалау әдістерін меңгеру
|
Тренинг, есеп мазмұнын қорғау
|
Топтық технолгиялық үрдістерді жобалау әдістемесін меңгеру
|
[1] 338-356;
[4] қос.285-303
|
5
|
КПО орнықтық тетіктерін өндіру кезінде қолданылатын айлабұйымдар мен құралдар
|
Тренинг, есеп мазмұнын қорғау
|
КПО тетіктерді өңдеу бойынша білімді бекіту
|
[2] 94-144;
|
6
|
Тоқпақ балғасы (бабы) және соташық, соташық пен поршеньді бекіту ерекшеліктері.өңдеу кезінде поршеньді орнықтандыру әдісі
|
Тренинг, есеп мазмұнын қорғау
|
Өңдеу, бекіту кезінде орнықтандыру бойынша білімді бекіту
|
[2] 109-144;
|
7
|
Тоқпақтардың екітіректі тұғырларына қойылатын талаптар. Тоқпақтардың екітіректі тұғырларын текшелік өңдеу. Бірыңғай биіктікті қамтамасыз ету әдістері
|
Есеп мазмұнын қорғау
|
Арнайы текшелерде тоқпақ тіреуіштерін үйлесімді өңдеу ерекшеліктерін оқып-үйрену
|
[2] 94-104
|
8
|
Құйылған және пісірілген дайындамалардан тұратын қосиінді баспақтар тұғырының құрылымдық ерекшеліктері. өңдеу маршруттарының ерекшеліктері. Эксцентрикті біліктерді өңдеу әдістері.
|
Тренинг, есеп мазмұнын қорғау
|
Тұғырға арналған дайындамаларды алу әдістерін таңдау, әсіресе тұғыр мен білікті өңдеуге байланысты білімді бекіту
|
[2] 94-114;
|
9
|
Тістегеріштерді, тегершіктерді, біліктерді және қолданылатын жабдықты жасау технологиясының ерекшеліктерін үйрену.
|
Тренинг, есеп мазмұнын қорғау
|
Жабдық пен өңдеу маршрутын таңдай отырып білімді бекіту
|
[2] 109-134;
|
10
|
Құрастырудың технолгиялық сұлбалары
|
Тренинг, есеп мазмұнын қорғау
|
Құрастыру үрдісінің ұйымдастырылған түрі
|
[1] 437-490;
[2] 144-181;
[4]қос.212-226
|
11
|
Гидравликалық баспақтар тұғырын жасау технологиясының ерекшеліктері
|
Есеп мазмұнын қорғау
|
Тұғырдың колонналық құрылымын жасау
|
[2] 114-116;
|
12
|
Суықтай қаңылтыр қалыптау тетіктерін стандарттау, бірыңғайлау.
|
Тренинг, есеп мазмұнын қорғау
|
Құйылмашық деформациялаумен қалып тетіктерін жасау әдістерін оқу
|
[3] 83-90;
|
13
|
КСМ үшін қалыптарды жасау технологиясы
|
Тренинг, есеп мазмұнын қорғау
|
Сотан мен ұяқалып құрамасын жасау технологиясы
|
[3]: 145-148;
|
14
|
Деформацияланатын тетіктердің шыдамдылығын жоғарылату әдістері
|
Тренинг, есеп мазмұнын қорғау
|
Балқытып қалыптастыру, термоөңдеу, тозаңдату әдістерін оқыту
|
[3]: 166-178;
|
15
|
Қалыптардың деформациялайтын тетіктері үшін материалдар таңдау және термиялық өңдеу әдістерін меңгеру
|
Тренинг, есеп мазмұнын қорғау
|
Сотан мен ұяқалыпқа материалдар таңдау әдістері меңгеріледі
|
[3] 21-28
|
2.4 Студенттердің өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары (СӨЖ)
№
|
Тапсырма
|
Әдістемелік ұсыныстар
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Біліктің ажарланған мойындарын өлшеу нәтижелері бойынша өлшемдердің үлестірілуі Гаусс заңына бағынатынын тексеру, үлестірілудің полигоны мен гистограммасын тұрғызу
|
Өлшемдердің үлестірілуі заңдылығын анықтау және сараптау бойынша, математикалық статистика әдісі көмегімен сейілту кезінде, білімді нығайту.
|
[1] 45-71;
[5] 1-32;
|
2
|
Жарамды тетіктер, түзетілетін және түзетілмейтін ақаулар (брактар) санын анықтау
|
Математикалық статистика әдістерін қолдана отырып білімді бекіту
|
[1] 71-74;
[5] : 1-32;
|
3
|
Өңдеу қателіктерінің заңдылықты өзгеру мәнін анықтау
|
Қателіктердің заңдылықты өзгеруінің өңдеу дәлдігіне ықпалын ескеру әдістемесін меңгеру
|
[1] 74-126;
[4] қос.55-102;
[5] 1-32;
|
4
|
Өңдеудің жиынтық қателігін анықтау
|
Қателіктер жиынтығын құру есебі бойынша білімді бекіту
|
[1] 26-74;
[4]қос.102-116;
[5] 1-32;
|
5
|
Механикалық өңдеудегі технологиялық жүйенің қатаңдығы
|
Технологиялық жүйені құрайтын қажетті қатаңдықты талап ететін әдіс бойынша білімді бекіту
|
[1] 74-90;
|
6
|
Машина тетіктерінің тұтынымдық қасиеттеріне бет сапасының әсері
|
Реферат
|
[1] 193-236
[4]қос.136-140;
|
7
|
Технологиялық өңдеудің беттік қабаттың қалыптасуына әсері
|
Реферат
|
[1] 193-236
[4]қос.120-131;
|
8
|
Дайындама алу әдісін таңдау
|
Реферат
|
[2] 77-81;
[4]қос.185-195;
|
9
|
Дайындаманы өңдеу әдісін таңдау
|
Реферат
|
[2] 75-76;
[4]қос.196-206;
|
10
|
Соқпалық тоқпақ төсін жасау технологиясын құру
|
Дайындама алу әдістемесін, техникалық талаптар мен өңдеу әдістерін қалыптастыруды меңгеру
|
[2] 75-81;
[4]қос.196-206;
|
11
|
Сырғақ жасау технологиясын құру
|
Дайындама алу әдістемесін, техникалық талаптар мен өңдеу әдістерін меңгеру
|
[2] 75-81;
[4]қос.196-206;
|
12
|
КГШП қалыптарының ендірмесін жасау технологиясы
|
Қалыптың деформацияланатын тетіктерін жасау технологиясын құру әдістемесін
|
[3] 148-152
|
13
|
Қиғыш қалыптың құрама ұяқалыбын жасау технологиясын құру
|
Қалыптың деформацияланатын тетіктерін жасау технологиясын құру арқылы білімді бекіту
|
[3] 144-145
|
14
|
Әсері үйлескен кемершікті қалып және сотан-ұяқалып жасау технологиясын құру
|
Қалыптың деформацияланатын тетіктерін жасау технологиясын құру арқылы білімді бекіту
|
[3] 96-120
|
15
|
Көміртегілі аспапты болаттан жасалған сотандар мен ұяқалыптарға шынықтыру мен босаңдату режімін жасау
|
Қалыптың деформацияланатын тетіктерін термиялық өңдеумен білімді бекіту
|
[3] 166-176
|
2.5 Өзіндік бақылауға тест сұрақтары
1. Өндірістік үрдіс;
А) технологиялық үрдістік аяқталған бөлігі;
В) белгілі кәсіпорында шығарылатын бұйымдарды жасау немесе жөндеуге қажетті өндіріс құралы мен адамдардың әрекеттерінің жиынтығы;
С) операцияларды орындау үрдісіндегі жұмысшы әрекетінің аяқталған жиынтық;
D) қолданылатын құралдар мен беттің тұрақтылығымен сипатталатын, операцияның аяқталған бөлімі;
E) бір жұмыс орнында жүргізілетін, технологиялық үрдістің аяқталған бөлігі.
2. Құрастыру бірлігі
A) бұл кәсіпорында дайындауға жататын, зат немесе заттар жинағы;
В) бұл энергия немесе өндіріс жұмысының қозғалысын мақсатты түрде жүзеге асыратын механизм немесе механизмдер үйлесімі;
С) бұл жеке құралатын және бүтін құрастыру үрдісіне қатысатын, бұйым бөлшегі;
D) операцияларды орындау үрдісіндегі жұмысшы қозғалысының аяқталған жиынтық;
E) бір жұмыс орнында жүргізілетін, технологиялық үрдістің аяқталған бөлігі.
3. Сериялы өндіріс және оның ұйымдастырылған әдістері
A) бұл өндіріс затының (предмет) өлшемдері, пішінінің, сыртқы түрінің немесе ішкі қасиеттерінің бірізді өзгеруінен және оларды бақылаудан тұратын, өндірістік үрдістің бір бөлігі;
B) қарапайым дайындамаларға ықшамдалған құжаттаманы бірге қолдану кезінде күрделі және жауыпты дайындамалар үшін технологиялық құжаттама толығымен жасалады;
С) аталған өнеркәсіпте жығарылатын бұйымды жасауға немесе жөндеуге қажетті, адамдар мен өндіріс құралының барлық әрекетінің жиынтығы;
D) ұзақ уақыт ішінде үздіксіз жасалатын немесе жөнделетін, шығарылатын бұйымның аз атаутізімімен және үлкен көлемімен сипатталады. Реттелген білдектер мен автоматтарда біліктілігі төмен жұмысшы-операторлар жұмыс жасайды. Технологиялық құжаттама тетікке байланысты жасалады;
E) жасалатын немесе жөнделетін бұйымның кең көлемді атаутізімімен сипатталады, жұмысшылар біліктілігі өте жоғары, технологиялық құжаттама қысқартылған және ықшамдалған.
4. Жаппай өндірісте қандай жабдық қолданылады?
А) әмбебап нақты жабдықтар;
В) жоғарыөнімділікті арнайыландырылған жабдықтар;
С) әмбебап, арнайыландырылған және арнайы. ЧПУ білдектер, өңдеу орталықтары;
D) ЧПУ білдектерінің иілгіш автоматталған жүйелері, ЭЕМ басқарылатын және тасымалданатын құрылғылармен байланысты;
E) әмбебап нақты және жоғарыөнімділікті арнайыландырылған жабдықтар.
5. Жеке өндірістегі жұмысшылар біліктілігі
А) біліктілігі төмен жұмысшы-операторлар және біліктілігі өте жоғары жұмысшылар;
В) өте жоғары;
С) реттелген білдектер мен автоматтарда біліктілігі едәуір (сравнительно) төмен жұмысшы-операторлар жұмыс істейді. Цехтарда біруақытта жоғарыбілікті білдектерді баптаушылар, электронды техника мен пневмоавтоматика мамандары жұмыс істейді;
D) күрделі әмбебап білдектерде жұмыс істейтін біліктілігі жоғары жұмысшылар, баптаушылармен қатар, реттелген білдектерде жұмыс істейтін жұмысшы-операторлар қолданылады;
E) кез келген білікті жұмысшылар пайдаланылады.
6. Машина құрылымының технологиялығы қандай негізгі көрсеткіштермен бағаланады?
А) материалдар маркасының бірыңғайлығы, еңбексиымдылығы;
В) бұйым элементтерінің өзіндік құны, бірыңғайлығы және қалыптылығы;
С) бұйым элементтерінің өзара ауысымдылық дәрежесіне жеткен материалсиымдылығы;
D) машина массасы, ерекше тетіктердің және бұйымның құрама бөлігінің құрылымдық артықшылығы;
Е) еңбексиымдылығы, өзіндік құны және материалсиымдылығы.
7. Дайындамаларды механикалық өңдеу кезінде орнықтардың тұрақтылық принципі қандай роль атқарады?
А) орнықтардың тұрақтылық принципі өңделетін дайындамалардың дәлдігі мен сапасына ешқандай әсер етпейді; өңделетін дайындамалардың дәлдігі мен
В) орнықтардың тұрақтылық принципі өңделетін дайындамалардың дәлдігі мен бетінің кедір-бұдырлығын азайтады;
С) орнықтардың тұрақтылық принципі өңделетін дайындамалар бетінің кедір-бұдырлығын арттырады;
D) орнықтардың тұрақтылық принципі өңделетін дайындамалардың дәлдігін азайтады;
E) орнықтардың тұрақтылық принципі өңделетін дайындамалардың дәлдігі мен бетінің кедір-бұдырлығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
8. Дәлдік қандай көрсеткіштермен сипатталады?
А) өлшемдер дәлдігімен;
В) геометриялық пішінінің дәлдігімен;
С) өлшемдер дәлдігімен, кедір-бұдырлық дәрежесімен;
D) өлшемдер дәлдігімен, геометриялық пішінінің дәлдігімен, өңделетін беттердің өзара дұрыс орналасуымен;
Е) өлшемдер дәлдігімен, геометриялық пішінінің дәлдігімен, өңделетін беттердің өзара дұрыс орналасуымен, кедір-бұдырлық дәрежесімен.
9. Қандай қателіктер кездейсоқ болып табылады?
А) қарастырылатын партияның барлық дайындамалары үшін тұрақты болып қалатын қателік;
В) қарастырылатын партияның барлық дайындамалары үшін әрбір өңделетін дайындамадан келесіге өту кезінде заңдылықты өзгеретін қателік;
С) қарастырылатын партияның барлық дайындамалары үшін тұрақты болып қалатын немесе әрбір өңделетін дайындамадан келесіге өту кезінде заңдылықты өзгеретін қателік;
D) қарастырылатын партияның әртүрлі дайындамалар үшін әркелкі мәнге ие, және оның пайда болуы ешқандай заңдылықтарға бағынбайтын қателік;
E) қарастырылатын партияның барлық дайындамалары үшін тұрақты, және оның пайда болуы ешқандай заңдылықтарға бағынбайтын қателік.
10. Өлшемдер дәлдігін бағалау қандай әдістермен жүзеге асырылады?
А) эталонды үлгілермен салыстыру әдісімен;
В) бақыланатын өлшемді өлшейтін құралмен өлшеу әдісімен;
С) бақыланатын өлшемді өлшейтін құралмен жанама өлшеу әдісімен;
D) бақыланатын өлшемді, дәлдігі бақыланатын өлшем дәлдігіне тең, өлшейтін құралмен тура немесе жанама өлшеу әдісімен;
E) бақыланатын өлшемді, дәлдігі бақыланатын өлшем дәлдігінен жоғары, өлшейтін құралмен тура немесе жанама өлшеу әдісімен.
11. Пішін дәлдігін бақылау қандай әдістермен жүзеге асырылады?
A) бақыланатын өлшемді, дәлдігі бақыланатын өлшем дәлдігінен жоғары, өлшейтін құралмен бірнеше нүктені өлшеу әдісімен;
В) бақыланатын өлшемді, дәлдігі бақыланатын өлшем дәлдігіне тең, өлшейтін құралмен тура немесе жанама өлшеу әдісімен;
С) бақыланатын өлшемді өлшейтін құралмен бірнеше нүктені жанама өлшеу әдісімен;
D) бақыланатын өлшемді өлшейтін құралмен бірнеше нүктені тура өлшеу әдісімен;
E) эталонды үлгілермен салыстыру әдісімен.
12. Беттік қабат сапасы қандай параметрлермен сипатталады?
A) Rа пішінінің (профиль) орта арифметикалық ауытқуымен;
В) беттік қабаттың кедір-бұдырлығымен,толқындылығымен және физика-механикалық қасиеттерімен;
С) Sm тегіс еместігінің орташа қадамымен;
D) беттің кедір-бұдырлығымен;
E) Rz ондаған нүктесі бойынша пішіннің тегіс еместігінің биіктігімен.
13. Беттің кедір-бұдырлығына технологиялық жүйенің қатаңдығы қалай әсер етеді?
А) технологиялық жүйенің қатаңдығы беттің кедір-бұдырлығына әсер етпейді;
В) тербеліс жиілігі мен амплитудасы тегіс еместік пішіні мен өлшеміне әсер етпейді;
С) өңдеу кезіндегі дайындаманы бекіту шарты (консольді немесе ортада) тегіс еместік пішіні мен өлшеміне әсер етпейді;
D) дайындама қимасындағы оны бекіту шарттарымен шарталған әртүрлі қатаңдық, өңделген беттің ьіркелкі емес кедір-бұдырлығының пайда болуына әкеледі;
E) дайындамаларды консольді бекіту кезінде өңделген беттің кедір-бұдырлығы ұзындық бойында біркелкі болады.
14. Қандай дәлдік тобы мен беттің кедір-бұдырлығы ысқылаумен жүзеге асырылады?
А) 3 дәлдік тобы мен беттің кедір-бұдырлығы Rа =1,25.. .0,32 мкм;
В) 2 дәлдік тобы мен беттің кедір-бұдырлығы Rа = 0,8...0,1 мкм;
С) 4 дәлдік тобы мен беттің кедір-бұдырлығы Rа =12.5...6,3 мкм;
D)1 дәлдік тобы мен беттің кедір-бұдырлығы Rа = 0,1 мкм және төмен болғанда;
E) 2 дәлдік тобы мен беттің кедір-бұдырлығы Rа = 2,5.. .0,63 мкм.
15. Тетік
А) бұл атауы және маркасы бойынша біртекті материалдан құрастыру операциясын қолданбай жасаған бұйым;
В) бұл өнеркәсіпте жасалатын өндіріс заты немесе заттар жиынтығы;
С) бұл жеке жиналатын және ары қарай құрастыру үрдісінде бір тұтас қолданылатын бұйымның бір бөлігі;
D) бір жұмыс орнында жүргізілетін, технологиялық үрдістің аяқталған бөлігі;
E) бұл өнеркәсіпте жеке жиналатын өндіріс заты немесе заттар жиынтығы.
16. Сериялы өндірісте қандай жабдықтар қолданылады?
А) әмбебап нақты және жоғарыөнімділікті арнайыландырылған жабдықтар;
В) ЧПУ білдектерінің иілгіш автоматталған жүйелері;
С) әмбебап, арнайыландырылған және арнайы. ЧПУ білдектер, өңдеу орталықтары;
D) жоғарыөнімділікті арнайыландырылған жабдықтар;
Е) әмбебап нақты жабдықтар.
17. Тетіктерді жоңқаны түсіріп өңдеудің технологиялық әдістері
А) жануыштау, жону, дөңгелектету, бүрлеу;
В) қаралтым жону, жоңғылау, тегіс ажарлау, электржеліндік өңдеу;
С) электрұшқындық өңдеу, тартажону, ұңғылау, бұрғылау;
D) жону, жануыштау, ұңғылау, үңгілеу, бұрғылау, тартажону;
Е) жануыштау, әрлеу, ысқылау, жону, дөңгелектету, бүрлеу .
18. Тетіктерді жоңқаны түсірмей өңдеудің технологиялық әдістері
А) жануыштау, әрлеу, ысқылау, жону, дөңгелектету, бүрлеу;
В) электрұшқындық өңдеу, тартажону, ұңғылау;
С) қаралтым жону, жоңғылау, тегіс ажарлау, электржеліндік өңдеу;
D) бүрлеу, кеңейжаю, тесікті қыртысжажу, тесіктерді шариктермен немесе құралбіліктермен мөлшерлеу, илемділік деформациялау;
E) жануыштау, жону, дөңгелектету.
19. Тетіктерді абразивті құралдармен өңдеудің технологиялық әдістері
А) жануыштау, жону, дөңгелектету, бүрлеу;
В) қаралтым жону, жоңғылау, тегіс ажарлау, электржеліндік өңдеу;
С) жануыштау, әрлеу, ысқылау, ажарлау;
D) электрұшқындық өңдеу, тартажону, ұңғылау;
Е) бүрлеу, кеңейжаю, тесікті қыртысжазу, тесіктерді шариктермен немесе құралбіліктермен мөлшерлеу.
20. жұмыс жасап тұрған өндіріске механикалық өңдеудің технологиялық үрдісін жобалау үшін қандай бастапқы мәліметтер қажет?
А) тетіктердің жұмыс сызбасы;
В) тетіктердің жұмыс сызбасы мен техникалық шарттары;
С) шығару көлемі, тетіктердің жұмыс сызбасы мен техникалық шарттары;
D) тетіктердің жұмыс сызбасы, техникалық шарттары, шығару көлемі, бұйым шығарудың жоспарланған уақыт интервалы;
Е) тетіктердің жұмыс сызбасы, техникалық шарттары, шығару көлемі, бұйым шығарудың жоспарланған уақыт интервалы, нақты жабдықтар жайлы мәліметтер, бар жабдықтар мен басқа да жергілікті өндіріс жағдайлары жайлы мәліметтер.
21. Ұсталық баспалау жабдығының тұрқылық тетіктерін өңдеу кезінде жоңғылау білдегі үстелінің аумағында жүктемені бірқалыпты тарату қаай қамтамасыз етіледі?
А) дайындаманы қатаң түрде үстелдің ортасына бекітімен;
В) дайындаманың үстел устінде орналасуының еш қатасы жоқ;
С) үстел үстінде екі дайындама орнатылады;
D) үстелде қосымша жүктер орнатылады немесе дайындаманың үстелге түсіретін қысымын тарататын арнайы төсемдер қолданылады;
Е) өңдеудің щадящие режімін тағайындау;
22. Қандай тоқпақтардың тұғырлары төсте бекітіледі?
А) тоқпақтар тұғыры төспен байланысты емес;
В) соқпалық тоқпақтардың тұғырлары төсте бекітіледі;
С) қалыптаушы тоқпақтар тұғырлары төсте бекітіледі;
D) біртіреуішті соқпалы тоқпақтардың тұғырлары төсте бекітіледі;
Е) соқпалық тоқпақтардың аркалы тұғырлары төсте бекітіледі.
23. Екі тіреуішті тоқпақтар тұғырының бірбиіктікті тіреуіші қалай қамтамасыз етіледі?
А) дайындамаларды өңдеу алдында дәл белгілеу жүргізіледі;
В) алдымен төменгі табаны өңделеді, содан кейін одан жоғарғысы белгіленеді;
С) алдымен жоғарғы табаны өңделеді, содан кейін одан төменгісі белгіленеді;
D) өңдеуге бірдей әдіптері бар дайындамларды алумен;
Е) текшеде бір орнатумен екі тіреуіштерді бір уақытта өңдеу.
24. Тоқпақтар соташығының дайындамасын алу әдісіне қойылатын талаптар.
А) кез-келген құрылымдық болат, дайындама алу әдісінің еш қатысы жоқ;
В) кез-келген құрылымдық болат, дайындаманы центрден тепкіш құю арқылы алу;
С) кез-келген құрылымдық болат,дайындаманы қысыммен құю арқылы алады;
D) қоспаланған болат, дайындаманы шыбықтан кесіп алу арқылы алады;
Е) сапалы болат, дайындаманы ары қарай термоөңдейтіндей соғу арқылы алады.
25. Соташықты тоқпақ соққысымен бекіту әдісі.
А) пісіру;
В) бұрандалы қосу;
С) кілтекпен;
D) оймакілтекті қосылыс;
Е) конусқа тұйық қосу.
26. Тоқпақ цилиндрі тозған кезде, поршень-цилиндр түйіндесуі қалай қалпына келеді?
А) өлшемі үлкейтілген поршенді балдақты орнату жолымен;
В) тозу мөлшері бойынша өлшемі үлкейтілген поршен жасалады;
С) цилиндрдің ішкі бетін балқытып қаптастыру және оны ары қарай поршень өлшеміне дейін өңдеу жүргізіледі;
D) цилиндрдің келесі жөндеу өлшеміне дейін кеулейжонылады, жөндеу өлшемінің поршені мен балдағы жасалады;
Е) цилиндр жаңаына ауыстырылады.
27. Ұсақ қаңылтырқалыпты баспақтардың тұғырын алу әдісі
А) болат құйма;
В) қаңылтыр илем;
С) сортты илем;
D) шойын құйма;
Е) аралас-болат құймалар және пісіріп қосылған қаңылтыр илем.
28. Ауыр жүктелген иінді білік дайындамасын алу әдісі және материалы
А) құйылған шойын (СЧ20) дайындамалар;
В) құйылған болат (35Л) дайындамалар;
С) 45 болаттан сортты илем;
D) 40ХН болаттан баспақты соғылма;
Е) 45 болаттан тоқпақты соғылма.
29. Эксцентикті білікке қойылатын негізгі техникалық талаптар
А) диаметрлі өлшемнің дәлдігі және тіреуішті мойнақ пішінінің дәлдігі;
В) диаметрлі өлшемнің дәлдігі және эксцентрик пішінінің дәлдігі;
С) диаметрлі өлшемдерінің дәлдігі және тіреуішті мойнақ пен эксцентрик пішінінің дәлдігі;
D) пішін дәлдігі және тіреуішті монақ бетінің кедір-бұдырлығы;
Е) диаметрлі өлшемдерінің дәлдігі және тіреуішті мойнақ пен эксцентрик пішінінің дәлдігі, осыбеттердің кедір-бұдырлығы, тіреуішті мойнақ пен эксцентрие остерінің параллельдігі.
30. КШМ тегершігіне қойылатын, негізгі техникалық талаптар
А) қонтыру тесігінің дәлдігі, барлық беттердің жоғары центрлестігі;
В) жетек белдігінің астындағы фасонды беттер дәлдігі;
С) қондыру тесігінің дәлдігі, жетек белдігінің астындағы фасонды беттер дәлдігі, барлық беттердің жоғары центрлестігі, айналу остерін сәйкес теңгеру;
D) барлық беттердің жоғары центрлестігі, айналу остерін сәйкес теңгеру;
Е) қондыру тесігінің дәлдігі, барлық беттердің жоғары центрлестігі, айналу остерін сәйкес теңгеру.
Дұрыс жауаптар коды
Сұрақ нөмірі
|
Дұрыс жауабы
|
Сұрақ нөмірі
|
Дұрыс жауабы
|
Сұрақ нөмірі
|
Дұрыс жауабы
|
1
|
В
|
11
|
А
|
21
|
D
|
2
|
С
|
12
|
В
|
22
|
С
|
3
|
В
|
13
|
D
|
23
|
Е
|
4
|
D
|
14
|
D
|
24
|
Е
|
5
|
В
|
15
|
А
|
25
|
Е
|
6
|
Е
|
16
|
С
|
26
|
D
|
7
|
Е
|
17
|
D
|
27
|
D
|
8
|
Е
|
18
|
D
|
28
|
D
|
9
|
D
|
19
|
С
|
29
|
Е
|
10
|
Е
|
20
|
Е
|
30
|
С
|
Курс бойынша емтихан сұрақтары
1. Орнықтар классификация. Орнықтарды үйлестіру және тұрақтылық принципі.
2. Механикалық өңдеуге технологиялық талаптар. Технологиялық және технологиялық емес құрылымдарға мысалдар.
3. Соғу, қалыпатау, құю әдістерімен алынған дайындамаларға технологиялық талаптар.
4. Өндіріс түрлері, олардың технологиялық сипаттамасы және жұмыстың ұйымдасқан әдістері.
5. Технологиялық жүйе қатаңдығының өңделетін беттің сапасына әсері.
6. Технологиялық жүйе қатаңдығыны өңдеу дәлдігінің фактор тәрізді.
7. Түзілімдер мен тетіктер құрылымының технологиялылығы. Құрылым технологиялылығын бағалау критериі.
8. Операцияның шоғырлануы мен дифференциациясы жайлы түсінік.
9. Технологиялық үрдіс құрылымы және оның элементтерін анықтау: операция, әрекет, тұрақ.
10. Қазіргі уақыттығы машинажасау технологиясына қойылатын талаптар. Өндірістік және технологиялық үрдіс.
11. Технологиялық үрдістің бірінші және келесі операцияларында негіздік бетті таңдау. Білдектерде тетіктерді орнату әдістері.
12. Пішін, өлшем және беттердің орналасу дәлдігін бақылау әдістері мен құралдары.
13. Беттер жайлы түсінік және олардың. Беттің кедір-бұдырлығы.
14. Беттің сапасына әсер ететін технологиялық факторлар. Беттің сапасын бағалау және өлшеу әдістері.
15. Кедір-бұдырлық параметрлерін тағайындау (Назначение) және олардың дәлдік параметрлерімен өзара байланысы.
16. Әдіп түсініктемесі. әдіптер классификациясы. Әдіптер мен шақтамаларды анықтау әдістері және олардың құрылымы.
17. Жоңқаларды түсіріп металл құралдармен өңдеу. Өңдеу дәлділігі. Қолданылатын білдектер.
18. Жоңқаларды түсірмей өңдеу. Өңдеу дәлділігі. Қолданылатын білдектер.
19. Абразивті құралмен өңдеу. Өңдеу дәлділігі.
20. Өңдеудің электржеліндік, электрохимиялық әдістері. Қолданылу аймағы. Жабдық.
21. Басты біліктерді жасау дәлдігімен бетінің сапасына қойылатын талаптар. Термоөңдеу. Беріктендіруші өңдеу әдістері.
22. Басты біліктерді өңдеудің технологиялық маршруты, оның ерекшеліктері, қолданылатын жабдық.
23. Қосиінді машиналардың басты білігін жасау технологиясы. Дайындама алу әдісі және материал. Беттің сапасына және жасау дәлдігіне қойылатын талаптар.
24. Тісті дөңгелектерді, тегершіктерді жасау технологиясы. Материал. Дайындама алу әдістері.
25. Тұғырлардың құрылымдық әртүрлілігі. Дайындама алу әдісі және материалы. Механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты.
26. Тоқпақ төсінің құрылымдық әртүрлілігі. Дайындама алу әдісі және материалы. Техникалық талаптар.
27. Тоқпақтар мен гидравликалық баспақтарды құрастыру ерекшеліктері.
28. Түзілімдерге, механизмдерге және бүтіндей машинаға қойылатын талаптар.
29. Гидробаспақтар цилиндрлерін механикалық өңдеудің технологиялық маршруты. Цилиндрлердің тұйық және жанама ішкі тесіктерін өңдеуге арналған жабдықтар.
30. Гидробаспақтар мен тоқпақтар цилиндрлерін жасау технологиясы. Дайындама алу әдістері. Механикалық өңдеудің құрылымдық әртүрлілігі, типтік технологиялық маршруты.
31. Сырғақтар, баба жасау технологиясы. Дайындама алу әдісі және материалы. Өңдеудің типтік технологиялық маршруты.
32. Тұрқылық тетіктерге қойылатын технологиялық талаптар. Механикалық өңдеудің типтік технологиялық маршруты. Қолданылатын жабдық.
33. Қосиінді баспақтардың дәлділігін мөлшерлеу. Құрастырылған түзілімдер мен машиналарды сынақтан өткізу.
34. Басты біліктердің бет сапасы мен жасау дәлділігіне қойылатын талаптар. Термоөңдеу. Беріктендіруші өңдеу әдістері. Бақылау.
35. Басты біліктерді механикалық өңдеудің технологиялық маршруты, оның ерекшеліктері, қолданылатын жабдық.
36. Қосиінді машиналардың басты біліктерін жасау. Дайындама алу әдісі және материалы. Басты біліктерге қойылатын техникалық талаптар.
37. Гидравликалық баспақтар колоннасын жасау технологиясы. Материал. Дайындама алу. Механикалық өңдеудің технологиялық маршруты.
38. Тоқпақ соташығын жасау технологиясы. Материал. Дайындама алу. Механикалық өңдеудің технологиялық маршруты. Термоөңдеу.
39. Қалыптарды жөндеу және қалпына келтіру.
40. Тоқпақтық қалып жасау. Бастапқы материал, дайындама алу әдістері. Жасауға техникалық шарттар.
41. Ұсақ тоқпақтық қалыптарды механикалық және термиялық өңдеу ерекшеліктері.
42. Орташа тоқпақтық қалыптарды механикалық және термиялық өңдеу ерекшеліктері.
43. Ірі тоқпақтық қалыптарды механикалық және термиялық өңдеу ерекшеліктері.
44. Қосиінді ыссықалыптау баспақтарына арналған қалыптар. Десте мен жұмысшы ендірмелерді жасау технологиясының ерекшеліктері.
45. Тоқпақтық қалыптар жасауға арналған жабдықтар. Дайын қалыптарды бақылау.
46. Көлденең соғу машиналары мен гидравликалық баспақтар қалыбын жасау технологиясының ерекшеліктері.
47. Қалыптарды құрау, бабына жеткізу, сынақтан өткізу және амалдау.
48. Қалыптарды жөндеу және қалпына келтіру.
49. Қалыптарды жасау технологиясына әсер ететін факторлар. Сызықты және сызықты емес беттерді өңдеу.
50. Қалыптарды жасау кезінде қолданылатын, технологиялық амалдар. Тетіктердің жұмыстық бетті соңғы өңдеу және бабына жеткізу.
51. Қаңылтырлы қалыптауға арналған қалыптар жиынтығын жасау технологиясы. Дайындама алу әдістері және материалы.
52. Қалыптардың қалыптандырылған тетіктері. Қалыптандырылған тетіктерді жасаудың технологиялық маршруты. Термоөңдеу. Бақылау.
53. Шағылған және тесілген ұяқалып пен сотандарды жасау. Дайындама алу әдісі және материалы.
54. Қалыптардың технологиялық қолданылуына байланысты жұмысшы тетіктерді жасау ерекшеліктері: төмен, қалыпты және жоғары дәлділікті қалыптар.
55. Пластмассадан жасалған сотандар мен ұяқалыптарды жасау ерекшеліктері.
56. Қалыпт тетіктерін өңдеу ерекшеліктері: белгілеу, беттік өңдеу, жұмыстық беттерді соңғы өңдеу және бабына жеткізу.
57. Ұсақ тоқпақ қалыптарын механикалық және термиялық өңдеудің ерекшеліктері.
58. Орташа тоқпақ қалыптарын механикалық және термиялық өңдеудің ерекшеліктері.
59. Ірі тоқпақ қалыптарын механикалық және термиялық өңдеудің ерекшеліктері.
60. Қосиінді ыссы қалыптау баспақтарына арналған қалыптар.
61. ҚЫҚБ қалыптарының жұмыстық ендірмелері мен дестелерін жасау технологиясының ерекшеліктері.
62. Тоқпақ қалыптарын жасауға арналған жабдықтар.
63. Бойлық-соғу машиналарының қалыптарын жасау технологиясының ерекшеліктері.
64. Гидравликалық баспақтардың қалыптарын жасау технологиясының ерекшеліктері.
65. Қалыптарды құрастыру, қалпына келтіру, сынау және қабылдау.
66. Қалыптарды жөндеу және қалпына келтіру.
67. ҰҚЖ негізгі тетіктерін жөндеу және қалпына келтіру.
68. Қалыптарды жасау технологиясына әсеретуші факторлар. Сызықты және сызықты емес беттерді өңдеу.
69. Қалыптарды жасау кезінде қолданылатын технологиялық амалдар. Тетіктердің жұмыстық беттерін соңғы өңдеу мен бабына жеткізу.
70. Қаңылтыр қалыптау үшін қалыптар жиынтығын жасау технологясы.
71. Қаңылтыр қалыптау үшін қалыптар жиынтығы тетіктерінің дайындамасын алу әдістері мен материалы.
72. Қлыптардың қалыптандырылған тетіктері.
73. Қалыптандырылған тетіктерді жасаудың технологиялық маршруты.
74. Қлыптардың қалыптандырылған тетіктерін термиялық өңдеу. Бақылау.
75. Шағу және тесу ұяқалыптары мен сотандарын жасау.
76. Қалыптың технологиялық қолдануына қарай жұмыстық тетіктерді жасаудың ерекшеліктері: дәлдігі төмен қалыптар.
77. Қалыптың технологиялық қолдануына қарай жұмыстық тетіктерді жасаудың ерекшеліктері: дәлдігі орташа қалыптар.
78. Қалыптың технологиялық қолдануына қарай жұмыстық тетіктерді жасаудың ерекшеліктері: дәлдігі жоғары қалыптар.
79. Пластмассадан ұяқалыптар мен сотандарды жасау ерекшеліктері.
80. Қалып тетіктерін өңдеу ерекшеліктері: белгілеу, бетерді өңдеу, жұмыстық беттерді соңғы өңдеу мен бабына жеткізу.
Глоссарий
1. Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы технологиясы – бұл қажетті сападағы машиналарды жасау туралы ғылым, өндірістік бағдарлама мен көрсетілген мөлшерде, және де беілген мерзімде аз еңбек шығынымен, яғни төменгі өзіндік құнымен.
2. Бұйым – кәсіпорында жасалынатын өндірістің кез-келген заты.
3. Тетік – құрастыру операцияларын қолданбай, маркасы мен атауы біртекті материалдардан жасалған бұйым.
4. Құрастыру бірлігі – бұл құрама бөліктері құрастырылатын бұйым.
5. Өндірістік үрдіс – өзара байланысқан іс әрекеттердің жиынтығынан тұрады, олардың нәтижесінде бастапқы материалдар мен шалаөнімдер дайын бұйымға айналады.
6. Технологиялық үрдіс өндіріс затын өлшеу мен күйін анықтау әрекеттерінен тұратын өндірістік үрдістің бөлігін айтамыз.
7. Технологиялық операция деп бір жұмыстық орында орындалатын технологиялық үрдістің аяқталған бөлігін айтамыз.
8. Көмекші операциялар – (оларға тасымалдау, бақылау, таңбалау және басқада жұмыстар жатады) өлшемдері, пішіндерін, сыртқы түрін немесес өңделетңн бұйымның қасиетін өзгертпейтін, бірақ технологиялық үрдісті жүргізуге қажетті операция.
9. Жеке өндіріс – жасалатын немесе жөнделетін бұйымның атаутізімінің көптігімен және бұйымды шығарудың аз көлемімен сипатталады.
10. Сериялы өндіріс – периодты қайталанатын партиялармен жасалатын немесе жөнделетін бұйымның шектелген атаутізімімен және бұйымды шығару көлемінің көптігімен сипатталады.
11. Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт бойы үздіксіз жасалатын немесе жөнделетін бұйымның атаутізімінің аздығы және бұйымды шығару көлемінің көптігімен сипатталады.
12. Тетіктің дәлдігі деп оның сызба талаптарына сәйкескелуін айтамыз: өлшемі, геометриялық пішіні, өңделетін беттердің өзара дұрыс орналасуы және олардың кедір – бұдырлық дәрежесі.
13. Тетіктің (дайындаманың) бет сапасы деп – ретімен қолданылатын бір немесе бірнеше технологиялық әдістердің әсер ету нәтижесінде оның беткі қабатының күйін айтамыз.
14. Беттің кедір бұдырлығы деп орнық ұзындығындағы, салыстырмалы аз қадамды тегіс еместіктердің жиынтығын айтамыз.
15. Беттің толқындылығы деп жүйелі түрде қайталанатын салыстырмалы үлкен қадамды тегіс еместіктердің жиынтығы.
16. Орнықтандыру деп – таңдалған координаттар жүйесіне қатысты дайындама немесе бұйымға қатысты қажетті күйге келтіруді айтамыз.
17. Бірлік технологиялық үрдіс – атауы, типтік өлшемі бір, орындалуы өндіріс түріне тәуелді емес бұйым жасау үрдісі.
18. Типтік технологиялық үрдіс – құрылымдық және технологиялық белгілері ортақ бұйымдар тобын жасаған кезде қолданылады.
19. Маршрутты технологиялық үрдіс – операция мазмұнында әрекеттер мен өңдеу режімін көрсетілмеген, құжаттамалармен орындалады.
20. Операциялық технологиялық үрдіс – операция мазмұнында әрекеттер мен өңдеу режімін көрсетілген, құжаттамалармен орындалады.
21. Маршруттық операциялық технологиялық үрдіс – операцияның бір бөлігіне әрекеттер мен өңдеу режіміне нұсқау беріліп, ал бір бөлігіне нұсқау берілмейтін құжаттамалармен орындалады.
22. Маршруттық карта – бұл технологиялық бірізділіктің барлық операциялары бойынша бұйым жасау мен бақылаудың технологиялық үрдісі жазылған құжат.
23. Операциялық карта – бұл әректтер бойынша жабдықтар, әбзелдер және өңдеу режімдері көрсетілген операциялардың жазбасы бар құжат.
24. Құрастыру – бұл дайындама немесе бұйымның құрамды бөлігінің ажырамалы немесе ажырамайтын қосылысының түзіліуі.
25.Тоқпақтар – соғылмаға соққымен және квази соққымен әсерететін ұсталық–қалыптау машиналары
26. Баспақтар – соғылмаға квазистатикалық әсер ететін ұсталық–қалыптау машиналары.
27. Орнату – өңделетін дайындамалар немесе құралатын құрастыру бірліктерін бекіту кезінде орындалатын технологиялық операцияның бір бөлігі.
28. Қалып сотаны – қалыптау кезінде қалыпталатың материалмен қамтылатын және жылжымалы болып табылатын қалыптың жұмыстық элементі.
29. Қалып сотанының бөлігі – сотанның жұмыстық контуры.
30. Қалыптың сотан-ұяқалыбы –қалып сотаны мен ұяқалыбының белгілері бар, қалыптың жұмысшы элементі.
МАЗМҰНЫ
1. Пәннің оқу бағдарламасы –SYLLABUS ………......................……………………….…..3
2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны ......…...........…………………………….....7
2.1 Курстың тақырыптық жоспары ………………………...........……………………….….7
2.2 Дәріс сабақтарының қысқартылған жазбалары...........………………………………... .8
2.3 Студенттің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары..63
2.4 Студенттердің өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары....……………………….64
2.5 Курс бойынша курстық жобалар тақырыбы .......…………............……………………65
2.6 Өзіндік бақылауға тест сұрақтары …...……………………............…………………...66
2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары.......……………………...........……………………71
Шығу туралы мәліметтер
Білдек жасау, материалтану және машина
жасау өндірісінің технологиясы кафедрасының
мәжілісінде мақұлданған
___________________2013 ж № ___хаттамасы
Өнеркәсіптік инженерия институтының ҒМК
ұсынылған ___________ 2013 ж №___ хаттамасы
5В073800 «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығына арналған
«Жабдықтар мен әбзелдерді өндіру технологиясы» пәні бойынша
СТУДЕНТТІҢ ПӘНДІК
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Басуға __.__.20__ж. қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Кітап-журнал қағазы. Көлемі __,__ес.-б.т. Таралымы __ дана. Тапсырыс №___.
|
Қ.И.Сєтбаев атындағы баспа типографиясында басылған
Алматы қаласы, Ладыгин көшесі, 32
Достарыңызбен бөлісу: |