Республикасы



бет22/23
Дата11.02.2020
өлшемі4,1 Mb.
#57809
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
UMK TPOiO kazakh


а домалақ соғылмаға арналған қалыптың жалпы түрі; б жоғарғы кубиктін сұлбасы; восі созылған соғылмаға арналған қалыптың астынға кубигі; г ендірмесі бар қалып

14.1 суретТоқпақ қалыптары
Таза өңдеуден кейін әдіп қалдырады: бойлық өлшемдер бойынша 0,3...0,5 мм, ажырау бетінде 0,2...0,3 мм. Тозу үрдісі кезінде қалыптың жылға терендігі азаятының ескеріп, терендік өлшемдерінің жоғарғы ауытқулары бойынша өңдеуді орындайды. Таза жалға мен құлыптан кейін тік-жоңғылау білдегінде ұстағыштарға 8 ойықтар, тексеруге құю бунақтарын, қылау бунақтарын өңдейді; жылға шетінде тексеру құймасынның нақты контурын алу үшін ені 1,5...2 мм жолақ қалдырады.

Содан кейін соңғы жылғаны тексеруге құю жүргізіледі: жылғаға жұмсақ болат сымнан диаметрі 2...3 мм қаңқа салады (немесе ірі соғылмалар үшін 5...8 мм); қалыпты құрастырады, тексеру бұрышы бойынша дұрыстайды, бұрандама қысқышпен тартақысады және ұстағыш ойығын жоғары қаратып үстелге қояды; балқытылған қоспаны бунақ арқылы жылғаға құяды. Құйманы тексеру мен өлшеу жылға жарамдығы туралы қорытынды жасаудың негізі болып табылады.

Дайындау жылғаларын өңдеумен қалыпты механикалық өңдеу кешенінің негізгі бөлігі аяқталады.

Қалып жылғасын тұтас кубикке жылға-ендірме элементтерін баспалау жолымен жасау мақсатты болып табылады. Цилиндрлі ендірмелерді 16, 17, 14.1, г, сурет, токарлы білдектерде жасайды, пішінділерді - жонғылайды. Кубиктерде тікбұрышты ендірмелерді 2,3, баспалау үшін, 14.2 сурет, алдын ала сәйкесінше ұяларды өңдейді. Соңғы өңдеуді баспалағаннан кейін жүргізеді.

Қалып ендірмелерін қалыптауға болады. Қалыпталған ендірмелер жонылған ендірмелерге қарағанда шыдамдылығы 1,3...1,4 есе үлкен болады, сонымен қатар ендірмелер тозғаннан кейін оларды ауыстыру мүмкіндігіне байланысты қалыптың жұмыс мерзімі ұзарады.

Жекелеген үлкенгабаритті қалыптарды жасау үшін құм немесе метал өзекшелермен құм қорамға құюды қолданады. Қалып ендірмелерін сумен салқындатылатын темірқорамға құяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет