Ревматологиялық аурулардың диагностикасы, емі, алдын алу Остеоартроз



бет2/12
Дата07.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#97344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Ревматоидты артрит

Клиникасы

  • Саусақ буындарының зақымдануы – басым зақымданатын - саусақтың дистальді және ортаңғы фалангааралық буындары. Остеофиттер буынның сыртында түйін тәрізді көрінеді. Түйіндер шығар алдында буындар біраз уақыт ашып, шаншып, ұйып ауырады. Бірақ түйіндер шыққан соң, бұл белгілер басылады. Түйінді остеоартроз тұқым қуалауға бейім, әсіресе әйел жағының бірнеше ұрпағында таралады. Қол ұшымен әсіресе суық суда, көп қызмет жасағанда буындар ісініп қызарады. Аурудың кештеу сатысында саусақтың ұштары қисаяды, кейде остеофиттер тек түйін сияқты болып қоймай, буынды жағалай өсіп, сақина тәрізденеді. Үй шаруасымен немесе кейбір кәсіптермен айналысатын адамдарда бас бармақтың білезік – алақан буыны жиі зақымданады. Мұндай науқас бармағын алақанына қарай бүгіп жүруге мәжбүр болады. Рентгенограммада үлкен жіліншектің айдаршықтық өсіндісі биіктен, сүйірленуі, буын саңылауының тарылуы, көптеген остеофиттердің болуы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет