Ревматологиялық аурулардың диагностикасы, емі, алдын алу Остеоартроз



бет1/12
Дата07.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#97344
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Ревматоидты артрит

Ревматологиялық аурулардың диагностикасы, емі, алдын алу

Остеоартроз

  • Остеоартроз – қол–аяқ, омыртқа бағанасы буындарының дегенерациялы – дистрофиялық ауруы. Бұл ауруда буындардың шеміршегі ыдырап жойылады, осыдан сүйектердің беттері жалаңаштанады, шеттік остеофиттер және екіншілік синовит дамиды. Негізінде, буын шеміршегінің дегенерациясы организмнің табиғи қартаюынан дамитын физиологиялық процестің бірі. Остеоартроз жасы 60-тан асқан адамдардың барлығында болады.

Даму тегіне қарай остеоартроздың біріншілік және екіншілік түрлерін айырады

  • #Біріншілік түрі – бұрын зақымданбаған сау буын шеміршектерінің уақытынан ерте тозуы.
  • #Екіншілік түрі – бұрын болған зақымдардың салдарынан буын шеміршегінің жүре бара дамитын дегенерациялық бұзылысы. 

Клиникасы

  • Зақымданған буынның түріне тәуелді. Күш түсетін буындар басым зақымданады. Ең жиі қол саусақтарының фалангааралық буындары, бас бақайдың табан – фалангалық буыны, тізе, ұршық, мойын, беломыртқа буындары зақымданады. Аурудың басты белгісі – буындардың ауыруы, яғни салмақ түскенде, мысалы жүргенде, баспалдақпен көтеріліп түскенде, буындардың ауыруы күн ұзақ жүріп-тұрудан, әртүрлі қимылдардан кешке қарай күшейе түседі, ал түнде, тыныш жағдайда басылады. Тағы бір ерекшелік - старттық ауырсыну, яғни буындардың алғаш қадамдар жасағанда қатты ауыруы. Буындар салқын тисе, ауа райы нашарласа және салмақ түссе сыздап, кейде кеміріп ауырады. Жергілікті қанайналымның бұзылысынан және гипоксиядан, ұзақ бір қалыпта болғанда, буындар шамалы уақыт сіресуі мүмкін. Бірақ сіресу 30 минуттан артыққа созылмайды. Сүйек бетрінің бұдырлануынан қозғалтқанда буындар сыртылдайды (буындардың крепитациясы). Тексергенде – буындардың крепитациясы, ауырсынуы, ісінуі және қимыл көлемінің шектелуі байқалады. Кеселдің кештеу сатысында буын маңы тінінде фиброздық процестер дамиды, шел қабаты қалыңдайды, бұлшықеті атрофияланады, осыдан буынның пішіні біршама бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет