жабу
етістігін алсақ,
жап:
1) бір заттың аузын ашық
қалдырмау, бекіту; 2) адамның, жан-жануардың т.б. үстін
жамылғымен бастыру; 3) кітаптың бетін ашық қалдырмау,
жинастыру; 4) мекеменің, ұйымның жұмысын біржола тоқтату,
доғару; 5) аяқтау, бітіру; 6) жабыла жұмсау, ұйымдастыру; 7) өзі
істеген істі басқаға аудару, басқа адамды кінәлі етіп көрсету;
8) орнын толтыр у, құю, төлеу; 9) бұлт не жаңбыр торлау,
басу; 10) жер бетін қар басу, бүркеу; 11) түрмеге отырғызып қою,
қамау; 12) сыр ашпау, жасыру; 13) ауыс. Орнын басу, ауыстыру
/ҚТТС, т.4, б. 656/.
Соқ
етістігі: 1) ұру, періп жіберу; 2)
тықылдату, тарсылдату, қағу; 3) бір жерге бару, аялдау, тоқтау,
кідіру; 4) металдан әр түрлі бұйымдар, құралдар жасау; 5) үлкен
ғимарат, үй т.б. құрылыс тұрғызу, салу; 6) ауыс. тамақты
ашқарақтана жеу, қомағайлана асау; 7) ауыс. бір нәрсені айту,
зуылдату, көбейту; 8) жүрек, тамыр сөздерімен тіркесіп келіп
«жұмыс істеу», «қозғалу»
деген мағына береді; қоңырау, дабыл
84
сөздерімен тіркесіп келіп
«қағу»
мағынасын білдіреді.
Ширау
сөзі: 1) ширатылған арқанның, жіптің көп есіліп кетуі,
пысу; 2) жуылған киімнің қысқарып қалуы, отыруы, апшуы; 3)
жердің дегдуі, кебу; 4) адам денесінің сергуі, ширығуы; 5)
қимыл-қозғалыстың артуы, үдей түсу, күшею; 6) күш жию,
әлдену, тыңаю; 7) өсу, ересек тарту, есею; 8) ауыс. ысылу, шынығу,
шыңдалу. Бұл келтірілген мысалдардағы сөздер көп мағыналы
болып, бірнеше жеке-жеке ұғымды білдіргенмен де ешбір
синонимдік қатарға енбейді.
Қорыта келе айтарымыз, полисемия көбінесе синониммен
мағыналық жақтан байланыса келіп, оны сан жағынан дамытып
отыратын құбылыс. Жеке сөздерге жаңа мағына қосудың ең өнімді
жолы олардың негізгі мағыналарын басқа сөздермен алмастырып
қолдану арқылы болады. Мысалы,
«ағым»
сөзін алатын болсақ,
оның негізгі түбірі I.
ақ - aQ - ық - Iq - ығ /Іy
(Вамбери, 236)
және
одан туынды сөз
ықыш-ықын,
сондай-ақ
ығызмақ
— <
ық-қын
(өзб.
диал., Абдуллаев, б. 48) II.
ақ - ығ - ық; алхым - алқын.
Жоғарыдағы
берілгендерден байқайтынымыз, түркі тілдерінде қарастырылып
отырған негіздің екі тұлғасы бар, бірі – ашық дауыстымен,
екіншісі
–
қысаң дауысты дыбыспен келеді. Шартты түрде
ақ –
ыққа
қарағанда көне болып есептелуі тиіс; себебі екінші тұлға
ескерткіштерден байқалатындай,
шағатай
тілі
мәтіндерінен
бұрынғысында кездеспейді. Алайда
ық
етістікті түбір
ық
есімді
түбірмен бірге етістікті-есімді
(ақ
та солай) омоморф сыңар
құрайтындықтан, бұл түбірлердің бәрін де көне түбір ретінде
қарастырамыз, яғни ашық-қысаң дауыстылар өзара алмасып келіп
отырады. Бізге керектісі екінші «ақ» сөзі болған себепті, біз сол
сөздің беретін мағыналары қандай соны қарастырып көрелік.
Ақ:
1) течение (ағым) – татар диал. (алқын), өзб.диал.;
2) поток, быстротекущий (сел, тасқын) - татар диал. (алқын);
место быстрого течения реки (ыққын)
3) стекание реки из водоема (ағыс) – әзер. диал. (алхым);
4 ) направление вниз по течению;
5) жидкость, влажное, слезы (сұйықтық).
Ақ
сөзінен туындап неғұрлым көп тарағаны мыналар:
1. -(а)м аффиксі арқылы жасалған жалпы түркілік есім (әрі
неғұрлым көнергені) ақым – түрк., ақим, ағым – қаз., қбал., ққал.,
85
қыр., тат., баш., тув.; 1) течение (ағым) барлық тілдерде; текущий,
проточный (ағын, ағыс) – тув; поток (сел) – баш., өзб., тув.; струя (ағыс,
сорғалау, шапшып ағу) – қбал., баш.; быстрина (сарқырама) – тат.; 2)
ауыс. мағынада течение, направление (беталыс, бағыт (ғылымда,
саясатта)) – қбал., қаз., ққал., чув.;
2. -(а)ш аффиксімен келетін есім: ағыш – қбал., тат., баш.; ағыс –
қаз., ққал. Аталған тілдердің бәрінде 1) ағым – течение, баш.
тілінде сондай-ақ ауыспалы мағынасы бар; поток – сел тат. 2)
направление – бағыт тат.; 3) взаимное падение вниз – қбал.;
3.
-ы(нты)
қосымшасы
арқылы
оңтүстік-батыс
және
солтүстік-батыс тілдерінде есім сөз болатын түрі жасалады: акынты –
түр.; ахынты – әзер., ағынды - қыр., қаз. 1) течение (ағым) – түр.,
әзер.; струя (ағыс) – тат., течь (ағу) – әзер.; быстрая – (в
словосочетание «быстрая река) – қаз.; 2) принесенное что-либо
водой – қыр., сплавной (ағызатын) – қыр.
Ақ
сөзінен сөз түрлендіруші -ыл жұрнағы арқылы қазақ және
қарақалпақ тілдерінде ағыл ( < ақ-ыл) =
ағыл-тегіл «мол, молшылық»
қос сөзі жасалады. Негізгі әрі көне мағынасы
«течь (о реке),
уноситься
(течением реки)»
болып табылады.
Сонымен,
жоғарыдағыдан
байқайтынымыздай,
«ағым»
сөзінің бір сыңары
ағыс.
Енді осыдан
ағым
, я
ағыстың
белгілі бір
ұзап құяр жері болуы, яғни жолға ұқсап кетуіне байланысты метафора
жолымен синонимдік қатардың екінші бір түрі келіп шығады:
ағым -
ағыс; ағым - беталыс - бағыт
(тұлға ұқсастығына қарай); ал енді
айла
сөзін алатын болсақ, оның негізін
а:л/а:1
-дан іздестіреміз деп көрсеткен
/ДТС, 32 б./. Бұл сөздің беретін мағыналары: 1) хитрость (қулық,
айлакерлік) – барлық түркі тілдерінде десек те болады; уловка (амал,
айла, әдіс, тәсіл) – түрк., түр. диал. /ДТС/; ухищрение (айла, әдіс, қулық,
сұмдық) – түрк. /ДТС/; лукавство (қуланушылық, мекерлік) – түрк.,
әзер. диал.; хитроумный совет (айлалы кеңес) – ДТС. 2) ложь (өтірік) –
әзер. диал. (Ширалиев, 163); обман (алдау, жалған) - құм. (Будагов),
стратегия – (Будагов). 4 . способ (тәсіл, амал).
Г.Рамстедт түркі тіліндегі
ал
және одан туған
алда
етістігін корей
тіліндегі дәл осындай түбірмен салыстырған «алдау, алдандыру,
құмарту» (обманывать, льстить) /ЭСТЯ, 128/.
Ал ҚТТС-те
айла
сөзінің мағынасын ашу барысында оны араб
тілінен енген сөз деп көрсетіп, қасына
амал, лаж, шара
деген
мағыналарын көрсеткен /ҚТТС, т.1, 97 б./. Қазақ тілінің
86
синонимдер сөздігінің 23 бетінде
айла - тәсіл
және
айла - шарық
деген синонимдік қатарлар берілген.
Айла
сөзінің негізгі мағынасы
қулық
болса, адам басқа біреуді
алдау, қулық жасау
үшін оның
белгілі бір тәсілін, я амалын тауып барып жасайды, ал ол амалды
қолдану үшін оның шама-шарқын ойластырады. Осыған байланысты
бұл сөз екі түрлі синонимдік қатар түзеді:
1) айла – қулық - тәсіл – амал
және
2) айла - шара - шарық – лаж.
Сөзіміз түсінікті болу үшін, яки көп
мағыналы сөздердің есебінен жасалынған синонимдердің қаншалықты
көп екенін көрсету үшін осы секілді бірнеше сөздерді мысалға алып
көрсетелік: Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: |