Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет33/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

Әдіс - тәсіл - амал - лаж - жол. 2. Әдіс -
метод. 3. Амал - айла. 4. Айла - қулық - сұмдық. 5. Айла - ем - дауа. 6. 
Жол - бағыт. 7. Бағыт - беталыс 

бет. 8. Беті - үсті - төбесі. 9. 
Төбесі - биігі - басы - шыңы - құз. 10. Басы - үлкені. 11. Бет - жүз. 12. 
Жер - әлем 

дүние. 13. Дүние - зат. 14. Дүние - өмір. 15. Өмір -
тіршілік. 16. Дүние - жаратылыс. 17. Бет - жақ. 18. Жақ - тұс. 
[1, 30]. 
Демек, көп мағыналы сөз бірнеше синонимдік қатарға еніп
синоним сөздердің сан жағынан көбейіп дамуына ерекше ықпал 
жасайды. Оған мысал ретінде мына сияқты сөздерді алып 
көрсетуге болады: 
I Аймақ : 1) аудан; 2) айнала; 3) өлке 
ІІ Аймақ - аудан - аумақ – төңірек 
Аймақ - айнала - көлем - маң - маңай 
Аймақ - өлке - край - аудан 
Мұндағы I деп белгілеп отырғанымыз, сол сөздің беретін 
мағыналары, яғни, бұл сол сөзде неше мағынасы бар екендігін (көп 
мағыналығын) білдіреді. Ал ІІ деп шартты түрде синонимдік қатарды 
көрсеттік. Яки, көп мағыналы сөздің әрбір мағынасына синоним 
болатын сыңарлар. Сөйтіп, синонимдік қатарлар мағына көптігінің 
негізінде пайда болғанын көрсеттік. 
І Әжептәуір: 1) бірсыпыра; 2) жап-жақсы
ІІ Әжептәуір – бірсыпыра – бірталай – біраз –бірқатар – едәуір – 
бірқыдыру 
Әжептәуір - жап-жақсы - әп-әдемі – оңды – керім
І Биік : 1) жоғары; 2) мәртебелі; 3) асқар; 4) зәулім; 5) ұзын 
ІІ Биік – жоғары 
Биік – мәртебелі - дәрежелі 
Биік - асқар - заңғар 
Биік - зәулім - зеңгір 
Биік - ұзын - сұңғақ - еңселі – сырықтай 
І Бөтен: 1) жат; 2) басқа; 3) ерекше; 4) бөлек
ІІ Бөтен - жат - бөгде - басқа біреу – бейтаныс 
Бөтен - басқа – өзге 
Бөтен - ерекше - өзгеше - айрықша 
Бөтен - бөлек – сырт 


82 
І Бәйге: 1) сыйлық; 2) жарыс 
ІІ Бәйге - сыйлық – жүлде 
Бәйге - жарыс – ойын 
І Бәле:1) жала; 2) қырсық 
ІІ Бәле - жала - шатақ - дау-жанжал 
Бәле - қырсық - кесел - кесапат – кедергі 
І Дүние: 1) мүлік; 2) өмір; 3) әлем; 4) табиғат 
ІІ Дүние - мүлік - жиһаз – нәрсе 
Дүние - әлем - жер-жүзі 
Дүние - табиғат – жаратылыс 
І Ерік: 1) ықтияр; 2) қақы; 3) сезім; 4) кеңшілік 
ІІ Ерік - ықтияр - ырық – билік 
Ерік - қақы - құқы – право 
Ерік - сезім - жігер – қайрат 
Ерік - кеңшілік – мұрсатана 
І Жаман: 1) құнсыз; 2) нашар; 3) ақымақ; 4) жағымсыз; 5) жайсыз; 6) 
өте; 7) сорлы 
ІІ Жаман - құнсыз 
Жаман - нашар - жөнсіз - дұрыс емес 
Жаман - ақымақ – ессіз 
Жаман - жағымсыз - ұнамсыз 
Жаман - жайсыз - қолайсыз 
Жаман - өте - қатты 
Жаман - сорлы - байғұс 
І Тура: 1) дұрыс; 2) орынды; 3) тік; 4) шақ 
ІІ Тура - дұрыс - дәл - жөн – түзу 
Тура - орынды - қатесіз 
Тура - тік - тіке - түзу - тікелей 
Тура - шақ - дәл
І Тексеру: 1) білу; 2) қадағалау; 3) зерттеу; 4) тергеу 
ІІ Тексеру - білу - айқындау 
Тексеру - қадағалау - бақылау - байқау 


83 
Тексеру - зерттеу - іздену 
Тексеру - тергеу - жауап алу
І Өш: 1) араз; 2) кек 
ІІ Өш - араз - қырбай 
Өш – кек 
І Қадір: 1) құрметті; 2) беделді 
ІІ Қадірлі - құрметті - ардақты - аяулы - қымбатты
Қадірлі - беделді - абыройлы 
І Ықылас: 1) жақсы ниет; 2) көңіл 
ІІ Ықылас - жақсы ниет - пиғыл 
Ықылас - көңіл - зерде – ынта 
І Іздеу: 1) қарастыру; 2) жоқтау; 3) талпыну 
ІІ Іздеу - қарастыру - іздестіру
Іздеу - жоқтау - қажет ету - керексіну 
Іздеу - талпыну - талаптану
Бұл көп мағыналы сөздердің негізінде пайда болған 
синонимдік қатарлар. Бірақ тілімізде полисемия үнемі 
синонимдік қатардың сан жағынан өсуіне негіз бола бермейді. 
Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет