Резуанова ғалияпану кабиевна


ай  1. Жерді, күнді айналатын, түнде  жерге сәуле беріп тұратын планета.  Тамақтанып алып,  айдың



Pdf көрінісі
бет46/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

ай 
1. Жерді, күнді айналатын, түнде 
жерге сәуле беріп тұратын планета. 
Тамақтанып алып, 
айдың
жарығымен тағы шөмеле саламыз 
(М. Сүндетов, Балық аула). 
Толық 
ай көк жүзіне өрмелеп көтеріліп келеді, салқын лепті тынық кеш 
(САлдабергенов, Алға). 
Бұлттан шыққан 
айға 
ұқсап тұр еді 
Назым нұрланып, Көк арбаға сүйеніп, Шыбықтай белі бұралып 
(Қамбар 
батыр). 2. Жылдың он екіден бір бөлігін қамтитын мезгіл, отыз 
күндік мерзім. 
Шұбартаудың ауылдарын аралап 
ай 
бойы 
фольклор жинадық 
(Ж.Жұмақанов, Үш бәйтерек). 
Аяш осыдан кейін 


110 
айға жуық жатып әрең тәуір болды 
(А.Жангельдин, Табыс 
тағдыры). 
Колхоздың жұмысына кіріскеніме 
айдан 
асты 
(С. Мұқанов, 
Шығ.).
Ай 
сөзін ҚТТС, I т., А., 1974, 86-87 бетінде рим цифрымен 
I, II деп көрсетіп, омоним сөз ретінде қарастырған. Бұнда, сондай-
ақ, III санымен берілген одағай сөз (ай) де бар. Ал біздің әңгіме 
қылғалы отырғанымыз - алғашқы екеуі. Себебі, жерге жарық 
сәуле беріп тұратын планета 
ай 
отыз күн ішінде әр қырынан 
көрінуіне қарай (аспандағы планеталар, денелер айналыс, 
қозғалыс үстінде болатынын естен шығармауымыз керек), 
жіңішке қалыптан дөңгелек қалыпқа біртіндеп айналып жетуіне 
байланысты (оны халық «ай туды» дейді, бұл әйел адамның екі 
қабат болған кездегі ішінің дөңгеленіп өсуі және босанған соң 
қайта өз қалпына келуіне ұқсастырылып айтылса керек) жылдың он 
екіден бір бөлігі жаңа бір (мерзім) айдың келіп ауысуы болады. 
Бұл үнемі қайталанып отыратын процесс. Ендеше, бұдан 
байқайтынымыз, бұл сөздің бірінші және екінші беретін 
мағыналарының арасында байланыс барлығы айдан анық. Бірақ 
қазіргі кезде әр мағына өз алдына толық дербестік алып кеткен. 
Сондықтан да оларды дербес сөз ретінде омонимнің қатарына 
жатқызып қарастырып жүрміз. Бұл байланысты ашып айтпаса, 
мектеп оқушысы оны сезбеуі де мүмкін. Сол сияқты: 
жал 
сөзі 
үш мағынада жұмсалады. 1. жан-жануарлардың желкесіне 
шыққан қыл.
Осы кезде алаң ортасына жеткен Тәттімбек 
бозжорғасының 
жалын 
сипады 
(А.Сатаев, 
Дала). 2. жылқының желке майы. 
Бал қайнатып шай ішкен, 
қазы кертіп, жал жеген. Асты болар ма екенсің? Ұзақ жасап 
көбірек,
Басты болар ма екенсің? 
(С. Сейфуллин, Шығ.). 3. 
қырат, қырқа сілемі, жон-жота, адыр. 
Ауылдың ілгері тұсында, иек 
артпа жерде жататын кішкене қоңыр 
жал 
қыс болды-ақ өзінен 
арғыны көлегейлеп
көрсетпейді 
(Ә.Кекілбаев, Бір шөкім). ҚТТС, 
Алматы, 1978, 3 т., 556 бетінде осылай 
жал 
сөзінің 
мағыналарын 
өзара 
байланысты 
ұғымдарды 
көрсетуші 
мағыналар ретінде көрсеткен. Бұл, әрине, дұрыс. Бірақ бұл 
сөздің үшінші мағынасы бірінші негізгі (тура) мағынаның 
негізінде жылқының (қүланның, арыстанның, есектің) желкесі 
үстіне өскен қалың қылдың ұзыннан ұзақ созылып жатуына 
ұқсастырылып, метафора жолымен 
белес, қырқа сілемі,
адырға 
да 
ауыстырылып қолданылған. Кейін келе, бұл атаулар жеке-жеке 


111 
заттардың атауы ретінде дербестікке толық ие болып омоним 
сөзге айналып кеткен іспетті. Аталған сөздікте 
жал 
сөзінің тағы 
бір түрі берілген. Ол 
а) ақы алу үшін жалданып істейтін уақытша 
жұмыс; ә)
белгілі қаржы үшін уақытша пайдалануға берілген орын. 
Бұл - дыбысталуы жағынан кездейсоқ сәйкес келуі екендігінде 
сөз жоқ. Демек, 
жал
сөзінен екі омонимдік қатар түзейді деп 
емес, үш омонимдік қатар құрылады десек дұрысырақ болар. 
Алайда, 
бұл 
сөздің 
мағыналық 
ыдырау 
процесі 
аяқталмағандықтан, оны кейде бір сөздің аясындағы мағыналар деп, 
кейде омоним деп қарап жүрміз. 
Ал енді 
жас 
созіне келетін болсақ, бұның семантикасын 
әр ізденуші әр түрлі ашуға тырысқандығын байқадық. Жалпы 
бұл сөздің беретін мағыналары төмендегідей: 1. зат. адамның жан-
жануарлардың т.б өмір сүру мезгілін белгілейтін уақыт, жыл саны. 
Өзіме тете ағам бар, менен екі-үш 
жас 
үлкен болғанымен, менің 
бойым одан аласа емес 
(Б. Майлин, Шығ.). 2. сын. а) жас өспірім, 
жеткіншек, қыз-бозбала. 
Ақыл жастан, асыл тастан 
(мақал); ә) 
уылжыған, балғын, кіші. 
Сізді мұғалім дегенге адам сенетін емес,
өme жас екенсіз 
(Н.Сералиев, Ыстық күлше); б) жаңа туған, кәрі 
емес (төл).
Жас
ботаның жаудыраған көзі қандай әдемі
(Қазақ 
әдебиеті); в) жаңа көктеп шыққан, буыны қатпаған, қурамаған, 
сарғаймаған өсімдік.
Сараңдау көтеріліп өскен 
жас 
егін елдің 
көзін
бірден тартты 
(С. Бегалин, Ана). 3. кеппеген, қатпаған 
(тағам, не басқа бір зат). 
Сорпа-су ішіп, 
жас 
ет жесе, оңалып кетер 
еді
(Ж.Жүмақанов,Үш бәйтерек.). 4. зат. жылағанда көзден 
шығатын сұйық зат. 
Балуанды көргенде Ғалияның аузынан леп, 
көзінен 
жас
шықпай қалды 
(С.Мұқанов, Таңд. шығ.). 
Н.И. Егоров бұны бір сөздің мағынасынан өрбіген деп 
көрсетсе, Қажыбеков Ерден Задаұлы «Семантика тюркских слов» 
деп аталатын еңбегінде бұған қарсы дау айтады: «... Нельзя так же 
согласоваться и обратным явлением – как бы стягиванием 
омонимов (часто генетически родственных) в структуру одной 
лексемы. Так, например, навряд ли правомерно объединят в 
состав одного слова значение: «Зеленый, молодой и год, 
возраст» на уровне пратюркского, который по мнению Н.И. 
Егорова «через прабулгарской 
йаал
развелось в чувашском
сул
«год, возраст», откуда и чувашское 
сулса 
«лист, листва, зелень» 
(Егоров. 1986, c. 15) смотрите также в Егорове 1986 г., с. 59 –
протобулгарский (прототюркский: зелень, молодой, свежый, 


112 
зеленый, возраст» - чувашский 
сул//сол
год, возраст: 
сулса//солча 
«листва, листы, растения» протомонгольский «молодой, юноша; 
+монгольский 
залуу 
«юный, молод -- (тув. 
чалосый 
«молод,
юный»), - дей келе, бұл сөздің семантикалық дамуына Қытай 
саяхатшысы Хе Эн Хунд «жыл шөптің өсуімен өлшенеді»
деген қызғылықты ескертпе айтқандығын айтады [65]. Бұл 
пікірлерге 
қарағанда, 
«жас» 
сөзінің 
жоғарыдағы
мағыналарының 
арасында 
семантикалық 
байланыстың 
болатындығына (дұрысын айтсақ, болғандығына) күмән 
туғызбасақ керек. «Жаңа көктеп шыққан, буыны қатпаған, 
қурамаған өсімдіктің желкілдеп, жап-жасыл болып айналаға 
сән беруіне байланысты жас өспірім, жеткіншек, уылжыған, 
балғындық, 
жастық 
шақ» 
мағынасы 
шықса 
керек.
(«Тіршіліктің көзі – өсімдік» 
деген сөйлеммен 
«Болашақ 
жастардың қолында» 
деген екі сөйлемді салыстыратын болсақ та 
осыны сездіргендей емес пе?!). Енді осыдан жастық шақ адамның, 
жан-жануардың т.б. өмір сүру мезгілін белгілейтін уақыт, жыл 
саны деген мағынаға ауысқанға ұқсайды. Жасыл шөпте таңертеңгі 
мезгілде суланып шық тұруы немесе оның тамырының 
дымқылданып тұруын ескерсек, бұл сөздің үшінші (жылағанда 
көзден шығатын сұйық зат) жас мағынасы туған. Я болмаса, адам 
жасына жас қосылған сайын, егде тарта бастағаннан-ақ, оның көзі 
суланып, жас үйіріліп келе беруімен байланысты туды ма деген 
ойға келдік. Олай болса, қытай саяхаткері Хе Эн Хундтың жыл 
шөптің өсуімен өлшенеді деуі тегін болмаса керек. Қалай 
болғанда да бұл сөздің мағыналары бір негізден шыққан; кейіннен 
алды-алдана бөлек заттардың атауы болып орнығып гомогенді 
омоним жасалған. 
Осы сияқты зат есім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет