Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет48/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

қабырға 
зат. 
1. 
Омыртқа мен төс 
сүйегін ұштастырып тұратын имектеу келген имек сүйек 
...нағашымның дауысын анық естідім де, орнымнан атып тұрдым. 
Ауру 
қабырғам 
сырқырап ауырғандай болды 
(С.Сейтхазин, Хадиша). 
2. Белгілі бір заттың тік бөлегі, қанаты. 
Сөйлеп отырғанда 
Моисеевтің көзі көбінесе 
қабырғада 
ілулі тұрган картада болатын 
(Ә.Нұрмаханова, Шығыс). 3. ауыс. Бір заттың қатпалы тұсы. 4. ауыс. 
Тірек, сүйеніш (ҚТТС, т. 5, Алматы, 1980, 465 б). Енді бұл 
сөзді жоғарыда айтылған полисемия мен омонимияның ара 
жігін ажыратуға арналған шарттарға салатын болсақ: сөзжасам 
жүйесінде (алдыңғы екі мағынада) бірінші қабырға (адамның дене 
мүшесі) жаңа сөз жасауға марғау, (екінші мағынасындағы «қабырға» 
сөзінен: 
қабырғалық, қабырғасымақ, қабырғалас), 
ал сөз тіркесінде 
қабырғасы сынды, қабырғасы шытынады, қабырғам ойысты, 
қабырғам ауырды 
сияқты біраз сөздермен ғана тіркесе алады. Ал 
екінші мағынасында 
қабырғаға ілу, қабырға салу, қабырға соғу 
(бітіру), қабырғаны безендіру, қабырғаны әшекейлеу, 
сондай-ақ 
қабырғаны ақтау 
тәрізді тіркестерден көруге болады.
Морфологиялық әдіске салсақ, бұл екі мағынада да сөздер 
тәуелденеді, септеледі, көптеледі; енді дәстүрлі тәсіл бойынша 
синоним таңдап көрелік, бірінші мағынасының синонимдік 
сыңары жоқ, ал екінші мағынасына 
дуал, бөрене, қанат 
секілді 
синонимдерді ала аламыз. Мұндағы соматизм қабырға ексінші 


115 
мағынаның тууына негіз болып тұрғаны сөзсіз (адамның дене 
мүшесі қабырға ішкі құрылысты, яғни өкпе, жүрек, асқазан, өт 
сияқты адамның негізгі органдарын айнала қоршап тұрса, үй 
қабырғасы да қабырға I сықылды горизонталь (көлденеңнен) түсіп 
(ағаштан қалаған уақытта), ішінде тірі жан жүру үшін, оны зиянды 
құбылыстардан (желден, бораннан) сақтау мақсатында қаланады. 
Бірақ 
соматизм қабырға 
мен 
үй қабырғасы 
(жансыз объект) 
арасындағы ұқсастықтың олардың сырт бейнесіне ғана 
байланысты 
болғандықтан, 
оны 
ассоциативті-визуалды 
ұқсастық деп қарау керек. Бірі жанды, екіншісі жансыз 
затқа тән нысан болғандықтан, әрі шартқа сай бұлар тек 
гомогенді омоним ретінде қабылдануы керек. 
Төбе
 
сөзіне келетін болсақ, оның беретін мағыналары 
төмендегідей: 
Төбе І 
зат. Дөңгелене біткен биіктеу дөң жер.
Төбе II 
зат. 1. Бастың ең үстіңгі бөлігі. Осы мағынаның негізінде мына 
сияқты туынды мағыналар берілген: 2. Бас киімнің үстіңгі жақ бөлшегі. 
3. Үйдің үсті, жабылған жағы. 4. Бір заттың ұшар басы, ең жоғарғы 
жағы. 5. геом. Геометриялық фигуралардың
ең үстіңгі нүктесі. 
Сөзжасам жүйесіне келсек, бірінші мағынасының төбешік, төбе-
төбе, төбелі сияқты; екінші мағынасында төбетей, төбелес, 
төбелтас, т.с.с. туынды түбірлері бар. Морфологиялық тұрғыдан 
бірінші мағынасы көптеледі,ұсептеледі; екінші мағынасында 
тәуелденеді, тәуелденіп септеледі, абстрактыланып адам ұғымында 
көптеледі. 
Дәстүрлік әдіс бойынша бірінші мағынасында тұрғанда 
адыр, 
дөң, шошақ
сөздерімен синонимдік қатынасқа түссе, екінші 
мағынасында тұрғанда синоним табу қиын. Сөз тіркесінде: бірінші 
мағынасында 
биік төбе, жартастанып келген төбе, Көктөбе, 
Ақтөбе, Қызылтөбе 
сияқты бірсыпыра сөздермен тіркесіп 
келетін болса, екінші мағынасында тек тұрақты тіркес құрамында 
келеді: 
Жүрегі 
mac 
төбесіне 
шықты 
(қатты 
үрейленді,шошып кетті, қорықты). 
Құдай mac төбеңнен ұргыр! 
(қарғыс. Алланың қаһарына ұшырағыр, тәңір атқыр). 
Төбесінен 
жай түскендей болды 
(оқыс естіген хабардан қатты шошыды). 
Төбе 
көрсетті 
(жай келіп көрініп кетті). Ауыспалы мағынада: 
Төбесі 
тесік ( төбесі жарық)
(басқа тілде сөйлегенді түсініп қоятын адам) 
т.б.
Этимологиялық жақтан келетін болсақ: Көне түркі сөздігі 
/КТС/ мен Древнетюркский словарь /ДТС/-да 
Top 
1. темя, 


116 
макушка, голова 2. вершина деп мысалдармен көрсетілген /ДТС. 
6, 580/. Негізінде адам бірінші өзін танып, кейін маңындағыларға 
зер салатынын ескерсек, бірінші адамның дене мүшесінің бөлігі 
мағынасы алынып, кейін сол төбенің дөңгелене томпайып бітуімен 
ұқсастырылып, екінші мағынасы туды ма деген ойға келдік. Қалай 
болғанда да бұл мағыналар өзара семантикалық байланысып жататыны 
тілді жақсы (жетік) білетін адамға сезіліп тұрады. Алайда бұлар да 
мағыналық жақтан екеуі екі басқа нысан (бірі жанды затқа, екіншісі 
жансыз затқа нысан) болғандықтан, өзара гомогенді омоним болып 
тұр. Осы төбе сөзінің тағы бір мағынасы бар. Ол салт-дәстүрге 
қатысты өлген адамды жерлеуге жиналған жұртқа ауыл-ауыл, ру-
руына қарай бірнеше топқа, яғни төбеге бөліп өлген адамның киім-
кешегін (соңғы кезде ақшалай не мата, кездеме) тарату (Ә.Қайдаров 
материалдарынан). Сөйтіп елге үлестірілетін киім-кешектің бөлек-бөлек 
төбеге ұқсастырылып үйіп қоюынан туған. Яғни метафора жолымен 
жасалған гомогенді 
төбе III 
омонимі. Діни этнографизм ретінде осы 
төбе 
сөзіне кейде арабтың 
«сыйлық» 
мағынасында айтылатын 
төһнә 
сөзімен төркіндес дейтіндер де бар. 
Тамақ 
сөзін алатын болсақ, бұл сөз тілімізде екі мағынада 
жұмсалады. 
Тамақ I 
зат. Мойынның алдыңғы жағы, иектің асты. 
Тамақ II 
зат. Ішем-жем, тағам, дәм, ас. «Тамақ» сөзі де гомогенді 
омоним қатарына есептелуі керек. Себебі екі түрлі мағына беріп тұрған 
бұл сөз мағыналық жақтан бір негізден шыққан, бірінен-бірі туындаған. 
Оны КТС-нен байқауға болады. Бұнда 
тамақ I
горло, глотка, задняя 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет