117
ауыс. Білім дәрежесі, дүние танымы. 3. ауыс. Үрім-бұтақ, жегжат. Бұдан
өріс алды, дамыды, ілгері басты, құлаш жайды.
(Өрісі тар, шолақ
ойлайтын, білім-парасаты таяз).
Өріс II
зат. кәсіб. Құрылған өрмек жібінің ұзындығы. Өріс жібі
өрмектің немесе тоқылған матаның негізін құрайтын ұзына бойына
бір-біріне параллель орналасқан жіп /ҚТТС, т.7, А., 1983, 6,577-578/.
Бұлар да дыбыстық жақтан кездейсоқ сәйкес келген сөздер болмаса
керек. Олай дейтін себебіміз мал өріске жайылғанда бір кішкене жерді
(территорияны) алып қана қоймайды, олар, біріншіден, ауылдан
аулағырақ (жіп сияқты созылып жатқан) автомобиль жүретін жолмен
емес, мал жүретін жолмен барып, ұзыннан-ұзақ жерде жайылады. Сол
сияқты адам баласы білім дәрежесін тереңдетіп, дүниетанымын
кеңейту үшін ұзын соқпақ жолдан өтеді. Адамның үрім-бұтағын бір
қатарға салсаң, созылып жататыны сияқты. Ендеше,
өріс II
де осы
негізден шыққан деуге толық болады. Сол себепті бұлардың бәрін де
гомогенді омоним дейміз. Ал «Қазақ тілінің омонимдер сөздігін»
құрастырған Мәруа Белбаева бұл сөздердің біреуін де ол сөздікке
енгізбеген. «»азақ тілінің түсіндірме сөздігін» алатын болсақ, бұл
сөздің осы екі мағынасын көрсетіп, омоним сөз ретінде берген және
төбе
сөзінің I, II мағыналарының орындары ауыстырылып
берілген. Демек, бұл фактор қазақ тілінің омонимия жүйесі әлі
күнге дейін жан-жақты зерттеліп, лексикографиялық еңбектерде өз
өрнегін таба қоймағандығын көрсетеді. Теориялық зерттеулердің
жоқтығынан көп мағыналық пен омонимияның ара жігін
ажыратуда да көптеген түсінбестіктер байқалады. Әсіресе, бір
лексемадан туындаған гомогенді омонимдердің әрбірінің өзіндік
мағына шеңберіне жататын туынды, ауыспалы мағыналы сөздерді
таратуда да сөздіктерде кемшіліктер аз емес. «Омонимдер сөздігінде»
берілген
құлақ
сөзіне тоқталайық. Онда:
Құлақ
зат. 1. Адам мен
жануарлардың есіту мүшесі. 2. ауыс. Бас киімнің құлақты жауып
тұратын бөлшегі. 3. ауыс. Заттың ұстауға арналған жері, тұтқасы
(қазанның, телефонның, т.б.) 4. ауыс. Музыкалық аспаптың ішегін
қатайтып немесе босатып тұратын тетігі.
Құлақ II
зат. кәсіб. Арықтағы
суды жырып әкететін кішкене тоспа. Арықтың құлағын ашқаннан
кейін, су егінге тарайды /Диал.сөзд./, /ҚТТС, т.6, 6.451-452/. Бұл
сөздердің арасындағы байланысты
бұлақ
сөзімен байланыстыра
отырып, аңғаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: