Резуанова ғалияпану кабиевна


 Төрт синонимдік қатар жасаушы көп мағыналы сөздер



Pdf көрінісі
бет61/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

1.3 Төрт синонимдік қатар жасаушы көп мағыналы сөздер 
Ақыл: 1) сана; 2) ес; 3) пікір; 4) дұрыс шешім. 
І Ақыл – сана – сезім – ойлау қабілеті 
ІІ Ақыл – ақыл-ес – түйсік – парасат – білім 
ІІI Ақыл – пікір – пайдалы кеңес – өсиет 
ІҮ Ақыл – дұрыс шешім – қиындықтан шығудың жолы (амалы, 
айласы) 
Аласұру: 1) қолды-аяққа тұрмау; 2) жанталасу; 3) жанын салу; 4) 
қатты соғу. 
І Аласұру – қолды-аяққа тұрмау – тыпыршу – бой бермеу 
ІІ Аласұру – жанталасу – арпалысу 
ІІІ Аласұру – жанын салу – тыныштық көрмеу – тыным көрмеу 
ІҮ Аласұру – қатты соғу – ұйтқу – ағынның күшейуі – асып-тасу 
Аңғар: 1) ыңғай; 2) тау аралығы; 3) қамба; 4) мән-жайды түсіндіру. 
І Аңғар – ыңғай – рет – жай 
ІІ Аңғар – тау аралығы – сай-сала – алқап – алап 
ІІІ Аңғар – қамба 
ІҮ Аңғар – мән жайды түсіндіру – абайлап байқау 
Апару: 1) алып бару; 2) алып кету; 3) бастау; 4) жақындату. 
І Апару – алып бару – жеткізу 
ІІ Апару – алып кету – соңына ерту 
ІІI Апару – жеткізу – алып бару – бастау –ілгері дамыту 
IҮ Апару – жақындату – таяту 
Арам: 1) қаны шықпаған; 2) пайдасыз; 3) қара ниет; 4) еңбексіз. 
І Арам – бауыздалмаған – қаны шықпаған – арамза 
ІI Арам – пайдасыз – қажетсіз 
ІІI Арам – қара ниет – сұм – іш мерез – жымысқы – жылым құрт 


208 
IҮ Арам – еңбексіз – табыссыз 
Арқа: 1) жота; 2) арт жақ; 3) тау; 4) көмек. 
І Арқа – жота – жаурын – жон 
ІI Арқа – арт жақ – соңғы жақ 
ІІI Арқа – тау – дөң жоталары 
IҮ Арқа – көмек – жәрдем 
Арпалыс: 1) талас; 2) тартыс; 3) жанталас; 4) аласұру. 
І

Арпалыс – талас – тартыс – қырқыс
ІІ Арпалыс – тартыс – күрес 
ІІІ Арпалыс – жанталас – жағалас – алысу 
ІҮ Арпалыс – тынышсыздану 
Ату: 1) оқ жұмсау; 2) лақтыру; 3) шапшу-ытқу; 4) шапшу-мүңку. 
І Ату – оқ жұмсау – оқ шығару 
ІІ Ату – лақтыру 
ІІІ Ату – шапшу – ытқу 
ІҮ Ату – шапшу – мүңку 
Әбден: 1) біржола; 2) мейлінше; 3) өте; 4) еркін. 
І Әбден – біржола – мүлдем 
ІІ Әбден – мейлінше – өлгенше – өте-мөте
ІІІ Әбден – өте – тым – тіпті 
ІҮ Әбден – еркін – толық – жете – кәміл 
Әдемі: 1) сәнді; 2) келісті; 3) сүйкімді; 4) көркем. 
І Әдемі – сәнді – сәулетті 
ІI Әдемі – келісті – ұнамды – жақсы – қонымды 
IІІ Әдемі – сүйкімді – жағымды 
ІҮ Әдемі – көркем - сұлу – әсем 
Бағу: 1) күту; 2) тәрбиелеу; 3) қарау; 4) тырысу. 
І Бағу – күту – қарау – жаю 
ІI Бағу – тәрбиелеу – өсіру – асырау 
ІІI Бағу – қарау – байқау – абайлау 
IҮ Бағу – тырысу – талаптану 
Бай: 1) феодал; 2) сансыз көп; 3) дәулеті тасыған; 4) әл-ауқатты. 


209 
I Бай – феодал 
ІI Бай – сансыз көп - мол 
ІІI Бай – дәулеті тасыған – жетілген 
IҮ Бай – әл-ауқатты – табысты 
Байланысу: 1) үйлеу; 2) қатысу; 3) ұштасу; 4) ілінісу. 
І Байланысу – үйлеу – сәйкесу 
ІI Байланысу – қатысу – араласу 
ІІI Байланысу – ұштасу – жалғасу 
IҮ Байланысу – ілінісу – ұстасу 
Бала: 1) нәресте; 2) ата-ана перзенті; 3) балапан; 4) ер жетпеген. 
І Бала – нәресте – сәби – бөбек – шикі өкпе – бөпе – жас иіс – 
ұлан 
ІI Бала – ата-ана перзенті – ұрпақ – тұқым 
ІІI Бала – балапан – күшік
IҮ Бала – ер жетпеген – ысылмаған – балғын 
Бәсең: 1) жай; 2) кішіпейіл; 3) көңлі басылыңқы; 4) нәзік. 
І Бәсең – жай – ақырын – баяу – солғын 
ІІ Бәсең – кішіпейіл – инбатты 
ІІІ Бәсең – көңлі басылыңқы – күңгірт 
IҮ Бәсең – нәзік – төмен – солғын – көмескі 
Билік: 1) кесім; 2) жарлық; 3) ерік; 4) қожалық. 
І Билік – кесім – төрелік – үкім – шешім 
ІI Билік – жарлық – бұйрық – әмір 
ІІI Билік – ерік – ықтияр 
IҮ Билік – қожалық – әкімдік 
Босаңсу: 1) болбырау; 2) ыбылжу; 3) жұмсару; 4) бәсеңдеу. 
І Босаңсу – болбырау – босаң тарту – жұмсару 
ІI Босаңсу – ыбылжу – былжырау – ылбырау – жиду 
ІІI Босаңсу – жұмсару – икемге келу 
ІҮ Босаңсу – бәсеңдеу – нашарлау – жібі босау – бос белбеулену 
Бөтен: 1) жат; 2) басқа; 3) ерекше; 4) бөлек. 
І Бөтен – жат – бөгде – басқа біреу – бейтаныс 
ІІ Бөтен – басқа – өзге 


210 
ІІІ Бөтен – ерекше – өзгеше – айрықша 
ІҮ Бөтен – бөлек – сырт 
Бұлжымау: 1) бір қалыптан аумау; 2) ұстанған бағытынан таймау; 
3) өзгермеу; 4) айнымау. 
І Бұлжымау – бір қалыптан аумау – қозғалмау – өзгермеу 
ІI Бұлжымау – ұстанған бағытынан таймау 
ІІI Бұлжымау – өзгермеу – екі болмау 
IҮ Бұжымау – айнымау – ұқсау – тарту – мызғымау 
Баяғы: 1) бұрынғы; 2) өткендегі; 3) әлгі; 4) әдеттегі. 
І Баяғы – бұрынғы – ертедегі – атам заманғы – ежелгі 
IІ Баяғы – өткендегі – алдындағы болған – бұрынғы уақыттағы 
ІІІ Баяғы – әлгі – кәдімгі 
IҮ Баяғы – әдеттегі – қалыптағы – әйтеуір 
Баяндау: 1) айту; 2) мәлімдеу; 3) белгілі жүйемен түсіндіру әдісі; 4) 
ақпар беру. 
І Баяндау – айту – хабарау – баян ету 
IІ Баяндау – мәлімдеу – білдіру 
IІІ Баяндау – белгілі жүйемен түсіндіру әдісі – толық – түсіндіру 
IҮ Баяндау – ақпар беру – тез, қысқаша айтып шығу 
Берік: 1) мықты; 2) ұстамды; 3) тұрақты; 4) жабық. 
І Берік – мықты – төзімді 
IІ Берік – ұстамды – сабырлы 
IІІ Берік – тұрақты – сенімді – табанды 
IҮ Берік – жабық – бекітулі 
Бітім: 1) келісім; 2) шешім; 3) байлам; 4) тұлға. 
І Бітім – келісім – тоқтам – мәміле – жарасытық 
ІI Бітім – шешім – келісім 
ІІI Бітім – байлам – түйін – кесік – тоқтам 
IҮ Бітім – тұлға – тұрпат – мүше – пішін – сыпат 
Дала: 1) жайылым; 2) сырт жер; 3) ауылды жер; 4) өлке. 
І Дала – жайылым – шабындық – өңір 
ІI Дала – сырт жер – тыс 
ІІI Дала – ауылды жер – қыр 


211 
IҮ Дала – өлке – аймақ 
Далақтау: 1) етек жеңі жалп-жалп ету; 2) бейберекет шабу; 3) 
елбелектеу; 4) босқа арам тер болу. 
І Далақтау – етек жеңі жалп-жалп ету – алқам-салқамы шығу 
ІІ Далақтау – бейберекет шабу – далаңдау – далбаңдау 
ІІІ Далақтау – елбелектеу – жалпақтау – жаны қалмау – далбалақтау 
ІҮ Далақтау – босқа арам тер болу – жоқтан өзгеге алаңдау 
Дәреже: 1) абырой; 2) атақ; 3) мөлшер; 4) шама. 
І Дәреже – абырой – даңқ – мәртебе 
ІІ Дәреже – атақ – шен – қызмет 
ІІІ Дәреже – мөлшер – шама – меже – деңгей 
ІҮ Дәреже – сапа – мазмұн 
Деңгей: 1) нақ шені; 2) шамасы; 3) мөлшер; 4) дәреже. 
І Деңгей – нақ шені – тұспа-тұсы 
ІІ Деңгей – шамасы – көлемі 
ІІІ Деңгей – мөлшер – қатар 
ІҮ Деңгей – дәреже 
Дұрыс: 1) жөн; 2) орынды; 3) дәлме-дәл; 4) мақұл. 
І Дұрыс – жөн – орынды 
ІІ Дұрыс – орынды – реті – заңы 
ІІІ Дұрыс – тұп-тура – түзу– дәлме-дәл – нақпа-нақ 
ІҮ Дұрыс – мақұл – құп 
Дүркіреу: 1) сапырылысу; 2) күркіреу; 3) қаулап өсу; 4) аты шығу. 
І Дүркіреу – сапырылысу – үрдіс – қимыл жасау 
ІI Дүркіреу – күркіреу – зуылдау – екпіндеу – дуылдау 
ІІІ Дүркіреу – қаулап өсу – жайқалу – етек алу – көбею 
ІҮ Дүркіреу – аты шығу – әйгілі болу – танылу – дәуірі жүру 
Езгілеу: 1) қайта-қайта езу; 2) жұмарлау; 3) таптау; 4) еңсесін 
көтертпеу. 
I Езгілеу – қайта-қайта езу – мыжу – мыжғылау 
IІ Езгілеу – жұмарлау – илеу 
IІІ Езгілеу – таптау – жаныштау 
IҮ Езгілеу – еңсесін көтертпеу – көңілін басу – қайғы-мұңға батыру 


212 
Екпін: 1) пәрмен; 2) күш-қарқын; 3) әсері; 4) жылдамдық. 
І Екпін – пәрмен – серпін 
IІ Екпін – күш-қарқын – тегуірін – ағын 
ІІІ Екпін – әсері – буы – қуаты 
ІҮ Екпін – жылдамдық – қарқын 
Елбектеу: 1) аяқ-қолын ербеңдету; 2) қаңғалақ қағу; 3) асты-үстіне 
түсу; 4) сасып-сабдырау. 
І Елбектеу – аяқ-қолын ербеңдету – талпыну – тырбыну – қалтаң-
құлтаң ету
ІІ Елбектеу – қаңғалақ қағу – қалбақтау – ұшып қону
ІІІ Елбектеу – асты-үстіне түсу – бәйек болу – жаны қалмау 
ІҮ Елбектеу – сасып-сабдырау – абдырау – не істерін білмеу 
Елеулі: 1) елерліктей; 2) айтарлықтай; 3) белді; 4) басты. 
І Елеулі – елерліктей – көзге түсерліктей – көрнекті 
ІІ Елеулі – айтарлықтай – үлкен – ірі 
ІІІ Елеулі – белді – басты – негізгі 
ІҮ Елеулі – қадірлі – қадірменді – сыйлы – қалаулы 
Елеуре: 1) желігу; 2) қызу; 3) даурығу; 4) елеру. 
І Елеуре – желігу – желпіну 
ІІ Елeype – қызу – қызулану – қызбалану – көтерілу 
ІІІ Елеуре – даурығу – лепіру – өзеуреу 
ІҮ Елеуре – елеру – едірею – едірендеу – көзі шарасынан шығу 
Ерен: 1) ерекше; 2)
 
ересен; 3) тамаша; 4) өңкей. 
І Ерен – ерекше – айрықша – өте-мөте – үздік
ІІ Ерен – ересен – орасан – зор – жойқын 
ІІІ Ерен – тамаша – әйдік – ойсаң 
ІҮ Ерен – өңкей – өңшең – кілең 
Ерік: 1) ықтияр; 2) қақы; 3) жігер; 4) кеңшілік. 
І Ерік – ықтияр – ырық – билік 
ІІ Ерік – қақы – құқы – право 
ІІІ Ерік – жігер – сезім – қайрат 
ІҮ Ерік – кеңшілік – мұрсатана 


213 
Еріксіз: 1) амалсыз; 2) ықтиярсыз; 3) басыбайлы; 4) ерік-күші жоқ. 
І Еріксіз – амалсыз – шарасыз 
ІІ Еріксіз – ықтиярсыз – зорлап – қыстап 
ІІІ Еріксіз – басыбайлы – басында еркі жоқ
ІҮ Еріксіз – ерік-күші жоқ – жігерсіз – ынжық 
Жабысу: 1) беттесіп бірігу; 2) бас салып айрылмау; 3) қиылып
сұрау; 4) душар болу. 
І Жабысу – беттесіп бірігу – бір-бірінен айрылмау – ажырамау 
ІІ Жабысу – бас салып айрылмау – жібермей жармасу 
ІІІ Жабысу – қиылып сұрау – өтіну – жалыну – құр соңынан 
қалмау 
ІҮ Жабысу – душар болу – тап бол – бәле-жалаға кезігу 
Жағдай: 1) хал-ахуал; 2) кездейсоқ оқиға; 3) белгілі бір сәт; 4) 
қолайлы мүмкіндік. 
І Жағдай – хал-ахуал – тұрмыс-жай – жай-күй – нақтылы қалып 
ІІ Жағдай – кездейсоқ оқиға – іс 
ІІІ Жағдай – белгілі бір сәт – кез 
ІҮ Жағдай – қолайлы мүмкіндік – ыңғайлы жай-күй 
Жандану: 1) жан біту; 2) қыза түсу; 3) жайнау; 4) ісі алға басу. 
І Жандану – жан біту – қан жүгіру – тірілу 
ІІ Жандану – қыза түсу – дуылдау 
ІІІ Жандану – жайнау – құлпыру 
ІҮ Жандану – ісі алға басу – жақсару – жөнделу 
Жансыз: 1) өлі; 2) жанары тайған; 3) құлазыған; 4) мықты.
І Жансыз – өлі – жаны кеткен – қозғалыссыз 
ІІ Жансыз – жанары тайған – нұрсыз 
ІІІ Жансыз – құлазыған – меңіреу – мылқау 
ІҮ Жансыз – мықты – төзімді
Жарамды: 1) күш-қуаты бар; 2) іске татырлық; 3) пайдалы; 4) 
қолайлы. 
І Жарамды – күш-қуаты бар – жұмысқа жарайтын 
ІІ Жарамды – іске татырлық – бағалы – іліп аларлық 
ІІІ Жарамды – пайдалы – тиімді – қажетті – қолынан іс келетін – 
қарасатын 


214 
ІҮ Жарамды – қолайлы – ыңғайлы 
Жарқыра: 1) жап-жарық болу; 2) жарқ-жұрқ ету; 3) жайраңда; 4) 
айқын. 
І Жарқыра – жап-жарық болу – сәуле; нұр шашу 
ІІ Жарқыра – жарқ-жұрқ ету – жалт-жұлт ету – жалтылдау – 
жалтырау 
ІІІ Жарқыра – жайраңда – көңілден 
ІҮ Жарқыра – айқын – анық – көріну 
Жау: 1) шапқыншы; 2) зиянын тигізетін; 3) өш; 4) аш көз. 
І Жау – шапқыншы – шабуылшы 
ІІ Жау – зиянын тигізетін – кесірін келтіретін 
ІІІ Жау – өш – қас – дұшпан 
ІҮ Жау – аш көз – обыр – тойымсыз 
Жеке: 1) дербес; 2) өзіндік; 3) оңаша; 4) дара. 
І Жеке – дербес – өз алдына – бөлек 
ІІ Жеке – өзіндік 
ІІІ Жеке – оңаша 
ІҮ Жеке – дара – жалғыз 
Жеңіл: 1) салмақсыз; 2) оңай; 3) жеңіл-желпі; 4) жеңілтек. 
І Жеңіл – салмақсыз – салмағы аз
ІІ Жеңіл – оңай – қиындықсыз – жылдам – тез 
ІІІ Жеңіл – жеңіл-желпі – ат үсті – үстірт 
ІҮ Жеңіл – жеңілтек – ұшқалақ 
Жиыр: 1) бір нәрсені бұру; 2) қатпарландыру; 3) жию; 4) түру. 
І Жиыр – бір нәрсені бұру – жымыру – қатпарлау 
ІІ Жиыр – қабағын, мұрнын тыржиту – қатпарландыру
ІІІ Жиыр – жию – баурына бүгу
ІҮ Жиыр – бір нәрсені сырғыту – түрту 
Жоғарылау: 1) өрлеу; 2) төрге шығу; 3) арту; 4) лауазымы өсу. 
І Жоғарылау – өрлеу – биіктеу 
ІІ Жоғарылау – төрге шығу – төрлету 
ІІІ Жоғарылау – арту – көтерілу 
ІҮ Жоғарылау – лауазымы өсу 


215 
Жөн-жоба: 1) әдет-ғұрып; 2) үлгі-өнеге; 3) жоспар; 4) бағыт-бағдар. 
І Жөн-жоба – әдет-ғұрып – жол-жора – жөн-жосық 
– 
мән-жай 
ІІ Жөн-жоба – үлгі-өнеге – тәлім-тәрбие – ақыл-кеңес 
ІІІ Жөн-жоба – жоспар – жоба – үлгі 
ІҮ Жөн-жоба – бағыт-бағдар – рет – ыңғай 
Жуан: 1) енді; 2) мықты; 3) үстем тап өкілдері; 4) толық. 
І Жуан – енді – көлемді – үлкен 
ІІ Жуан – мықты – зор – күжілдеген 
ІІІ Жуан – үстем тап өкілдері: бай – би – төре 
ІҮ Жуан – толық – етті – ет жеңді – семіз 
Жығылу: 1) қисаю; 2) жеңілу; 3) билігін сұрау; 4) төсек тарту. 
І Жығылу – қисаю – жантаю – тату – омақасу – құлау 
ІІ Жығылу – жеңілу – беріле салу – бағыну 
ІІІ Жығылу – билігін сұрау – жүгіну 
ІҮ Жығылу – төсек тарту – жатып қалу – ауыру 
Керемет: 1) құдіретті күш; 2) таңғаларлық; 3) өте жақсы; 4) 
соншалық.
І Керемет – құдіретті күш – таңғажайып сыр 
ІІ Керемет – таңғаларлық – ғажап 
ІІІ Керемет – өте жақсы – тамаша
ІҮ Керемет – соншалық – тіптен – өте 
Көкірек: 1) омырау; 2) көңіл; 3) ақыл; 4) менмен. 
І Көкірек – омырау – кеуде төс
ІІ Көкірек – көңіл – көкей – сыр 
ІІІ Көкірек – ақыл – сана-сезім 
ІҮ Көкірек – менмен – өзімшіл – өр кеуде 
Көлеңке: 1) пана; 2) уақытша тұратын баспана; 3) кемшілік; 4) 
қайғы. 
І Көлеңке – пана – сая 
ІІ Көлеңке – уақытша тұратын баспана – үй 
ІІІ Көлеңке – кемшілік – олқылық 
ІҮ Көлеңке – қайғы – уайым – қасірет 


216 
Күрт: 1) бірден; 2) шұғыл; 3) ерекше; 4) морт. 
І Күрт – бірден – тез – кенет 
ІІ Күрт – шұғыл – жедел – біржола 
ІІІ Күрт – ерекше – төтенше – оқыс 
ІҮ Күрт – морт – оғаш – тоң 
Кіршіксіз: 1) кірлемеген; 2) аппақ; 3) шайдай ашық; 4) адал. 
І Кіршіксіз – кірлемеген – кір жұқпаған – қылаусыз – таза 
ІІ Кіршіксіз – аппақ – мұнтаздай – мүлтіксіз 
ІІІ Кіршіксіз – шайдай ашық – мөлдір – былғанбаған 
ІҮ Кіршіксіз – адал – ешбір күдіксіз – қалтқысыз – бүкпесіз 
Кішкентай: 1) титімдей; 2) азғантай; 3) тіптен; 4) аласа. 
І Кішкентай – титімдей – титтей – шүйкімдей – тинақтай – құрттай 
ІІ Кішкентай – азғантай – шығын – шамалы 
ІІІ Кішкентай – тіптен – жас – бүлдіршіндей – қаршадай – кішкене 
ІҮ Кішкентай – аласа – мықыр – шағын 
Қайту: 1) орнына оралу; 2) таю; 3) бәсеңдеу; 4) дүние салу. 
І Қайту – орнына оралу – қайра келу 
ІІ Қайту – әуелгі пікірінен өзгеру – таю 
ІІІ Қайту – бұрынғы қалыптан төмендеу – бәсеңдеу 
ІҮ Қайту – дүние салу – өлу 
Қалың: 1) қабат; 2) көп; 3) қою; 4) ну. 
І Қалың – қабат-қабат 
ІІ Қалың – көп – мол 
ІІІ Қалың – қою – жиі – тығыз 
ІҮ Қалың – ну – жайқалған – бітік 
Қамау: 1) қаумалау; 2) абақтыға жабу; 3) ұстау; 4) қаптау. 
І Қамау – жан-жақтан қоршау – қаумалау 
ІІ Қамау – абақтыға жабу – түрмеге отырғызу – тығу 
ІІІ Қамау – ұстау – тұту – бөгеу – қармау 
ІҮ Қамау – қаптау – басып кету 
Қапысыз: 1) мүлтіксіз; 2) қалтқысыз; 3) тиянақтап; 4) алаңсыз. 
І Қапысыз – мүлтіксіз – қалт жібермей 
ІІ Қапысыз – қалтқысыз – риасыз – адал – шынымен 


217 
ІІІ Қапысыз – тиянақтап – мұқияттап – байыпты – өкінбестей – 
армансыз 
ІҮ Қапысыз – алаңсыз – қамсыз – бейқам – қаннен қаперсіз 
Қатпар: 1) қабат; 2) бүктесін; 3) әжім; 4) қалтарыс. 
І Қатпар – қабат – қыртыз 
ІІ Қатпар – киімнің қабатталған жері – бүктесін 
ІІІ Қатпар – әжім – шалбарлану – қалталану 
ІҮ Қатпар – қалтарыс – бұлтарыс 
Қирау: 1) быт-шыты шығу; 2) күл-талқан болу; 3) құру; 4) 
қырылу. 
І Қирау – быт-шыты шығу – сыну – қаусау – күл-паршасы шығу 
ІІ Қирау – күл-талқан болу – бұзылу – бүліну – талқандалу 
ІІІ Қирау – құру – жойылу – күйреу 
ІҮ Қирау – қырылу – өлу 
Қобалжу: 1) көңілі бұзылу; 2) алаң болу; 3) қорқу; 4) біресе олай, 
біресе бұлай толқу. 
І Қобалжу – көңілі бұзылу – қатты толқу – іші әлем болу 
ІІ Қобалжу – алаң болу – дегбірі, тынышы қашу – көңілі жай 
таппау – лоблу 
ІІІ Қобалжу – қорқу – зәресі қалмау – үрейлену 
ІҮ Қобалжу – біресе олай, біресе бұлай толқу – құбылу – айну 
Қобырау: 1) үрпию; 2) қалай болса солай; 3) қоқырсу; 4) өре 
көтерілу.
І Қобырау – үрпию – ербиіп-сербию – көпсу – көтерілу 
ІІ Қобырау – қалай болса солай – ретсіз жату – қопырау 
ІІІ Қобырау – қоқырсу – қоқсу – шашылу – былығу 
ІҮ Қобырау – өре көтерілу – дүрлігу – даурығу 
Құбылмалы: 1) құлпырып тұратын; 2) өзгергіш; 3) айнымалы; 4) 
құйқылжыған. 
І Құбылмалы – құлпырып тұратын – тұрлаусыз 
ІІ Құбылмалы – өзгергіш – тұрақсыз 
ІІІ Құбылмалы – айнымалы – толқымалы – қылт етпе – тиянақсыз 
ІҮ Құбылмалы – құйқылжыған 


218 
Құнсыз: 1) іздеусіз; 2) қадір-қасиеті жоқ; 3) мәнсіз; 4) теңдесі жоқ 
І Құнсыз – іздеусіз – сұраусыз – жоқтаусыз 
ІІ Құнсыз – қадір-қасиеті жоқ
ІІІ Құнсыз – мәнсіз – мағынасыз 
ІҮ Құнсыз – теңдесі жоқ – қымбат 
Оңалу: 1) түзелу; 2) қатарға қосылу; 3) етейіп қоңдану; 4) айығу. 
І Оңалу – түзелу – жөніне келу 
ІІ Оңалу – қатарға қосылу – жетіліп кету 
ІІІ Оңалу – етейіп қондану – семіру
ІҮ Оңалу – айығу – жазылу 
Өзінше: 1) өз шамалауынша; 2) өз әлінше; 3) өз бетімен; 4) жеке. 
І Өзінше – өз шамалауынша – өз байымдауынша – өз білгенінше 
ІІ Өзінше – өз шама-шарқынша – өз әлі келгенше 
ІІІ Өзінше – өз бетімен – өз еркімен 
ІҮ Өзінше – жеке – дара – дербес 
Өңдеу: 1) өң беру; 2) түзеу; 3) сапасын арттыру; 4) жерді тыңайту. 
І Өңдеу – өң беру – әдемілеу – әсемдеу 
ІІ Өңдеу – түзеу – жөндеу – дұрыстау 
ІІІ Өңдеу – сапасын арттыру – құрамын жақсарту
ІҮ Өңдеу – жерді тыңайту – дайындау 
Өсу: 1) тамыр тарту; 2) үлкею; 3) арту; 4) лауазымы жоғарылау. 
І Өсу – тамыр тарту – жапырақ жаю – өніп өсу – шығу 
ІІ Өсу – үлкею – ер жету – бой жету
ІІІ Өсу – арту – молаю
ІҮ Өсу – лауазымы жоғарылау – алға басу – даму – өркендеу – 
ілгерілеу 
Парық: 1) айырмашылық; 2) қадір-қасиеті; 3) байыбы; 4) баға. 
І Парық – айырмашылық – ерекшелік 
ІІ Парық – қадір-қасиеті – мән-жайы 
ІІІ Парық – байыбы – пайымы
ІҮ Парық – парық – баға – құн 
Сұйылу: 1) сұйықтану; 2) селдіреу; 3) тарай бастау; 4) сапасы 
нашарлау. 


219 
І Сұйылу – сұйқылдану – сұйықтану – сұйық бола бастау 
ІІ Сұйылу – селдіреу – сиреу 
ІІІ Сұйылу – тарай бастау – ыдырау 
ІҮ Сұйылу – сапасы нашарлау – қожырау 
Сіресу: 1) қату; 2) икемге келмеу; 3) тығыздалу; 4) айтқанға көнбеу. 
І Сіресу – қату – тоңазу 
ІІ Сіресу – икемге келмеу – иілмеу 
ІІІ Сіресу – тығыздалу – тұтасу – топтасу 
ІҮ Сіресу – айтқанға көнбеу – қасарысу – ерегесу
Таласу: 1) пікір тартысы; 2) берекелес; 3) тайталас; 4) анық-танығы 
белгісіз. 
І Таласу – пікір тартысы – айтысу – дауласу – керісу
ІІ Таласу – берекелесу – үміткер болу – дәмелі болу 
ІІІ Таласу – тайталасу – қатарма-қатар – теңбе-тең 
ІҮ Талас – даулы, шешілмеген – анық-танығы белгісіз 
Тарау: 1) бытырау; 2) етек алу; 3) сіңу; 4) басылу. 
І Тарау – бытырау – жан-жаққа бет-бетімен кету – тарқау
ІІ Тарау – етек алу – жайылу
ІІІ Тарау – сіңу – ену 
ІҮ Тарау – басылу – айығу – сейілу
Тежеу: 1) тарту; 2) өзін-өзі тоқтату; 3) біреуді (бір нәрсені) басу; 4) 
бөгеу. 
І Тежеу – тарту – қарқынын бәсеңдету – жүрісін ақырындату – ірку – 
ауыздықтау 
ІІ Тежеу – өзін-өзі тоқтату – ұстау – сабырлық сақтау 
ІІІ Тежеу – біреуді басу – тыйып тастау – тізгінін ұстау 
ІҮ Тежеу – бөгеу – кедергі жасау – кешеуілдету 
Тексеру: 1) анық-қанығына жету; 2) ұқыптап қадағалау; 3) мән-
жайын зерттеу; 4) тергеу. 
І Тексеру – анық-қанығына жету – анығын білу – айқындау 
ІІ Тексеру – ұқыптап қадағалау – бақылау – байқау 
ІІІ Тексеру –мән-жайды зерттеу – іздену 
ІҮ Тексеру – тергеу – жауап алу – себебін ашу 


220 
Ұстау: 1) тұту; 2) қолда болу; 3) қажетке жарату; 4) қолға түсіру. 
І Ұстау – тұту – қармау – жібермеу 
ІІ Ұстау – қолда болу – кәсіп ету 
ІІІ Ұстау – қажетке жарату – кәдеге асыру – пайдалану 
ІҮ Ұстау – қолға түсіру 
Ти: 1) тірелу; 2) алу; 3) біреуге тиісу; 4) күйеуге шығу. 
І Ти – тірелу – соқтығысу 
ІІ Ти – алу – иелену 
ІІІ Ти – біреуге тиісу – соқтығысу – ұрыну – шаптығу – қақтығу 
ІҮ Ти – күйеуге шық – тұрмыс құр 
Тоқтау: 1) тыйылу; 2) орын алу; 3) шешімге келу; 4) мүдіру. 
І Тоқтау – тыйылу – кідіру – тұрып қалу – аялдау 
ІІ Тоқтау – орын алу – жайғасу – түсу
ІІІ Тоқтау – бір шешімге келу – солай істеуді ұйғару 
ІҮ Тоқтау – мүдіру – бөгелу 
Торлау: 1) тоқу; 2) кереге көздену; 3) тор көздену; 4) қаптау. 
І Торлау – тоқу – тігу 
ІІ Торлау – кереге көздену – шытынау 
ІІІ Торлау – тор көздену – сетка жасау 
ІҮ Торлау – қаптау – басып кету – қоршау 
Шіру: 1) бүліну; 2) бұзылу; 3) құру; 4) тозығы жету. 
І Шіру – бүліну – түкке жарамау
ІІ Шіру – бұзылу – істен шығу 
ІІІ Шіру – құру – жойылу – жоқ болу 
ІҮ Шіру – тозығы жету – күйреу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет