Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет58/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

І Аудару
: 1. Қопару; 2. Құлату; 3. Күресу; 4. Астын үстіне 
қарату; 5. Төгіп алу; 6. Басқа жаққа ауыстыру. 
І-деген белгімен 
көп мағыналылықты белгіледік, ал II бұл шартты түрде 
синонимдік қатарды көрсетеді. Бір ғана 
аудару 
сөзі өзінше бірнеше 
синонимдік қатар құрайды. Мәселен, 
II. 
Аудару - қопару - төңкеру
Аудару - құлату - жұлып алу 
Аудару - күресу 

асытына түсіру
Аудару - астын үстіне қарату - екінші жағына ауыстыру 
Аудару- төгіп алу - ақтара салу - сарқа қую - қотару
Аудару - басқа жаққа ауыстыру – көшіру
Сонымен, синонимдік қатар жүйелік құрылыстан 
тұратын тарихи қалыптасқан сөздердің синхрониялық тобын 
құрайды. Ал, полисемия синонимиялық қордың дамуына сан 
жағынан да, сапа жағынан да болса үлкен әсер етеді. Олар 
арқылы синонимдердің саны үздіксіз байып, молайып отырады. 
Біз өз еңбегімізде көп мағыналы сөздерден жасалған жеті жүз 
қырық жеті синонимдік катарды анықтадық. 
Сөздегі жаңа туынды мағынаның пайда болуы, кейде тіпті сол 
мағынаның дами келе негізгі мағынадан алшақтап, байланысының 
үзілуі әр түрлі ұғымдағы омонимдердің тууына әкелетіні белгілі. 
Осының өзі тіл білімінде полисемия мен омонимдерді бір-бірінен 
ажыратуда өзіндік едәуір қиындықтар келтіреді. Ал ажыратудың 
қиындығы бұл екі категорияның кейбір ұқсастығынан келіп 
туындайды. Жалпы омонимия процесін зерттеушілердің көпшілігі 
омоним мен полисемия құбылысының арасындағы байланыстың 
барлығын айтып, бір-екі мысал келтіріп дәлелдеп қана отырған. 
Сонымен, 
егер 
омонимдер, 
көбінесе 
тілде 
көп 
мағыналылықтың ыдырауы жолмен жасала келе сөзде екі тәуелсіз 
номинативті мағынаның пайда болуына әкеледі. Мәселен, 
Ақтық 
сөзін алып көрелік:
 
Ақтық I. зат. қардың, сүттің тусіндей аппақ болушылық. 
Ақтық П. сын. адалдық, пәктік, кінәсыздық, жазықсыздық.
Ақтық III. сын. соңғы, ақырғы.
Бұл сөздер кезінде мағыналық жақтан бір-бірімен 


136 
байланысты болып, кейін келе ол байланыс үзіліп омоним сөзге 
айналған. Адам адал, пәк болған кезде ақ түс сияқты ешбір 
кіршіксіз таза сезімді болуымен байланысты екінші мағынасы 
шықса, адам соңғы, ақырғы демі шығарар кезде айнала қоршаған 
адамдардан жасаған күнәсі болса, сол үшін кешірім сұрап 
тазалануы негізінде үшінші мағынасы шыққан. Сөйтіп, бұлар 
ауыспалы мағынаның негізінде пайда болған көп мағыналылықтың 
ыдырауынан жасалған. 
Көпшілік 
омонимдердің 
пайда 
болуы, 
негізінен, 
этимологиялық әр түрлі сөздердің фонетикалық кездейсоқ 
үйлесуі, не бір кездегі полисемияның ыдырауынан болсын 
тілдің белгілі бір даму кезеңінде синхрониялық тұрғыдан 
омонимдер мағыналық жағынан байланыспайтын әр түрлі сөздер 
ретінде қабылданады. Алайда олардың біразы кезінде мағыналық 
жақтан байланысты болатын полисемияның енді бір кездері сол 
мағыналық байланысының үзілуінен жасалады. Бұл процесс 
тілдің дамуының өн бойынан көрінетіндігі Р.А. Будагов, В.М. 
Солнцев, Ф.П. Филин еңбектерінде толық қамтыған болатын. 
Міне, осы проблемалық мәселемен айналыса отырып 
омонимдердің көбі көп мағыналы сөздің мағыналық ыдырауы, 
сөйтіп әр басқа зат немесе құбылысқа тарап атау болып 
қалыптасуы негізінде туындағандығы ІІІ тарауда бірсыдырғы 
мысал келтіру арқылы дәлелденді. Олардың бірінде мағыналық 
байланыс әлі де болса, сезіліп тұрса, бірінде тек этимологиялық 
жақтан талдау негізінде көрінеді. Сонымен қатар олардың бірі 
олардың бірі метафора арқылы жасалса, енді бірі метонимия 
қайсы бірі синекдоха, не қызмет бірлігі тәсілі арқылы пайда 
болғаны да біздің жұмысымызға тиек болды. Жалпы төрт жүз 
отыз сегіз омоним сөздер көп мағыналы сөздердің есебінен 
жасалғандығы айқындалды.
Көп мағыналы сөздерден жасалатын лексика-семантикалық 
топтың бірі – антонимдер. Антонимдер бір сөз табына енетін сөздер 
арасында болады да, бір ЛСТ-ның құрамында өмір сүреді. Олар 
семантикалық құбылыс болғандықтан, сөздік құрамдағы басқа 
сөздермен қат-қабат байланысқа түсіп, мидай араласып жатады.
Антонимдер сөздің бүкіл мағынасы бойынша емес, тек белгілі 
бір 
мағынасында 
ғана 
жақындасады. 
Демек, 
синонимді 
қарастырғандай, антонимді қарастыруда да, антоним таңдауда да 
сөздің көп мағыналығын ескеру қажет. Мәселен, 
дұрыс 
сөзінің 


137 
мынандай мағыналары бар: 1. 
Белгілі ережені сақтай отырып 
жөндеу; 
2. 
Орынды, ретті заңды; 
3. 
Дәлме-дәл, нақпа-нақ, тұп-тура. 
Бұл мағыналар мынадай антонимдік қатарлар түзеді: 
 
Дұрыс – қате 
Дұрыс – бұрыс 
Дұрыс - теріс 
Көп мағыналы сөз өзінің лексика -семантикалық 
варианттарымен бірден бірнеше антонимдік қатарға енуі де мүмкін. Бұл, 
әсіресе, синтагмалық қатарда айқын көрінеді. 
Антонимияның полисемия құбылысымен шектесуі сөздердің 
контекстік 
мағынасы, 
ауыс 
мағынада 
қолданылуы, 
оның 
экспрессивті-стилдік, синонимдік мәні т.б. жайттармен қат-қабат 
байланысып жатады. Қалай болғанда да антонимия мен полисемия 
құбылыстары 
іштей 
бір-бірімен 
шиырласып 
өте 
тығыз 
байланыстындығын көп мағыналы сөзбен байланысты туындаған 
қырық төрт антонимдік қатар арқылы дәлелдедік.
Еңбекте
 
көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдік, 
омонимдік, антонимдік қатарлар анықталып, олар лексика-
семантикалық аспектіден зерттеледі, тіліміздегі лексика-
семантикалық топтар ғылыми тұрғыдан талданды. 

Сөздің мағыналық қатынасының шетел, орыс тілі, 
түркітану және қазақ тіліндегі зерттелу жайларына шолу жасалды.

Сөз мағынасының табиғатын айқындауға бағытталған 
еңбектерге шолу жасалып, сыни көзқарас білдірілді. 

Лексикалық жүйенің дамуына көп мағыналылықтың қосқан 
үлесі анықталды. 

Көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдердің лексика-
семантикалық сипаты анықталды. 

Көп 
мағыналы 
сөздерден 
жасалған 
омонимдердің 
мағыналық байланысының сырлары ашылды. 

Көп мағыналы сөздерден жасалған антонимдердің өзіндік 
ерекшеліктері айқындалды. 

Лексикалық-семантикалық 
топтардың 
парадигмалық, 
синтагмалық қатынастары ашылды. 
Қорыта келе айтарымыз, көп мағыналы сөздер бірнеше басқа 
құбылыстардың пайда болуына негіз болады. Алайда осы күнге 
дейін көп мағыналы сөздердің есебінен жасалған ЛСТ-тар жөнінде сөз 
қозғалмаған еді. Біздің зерттеу жұмысымызда көп мағыналы сөздер 
мен лексика-семантикалық топтардың өзара байланысы арнайы 


138 
қарастырылып, олардың арақатынасы мен айырмашылықтары 
түсіндірілді. Сонымен, көп мағыналы сөздер мен омоним, антоним, 
синоним категориялары жүйелі түрде бір ғана парадигмалық 
қатынасқа енетіндігі анықталды. 


139 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет