128
Мәселен,
ақ – адал, кінәсіз, таза»
және
қара - «кінәлы,
айыпты, арам»
дегендегі
адал
мен
арам
бір-біріне антоним
бола алады.
«Көп
мағыналы
сөз
өзінің
лексика-семантикалық
варианттарымен бірден бірнеше
антонимдік қатарға енуі де
мүмкін.
Бұл,
әсіресе, синтагмалық
қатарда
сөздердің
лексикалық бірлігін (тұтастығын) өзгерту барысында айқын
көрінеді», - дейді Н.И. Гайнуллина.Сөйтеді де оны мынадай
мысалдар арқылы дәлелдейді:
Свежий - (о продукте) - испорченный
-
(о воде, одежде) - грязный, несвежий
-
(о силах человека) - истраченный, бессильный
Худой - (о человеке)
- толстый
-
(о характера) - хороший
Веский - (о металлах) - тяжелый
-
(довод) - неубедительный
Енді осы сызба бойынша қазақ тіліндегі
жұмсақ
сөзін алып
қарауымызға болады:
Жұмсақ - (мата)
- қатты
- (шаш) - қайратты, қатты.
- (нан)
- тығыз, қатыңқы, кебіңкі
-
(дауыс) - ащы, дөрекі
-
(көзқарас)
- өткір
Алайда мұндай алшақтық үнемі абсолютті бола бермейді.
Сонымен лексикалық синонимия, омонимия сияқты антонимия
полисемия құбылысымен өте тығыз байланыста болып келеді екен.
Кейбіреулері «Явление антономии, так же как и явление синонимии,
тесно связано с многозначностью слова.
Каждое из значений
многозначных слов имеет свои синонимы и антонимы:
сухие
дрова - сырые дрова, сухая пища - жидкая пища, сухое
изложение - живое иложение
», - деп антонимнің көп мағыналы
сөзбен байланысын синоним мен көп мағыналыққа негіздесе, (бұл
жерде омонимнің де көп мағыналылықпен байланысты болатынын
тілге тиек етпейді; мүмкін бұл антонимді синонимге қарама-қарсы
129
қойып түсіндіруден болған шығар. Бұл жөнінде: «оқулықтарда
болсын, күрделі монографиялық зерттеулер де болсын,
шағын мақалаларда болсын антонимдерді
синонимдерге қарама-
қарсы қойып, қайшы мәндес сөздер деп анықтама береміз», - деп
түсіндіреді М. Оразов [73], енді біреулері бұлардың арасындағы
байланыстарды сызбаға салып: «Связь между многозначностью и
антонимами можно представить схематично,
используя слова,
приведенные в пособии:
- 1,2,3-е значение – светлый
Темный - 4-е значение – ясный
- 5-е значение – образованный
- 1-е значение - громкий
Тихий - 2-е значение - быстрый
деп әр мағынасының өз антонимі болатынын көрсеткен [5, 173].
Бірақ, біздің түсінуімізше, сөздің әр мағынасына антоним табу шарт
емес, әрбір мағынаның қарсы мәндес сөзі болуы мүмкін де емес.
Оны мына сияқты мысалдардан байқаймыз:
Ашық
сын есім. 1. Аузы, есігі, төбесі немесе үсті жоқ,
жабылмаған; 2. Ешнәрсе жоқ, бос (жер, алаң); 3. Бұлтсыз, жауын-
шашынсыз (күн, аспан); 4. Анық, айқын; 5. Әйгілі, көрнеу,
жария
түрде; жасырын емес; 6. Іркусіз, бүгусіз шын ниетпен; 7. Жайдары,
ақ жарқын.
Ашық
сөзі ұқсату заңына сүйеніп, шектестірілген бірнеше
мағынасы бар көп мағыналы сөз. Бұл сөзді жоғарыдағы сызбаға
салсақ:
1 мағына – жабық
3 мағына – бұлыңғыр, бұлтты, алабұлтты
ашық
5,6 мағына – жасырын
7 мағына - тұйық
болып шығады. Байқап отырғандарыңыздай,
екінші және төртінші
мағыналарына антоним табу қиынға түсті.
Ақтау
қимыл есімі. 1. Үйді ақтау (әктеу); 2. Бидай, арпа, күріш,
тары сияқты дәнді дақылдарды қауызынан тазарту; 3. Жазадан
130
құтқару, ара түсу, кінасыз деп санау; 4. ауыс. Өтеу, есесін қайтару; 5.
ауыс. Лайық болу, атын адалдау, өз дәрежесінен шығу.
Достарыңызбен бөлісу: