Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет53/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

бұлттану; Айығу - асқыну
(ҚТАС, 
б. 30) 1. 
Науқасымнан тез айығып кете алмай, сол жылы 
оқудан қалып қойдым ... Бері келе ауру 
асқынып 
маған жазу 
жұмысымен шұғылдануға тіпті мүмкіндік бермей қойды 
(С.Көбеев). 
2. 
Аспан қою бұлттан 
айығып, 
таң белгі бере бастады 
(С.Бегалин). 
Айналдырған ауру алмай қоймас, Бұлттанған күн 
жаумай қоймас 
(Мақал). Ақырын үст. 1. Жай, аспай-саспай,
баяу. 2. Ептеп, білдірмей. 3. Байқа, абайла. 
 
Ақырын
 - 
қатты; 
Ақырын - тез; 
Ақырын - шапшаң. 
Мәселен, 
Ақырын
айтсаң, көнбейді, 
Қатты 
айтсаң, ренжиді. 
Қатты 
жүрсең, қазық аяқ дейді. 
Ақырын
жүрсец, малма аяқ дейді 
(Мақал). 
Ақырын 
жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға 
... 
(Абай). 
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы 
сықылды 
тез 
суалар 
(Абай). 
Ақырын ғана су жылжып, қырқадан 
сайға ағады 
(Ә.Сәрсенбаев). 
Осы бір кештің қалай 
шапшаң 
өткенін 
сезбей де қалыппын 
(М. Әуезов).
 
Аласа

сын. 1. Биік емес, жатаған. 2. Бойы ұзын емес, қысқа, 


126 
тапал. 
Аласа - биік;

Аласа 

ұзын 
(Бұл сөз неге екенін қайдам ҚТАС-ге енбеген).
 
Алғыс 
зат. 1. Ізгі ниет, ықылас. 2. Үздік еңбегі үшін 
айтылатын ресми құрмет. 
Алғыс
 

қарғыс;
Алғыс - сөгіс.
Айтқаны қата болмай келе берген, Кәрін тіккен адамы өле 
берген. Ем қылып 
алғысын
да, 
қарғысын 
да,
«Алласы» қасиетті 
бере берген 
(Б. Майлин). 
Қонағыңның алтынын
алма, 
алғысын 
ал 
(Мақал). 
Ақыл айтар туғандар, бұл сөзімді
ойлаңдар. Кәтелочке 
көбейді, 
сөгіс 
естіп тозды ажар 
(Абай). Сөзде мағынаның 
тармақталуына, көбінесе, олардың (метафора, метонимия, 
синекдоха арқылы туған) ауыспалы мағынада қолданылуы әсер 
етеді. Мәселен, 
мәнерлеп оқыды - мәнерлеп қарады
дегенде: 
мәнерлеп оку, 
яғни 
жақсылап, тыныс белгілеріне мән бере отырып 
көркемдеп, әдемілеп интонациялық оқу; 
ал 
мәнерлеп қарады
дегеннен 
сүйсіне, қолдай, 
я болмаса 
сынап, барлай 
немесе 
қаһарлы,
сұсты жүзбен өңменіңнен өтердей етіп қарау 
дегенді түсінеміз. 
Сонда антонимді таңдап алуда сөзді мән бере, түсіну керек, ал ол 
үшін оның сөйлем ішінде, контексте қалай қолданылып, қандай 
мағына беретінін аңдау қажет. Сөз ауыспалы мағынада да 
қолданылып, контексте әр қырынан көріне береді екен. 
Қазақ тіліндегі антонимдерді зерттеген ғалым Ж.Мусин 
логикалық қарама-қарсылық пен тілдік антонимдердің арасындағы 
айырмашылықтың өзі осында екенін, логикалық ауыс мағынада 
қолданылмайтынын, ұғым әрдайым нақты болатынын айтады. Ал
тілдегі сөздердің ауыс мағынасы олардың негізгі тура мағынасынан 
туындайды. Ол туралы І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев былай дейді: 
«...тура мағынадан басқа кезкелген келтірінді мағыналардың тууы 
көбінесе сөздің ауыс мағынада қолданылуынан пайда болады. 
Ауыс мағына сөздің негізгі мағынасынан туып дамиды» [25]. 
Кейде сөз өзінің негізгі, тура мағынасында тұрған кезде оның 
антонимі болмайды да, ал ауыспалы мағынаға ие болтан 
уақытта оған антоним табыла кететін кездері болады. Мәселен, 
бас 
сөзінің бірнеше мағынасы бар екендігі бізге аян. Егер біз оны 
тура мағынасында (адам, жан-жануарлардың дене мүшесі) алған 
болсақ, ол 
аяқ 
сөзіне антоним бола алмайды. Ал егер де 
істің басы 
- істің аяғы 
десек, не болмаса 
таудың басы - таудың етегі 
десек, онда олар ауыспалы мағынада келіп өзара антоним бола 


127 
алады. Ал кейде, керсінше, ауыс мағынада келгенде, оның антонимі 
болмай шығуы да ықтимал. Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет