жон
(жота) сөзі
арқа
сөзімен ығыстырылса,
ол бас, ауыз, тізе
деген сияқты сөздерге ешбір әсерін тигізбейді. Бірақ
арқа
және
жон, аяқ пен тізе, қол мен алақан т.б.
осы сияқты сөздердің
арасында байланыс болады. Демек, бір тақырыптық топтың
шеңберінде неғұрлым кіші, бірақ ішінара байланысқан сөздердің
лексика-семантикалық топтары болады.
«Лексико-семантические группы слов представляют собой
собственно-языковые единицы, продукт исторического развития
того или иного языка. Слово, выражая свои собственные значения, в
рамках одной лексико-семантической группы в тоже время
оказаться связанной между собою отношениями, небезразличными их
собственных значений. Это отношение синонимии, антонимии,
всякого рода уточнения дифференциации, обобщения близких или
сопределенных значений» [15, 535].
Салыстыру арқылы сөздерді әр түрлі топтарға біріктіру жүйесінің
деңгейі бірдей емес екенін оңай байқауға болады. Мәселен,
туыстық қатынасты белгілеу үшін қолданылатын
«ата, әке, бала,
немере, шөбере, немене, шөпшек»
деген сияқты сөздер мен адамдар
арасында басқа қатынасты көрсету үшін қолданылатын сөздерді
алсақ, олардың арасындағы қатынас бірдей емес екенін көруге
болады. Бірінші топ мүшесі толық мағынада микрожүйені
көрсетсе, екінші топтағы сөздер өздерінің мағыналарын қатаңырақ
ажыратады, салыстыратын болсақ:
дос, таныс, жолдас, тамыр, тілеулес
– қастық ойлаушы, қарсылас, қас, дұшпан, жау, жауыз, бақталас
22
т.б..
Олардың қолданылуы біржақты қарсы қоюмен реттелмейді.
Әрине, сөздік құрам бірліктерін (лексикалық единицаларды)
тақырыптық топқа біріктіру де тілмен нақтыланатын
шеңберден тыс жасалмайды. Ол берілген нақты тілге тән қандай да
бір мөлшерде семантикалық қатынастың жалпы сипатымен
анықталады.
Сөздік құрамның жүйелі-семантикалық қасиеті жеке-дербес
мағынасында тілдің басқа единицаларымен қиылысатын сөздердің
байланысының көптігін бейнелейді.
Қазіргі кезде лексикада жүйе идеясы әлеуметтік-лингвистикалық
және жүйелі-семантикалық ұйыммен тең дәрежеде қабылданады деп
санауға болады. Жүйе идеясы мына сияқты лексикологтардың
еңбектерінде сенімді қолдауын тапты: орыс тіл білімінде В.В.
Виноградов, Ф.П. Филин, Н.И. Толстой, Д.М. Шмелев т.б., сондай-
ақ роман-герман тобына жататын тілдерді зерттеуші А.И.
Смирницкий, Н.Н. Амосова, В.Г. Гак, А.А. Уфимцева, И.В. Арнольд
т.б. еңбектерінде. Жалпы тілдің жүйелі құбылыс екендігін көпшілік
ғалымдар мойындады [13, 8; 5, 19].
Бұл пікірдің объективтік құндылығы мен ғылыми жемісін
мынадай дәлелдеулер арқылы көрсетуге болады. Егер біз тілді жүйе деп
алсақ, онда бұдан лексиканың жүйелілігі автоматты түрде мойындалуы
тиіс. Өйткені бір бөлгілі жүйелі, екінші біреуі жүйесіз «жүйені» көз
алдыға елестету қиын. «Басқа дәлел: лексика саласында, жалпы
тілдік жүйеге негіз болатын единицалар арақатынасының барлық түрі
анық қадағаланып отырады. Оған: қатынас құралы қызметі,
парадигмалық, синтагмалық қатынастар және түрлену (репрезентация)
қатынасы жатады» [13, 9]. Енді бұл қатынастардың лексикада
көрінуін қысақаша атап көрсетейік. Өзінің негізгі номинативтік
қызметіндегі лексикалық жүйедегі жеке-дербес единица ретіндегі
сөздер парадигмалық қатынас арқылы өзара байланысып жатады.
Мұндай қатынастың жиынтығы сөз аралық парадигматиканы
білдіреді. Ең алдымен, мұндай қатынасты қарастырмас бұрын,
берілген қатынастың бөлшегі болатын лексикалық единицалардың
өзінің мәртебесін анықтап алуымыз қажет. Сөз тіл жүйесінің
лексикалық единицасы ретінде екі мәртебеге ие болады. Біріншіден,
сөздің сөйлемде қызметке түспеген, өз алдына номинативті бірлік
мәртебесі. Яғни, атауыш сөз немесе ономотема-сөз мәртебесі.
Екіншіден, сөйлемде қызмет атқаратын синтаксистік сөз немесе
синтагма-сөз мәртебесі. Яғни, сөйлемнің бөлшегі бола отырып,
23
оның құрамында сөздер бір-бірімен байланысқа түсіп, жалпы
ойды қалыптастырып айтуға ат салысады. «Ономотема-сөздің екі
жағы болады. Оның екі жағы да комбинаторлық сипатта болады:
лексема –морфемадан, семема – семдік компоненттерден тұрады.
Тілдік
бірліктердің
комбинаторлығы
кез
келген
парадигматикалардың іргелі негізін құрайды» [13]. Ономатема-сөздің
мағынасы,
негізінен,
лингвистикадан
тыс
факторлармен
анықталады. Ол сөйлем құраудағы қызметіне тәуелсіз, контекстен
тыс өз алдына дербес мазмұнға ие, оның басты қызметі номинация
болатын лексикалық жүйенің бірлігі. Дәл осы өзінің ономатикалық
мәртебесінде сөз өзара парадигмалық қатынаспен байланысады. Ал
мазмұнына келетін болсақ, ол бір мағыналы ма, жоқ әлде көп
мағыналы ма соған байланысты әр түрлі қарастырылады. Егер сөз бір
мағыналы сөз жайында болса, ондай мағынаның мазмұнын түсіну қиын
емес. Көп мағыналы сөз мәселесі қиынға соғады /Э.В. Кузнецова,
1989, 29-31 беттерді қараңыз/.
Сөз түрлерінің бүкіл топтары күрделі лексикалық парадигма
құрайды. Тілдің лексикалық жүйесінің шеңберінде мұндай
парадигмалық бірліктің күрделілігімен көп қабаттылығын кезінде В.В.
Виноградов сипаттап берген: «Смысловые явления в языке образуют
внутренне связанные ряды, основанные на общем элементе или
признаке и прежде всего соотносятся внутри этих рядов. Эти ряды в
свою очередь и следуя тому же принципу являются членами рядов
высшего порядка и т.д.. Само собой разумеется, что «все эти ряды» не
только соотносительно, но и взаимосвязаны и взаимозависимы» [16,
296].
Сонымен, лексикалық жүйелілік дегеніміз заңды түрде өзара
тұрақты қатынастағы және әрдайым өзара аралас жататын тілдік
элементтердің ішкі бірлігі. Сөздік құрамның ішкі бірлігі оның
парадигмалық және синтагмалық байланысынан көрінеді. Ендеше
сөзді және оның мағынасын парадигмалық аспектіде қарастыруымыз
керек.
Ал
тілді
парадигмалық
аспектіден
қарастырудың
линвистикалық негізі Ф.де Соссюрдің идеясынан бастау
алатындығы белгілі. «Парадигма гректің «мысал, үлгі» деген сөзі.
Біріншіден,
тілде
олардың
мүшесінің
формалды
немесе
семантикалық ортақ принципі бойынша бір-біріне қарама-қарсы
қойылған белгілі деңгейдегі лингвистикалық единицалардың
(топтардың) жиынтығы. Екіншіден, жекелеген семантикалық
белгілері және қарама-қарсы грамматикалық мағыналары бірігіп бір
24
лексеманы білдіретін сөз формаларының жүйесі. Парадигматика
лингвистикалық топтардың – парадигмалардың жиынтығын құрайтын
тілдік жүйе және ол адам санасында немесе жадында олардың
формаларының немесе мазмұнының ортақтығына байланысты
немесе бір мезгілде сол екеуінің ұқсастығы негізіндегі әлде бір
әсерлер арқылы жинақталған және салыстыру қатынасына
байланысты тіл жүйесінің элементтері ретіндегі лингвистикалық
бірліктерді зерттеу аспектісі. [17, 264]. «Лингвистикалық
энциклопедиялық сөздікте»: «Парадигма (от греч. parádeigma –
пример, образец) – 1) в широком смысле – любой класс
лингвистических единиц, протовопоставленных друг другу и в то
же время объединенных по наличию у них общего признака или
вызывающих одинаковые ассоциации, чаще всего совокупность
языковых единиц, связанных парадигматическими отношениями; 2)
модель и схема организации такого класса или совокупности; 3) в
более узком смысле – синоним термина «морфологическая
парадигма» (система форм одного слова).
А парадигматика 1) один
из двух аспектов системного изучения языка, определяемый
выделением и противопоставлением двух типов отношений между
элементами и/или единицами языка – парадигматических и
синтагматических; раздел науки о языке, занимающийся
классификацией, определением области их действия и т.п.;
противопоставляется синтагматике по типу изучаемых отношений и
их группировок; 2) в более широком смысле – то же, что система
языковая, понимаемая как совокупность лингвистических классов –
парадигм; противопоставляется
синтагматике
как
синониму
понятия лингвистического процесса и текста» деген анықтама
берілген [Лингвистический энциклопедический словарь / Под ред.
В.Н. Ярцева. – М.: Советская энциклопедия, 1990. – 682 с., 366 б.].
Демек, парадигма термині тіл білімінде бірнеше мағынада
қолданылады: 1) кең мағынада бір-бірінен ерекшеленіп келетін,
сонымен бірге бәріне ортақ белгілері арқылы біріккен кез келген
тілдік бірліктер тобы, 2) осындай топтар мен жиынтықтардың жасалу
моделі (үлгісі) мен схемасы (сызбасы). Тіл бірліктері тобының
жүйесіне қарай парадигма морфологиялық, синтаксистік, лексикалық
және сөзжасамдық болып жіктеледі. Жалпы «парадигма» термині
алғаш рет лексика саласына қатысты қолданылған. Бұл құбылысты
өткен ғасырдың басында швейцар ғалымы Ф. де Соссюр тілдегі
мағыналық қатынастардың парадигмалық және синтагмалық қатары
25
ретінде ұсынған еді. Парадигматика парадигмалық қатынастарды,
оларды топтастыруды, олардың таралу саласын қарастыратын тіл
білімінің саласы ретінде ұғынылатын болса, онда оның тіл
деңгейлеріне де қатысы бар деп түсінген жөн. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: |