108
омоним сөзде ондай ортақ мағыналарды байланыстырушы негіз
жоқ» [62], - деп көрсетеді В.И. Кодухов.
Яғни, көп мағыналы сөздердің арасындағы мағыналық
байланыс үзілсе, ол омонимге айналады. Басқаша айтатын болсақ,
белгілі бір зат немесе құбылыс арнаулы бір сөзбен аталатындығы
шындық. Сол заттың (құбылыстың) бойындағы қандай да бір
белгілер басқа бір заттың бойынан да кездесуі мүмкін. Не
болмаса, ол екі заттың бойындағы белгілер ұқсасып келуі мүмкін.
Сөйтіп, бірінші заттың атауы екінші затқа да атау болады да,
осыдан келіп ол сөздердің негізгі мағынасына үстеме мағыналар
қосылады. Мәселен,
күт
деген етістік
«тос»
деген мағынаны
білдірумен бірге
«сыйла, құрметте»
деген де мағынаны береді.
Бұл
сөздің
қосымша
(екінші)
мағынасы
«сыйлау,
құрметтеу»,
әрине, қарап
«аялдау, тосу»
деген мағынасына
байланысты туып, бұл сөзді көп мағыналы сөзге айналдырған.
Міне, осылай сөздер келтірінді мағынада қолданыла-қолданыла
келіп, әр түрлі мағыналарға ие болады. Кейде ол көп мағыналы
сөздердің әрбір мағыналары бір-бірінен іргесін аулақ салып,
дараланып алшақтайды. Әр мағынада әр басқа ұғымның атауы
болып бекиді. Сөздің осылай мағыналық жақтан дамуы нәтижесінде
омоним сөз жасалады.
Мұндай омонимдерді
өз
кезінде
І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев та сөз қылған, олар ондай
омонимдерді лексикалық тәсіл арқылы жасалған омонимдер
деп түсіндірген болатын. Тілшілер: «Бір сөз әуелде бір
мағынада қолданылғанымен, кейін мағынасының дамуы
нәтижесінде бірте-бірте басқа мағынаға ауысады. Ал бара-бара
бұрынғы мағыналық байланысын жоғалтып мүлдем басқа сөздер
болып, яғни омоним болып кетеді», - дейді [25, 60]. Ал К.Аханов
болса: «Кейде кейбір сөздер өзінің негізгі тура мағынасынан
басқа келтірінді мағынада қолданыла-қолданыла келіп, ол
кетірінді мағына дағдылы тура мағына сияқты болып
ұғынылады. Мұнда да ол мағынаның келтірінді мағына екендігі
бірден аңғарыла бермейді. Бірақ, ондай мағыналардың қалай да
негізгі мағынамен байланысы бар екенін байқауға болады», - деп
көрсетіп, оған мына сияқты сөздермен мысал келтіреді. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: