Құрғақ қоспаның құрамындағы барийді анықтау Бұл жұмыс ерітіндідегі барий катионын, сульфат анионымен



бет5/5
Дата31.03.2022
өлшемі44,23 Kb.
#137418
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Барийді гравиметриялық анықтау

Тұнбаны сүзу және жуып тазарту. Тұнбаны сүзу үшін өте тығыз «көк белдеулі» сүзгіш қағазы қолданылады. Қағазды воронкаға жапсырып тұнба үстіндегі ерітінді сүзіледі. Ал стақандағы тұнба үстіне жуғыш ерітіндінің (250 мл дистилденген су және 1 мл күкірт қышқылы ( ) 10 мл құйып тұнба араластырылады тұнба ыдыс түбіне шөкеннен кейін, үстіндегі ерітінді тағыда сүзгілеп өткізіледі. Бұл операция 2-3 рет қайталанады. Осылайша (декантация әдісі) жуылған тұнбаны толығымен шыны таяқшаның көмегімен сүзгіш қағазға, воронкаға салады. Тұнбаны жуғыш ерітіндімен хлордан толық арылғанша жуып тазартады. Толық жуылғанын тексеру үшін сүзгіден өткен ерітіндіден біраз 1-2 мл сынауыққа құйып алып оның үстіне 2-3 тамшы күміс нитраты ерітіндісін қосады. Егер лайлану байқалмаса онда тұнба хлор ионынан тазартылған болып саналады. Бұдан кейін воронкадағы тұнбаны ыстық дистилденген сумен жуа отырып сульфат ионынан тазартады. Сүзгіден өткен ерітіндіге барий хлориді ерітіндісін қосқанда лайлану байқалмаса жуу үрдісін тоқтатады.
Тұнбаны кептіру және қақтау. Жуып тазартылған тұнбаны сүзгіш қағазымен бірге орап, алдын ала массасы өлшенген фарфор тигельге салады. Тигельді электр плитасына қойып қағаз жана бастағанша кептіреді. Сонан соң фарфор ыдысты темір қысқышпен алдын ала қыздырылған температурасы 600-8000С болатын муфель пешінде 30 минут уақыт қақтайды. Қақтап болғаннан кейін тигельді эксикатор деп аталатын шыны ыдыста бөлме температурасына дейін салқындатады да салмағын таразыда өлшейді. Қақтау үрдісін масса тұрақты болғанша жүргізеді. Масса тұрақты болған кездегі тұнбасы бар тигельдің массасын және бастапқыдағы бос тигельдің массасын біле отырып таза тұнбаның өлшенетін формасының салмағын табуға болады. Талданған заттың құрамындағы барийдің массалық үлесін есептейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет