Құрғақ қоспаның құрамындағы барийді анықтау Бұл жұмыс ерітіндідегі барий катионын, сульфат анионымен



бет3/5
Дата31.03.2022
өлшемі44,23 Kb.
#137418
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Барийді гравиметриялық анықтау

Массаны таразыға тарту. Алғашында бос тигельдің массасы техникалық таразыда 0,01 г дейінгі дәлдікпен өлшенеді, сонан соң тигель аналитикалық таразыда 0,0002 г дейінгі дәлдікпен өлшеніп мәні жұмыс кітапшасына жазылады. Бұдан кейін бос тигельге талданатын заттың есептеп алынған массасы немесе соған жуық массасы техникалық және аналитикалық таразыларда өлшеніп алынады, нәтижесі кітапшаға жазылады. Тигельдің затпен қосқандағы және бос тигельдің массаларын біле отырып талданатын массасы табылады.
Массаны еріту. Талданатын заттың (барий хлориді) кристаллогидраты таразыға тартылған массасын толығымен, көлемі 250-300 мл таза стақанға салады. Үстіне 100 мл дистилденген су және 2-3 мл тұз қышқылы моль/л ерітіндісі қосылады (коллоидты ерітінді болмас үшін және ірі кристал түзілу үшін). Осыдан кейін ерітінді шыны таяқшамен жақсылап араластырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет