ҚҰрылымдық материалдар технологиясы



бет16/28
Дата15.09.2017
өлшемі3,67 Mb.
#32990
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28

12- сурет. Жону-бұрамакескіш білдек
Суретте 16К20 модельді жону-бұрамакескіш білдек көрсетілген. Жону-бұрамакескіш білдектің басты түзілімі келесілер: табан 5, жылдамдық қорабы орнатылған алдыңғы тұғыр 2, фартук 6 пен құралкүймешік 3 артқы тұғыр 4 және айналдырықтан құралкүймешікке қозғалыс жіберетін беріс қорабынан 1, қозғалтқыш бұрамадан 8, қозғалтқыш білікшелерден 7 тұратын механизм.

Білдектің басқа бөлшектері табанның үстінде орнатылған. Табанды шойыннан қорап пішіндес құяды. Табанның үстіңгі жағында құралкүймешік пен артқы тұғыр қозғалатындай етіп бағыттауыштар орнатылады.



13 – сурет. Айналдырық.
Алдыңғы тұғыр білдекті күрделі жөндеуге дейін қозғалмайтындай етіп табанға бекітіледі. Айналдырық, дайындамаға әртүрлі айлабұйымдар арқылы қозғалыс жіберетін, басты қозғалыс тізбесіндегі соңғы буын. Айналдырықтың оң жақ бөлігінде (13сурет) қысқы мен арнаулы айлабұйымдарды бұрап қондыру үшін бұранда қиылған. Айналдырықтың ішкі бөлігі конус пішінді өңделген, ол жерге төлке мен центр 4 орнатылады, ал белдеушенің 2 цилиндрлік беті қысқы мен басқа айлабұйымдарды орнататын орын. Айналдырықтың ішіндегі тесік дайындамалар өтетіндей өтпелі болу керек. Алғы тұғырдың ішінде жылдамдық қорабы орнатылған.

Артқы тұғыр өңделетін біліктерге төсем ретінде және бұрғыларды, үңгілдерді, ұңғылағыштарды, басқа құралдарды бекіту үшін қолданылады.


14- сурет. Құралкүймешік.
Құралкүймешік (14 сурет) құралдарды (кескіштерді) бекітуге және оларға беріс қозғалысын жіберуге қолданылады. Құралкүймешіктің жеке бөліктерімен бірге кескіштер әртүрлі бағытта орын аустыра алады. Құралкүймешіктің төменгі (көлденең) жылжымасы тегершікті 12 айналдырғанда табанның бағыттаушысы бойымен жүреді, ал осы кезде кескіштік бекіткпедегі 1 кескіштің төбесі айналдырыққа параллель түзудің бойымен жүріп отырады. Құралкүймешіктің төменгі көлденең жылжымасы 15 қолсапты 13 айналдырғанда күймешенің 14 бағыттаушысы бойымен қозғалады, ал кескіштің төбесі айналдырықтың осіне перпендикуляр түзудің бойымен жүріп отырады.

Айналатын бөлігі 16 көлденең жылжыманың шеңберленген ойығымен центрленіп гайкамен 17 қатаң бекітіледі. Қолсапты 3 айналдырғанда үстіңгі жылжымалар 2 құралкүймешіктің айналатын бөлігінің бағыттауышының бойымен жүріп отырады.

Айналатын бөлігінің қажетті бұрышта орнатылуы бұрыштық шкала арқылы бақыланады. Фартук 10 құралкүймешіктің күймешесіне орнатылады. Құралкүймешіктің жеке бөліктері қолмен ғана басқарылмайды қозғалтқыш білікше 6 арқылы немесе бұранда қию керек болса қозғалтқыш бұрама арқылы да басқарылады. Фартуктің артқы бетінде құралкүймешікті тісті төрткілдешпен 8 қозғалтқыш білікшемен және қозғалтқыш бұрамамен байланыстыратын механизм орнатылған. 16К20 білдегіндегі фартуктің оң жағында құралкүймешіктің беріс қозғалысын қозғалтқыш білікшеден жіберетін қолсап 15 және білдектің айналдырығын қосатын қолсап 9 бар.
6.3.1.2 Жону-бұрамакескіш білдегінің айлабұйымдары

Дайындамаларды айналдырық пен артқы тұғырдағы сүйеутөлке (пиноль) арасына орнату үшін центрлер қолданылады. Дайындамаларды центрлерге орнату үшін алдын ала оның бүйірінен центрлік тесіктер тесіп алынады (15,а сурет). Өңдеу кезінде бұрау моменті айналдырықтан жұдырықшалы немесе жетекті қысқы арқылы берілісте болады. 61,б суретте айналдырыққа бұралып кигізілген жетекті қысқы 1 және дайындаманың сол жақ шетіне бұранда 3 арқылы отырғызылған қамытша 2 көрсетілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет