15- сурет. Айлабұйымдар.
Біліктерді жедел өңдеу кезінде артқы тұғырдың сүйеутөлкесіне айналмалы центр орнатылады (15,г сурет).
Өздігіненцентрленетін қысқыстар дайындаманың центрленуін көздеп қоса бекіту үшін қолданылады. Қысқыларды центрлендіру механизмдерінің келесідей: екіорындық бұрамалы, спиральді, төрткілдешті және 2 - 4 жұдырықшалы және басқа түрлері болады. Ең көп таралғаны үшжұдырықшалы (16 сурет,а). Қысқының тұрқында бүйірлік кілт үшін шаршы ұясы бар конустық тісті үш доңғалақ 3 орнатылған. Доңғалақ 3 конусты үлкен доңғалақпен 4 іліндірілген; бұл доңғалақтың басқа жағында жұдырықшалардың 1 төрткілдештері іліндірілген бүйірлік бұрандасы 2 бар.
16 – сурет. Қысқылар.
Төртжұдырықшалы қысқыларда (16,б сурет) әрбір жұдырықша өзінің бұрамасымен ашылып-жабылуына байланысты оларға симметриялы емес және дөңгелек емес дайындамаларды бекітуге болады. Төртжұдырықшалы қысқыларда дайындамаларды дұрыс бекіту кейбір жағдайларда көп уақытты қажет етеді.
Дайындамаларды қысқыда бекіту мүмкіншілігі болмаған жағдайларда қысқұрылғы 5 (16,в сурет) қолданылады. Диск пішінді дайындамаларды ұстатқыштармен бекітеді; келте құбырды 6 (16,г сурет) бекіту үшін бұрыштық 7 пайдаланылады.
Келтірілген құрылымдағы өздігінен центрленетін және төртжұдырықшалы қысқыларда, сонымен қатар қысқұрылғыларда дайындамаларды қолдан орнықтыру олардың кемшілігіне жатады. Қосымша уақытты азайту үшін пневматикалық, гидравликалық және электрлі қысқылар қолданылады.
Қатыңқы емес ұзындығы диаметріне қарағанда 10есе ұзын біліктерді өңдеу кезінде олардың ортасын тіремей тек қана центрлерге қысып ұстату жеткіліксіз, себебі кесу күшінің әсерінен дайындамалар едәуір майысып кетеді. Мұндай майысуды болдырмау үшін дайындаманы қосымша сүйеуішпен ұстатады. Әрбір жону-бұрамакескіш білдекте жылжымалы және жылжымайтын екі сүйеуіш болады. Жылжымайтын сүйеуіш (16 сурет) табанына орнатылады; оның дайындаманы өңдеу кезінде ұстап тұратын үш жұдырықшасы бар.
17 – сурет. Сүйеуіштер.
Достарыңызбен бөлісу: |