ҚҰрылымы пәннің оқу әдістемелік кешені (ПОӘК)



бет43/195
Дата10.06.2020
өлшемі451,13 Kb.
#72835
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   195
Байланысты:
ҚҰРЫЛЫМЫ умкд

Жамбас сүйектері: Жамбас үш сүйектен тұрады: 1) мықын; 2)
шат; 3) шонданай сүйектері. 16 жасқа дейін бұл сүйектер өзара шеміршекпен бекіген. 

Үлкен жамбас қуысы:Үлкен жамбас қуысы кіші жамбас қуысымен салыстырғанда кең және
көлемді. Оның қуысы екі жағынан мықын сүйегінің ойыс беттерімен, артқы
жағы Ү бел омыртқамен шектеліп жатады. Үлкен жамбас қуысының төрт
өлшемі бар: үш көлденең және бір тік өлшемі:
1. . Distantia cristarum - мықын сүйегі қырларының нүктелік аралығы (28-29
см). Ол үшін өлшегіштің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен
жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.
2. Distantia srinarum - мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қанатты
өсінділерінің аралығы. Бұны өлшеу үшін жамбас өлшегішінің түймелерін осы
өсінділердің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық - 25-26 см.
3. Distantia trochanterica - ұршық аралығы. Ортан жіліктің жамбас ойысында
орналасқан ұршықтардың арасы. Ол шамамен - 30-31 см.
4. Conjugata externa - сыртқы коньюгата немесе жамбастың сыртқы тік
өлшемі. Бұл өлшемді анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын
бүгіп, үстіңгі аяғын созуы керек. Өлшегіштің бір түймесін шаттың сыртқы
жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын сегіз көз үсті ойығына
орналастырады. Сыртқы коньюгата қалыпты жағдайда - 20- 21см.
Кіші жамбас қуысы - айналасы сүйектермен, үсті
кіреберіс, асты шығаберіс жазықтықтарымен
қоршалған кеңістік. Бұл төрт жазықтыққа бөлінеді
1. Жамбасқа кіреберіс жазықтық.
2. Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы.
3. Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы.
4. Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы.
1. Жамбас қуысына кіреберіс жазықтық алдынан симфиздің жоғарғы және шат сүйегінің жоғарғы ішкі жиектерімен, бүйірінен мықын сүйегінің доғал сызығымен, артынан - сегізкөз мүйісімен шектеледі. Жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында 3 өлшем бар: тік көлденең және екі қиғаш өлшемдері.

2. Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы алдынан симфиздің ішкі бетінің ортасымен, бүйірінен ұршық ойығының ортасымен, артынан ІІ-ІІІ сегізкөз


омыртқаларының жалғасқан жерімен шектелген. Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар. Тік өлшемі - сегізкөздің ІІ, ІІІ омыртқаларының
қосылған жерінен симфиздің ішкі бетінің ортасына дейін, ол 12,5 см. Көлденең өлшемі - ұршық ойыстарының
арасы, 12,5 см-ге тең.
3. Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы алдынан симфиздің төменгі жиегінен, бүйрінен - шонданай
сүйектерінің қырларымен, ал артынан - сегізкөзқұйымшақ тігісімен шектелген.
Тік өлшемі - сегізкөз-құйымшақ тігісінен симфиздің
төменгі жиегіне дейінгі арылықта орналасқан, 11-11,5 смге тең.

Диагностика:Анамнез.Сыртқы тексеру,жамбасты өлшеу,ұрықты
өлшеу.Қынаптық зерттеу.Көрсеткіштер бойынша: УДЗ,рентгенпельвиметрия, компьютерлік, томографиялық пельвиметрия, магнитнорезонансты томография..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет