Шүрті (clitor): қасағаның төменгі жиегінде орналасқан , аяқшалары өзара бірігіп, дөңгелек пішінді денесін құрайды. Қынап сағасы (Vestibulum vaginae): алдыңғы жағынан шүртімен, артқы және төменгі жағынан үлкен жыныс ернеулерімен, жақтаудың ішкі жағынан кіші жыныс ернеулерімен қоршалған кеңістік, қынап сағасының түбін қыздық перде құрайды. Аралық (perineum): тері, шандыр және бұлшықеттен тұрады, үлкен жыныс ернеуінің артқы жабысқан жері мен құйымшақ арасында орналасады, шандыры мен бұлшықеттері жамбас түбін құрайды
Қынап (vagina): қынаптың кіреберіс жазықтығынан қынап күмбезіне дейінгі созылмалы түтікше мүше, ұзындығы 7-8 см , қабырғалары үш қабаттан тұрады: а) шырышты, б)бұлшық ет, в) адвентициалды
Жатыр (uterus): алмұрт тәрізді, қозғалмалы мүше, салмағы 50 г, ұзындығы 8 см, ені 5 см, қабырғаларының қалындығы 1-2 см, Бөліктері: а) денесі, б) түбі, в) төменгі сегменті
Үш қабаттан тұрады: а) эндометрий - ішкі шырышты қабат, б) миометрий - етті қабат,
в) периметрий - сір, ең жіңішке сыртқы қабат
Достарыңызбен бөлісу: |