«Құрылыс» Мамандығының студенттеріне арналған


-ДӘРІС. ДИНАМИКАЛЫҚ КҮШТЕР ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ



бет101/234
Дата31.01.2018
өлшемі18,96 Mb.
#36363
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   234
14-ДӘРІС. ДИНАМИКАЛЫҚ КҮШТЕР ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ

АЙНЫМАЛЫ-ҚАЙТАЛАНБАЛЫ КҮШКЕ ҚАРСЫЛАСУЫ

1.НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР. БІРҚАЛЫПТЫ ҮДЕМЕЛІ ҚОЗҒАЛҒАН МАШИНА БӨЛШЕКТЕРІН БЕРІКТІККЕ ЕСЕПТЕУ

2. СЫРЫҚТЫ СОҒУ КЕЗІНДЕ БЕРІКТІККЕ ЕСЕПТЕУ

3.НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР. МАТЕРИАЛДАРДЫҢ АЙНЫМАЛЫ-ҚАЙТАЛАНБАЛЫ КҮШКЕ ҚАРСЫЛАСУЫ

4. ТӨЗІМДІЛІК ШЕГІН АНЫҚТАУ. ҚАЖУ ДИАГРАММАСЫ

5. ШЕКТІ КЕРНЕУЛЕР ДИАГРАММАСЫ

6. ТӨЗІМДІЛІК ШЕГІНЕ ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН ФАКТОРЛАР

7. БЕРІКТІК ҚОРЫ КОЭФФИЦИЕНТІН АНЫҚТАУ

8. АСИММЕТРИЯЛЫҚ ЦИКЛДЕР ҮШІН БЕРІКТІК ҚОРЫ КОЭФФИЦИЕНТІН АНЫҚТАУ

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

Күш нөлден бастап соңғы шамасына жеткенше баяу өсіп, соңында тұрақты болып қалатын болса, статикалық күш деп аталады. Статикалық күш әсер еткен конструкцияның үдеуі мардымсыз болғандықтан, инерция күші нөлге тең.

Шамасы жылдам өзгеретін күш динамикалық күш деп аталады. Динамикалық күштің әсерінен конструкция немесе оның элементтері елеулі тербелістерге ұшырап, тербеліс жылдамдығының өзгеруіне байланысты жүйеде массасы мен үдеуінің кобейтіндісіне тең инерция күші пайда болады. Бұл күш бастапқы күшке қарағанда бірнеше есе үлкен болуы мүмкін. Динамикалық күштер, соққы айнымалы қайталанбалы т. б. күштерге ажыратылады. Машина бөлшектерін динамикалық күшке есептеу статикалық күшке есептеуге қарағанда әлдеқайда күрделі.

Конструкция элементін динамикалық күшке есептеу үшін теориялық механикадан белгілі, Даламбер принципі қолданылады. Бұл принцип бойынша қозғалыстағы кез келген денені сыртқы және инерция күштерінің әсерінен қандай да бір мезетте лездік тепе-теңдік болады деп қарастыруға болады. Егер жүйенің инерция күшін анықтауға мүмкіншілік жоқ болса (мысалы соққы күші әсер еткенде), ішкі күштерді, деформацияны анықтау үшін энергияның сақталу заңы қолданылады. Динамикалмқ күштердің әсерінен материалдардың механикалық қасиеттері өзгереді. Мысалы, статикалық күштің әсерінен материалдар пластикалық қасиет көрсетсе, динамикалық (соққы) күштің әсерінен морттық қасиет көрсетуі мүмкін, т. с. с.

БІРҚАЛЫПТЫ ҮДЕМЕЛІ ҚОЗҒАЛҒАН МАШИНА БӨЛШЕКТЕРІН БЕРІКТІККЕ ЕСЕПТЕУ

Кранннң болат сымнан есілген арқанына ілінген брус сыртқы Р күшінің әсерінен Ү осінің багытында бірқалыпты үдемелі қозгалыста болсын (XII.1, а-су-рет). Динамикалық күш әсерінен брус үлкен деформацияға ұшырамайды, қатаңдыгы жеткілікті деп қарастырайық. Брусқа сыртқы Р күшінен басқа көлемінде бірқалыпты таралған, қарқындылығы q-ға тең өзінің салмағы Q = ql инерциялық күш Pu = ma әсер етеді. Есептеу схемалары күштердің әрқайсысы үшін XII. 1, б, в, г-суреттерде жеке көрсетілген.

Ұзындығы бірге тең брус бөлігінің инерциялық күші келесі формуламен анықталады



Статиканын келесі теңдеуін құрайық



бүдан

Енді ию моментінің эпюрін тұрғызып (ХІІ.І, д, е-сурет), брустың ортасындағы күш түскен қима қауіпті екенін көреміз.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет