ТАБУ.
1. ИІЛУ ДЕФОРМАЦИЯЛАРЫ
2. ИІЛГЕН ӨСІНІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУІ
3. ИІЛУ ОСІНІҢ ӘМБЕБАП ТЕҢДЕУІ (Бастапқы параметрлер әдісі)
4. ИІЛУ ДЕФОРМАЦИЯСЫНЫҢ ПОТЕНЦИАЛДЫҚ ЭНЕРГИЯСЫ
5. ДЕФОРМАЦИЯНЫ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ (ЖАЛПЫ) ӘДІСТЕРМЕН АНЫҚТАУ
ИІЛУ ДЕФОРМАЦИЯЛАРЫ ИІЛУ ОСІНІҢ ӘМБЕБАП ТЕҢДЕУІ (Бастапқы параметрлер әдісі)
Егер арқалық екі аралықтан тұрса, бұрылу бұрышы мен иілу мөлшерлерін анықтау үшін төрт теңдеуді шешу керек екендігін жоғарғы мысалда көрсеттік. Дәл сол сияқты, n аралығы бар арқалықты қарастырсақ, бұрылу бұрыштары мен иілу мөлшерлерін анықтау үшін 2n теңдеулерді бірге шешуге тура келер еді. Егер қарастырылып отырған арқалықтың қатаңдығы өне бойында тұрақты болса, бұл қиыншылықтан оңай құтылуға болады екен. Ол үшін
а) Координата жүйесінің бас нүктесі ретіңде арқалықтың сол ұшын қабылдап, Ү осін жоғары, Z осін солдан оңға қарай бағыттайды (ІХ.4-сурет),
б) Кез келген қимадағы ию моментінің өрнегін құрғанда координата жүйесінің бас нүктесі мен сол қиманың арасындағы сыртқы күштер міндетті түрде түгел ескерілуі тиіс.
в) Ию моментінің өрнегіндегі сыртқы момент, бірге тең (z — а)° көбейткішіне кебейтіледі.
г) Белгілі бір заңдылықпен үздіксіз таралған күш z-тің қандай да бір мәнінде үзілсе (мысалы, z = е), онда оны қарастырылған қимаға дейін сол заңдылықпен, өзара тең, бағыттары қарама-қарсы таралған күштермен жалғастыру керек (ІХ.4-сурет).
Барлық аралықтардың серпімді сызық теңдеулері жақшалары ашылмай интегралданады.
Мұндағы у0, θо — бастапқы параметрлер; уо — серпімді сызығының координата жүйесінің басындағы иілу мөлшері; Өо — иілу осіне, координата жүйесінің бас нүктесі арқылы жүргізілген жанама мен абсцисса осінің арасындағы бұрыш.
Арқалықтың I... V аралықтарының бұрылу бұрыштары мен иілу мөлшерлерін өрнектейтін он теңдеуді төменгі екі теңдеуге келтіруге болады
Бұл теңдеулер иілу осыерінің әмбебап теңдеулері деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |