Мониторинг станциясы (МС) бақылау-өлшеу жабдығы, радиожиіліктік қабылдау-тарату жабдығы және антенналық бекеттер кешенін өзіне қамтитын БМЖ-ның аппараттық-бағдарламалық бөлігі болып табылады.
Мониторинг жүйесін басқару орталығы (МБО) функционалдық белгісі бойынша бөлінетін және пайдалы жүктеменің жиіліктік-энергетикалық ресурсын жоспарлау және басқару, «Казсат» ҒА пайдалы жүктемесін өлшеулер және мониторинг жүргізу, сондай-ақ ЖС ҒА транспондерлеріндегі жұмысқа рұқсаттама беру рәсімін жүзеге асыру үшін ЖС параметрлеріне өлшеулер жүргізу міндеттерін жүзеге асыруға арналған автоматтандырылған жұмыс орындарынан (АЖО) тұрады.