«рим қҰҚЫҒЫ» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Меншік кұқығыньщ тоқтатылуы



бет3/5
Дата08.07.2018
өлшемі348,5 Kb.
#48322
1   2   3   4   5

Меншік кұқығыньщ тоқтатылуы. Затқа меншік құқығы тоқтатылды, егер меншік иесі өз еркімен заттан бас тартса, зат жойылса, зат иеліктен шығарылса, немесе меншік иесінен зат еріксіз алынса. Заттың жойылуы физикалық және юридикалық жойылу арқылы болуы мүмкін. Физикалық жойылу дегеніміз- заттың толық жойылуы немесе ол заттың сапасы жоғалтылған жағдайға келтірілген болса. Юридикалық жойылу дегеніміз затты азаматтық айналымнан алып тастау. Меншік құқығы тоқтатылады, егер зат иеліктен шығарылса, яғни жеке-құқықтық мәмілелер арқылы затты басқа біреудің меншігіне беру.

Бақылау сұрақтары:

Меншiк құқығының ұғымы

Меншiк құқығының мазмұны

Иелiк және меншiк құқығы

Иелiк ету және ұстау

Иелену түрлерi

Иелiк етудi айқындау және тоқтату

 

 



 
Дәріс 6. Бөтен адамның заттарына құқық

Мақсаты: Бөтен адамның заттарына құқық, соның ішінде сервитуттар ұғымы мен түрлерін, кепіл және оның нысанын оқыту.
1.Бөтен адамның заттарына құқық

 Рим құқығында шектеулi өкiлеттiктерi бар заттарға құқықтар дамыған. Бұл құқық обьектiсi ретiнде бұтен заттар болатын. Бұтен заттарға құқықтар ертеде пайда болған. Бiрте-бiрте дамып ерекше өкiлеттiктер тобын құрды. Бұл топқа сервитуттар, суперфиций және эльфитевзис институттары кiредi. Сервитуттар бұл бөтен затпен пайдалануға мүмкiндiк беретiн құқықтар. Олар белгiлi-бiр учаскенi эксплуатациялау кезiнде пайданы көруге немесе белгiлi бiр адамға пайдасын тигiзетiн құқықтарды орнататын. Жер участкесi тек ғана ұзiнiң егесiне қызмет еткен жоқ, сонымен қатар ол көршi ұстем ететiн участкеге өз пайдасын көрсете алатын. Яғни, көршi егесiне де өз пайдасын тигiзетiн. Көршiсiнiң қызмет ететiн затқа құқықтары да сервитут деп аталды. Бiрақуақыт өте келе, бұл термин ұқсас қатынастарды қамтитын. Қызмет ететiн заттардың егесi ұз затына белгiлi-бiр әрекеттен сақтануы тиiстi болған. Сервитут әрекет жасаудан сақтануды мiндеттейтiн. Еж. Рим құқығында тек ғана жер сервитутын таныған. Жер участкесiнiң егесiне соның пайдасына басқа бiр жер участкесiнiң бағынуы үстемдiк етушi участкенiң шаруашылық пайдалылығын толтыратын нысана болып табылады. Кейiнiрек жеке сервитуттар тобы қалыптасты. Олар usufruct және usus. Жер сервитуты үстемдiк етушi участкемен байланысты болады. Жер сервитуттары 2-негiзгi шарттардан тұратын:

Серивитут үстемдiк етушi уч. пайдасын қамтамассыз етуге мiндеттi болды. Бiрақ  сервитут  үстемдiк етушi учаскемен құндылығы мен оның кiрiсiнiң өсуiне әрекеттердi жасауға мiндеттi емес.

Сервитут ұзiнiң ресурстармен қамтамассыз етiлген болуы керек және үстемдiк етушi участкенiң егесiне тұрақты қызмет етуге мiндеттi. Сервитут кез-келген жерде пайда болмауы керек. Сервитуттың өзi бұлiнбейтiн, тек ғана сервитуттық құқықтар бұлiнетiн.

Жер сервитутының тұрлерi:

Жол және су сервитуттары

Ауыл және қала сервитуттары

Атпен, насилкамен және жол жұру құқығы

Малды өткiзу құқығы

Арбада заттарды алып жұру құқығы

Су алу құқығы

Су өткiзу құқығы

Малды суғару құқығы

Малды жайылыммға жаю құқығы

ғалалық сервитуттар:

Өзiне шатырды iстеу құқығы

Бөтен қабырғаларға тақтайларды тақап қою құқығы

Бөтен қабырғаға үйдi құру немесе бұтен тiрекке үйдi тақау.

Жеке  сервитуттар ұмiрлiк бұтен заттарды пайдалануға құқықтар болып табылады. Жеке сервитуттардың түрлерi:

Узуфрукт - өкiлеттiгiбар адам (usufructarii) затпен паймдалануға затты бұзбай өзгертпей

жемiстердi пайдалануға құқығы



Узус - бұтен затпен пайдалану нысаны. Узуфруктқа қарағанда узустың көлемi шектеулi

болады. Затты пайдалану бiр адамнан екiншi адамға берiлмейдi немесе оны бұлуге рұқсат

етiлмейдi.

Habitatio – бөтен үйге немесе оның бiр бұлiгiне өмiр бойы тұру құқығы. өкiлеттi адам осы

ұйге тұра алатын немесе басқа адамға жалға бере алатын.



Operal scrvorum vel animalium - бұтен құлдарды немесе жануарларды пайдалану құқығы.

2. Сервиттуттың пайда болу негiздерi:

Ин юре цесиум (iс-жұргiзу цессия) және манципация

Ескiру арқылы 2-жыл бойы сервитутты жүзеге асыру

Жалпы меншiктi бұлу iс-жүргiзуде судья сервитуттық қатынастарды орындауға мүмкiндiк алған.

Қайтыс болған кезде арнайы келiссұздер бойынша мұра берушiлер мұрашгердi басқа адамға сервитутты орнатуға мiндеттейтiн.

Рим билеушiлерiнiң  эдиктiлерi белгiленген формальды немесе шарттар арқылы. 

Сервитуттық құқықтарыд әдет-ғұрып арқылы беру

Преторлық естiру бойынша.



Сервитуттың тоқтатылуы:

Өкiлеттi адамдардың iс жұргiзу нысандарында өз құқықтарын егесiне беру;

Өшiру, ескiру арқылы;

Егер қызмет еткен учаскенiң егесi көршi ұстем етушi участкесiн меншiкке алса 2 құқықтың бiрiгуi

Егер обьектiнiң өзi өзгеретiн болса;

Егер сервитуттың егесi қайтыс болса  немесе оның құқық қабiлеттiлiгi өзгеретiнболса.



3. Суперфиций және эльфитевзис мұрагерлiк және өзгеленген (отчуждаемый) затқа құқықтар болып табылады. Суперфиций жерде, жердiң астында, жермен байланысты барлық нәрселердi қамтиды. Бұл құқық бойынша бөтен жерде соғылған ғимаратты көп уақыт iшiнде пайдалану мүмкiн едi. әимарат жер егесiнiң меншiгiнде болатын.

Эльфитевзис - бұл бұтен жердi ұңдеу құқығы. Эльфитевзис құқығы өте кең болған. Ол иеленудi жұзеге асыратын және оның иеленушiлiк қорғауы болатын. Жемiстер мен табыстар сепарациядан кейiн эмфитефтiң меншiгiне түсетiн. Эмфитефтiң құқықтары мұрагерлерге ұтетiн. Оларды сыйлауға, сатуға мүмкiн едi. Егер эмфитеф өз құқықтарын сататын болса, онда ол жер егесiне хабар беруге немесе оған бағасынан 2-пайыз беруге не бiрiншi сатып алу құқығын беруге мiндеттi. Эмфитефтiң мiндеттерi:

Шаруашылықты жұргiзу;

Қоғамдық салықтарды төлеу;

Егесiне жылдық рентаны төлеу. 

Бақылау сұрақтары:

Сервитуттар ұғымы мен түрлерi

Сервитуттардың түрлерi

Эмфитевзис және суперфиций

Кепiл және оның нысандары

Мiндеттеменi орындау мерзiмiнiң басталуына дейiнгi және кейiнгi кездегi кепiл бойынша

несие берушiнiң құқықтық жағдайы


Дәріс 7. Міндеттеме ұғымы

Мақсаты: Бөтен адамның заттарына құқық, соның ішінде сервитуттар ұғымы мен түрлерін, кепіл және оның нысанын оқыту.

1Міндеттеме ұғымы

2Міндеттеменің орындалуы және тоқтатылуы
1.Міндеттеме түсінігі. Міндеттеме-бұл несие берушінің борышқордан өзінің пайдасына нақты әрекетті, мінез құлықты талап ететін формальды мүмкіндігінен тұратын субъективтік юридикалық жағдай. Міндеттеме түсінігі Юстинианнң Институцияларьнда керсетілген. Бүл Институцияға сәйкес біздің мемлекетіміздің кұкығына сай қандай да болмасын бір нәрсені орындауға байланысты құқықтық. Ал, Павел міндеттемеге мынадай анықтама береді - міндеттеменің мәні қандай да болмасын затты біздікі ету емес, немесе сервитутты біздікі ету емес, бірақ басқа түлғаны біздің алдымызда ол қандай да болмасын затты беру, жасау немесе ұсынуға байланысты байлап қою. Міндеттеме уәкілетті тұлғаның міндетті тұлғаның мүліктік сипаттағы нақты әрекеттерді жасауын талап ету құқығын білдіреді.

Кейіннен міндеттеме екі тұлғаның арасындағы заңи қатынас ретін-де қарастырыла бастады. Бұл қатынасқа сәйкес бір тарап несие беруші және ол талап ету құқығына ие, ал, екінші тарап борышқор-бұл несие берушінің пайдасына белгілі бір әрекеттерді жасаушы. Міндеттеме әр кезде де уақытша және ол тоқтатылуға есептелінген.

Міндеттеме контрактіден, деликтіден, квази-контрактіден, квази-деликтіден пайда болады. Контракт дегеніміз - цивильдік құқықпен танылған және талаппен қорғалатын шарт. Деликті құқықбұзушылық, зиян келтіретін тиым салынған әрекет.

Кей жағдайда түлғаның жасаған әрекеті міндетеменің пайда болуына әкеліп соқтыратын, бірақ бұл белгілі бір шарттардың бірде-біреуіне сәйкес келмейтін. Осындай ақтаңдақты реттеу үшін міндеттемені пайда болғызатын шартқа ұқсас міндеттеменің пайда болу негізін |қарастырды, яғни квази-контрактілерді. Егерде міндеттеме құқық бұзушылық салдарынан пайда болса және бұл құқық бұзушылық бізге белгілі бірде-бір деликтінің қатарына жатпаса, міндеттеме квази-деликтіден пайда болды деп саналды.

Міндеттеме қоғамда абстрактілік нысанға ие және табиғи сипатты

карастырмайды.

Міндеттеменің мазмұны міндетті тұлғаның беру, жасау, ұсынуын міндеттейді және ол рим терминологиясында dare, facere, рraestare терминдерімен анықталды.

«Беру» термині - мүлікті беру дегенді білдіреді. Бұл әрекет заттық кұқықтарды бір тұлғадан екінші түлғаға ауыстырумен тығыз байланысты.

«Жасау» - бір тұлғаның екінші тұлғаның пайдасына жасалатын нақты физикалық сипатқа ие және бөлінбейтін кешенді әрекетті жүзеге асыру. «Ґсыну» - материалдық нысандағы, соның ішінде ақшалай сипаттағы төлемді жүргізу, орналастыру.

Міндеттеме мүліктік сипаттағы орындауды болжайды. Міндеттеме институты бірнеше ішкі институттарға ие: міндеттеме түсінігі, орындалу орны және уақыты, міндеттеменің тоқтатылуы және міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері.

2. Міндеттеменің тараптары кредитор мен дебитор. Кредитор талап ету құқығына ие, ал дебитор беру, жасау немесе ұсынуға міндетті. Кейбір жағдайда бірнеше кредитор мен бірнеше дебитор болуы мүмкін. Егер міндеттемеге бірнеше тарап қатысса жауапкершілік және міндеттеме үлестік немесе ортақтасқан болады. Үлестік жауапкершілік болуы мүмкін, егерде жауапкершілікті борышқорлар жалпы борыштың көлемінде пропорциональды жауап берсе. Ортақтасқан жауапкершілікте борышқорлардың біреуі міндеттеме сомасы көлемінде немесе арнайы бекітілген үлесте басқалар үшін толық жауап береді.

Міндеттеме пәні заттар, акша, қызмет, жұмыс болуы мүмкін. Заттар топтық белгілерімен немесе жеке белгілерімен анықталған болуы мүмкін.

Міндеттеме түрлері. Міндеттеменің бірнеше түрі болды. Бұлар бөлінетін, бөлінбейтін, цивильдік, табиғи, альтернативтік және факультативтік. Жауапкершілік сипатына қарай міндеттеме үлестік жэне ортақтасқан болуы мүмкін.

Міндеттеме бөлінетін деп танылады, егерде оның пәні оның кұндылығын жоғалтпай бөлуге мүмкіндік берсе. Бөлінбейтін міндеттеме дегеніміз міндеттеме пәні бөлінбейтін міндеттеме. Міндеттемені еріксіз орындау мүмкіндігін қарастыратын міндеттеме цивильдік болып табылады. Табиғи міндеттеме талаппен қорғалмайтын мүліктік сипаттағы қатынас. Альтернативтік міндеттеме дегеніміз борышқордың екі әрекеттің біреуін орындауға тиісті болатын міндеттеме. Егерде шартта өзгеше көзделмесе қай әрекетті орындауды таңдау құқығы міндетті тұлғаға беріледі.

Факультативтік - бұл тиісті міндеттеменің орнына басқа міндеттемені орындау мүмкіндігі. Факультативтік міндеттемеде міндеттеме пәні біреу, бірақ борышқорға жеңілдік беріледі, яғни борышқор міндеттеме пәнінің орнына басқаны ұсына алады.

2. Міндеттеменің орындалу орны дау болған затты бағалауға мүмкіндік береді. Міндеттеменің орындалу орны шартпен анықталады. Егерде міндеттеменің орындалу орны альтернативті түрде көрсетілсе, міндеттемені орындау орнын борышқордың қалауы бойынша анықталады. Ал, егер орын-далмаса, орындау орнын таңдау несие берушіге тиесілі. Егер шартта міндеттеменің орындалу орны көрсетілмесе, онда орындалу орны болып берілген міндеттеме бойынша талап қоюға мүмкін болатын орын саналды. Кейде мәміле күрделі болуы да мүмкін. Мысалы, Эфесте он төлеу, немесе Капуда құлды беру. Заңгерлер теңіз саудасы дамыған кезде міңдеттеменің орындалу орнын анықтау экономикалық жағдайға, рынок жағдайында анықтау ерекше мәнге ие деп көрсетті

Несиенің де бағасы әр жерде әртүрлі бодды. Ал, соттың қарау орны түлғаның қауымдастыққа қатысына байланысты немесе борышқордың тұрған жері бойынша анықталды. Кез келген талап азаматтығына және тұрғылықты жеріне қарамастан Римде қаралатын -Rоmа соmmunis nostra patria est — Рим біздің ортақ отанымыз (Б. 50. 1. 33)- қағидасымен қаралатын.

Міндеттеменің орындалу орны дау болған заттың құнын анықтау кезінде маңызды болды, себебі заттың құнын ақшалай керсетілетін болды және мұндай жағдайда маңыздысы қай жер бойынша бағалау жүргізу. Бұл сұрақ орны туралы сұрақпен қатар шешіледі, атап айтқанда келісім жасалған жермен, ал көрсетілмесе талап қойылған жермен анықталды.

Міндеттеменің орындалу уақыты туралы сұрақ шарттың тараптарына байланысты шешілді: міндеттеме орындалу керек тараптардың шартта көрсеткен мерзімінде. Мерзім күнтізбемен анықталады. Кейде мерзім нақты болмауы да мүмкін, яғни оның пайда болу мерзімі белгісіз болатын уақыт.

Міндеттеме бас кезден-ақ тоқтатылуға бағытталған. Міндеттеменің мазмұны және одан тарайтын борышқор мен несие берушінің талаптары уақытша мерзімге негізделген. Міндеттеме тұрақты болуы мүмкін емес.

Міндеттеме тоқтатылады немесе әртүрлі тәсілдермен орны толтырылады. Олардың ішінде негізгісі орындалу (төлем). Міндеттеме тоқтатылады орындалған кезде. (Гай. 3. 168).

Міндеттеменің тоқтатылуы міндеттеменің мазмұнын құрайтын тараптардың міндеттері мен құқықтарының тоқтатылуы.

Міндеттеменің негізгі және қалыпты тоқтатылу тәсілі оның тиісінше орындалуы. Тиісінше орындалу дегеніміз - міндеттемені тиісті борышқордың, міндеттеме мазмұны бойынша, орындалу орнында және мерзімінде орындалуы. Орындау -борышқордың несие берушінің пайдасына одан күтілген әрекеттерді орындауы.Орындау (solitiо) түсінігі борыш пен жауапкершіліктің бір тұлғада сәйкес келуімен бекітіледі. Solitiо, solvere түсінігі рим құқығында эволюция жасады. Міндеттеменің орындалуы және тоқтатылуына қатысты рим юриспруденциясы ортақ термин өңдеген жоқ.

Міндеттеме тоқтатылды мынадай негіздер бойынша: а) тараптардың қайтыс болуымен, егер міндеттеме жеке тұлғалық сипатта болса тоқтатылды. Ал, егер мүліктік сипатта болса міндеттеме тоқтатылады, егер тараптардың міндеттері мұрагерлікпен өтпесе. б) несие беруші мен борышқордың болашақта екіжақты құқықтар мен міндеттердің болмайтындығы туралы ерікті келісімі бойынша. Бұл жағдай орьн алады, егерде келісім шартты жасаған тұлғалардың арасында ғана болатын болса, егерде ол цессия тәртібімен бекітілмеген болса. Үшінші тұлғалардың пайдасына жасалатын міндеттемелерді тоқтату туралы келісуге болмайды; в) несие беруші тарапынан кешіру, яғни мүмкін болатын талаптардан бас тарту арқылы;

г) орындалуын талап ету мерзімін өткізіп алу, жалпы талап мерзімінен ұзақ мерзімнен аспайтындай.



Бақылау сұрақтары:

Мiндеттеме. Натуралдық мiндеттемелер

Мiндеттеменiң пайда болу негiздерi

Мiндеттемелердi классификациялау

Бiр жақты және екi жақты мәмiлелер

Контрактiлер мен пактiлер

Бiр жақты және синалагматикалық шарттар.

Ерiк және ерiктi бiлдiру

Өкiлдiктiң шарттары мен мерзiмдерi.
 

 

 8-тақырып. Римдік шарттың құқықтық қызмет ролі



Мақсаты: Римдік шарттың құқықтық қызмет ролі, соның ішінде бір жақты және екі жақты шарттарды, шарттың тараптары мен шарттарды топтастырудың ерекшеліктерін оқыту.

1.Римдік шарттың құқықтық қызмет ролі

2.Вербалдық шарттар ұғымы
1.Шарт - бұл екі немесе одан да көп тараптардың кандай да болмасын міндеттемені бекітуі туралы келісімі. Римде міндеттеменің ең көп кездесетін қайнар көзі шарт(contractus) болды.

Контракт термині орыстың шарт терминінің синонимі. Бастапқыда ол тек шартқа қатысты ғана емес басқа міндеттемелерге қатысты да қолданылды.

1 и 2 Б. 1.3 фрагменттерді қатар қарастырсақ, біз Папинианның Демосфеннің аудармасына анықтама бере отырып, соntrahuntur деликті туралы жазады; алдау, қылмыс жасау fraudem contrahare, сrimen соntrahare сөздерімен көрсетіледі. Бірте-бірте contrahare, contractus сөздері жақын сөздер бола бастады және ол міндеттеме ретінде тараптардың келісімі арқылы пайда болатын және талаппен қорғалатын шарт түсінігіне катысты қолданылды.

Кейіннен римнің құқықты жүйелеушілері жалпы ұғым conventinio-келісімді қолдана бастады. Бүл мынадай түрлерге бөлівді: а) contractus  - талаппен қорғалатын шарт, б) pactum - келісім, ех nudo расtо асtіо non nascitur (Сентенции Павла, 2.14.1) ережесінесәйкес талап берілмеді.

Ульпиан conventio сөзін түсіндіре отырып: адамдар әртүрлі жерден                                        бір жерге әртүрлі мақсатпен бірігеді, олар бір нәрсеге келіседі.

Кез-келген шартта екі тараптың еркі білдіріледі, сондықтан шарт-бұл екі жақты мәміле. Міндеттердің бір тарапқа бекітілуі немесе екі тарапқа да бекітілуіне байланысты мәміле бір жақты немес екі жақты болуы мүмкін. Мысалы, сатып алу-сату шарты екі жақты шарт, себебі тараптардың екеуінде де міндет те, құқық та бар. Сатушының құқығы сатылған тауарына ақша сомасын алу, сатып алушының сатып алынған тауарды алу. Міндеттері: ақша төлеу, екіншісінікі тауарды беру. Ал, қарыз шарты біржақты. Шарт жарамды деп есептелінеді, егерде шарттың міндетті талаптары сақталса. Бұл талаптарға: шарттың бекітілген нысанын сақгау; ерік пен ерік білдірудің сәйкес келуі; шартта мәнді талаптардың болуы; шарт негізінің болуы. Ерік- тұлғаның шарт жасауға ниеті. Ерік білдіру- еріктің сыртқа шыққан көрінісі. Ерік білдіру ерікке сәйкес келмейді деп есептелінеді, егерде шарт қорқыту, алдау, адастыру негізінде жасалған болса. Бірақ барлық адасудың құқықтық маңызы болған жоқ. Құқықтық адасу мәміле сипатындағы қате, мәміле пәніндегі, міндеттеме мақсатындағы қате. Келісімде тараптардың еркі еркін көрсетілуі тиіс. Кез-келген мәміледе ерік мүлде болмайды, егер мәмілені бала жасаса, ақыл-есі жоқтар жасаса. Сонымен қатар шарт деп танылмайды қалжың салдарынан жасалған мәміле, бүркемелеу мақсатында жасалған мәміле. Бүркемелеу арқылы жасалған мәміле дегеніміз- бір мәміле екінші мәмілені бүркемелеу мақсатында жасалатын болса. Заңды түрде танылған ерік шартта ( мүлде болмауы мүмкін. Сондықтан шарттың мәнді талаптары деген  түсінік болды. Бүл талаптар оларсыз шарт болуы мүмкін емес және жасалмаған деп саналатын талаптар. Кез-келген шарттың өзінің мәнді талаптары бар және оны тараптар оған келісуі керек. Шарт өзінің мақсатына және мазмұнына сәйкес анықталған болуы кажет. Шарт анықталған болуы керек мазмұны бойынша, соның ішінде әрекет және затқа қатысты, сонымен қатар несие берушінің мүддесін көрсетуі тиіс. Шарт құқық қабілетті және азаматтық мәртебесі бар тараптармен жасалган кезде заңды деп саналады. Шарттың пәні заттар, ақша, жұмыс, қызмет болуы мүмкін. Шарттың пәні топтық белгілермен немесе жеке белгілермен анықталған зат болуы мүмкін. Жеке белгілерімен анықталған зат жойылған кезде міндеттемені табиғи түрде орьндау мүмкін емес болды немесе жойылған затты ауыстыру мүмкін болмайтын. Борышқордың кінәсінсіз топтық белгілерімен анықталатын зат жойылған кезде міндеттеме тоқтатылмайды, себебі жойылған затты ауыс-тыру мүмкіндігі сақталды.

Шарттың мәнді талабы мерзім болуы да мүмкін. Мерзім- шарттың әрекет ету немесе тоқтату кезеңін білдіретін уақыт аралығы. Мерзім күнтізбелік, анықталмаған немесе шартты болуы мүмкін.

Шартты мерзім кезінде міндеттеменің пайда болуы немесе тоқтатылуы белгілі бір жағдайларға байланысты. Шартты мерзім пайда болуы кейінге қалдырлатын немесе тоқтатылуы кейінге қалдырылатын мерзім болуы мүмкін.



Шарттың тараптары. Шартты жасаушы түлғалар шарттың тараптары немесе субъектілері деп аталды. Рим құқығы тараптардан шартты тікелей өздерінің жасауын міндеттеді.

Тек кейіннен ғана кейбір шарттар бойынша өкіл арқылы шарт жасау қарастырылды. Шарт тек әрекет қабілетті түлғалар үшін ғана өз еркімен шарт жасау мүмкіндігін берді. Әрекет қабілетсіз тұлғалар үшін шартты олардың занды өкілдері жасады. 7 жастан асқан әрекет-кабілетсіздер тек өзіне тиесілі мүлік көлемін көбейтуге қатысты ғана мәмілелерді жасай алатын.

Кейбір жағдайда шартқа бірнеше несие берушілер мен борышқорлар қатысатын. Егерде міндеттеме пәні бөлінбейтін болса, одан туындайтын міндеттемені әр қатысушы өзінің үлесіне қатысты орындайтын. Бұл үлестік міндеттеме. Ортақтасқан жауапкершілікте бірнеше субъектінің әрқайсысы міндеттемені тұтас орындайтын болды немесе тұтас талап етуге қүқылы болды.

Шарттарды топтастыру. Рим құқығы шарттардың төрт түрін таныды: вербальды контракт, литтеральды контракт, реальды контракт және консенсуальды контрактілер. Сонымен қатар аталған топтастырудың біреуіне де жатпайтын шарттар болды. Соған байланысты римдіктер оларды атаусыз контрактілер деп атады. Римде аталған шарттардың ішінде вербальды шарттар ерте кезде пайда болған шарт болып табылады. Вербальды контракт -бұл ауызша контракт жэне оның жарамдылығы үшін бекітілген тәртіптегі сөздерді айту жеткілікті болды. Вербальды шарттың негізгі түрі стипуляция. Нақты шарттар тараптардың келісімге келген кезінен емес, затты берген кезден күшіне енетін шарттар. Нақты шарттар: қарыз шарты, ссуда шарты, сақтау шарты, кепілзат шарты. Консенсуальды шарттар- тараптардың келісімге келген кезінен жасалды деп есептелінетін шартгар. Консенсуальды шарттар: сатьш алу-сату, жалдау, тапсырма, серіктестік шарты. Литтеральды шарт дегеніміз жазбаша шарт, оған кіріс-шығыс кітап-тары т.б. жатады.

 2. Вербальды контракт міндеттемені сөз арқылы бекітетін, яғни белгілі фразалар мен формулаларды жеткізу арқылы жасалатын шарттар. Жоғарыда айтқандай ауызша шарттардың негізгісі стипуляция шарты. Стипуляция тек біржақты міндеттемені туындатты, яғни бір тараптың тек құқығы, ал екінші тараптың міндеті болды. Стипуляция кезінде несие беруші борышқордан тек қарыз сомасын талап ете алатын және пайыз не шығынды талап ете алмайтын. Рим жеке құқығының қайнар көздерінде стипуляция кей жағдайда stips - монета, от stipulum -таяқ, stipulus -мықты деген сөздерді білдіретін. Стипуляция абстрактілі шарт, яғни негізі анық емес. Стипуляция негізге байланысты емес, керісінше бекітілген форманы сақтағанына байланысты.

« Другое дело, - говорит Улышан, - если должник sine verbis adnuisset”, т.е. кивнет утвердительно головой, не произнеся ни слова (Д.45.1.1.2); в этом случае стипуляции нет: вербальный контракт не может быть заключен без verba. Басқаша айтқанда, егер борышқор sine verbis adnuisset басын изесе, ешқандай сөз айтпаса, мұндай жағдайда стипуляция болмайды. Вербальды контракт verba арқылы ғана жасалады.

2. Стипуляция несие берушіге немесе борышқорға басқа да тұлғалардың өз алдына несие беруші немесе борышқор немесе қосымша борышқор не несие беруші қосылуына жол берді. Егер екі немесе одан да көп несие беруші борышқорға бірдей сұрақ қойса ол ортақ жауап қайтарады.

Классикалық кезеңде стипуляциядан пайда болатын міндеттеме тоқтатылды тек сұрақ және жауап нысанындағы символикалық орындау арқылы. Мысалы:- мен саған уәде еткенді алдың ба?- Алдым.

Классикалық кезеңнен кейін стипуляция жазбаша құжат болады,

яғни оны құрастыру (жазу) міндеттеменің пайда болуы үшін мәнді,

Стипуляцияға қажетті талап болып шартты жасау кезінде тараптардың

қатысуы болып қала берді. Стипуляциядан басқа вербальды контрактінің жекелеген түрлеріне: қалыңдықтан, оның туысқандарынан немесе борышқорларынан некеге тұратын ер адамға жасау беру туралы уәде, сонымен қатар еркіне жіберілген түлғаның өз патронына адал қызмет көрсетуі, өзіне берілген міндеттерді адал орындауы туралы анты. Еркіне жіберілген тұлға тарапынан патронға жасалатын қызмет көрсету туралы заңи сипатқа ие болды, егер ол арнайы міндеттемені ант ретінде қабылдаса.

Консенсуальды шарттың бір түрі болып табылатын сатып алу-сату шарты бойынша сатушы тауарды сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, ал сатып алушы тауарды қабылдап алып сатушыға бекітілген ақшаны төлеуге міндеттенеді. Сатып алу-сату шартының негізгі шаруашылық мақсаты- сатып алушының өзінің шаруашылығына қажетті тауарын алуы.


Бақылау сұрақтары:

Шарттың тараптары

Консенсуалды шарттар

Вербалды шарттар

Литералды шарттар

Атаусыз шарттар


Дәріс 9.Сақтау шарты. 

Мақсаты: Рим құқығындағы шарттардың бір  түрі сақтау шартының түсінігін, сақтау шартының тараптарының міндеттерінің ерекшеліктетін оқыту.             

1. Сақтау шартының түсінігі.

2. Сақтау шартының тараптарының міндеттері.

 


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет