(Уильям Шекспир. Трагедия. М., 1968, стр. 177).
Мәжит Дәулетбаевтың қазақша нұсқасы:
Г а м л е т. Болсын ба, болмасын ба? Мәселе дәл осы жерде. Жан үшін не жақсы? Не ұнайды? Қорлық көрсеткен тағдырға мойынсұнайын ба? Әлде өкірген теңізге қарсы құрал көтеріп, дереу оны жоқ қылайын ба? Өлу – ұйықтау, қиын жұмыс емес. Мыңдаған азапты, жүректің жарасын, өлгеннің мұрасын мәңгілік ұйқымен жойып тастау – елірген көңілге табылған тілек. Өлу – ұйықтау! Ұйықтау? Бірақ түс көру?.. Түйіні мынада тұр; Өлім ұйқысындағы қиял қандай болар?.. Қардай бораған шыдамсыздықты орнына келтірместен бұрын оны да ойлау керек. Қанжарды кеудеге түйреп өліп қалған күнде, дүниеде қалған масқарашылыққа, қорлық көрсеткен жауыздыққа, тәкаппарлыққа кім қарсы тұрмақ? Бүйткен күнде дауылға ұсаған тіршіліктің демі де қалмас. Ойлаған ой, келешек мақсат іске де аспай қалар. (Офелияға көзі түсіп кетеді) Офелия! Періштем! Жалбарынған кезіңде менің күнәмді де есіңе ал! (38-бет).
Осы үш үзіндіні салыстырғанда Мәжит аудармасына қатысты бірқыдыру тұжырым жасауға болады. Профессор Морозовтың сөзбе-сөз тәржімесі ұлы драматург ойын, түпнұсқа мазмұнын дәл қалпында жеткізуді мақсұт тұтқан. Ал Борис Пастернак орыс тілінің заңдылығына, өлең өлшеміне сүйене отырып, поэтикалық әсемдігі, философиялық тереңдігі жағынан ағылшынша түпнұсқамен пара-пар, деңгейлес шедевр тудырған. Рас, ақын өзінен бұрынғы үлгілерді, Шекспирді аударудың орыс топырағында қалыптасқан бай дәстүрінің жемістерін пайдаланған. Біз Гамлеттің әйгілі монологының сөзбе-сөз тәржімесі мен орысша ең үздік поэтикалық аудармасын Мәжит Дәулетбаев үлгісімен әдейі қатар қарастырып отырмыз. Бірі – мағына дәлдігінің өлшеуіші десек, екіншісі – көркемдік сапаның өлшеуіші.
Мәжит айтылмыш монологтың бастапқы жолдарының ағылшыншасын келтіріп, негізінен, Вронченко аудармасына сүйенгенін ескертеді. Қалай болғанда да, қазақша үлгі сәтсіз шыққан. Мәнді ойлар, тұтас сөйлемдер түсіп қалған. Тілде тұтқырлық, кібіртік бар. Ал өлең сипаты, ырғақ ағымы болғанмен, бұл үзінді өмір мен өлім, жеңіліс пен жеңіс, ерлік пен бұқпантай, жарық пен сәуле жайлы ұлы монологты қазақша бере алмаған.
Өлеңмен аударған кездерде Мәжит бауыры жазылып, көсіліп сала береді:
Жағасында теңіздің, әлдеқайда,
Қорқынышты молада, терең сайда,
Ауыр топырақ бүркеніп жалғыз жатыр
Телміріп жарық күнге, жарық айға.
Аппақ кебін оралды тұлғасына,
Аппақ гүлдер шашылды көр басына
Сөйтіп көрге көмілді... жер жалмады,
Көмгендер көлдей жүзді көз жасына.
(60-61-беттер).
Біз көрмейміз, ол келмейді,
Көзге енді көрінбейді,
Ол көмілді, ол жоғалды...
Оның атын өлім дейді.
(64-65-беттер).
Бұлар – Офелияның есінен айырылған шақтағы өлеңдері
Тусаң, өссең дүниеде
Бұйырған дәмді татасың.
Жасасаң да жүз мың жыл,
Әйтеуір көрге жатасың.
(72-бет).
Мола қазушының сөзі.
Тұтастай алғанда, Мәжит Дәулетбаевтың аудармашылық мәдениеті биік өреде болғандығын аңғарамыз. Әр түрлі орысша нұсқаларды қарастыру, пьеса тарихына байланысты деректерді құнттау оның аудармаға ғылыми тұрғыдан келгендігін аңғартады. Қазақтың шұрайлы, оралымды тілін Мәжит еркін игерген. Шағын диалогтар, түпнұсқаның өзінде қара сөзбен жазылған үлгілер қазақшада қонымды берілген. Ал теңіз толқынындай аласұрған алапат ұзақ сарындар, от шашқан үздік монологтар көркемдік қуатын қазақша нұсқада сақтай алмаған.
“Гамлеттің” отызыншы жылдарда қазақ топырағына келу фактісінің өзі ұлт әдебиетіндегі соны құбылыс болатын. Ал “Гамлеттің” Х.Ерғалиев жасаған варианты аударма өнерінің жаңа биігін көрсетеді.
Мұхтар Әуезов әлем әдебиетінде өзі ерекше құрметтеп, ұстаз тұтқан екі есімді бөліп айтты, олар прозада – Лев Толстой, драматургияда – Шекспир. Бұлардың шығармаларын оқып, зерттеп үйрену үстіне Әуезов қазақ әдебиетінің асыл қазынасына қосылған, жанрлардың дамуына ықпал жасаған классикалық аудармалар тудырды. Соның бірі – “Отелло” трагедиясы.
Шекспирдің бұл ұлы шығармасы орыс тілінде Н.Кетчер, П.Вейнберг, А.Радлова, М.Лозинский, Б.Пастернак, М.Морозов секілді жиырмадан астам әр түрлі авторлардың аудармасымен шыққан.
Тұңғыш рет 1858 жылы жарияланған П.Вейнберг аудармасы 18 рет қайта басылған. Мұхтар Әуезов сүйенген Анна Радлова нұсқасы 1935, 1936, 1937 жылдары 4 рет жарияланған.
(В.Шекспир, “Библиография русских переводов и критической литературы на русском языке”, 1748-1952. М., 1964, стр. 615-616). Шекспир шығармаларын зерттеп, ол туралы ғылыми еңбектерді мол қарастырған Әуезов ұлы ағылшын драматургын қазақша сөйлетудің сәтті кілтін тапқан. Түпнұсқада “Отелло” ямб өлшемімен, ырғақ заңдылығына сүйенген ақ өлеңмен жазылғандығы белгілі. Әредік қарасөз де кездеседі. Бұрын өзінің тәжірибесінде – “Еңлік-Кебек”, “Қарагөз”, “Хан Кене” трагедияларында қолданған ақ өлең өлшемін ұлы шығарманы аудару кезінде Мұхтар Әуезов сәтті пайдаланған.
Ягоның көп сырынан хабар беретін алғашқы актідегі монолог.
Анна Радлова нұсқасында:
Спокойны будьте,
Против него я службу обращу.
Не всем быть господами, и не всем
Иметь слуг верных. Много есть, заметьте,
Холопов преданных, низкопоклонных,
Что любят раболепную неволю,
Теряют силы, как осел господский,
За корм. Когда состарятся, их гонят
Хлестать бы честных слуг. Но есть другие –
Повадкой, видом выражают верность,
Сердца же про себя они хранят
Лишь мнимо служат господом своим
И наживаются. А оперятся –
Себе уж угождают. Толк в них есть
И вот таким считаю я себя,
И потому
Как верно то, что вас зовут Родриго,
Будь мавром я, уж Яго бы я не был.
Служа ему, служу и сам себе
И видимостью долга и любви
Я собственные цели прикрываю
Ведь если внешним знаком показать
Природу и лицо моей души,
Наружно проявив их, скоро сердце
В руках таскать я буду, чтобы галки
Ее клевали. Я тогда – не я.
Достарыңызбен бөлісу: |