Рк билет 1 Тапсырма


Тапсырма 1. Ағзаның биологиялық тосқауылдарын сипаттаңыз



бет21/57
Дата17.05.2024
өлшемі204,21 Kb.
#202421
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Байланысты:
№1-3 РК ФАРМАКОЛОГИЯ

1 Тапсырма
1. Ағзаның биологиялық тосқауылдарын сипаттаңыз:
Дәрілік заттардың таралуына олардың тасымалдану жолдарында кездесетін биологиялық тосқауылдар айтарлықтай ықпал етеді: капиллярдың қабырғасы, жасушалық мембраналар, гематоэнцефалдық және плаценталық тосқауылдар.
Мембраналарында саңылаулары бар капиллярлар қабырғасы арқылы көпшілік дәрілік заттар, сарысу белоктары және олардың препараттармен жиынтығынан басқалары жеңіл өтеді. Суда жеңіл еритін гидрофильді қосылыстар капиллярлардың қабырғасындағы саңылаулар арқылы өтеді және аралық кеңістіктерге түседі. Олар жасушаның белок-фосфолипидтік мембраналары арқылы мүлдем өтпейді. Липофильді қосылыстар капиллярлардың эндотелийі және жасуша мембраналары арқылы жақсы өтеді.
Гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы көптеген дәрілік заттардың өтуі қиын болады. Бұл мидың капиллярларының құрылыстық ерекшеліктеріне байланысты. Ең алдымен, олардың эндотелийінде, кәдімгі капиллярларда олар арқылы көптеген дәрілік заттар өтетін саңылаулар жоқ. Мидың капиллярларында пиноцитоз мүлдем болмайды. Эндотелийлердің сыртқы бетін жауып тұратын глиалдық элементтердің де белгілі маңызы бар, бұлар липидтік мембраналарда қосымша рөл атқарады. Гематоэнцефалдық қосылыстар арқылы полярлы қосылыстар нашар өтеді. Ми тініне липофильді молекулалар жеңіл өтеді. Гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы дәрілік заттар негізінен диффузия жолымен, ал кейбір қосылыстар – белсенді тасымалдану нәтижесінде өтеді. Кейбір патологиялық жағдайларда, мысалы, ми қабығының қабынуы кезінде, гематоэнцефалдық тосқауылдың өткізгіштігі жоғарылайды.
Гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы дәрілік заттардың өтуі P-гликопротеиндік тасымалдағышпен де реттеледі. Ол дәрілік заттың ми тінінен қанға шығарылуына мүмкіндік жасайды, сонымен қатар бірқатар қосылыстардың қаннан ОЖЖ-не өтуіне кедергі жасайды.
Плаценталық тосқауыл күрделі биологиялық тосқауыл болып табылады. Ол арқылы липофильдік қосылыстар диффузия жолымен өтеді. Иондалған полярлы заттар плацента арқылы нашар өтеді. Плацентада да P-гликопротеиндік тасымалдағыш бар.
Гематоофтальмиялық тосқауыл - Капилляр қанымен көз камерасының көз ішілік сұйықтығы арасындағы тосқауыл. Липофильді заттар жақсы өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет