Рк билет 1 Тапсырма


Дәрілік заттар ағзада қалай таралады, дәрілік зат кумуляциясына түсінік беріңіз



бет22/57
Дата17.05.2024
өлшемі204,21 Kb.
#202421
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
Байланысты:
№1-3 РК ФАРМАКОЛОГИЯ

2. Дәрілік заттар ағзада қалай таралады, дәрілік зат кумуляциясына түсінік беріңіз.
Дәрілік заттар ағзада біркелкі емес таралады. Таралу сипаты препараттың физико-химиялық қасиеттеріне, тіндердің васкуляризациясына, патологиялық процестің болуына және т.б. байланысты. Қанда препарат плазма ақуыздарымен әрекеттеседі. Қан плазмасы ақуыздарымен әсер етпейтін немесе тұрақты емес комплекс түзетін препараттарды қолданғанда әсер тез жүреді, өйткені плазма ақуыздарымен байланыспаған препараттың бөлігі тіндерге оңай еніп, жеткілікті концентрацияда жинақталып, әсер береді. Егер ақуыздармен байланыс күшті болса, препарат + ақуыз кешені тіндік тосқауылдар арқылы енбесе, тіндегі (жасушадағы) препараттың концентрациясы төмен болады және әсер пайда болмайды. Сондықтан әсер ету жылдамдығы мен әсер шамасы препараттың плазма ақуыздарымен байланысының толықтығы мен күшіне байланысты.
Заттардың таралуы біршама дәрежеде препараттардың сол немесе басқа тіндерге туыстығына байланысты. Мүшелер мен тіндердің қарқынды қанмен қамтамасыз етілуінің де белгілі бір маңызы бар. Дәрілік заттың көп мөлшері оның шығарылу жолдарында жиналып қалу мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Ағзада айналымдағы дәрілік заттар жасушадан тыс және жасушалық қор түзе отырып, кейбір бөлігі байланысады. Экстрацеллюларлық қорға сарысу белоктары жатқызылуы мүмкін. Кейбір дәрілік заттар олармен аса қарқынды (90%-дан аса) байланысуы мүмкін.
Дәрілік заттар дәнекер тіндерінде, сүйек тінінде жиналуы мүмкін. Кейбір препараттар(соның ішінде, акрихин) әсіресе көп мөлшерде жасушалық қорда табылады. Олардың жасушада байланысуы белоктардың, нуклеопротеидтердің, фосфолипидтер есебінен жүзеге асуы мүмкін.
Дәрінің май тінінде қорға жиналуы мүмкін, яғни оларда липофильдік қосылыстар ұсталады. Ауыр металл иондары ағзада ұзақ іркіледі.
3. Қандай заттар биологиялық тосқауылдардан жақсы өтеді, ал қайсысы нашар өтеді? Бұл немен байланысты?
Дәрілік заттардың суда немесе майда ерігіштігіне байланысты биологиялық тосқауылдардан өтуі әртүрлі болады. Мысалы, суда жеңіл еритін гидрофильді қосылыстар капиллярлардың қабырғасындағы саңылаулар арқылы жеңіл өтеді. Ал липофильді қосылыстар капиллярлардың эндотелийі және жасуша мембраналары арқылы жақсы өтеді. Сонымен қатар биологиялық тосқауылдың өзіндік ерекшеліктеріне де байланысты болады. Мысалы, гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы көптеген дәрілік заттардың өтуі қиын болады, яғни бұл мидың капиллярларының құрылыстық ерекшеліктеріне байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет