Рк билет 1 Тапсырма


Аффинитет - «дәрілік зат+рецептор» кешенінің түзілуін қамтамасыз ететін дәрілік заттың рецепторға туыстығы. Ішкі белсенділік -



бет18/57
Дата17.05.2024
өлшемі204,21 Kb.
#202421
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
Байланысты:
№1-3 РК ФАРМАКОЛОГИЯ

Аффинитет - «дәрілік зат+рецептор» кешенінің түзілуін қамтамасыз ететін дәрілік заттың рецепторға туыстығы.
Ішкі белсенділік - дәрілік зат рецептормен әрекеттесе отырып, оны ынталандыруы және белгілі бір әсер шақыруы.
3. Дәрілік заттардың арнайы емес рецепторлары дегеніміз не? Олар препараттың фармакологиялық әсеріне қалай әсер етеді?
Арнайы емес рецепторлар деп аталатындар да ерекшеленеді, олар арнайы рецепторлармен функционалды түрде байланысты емес. Оларға қан плазмасының ақуыздары, дәнекер тінінің мукополисахаридтері және т.б. кіреді, олармен заттар ешқандай әсер етпестен байланысады. Яғни олар арнайы емес рецепторлармен байланысып, әсерлерін көрсетпейді, өйткені олардың әсер ету механизмі басқа субстратқа байланысты. Мысалы, препарат қан сарысуы ақуыздарымен байланысқанда оның рецептормен байланысуына жол бермейді, осылайша препаратты белсенді емес болады, өзінің фармакологиялық әсерін көрсетпейді.

2 Тапсырма
Препарат опиоидты рецепторларды тежейді, наркотикалық анальгетиктермен уланған кезде қолданылады, әсері 2-4 сағатқа созылады.
1. Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз.
2. Оның фармакологиялық әсерін сипаттаңыз.
3. Оның жанама әсерлерін сипаттаңыз.

Налоксон – Опиоидты анальгетиктердің антагонисті .
Уытты ісердің дамуында опиоидты рецепторлардың барлық түрін тежейді. Налаксонның опиоидты рецепторларға агонистік қасиеті жоқ. Ол тек тыныстың тежелуін ғана емес, опиоидты анальгетиктердің көптеген басқа да әсерлерін, сонымен қатар агонист- антагонистердің де әсерін жояды және де эйфория сезімін азайтады. Бупренорфиннің шамадан тыс енгізуінде налаксонның әсері өте аз болады. Ішке енгізгенде препарат сіңеді, бірақ оның көп мөлшері бауырдан өткенде ыдырап кетеді. Налаксонды көктамырға және бұлшықетке енгізеді. Әсері өте жылдам басталады шамамен 1 мин кейін содан кейін әсері 2-4 сағатқа дейін созылады.
Налоксон барбитураттармен, бензодиазепиндермен және алкогольмен үйлестірілген апиынды дәрілерден болған аралас уланулар кезінде тыныс алу қызметінің бұзылыстарымен күресуде де тиімді.
Препараттың ауыруды басатын белсенділігі жоқ, дисфория мен психомиметикалық белгілерді, дағдыланып кетуді және дәріге тәуелдене бастауды туындатпайды.
Қолданылуы апиындардың артық дозалануы,апиындардан болатын тыныс алу орталығының бәсеңдеуінде,босанушы әйелге апиынды анальгетиктер енгізгеннен кейін жаңа туған нәрестелерде тыныс алуды қалыпқа келтіру үшін,апиынға тәуелділігі күдік тудыратын науқастарда диагностикалық дәрі ретінде.
Жағымсыз әсерлері Налоксон жылдам енгізілген кезде әртүрлі реакциялар пайда болуы мүмкін. жүрек айну, құсу, тахикардия, артериялық гипертензия, жүректің тоқтауы, құрысулар, тері бөртпесі, қышыну, есекжем ангионевротикалық ісіну, қатты терлеу, т. б.
Апиынға тәуелді емделушілердегі «тоқтату» синдромы: белгісіз күйде ауыру, диарея, гипертермия, ринорея, түшкіру, тершеңдік, жүрек айну, құсу, күйгелектік, қажу, ашушаңдық, тремор, әлсіздік; жаңа туған нәрестелерде – құрысулар, диарея, гипертермия, тынымсыз айқай, гиперрефлексия, түшкіру, тремор, әдеттен тыс ашушаңдық, құсу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет