Рк билет 1 Тапсырма



бет56/57
Дата17.05.2024
өлшемі204,21 Kb.
#202421
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
№1-3 РК ФАРМАКОЛОГИЯ

Интерфероногендер -интенферонның түзілуін тудыратын заттар.
интерфероногены - вещества, вызывающие образование интерферона.
Interferonogens - substances that cause the formation of interferon.


11 Билет
1.Препарат антибиотиктерге жатады, жүйелік микоздарда қолданылады. Оның әсер ету спектрі кең және жоғары уыттылығы бар.
1. Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз.
Амфотерицин В –патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтармен туындалған ауруларға қарсы, жүйелі микоздарда қолданылатын, саңырауқұлақ жасушасы цитоплазмалық мембранасын бұзатын антибиотик.

2. Препараттың әсер ету спектрін сипаттаңыз.


Ол Streptomyces nodosum - мен өндірілетін полиендік антибиотик . Бактерияларға , риккетсияға , вирустарға әсер етпейді . Саңырауқұлақтарға кең спектрлі әсер етеді. Саңырауқұлақтың жасуша мембранасы өткізгіштігінің және оның транспорттық қызметінің бұзылуына байланысты байланысты айрықша фунгистатикалық әсері бар . Амфотерицин В - ның саңырауқұлақтарға қарсы таңдамалы әсер етуі , оның саңырауқұлақтың жасуша қабырғаларының негізгі липиді байланысуы арқасында жүзеге асады. Амфотерицин В - ға тұрақтылық баяу дамиды .

3. Препараттың жанама әсерлерін сипаттаңыз.


Жанама әсерлер жиі байқалады , олардың көбісі өте қауіпті . Амфотерицин В - ны қолданғанда диспепсиялық құбылыстар , қызба , артериялық қысымның темендеуі , нефротоксикалық әсерлер , анемия , гипокалиемия , нейротоксикалық бұзы лыстар , тромбофлебит , әр түрлі аллергиялық реакциялар пайда болады .


2.Туберкулез емінде қолданылатын, науқаста қызыл және жасыл түстерді ажыра алмаушылықты шақыратын синтетикалық туберкулезге қарсы зат.
1. Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз.
Этамбутол-туберкулезға қарсы II топтың тиімділігі орташа синтетикалық препараты.

2. Препараттың жанама әсерлерін сипаттаңыз.


Жанама әсерлерінен этамбутолға көбіне көрудің бұзылуы тән, соның ішінде түсті ажыратудың бұзылуы , әсіресе жасыл және қызыл түсті айыру қабілеті. Егер көру жүйкесінің невриті пайда болса , бұл асқыну ауыр түрде өтеді . Көрудің бұзылуы әдетте этамбутолмен емдеп бастағанда 2-6 айдан кейін дамиды және ол заттың дозасына тәуелді . Бұл препарат қолданғанда көздің көру қызметін бақылап тұру қажет. Этамбутол аллергиялық реакцияларды сирек туындатады

3. Терминдерді орыс және ағылшын тілдеріне аударыңыз:


жүйелі микоз, дерматомикоз,полирезистенттілік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет