Тақырыбы:
Тема: Құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Цель занятия:
Білімділік: Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту;
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар:
Основные понятия: құрмалас сөйлем, түрлері
Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі:
Методическое обеспечение: кластер, постер, венн диаграммасы
Сабақтың типі:
Тип занятия: практикалық
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Методы и приемы: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, СТО технологиясының элементтері
Сабақ жоспары:
План занятия:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Организационный момент.
Амандасу
Студенттер назарын сабаққа аудару
Әр топтан бір студент өз жылы лебізін білдіреді.
II. Студенттердің білімдерін тексеру
Проверка знаний студентов.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырыптарды сұрау
Студенттерді екі топқа бөлу.
III. Жаңа материалды оқыту
Изучение нового материала.
Түртіп алу стратегиясы бойынша студенттер дәріспен жұмыс жасайды. Стратегияның төрт талабы /Белгілі / V/. Жаңа ақпарат /+/ Сұрақ /?/. Келіспеймін. /-/
«Құрмалас» деген сөз «құра, құрау» сөздерінен алынып, грамматикалық термин ретінде ғана қолданылады. Жай сөйлем жай бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөйлем - екі немесе одан да көп ойды, күрделі ойды білдіреді. Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір - бірімен қосымша шылау, орын тәртібі, өзіндік интонация арқылы байланысады.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады :
а) Интонация арқылы іргелесе байланысады:
Байжанның оны көруі бірінші рет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша, сарғылы өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.
Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы көтеріңкі айтылып, кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де, екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі ойды білдіруге дәнекер болып тұрады.
ә) Жалғаулық шылаулар (септеулік ) арқылы байланысады: Құнанбай күзеуден ере қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді.
б) Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндаушы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.
Жалпы, қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлемдерді зерттеу тарихына көз салсақ, 30-жылдардың екінші жартысынан бастап қана ғылыми-зерттеу нысаны етіп алына бастады. Қазан төңкерісіне дейінгі жарық көрген қазақ тілі грамматикаларында құрмалас сөйлем арнайы сөз болған емес.
Құрмалас сөйлем жөнінде тіліміздің табиғатына сай алғаш ғылыми пікір айтушы, құрмаласқа қатысты терминдерді алғаш ұсынушы ретінде қазақ тіл білімінің көшбасшысы А.Байтұрсынұлын атау керек. Өзінің «Тіл-құралында» (Көрсетілген еңбек.1925жыл.) қиыса байланысқан құрмалас сөйлемдерді өзара тең дәрежеде байланысса, салалас түрі деп, тең болмай, кем дәрежеде (бағына дегені – Б.Б.) байланысса, сабақтас түрі деп қараған. Салаластарды жиылынқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы және қойылыңқы деп бес түрге бөлген. Мысалы: Үлкен бастар, кіші қостар. Мен бардым, сен үйде болмадың. Не сен тұрасың, не мен тұрамын. Сабыр түбі сары алтын: сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа. Не өгіз өлер, не арба сынар –екенің бірі болар, т.б. Термин ретінде жоғарыдағы атаулары қалыптасқан жоқ.
Ал сабақтастарды сөйлем мүшелерінің атымен атап, бастауыш бағыныңқы, анықтауыш бағыныңқы, пысықтауыш бағыныңқылар деп берген.
Құрмалас сөйлемдердің жасалуы жолдарына «Колхоз жастары, фабрик-завод мектептерінің оқу жоспары мен бағдарламасында» (Аталған бағдарлама. І –бөлекше. Қазақша, орысша. Тіл, әдебиет. Қазақ тілін құрастырғандар –С.Аманжолұлы) біршама көңіл бөлінген.
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов құрмалас сөйлемге қатысты «Қазақ тілінің програмында» (Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. 1966 ж., 308+310 б.) салаластарды ыңғайлас, ереуіл, талғама, себеп-салдар, шарт-жағдай деп бөлген. Осындағы соңғы аталған түрін қазіргі қазақ тілі синтаксисінде 1960 жылдан бері ғана қолданып жүр (М.Балақаев, Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі.1961 ж.). Қ.Жұбановтағыдай емес, бұларда тұлғалық тиянақтылық негіз болған.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді Сәрсен Аманжолұлы Аманжолов пен Нығмет Тінәліұлы Сауранбаевтың «Қазақ тілінің грамматикасында» (С.Аманжолов. ... Қазақ тілінің грамматикасы. 1939 ж.)біршама тәуір сипаттаған. Бұнда құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас және аралас деп үш топқа бөлінген. Салалас құрмалас сөйлемдерді қазақ тіл білімінде жалғаулықты, жалғаулықсыз деп бөлу тарихы да осы оқулықтан басталған. Бұрын сөз болып көрмеген көп бағыныңқылы сабақтас, оның сатылы, жарыспалы түрлері де осы оқулықтан бастап атала бастады.
Профессор С.Аманжолов 1940 жылы шыққан «Қазақ тілінің қысқаша курсында» (С.Аманжолов. ... Қазақ тілінің қысқаша курсы. 1940 ж.) салалас сөйлемдерді 20 түрге, сабақтас сөйлемдерді 18 түрге бөлген. Бұл көзқарастар Сағи Жиенбаевтың «Синтаксис мәселерінде» (Көрсетілген еңбек. 39-43 б.) арнайы сөз болған.
Құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеп, докторлық диссертация қорғаған Н.Т.Сауранбаевтың еңбектері қазір де маңыздылығын жойған жоқ. Жалпы құрмалас сөйлемдер жөніндегі Н.Сауранбаев қөзқарастарын «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» (Н.Т.Сауранбаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. 1948 ж.)деген еңбегінен байқауға болады. Құрмалас сөйлемдерді ол іргелес, салалас және сабақтас құрмаластар деп үш топқа бөлген.
Құрмаластарды жіктеудегі қарама-қайшылықтар қазақ филологтары арасында 50-жылдардың аяғына шейін болып келді. Ол қарама-қайшылықтардың мәні жалпы құрмаластардың классификациялануында, оның ішінде оларды жіктеудегі бірде таза логикалық, бірде логика-грамматикалық тәсілдер қолданып, соңғы кезде таза грамматикалық (құрылымдық) ерекшеліктерін негізге алуда деп білеміз.
С. Жиенбаев салаластарды 1) ыңғайлас салалас, 2) қарсылас салалас, 3) талғаулы салалас және 4) себеп –салдарлы салалас құрмалас сөйлем деп төрт топқа бөліп қарастырады.
Жай сөйлем құрамына енген сөздер бір-бірімен грамматикалық қалай тығыз байланыста тұрса, құрмаластар құрамына енген жай сөйлемдерде бір-бірімен сондай тығыз байланыста болады. Тек мағыналық байланыс арқылы жай сөйлемдердің бастары бірігіп, күрделі бір бүтін болады. Бұндағы жай сөйлемдер байланысы бірде теңдік дәрежеде салаласа байланысса, бірде бір-біріне меңгеріле, бағына байланысу арқылы сабақтаса байланысады. Жалпы құрмалас сөйлемдер бір-бірімен әр түрлі дәнекерлер, амал-тәсілдер арқылы байланысады. Құрмаластардағы компоненттерді бір-бірімен байланыстыратын өнімді жолы – бірінші сөйлем баяндауышының тиянақсыз тұлғада келуі.
Сабақтас пен салаластар арасында мағыналық параллельдер болатыны белгілі (қарсылықты бағыныңқы – қарсылықты салалас, себеп бағыныңқы – себеп-салдар салалас, т.б.) Бұлардың ерекшелігі ретінде салаластарда – алдыңғы сыңар баяндауышының бастауышымен қиысуын, сабақтастарда бағыныңқы баяндауышының тиянақсыз болып келуін алады.
Құрмаластың сабақтас түрлеріндегі бағыныңқы сөйлемдердің басыңқыларынан бұрын орналасуы – түркі тілдерінің табиғатына тән құбылыс. Солай бола тұрса да, бағыныңқы компоненттердің басыңқысының ортасына кірігуі, басыңқысынан кейін келуі сияқты құбылыстар жиі кездесіп отырады.
Жай сөйлемдерді жанаса байланысқан сөздердің айтылмақ ойдағы мәніне қарай баяндауышына бірде алшақ, бірде –қатар орналасуы сияқты құбылыс (Мен ауылдан кеше келдім –Кеше ауылдан мен келдім.) және де бұлар, көбіне, мезгіл бағыныңқы сабақтасқа тән құбылыс, сонымен қатар, бұнда сабақтастың бағыныңқысы басыңқының ортасына кірігеді.
Қазіргі қазақ тілінде, мәселен Төлебай Рақымжнұлы Қордабаев еңбектерінде, бағыныңқы компонент баяндауыш қызметін атқарып, оны басыңқымен сабақтаса құрмаластыратын етістік түрлеріне төмендегілер жатады:
1) көсемше формалы етістіктер,
2)есімше формалы етістіктердің кейбір септікті немесе септеулік шылаулы түрлері,
3) шартты рай формалы етістіктер,
4) кейбір септік жалғауында, болмаса септеулік шылауларға тіркесе айтылатын –у, -ыс, -іс формалары (Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. 1995 ж., 84 б.).
Құрмалас сөйлемдер жөніндегі пікірлерін қорытындылай келе, оларды салалас, сабақтас деп екіге бөледі. Ал аралас құрмалас туралы: «Жай сөйлем мен салалас я сабақтас сөйлем, я болмаса құрмалас сөйлем екеу-үшеуі қабат келсе, аралас құрмалас сөйлем деп аталып жүр. Төл сөзі бар сөйлемдер де аралас құрмаласқа жатады. Аралас құрмалас сөйлемнің өз алдына басқа бір заңдары жоқ. Сондықтан синтаксисте ондай аралас келген сөйлем түрлерін бөлекше категория деп есептемеуге болады» (Көрсетілген еңбек. 1941 ж. 33 б.) - дейді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Байтұрсынов А. Тiл тағылымы. А.1993.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы: Ана тілі, 1983.
3. Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. ІІ том, Алматы, 2000.
IV. Тақырыптың негізі ұғымдарын бекіту жұмыс
Работа по закреплению основных понятий темы.
І топ
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажырату, синтаксистік талдау жасау.
Мінезі жақсы төрге озар.
Ыстық асқа үрлеме.
Үлкен келсе, аяғыңды аяма.
Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.
Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.
ІІ топ
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажырату, синтаксистік талдау жасау.
Дос адам артық сұрамайды.
Сыйлағанды сыйла, илегенді иле.
Анадан туған әр адамның жүрегінің түбінде достық пен махаббаттың ұрығы жатады.
Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм жауды шалқасынан түсірді.
Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылды.
Алыс жол атты сынайды, ауыр күн ерді сынайды.
І топ
1-тапсырма. Сөйлемдердің жасалу жолына назар аударыңыз. Айырмашылықтарын атаңыз.
?
|
?
|
Салаластың жай құрмаласу тәсілі
|
Мен, інім еш нәрседен қорықпаймыз.
|
Мен де қорықпаймын, інім де қорықпайды.
|
|
Жел дүрілдейді, ысқырады.
|
Жел дүрілдейді, ол ысқырады.
|
|
ІІ топ
1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, жасалу жолын анықтаңыз.
1.Жел тұрды, жаңбыр жаумады. 2. Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады. 3. Ол жақсы оқиды, бірақ адамгершілігі аз. 4. Шәкен педагогикалық техникумда оқыды, дегенмен ол мұғалім болмады. 5. Актер Айманов өмірден жас кетті, сонда да қазақ фильмінің дамуына елеулі үлес қосты. 6. Ағасы Шәкеннің мұғалім болғанын қалады, бірақ ол актер болуды армандады. 7. Шәкен Айманов атақты актер, режиссер болды, алайда халық арасында қарапайымдылығымен танымал.
І топ
2-тапсырма. Сөйлемдерді және, да/де, та/те шылаулары арқылы салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.
1. Күн жылынды. Қар еріді. 2. Аспанды қара бұлт басты. Жаңбыр қатты жауды. 3. Болат жолдасына сұрақ қойып жатыр. Жолдасы жауап беріп жатыр. 4. Мен үйге келдім. Менің шешем шай дайындады.
ІІ топ
2-тапсырма. Екі жай сөйлемнен «бірақ», «сонда да», «дегенмен», «алайда» жалғаулық шылауларды пайдаланып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер құраңыз.
1.Ән басылды. Домбыра сазы тоқталған жоқ. 2. Қар еріді. Жер көгере қоймады. 3. Автобус сағат бесте келді. Адамдардың бәрі осы кезде дайын емес еді. 4. Үйден шыққанымызға жарты сағат болды. Баратын жеріміз әлі алыс болып көрінді.
І топ
3-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз. 1.Біз саябақта демалдық та, ... . 2. Қар жауды да, ... . 3. Аспанды қара бұлт басты да, ... 4. Салтанат «Арман» дүкеніне барды да, ... .
ІІ топ
3-тапсырма. Қарсылықты салаластың екінші сыңарын тауып, тыныс белгілерін қойыңыз.
1. Таң жақындап қалды бірақ ... 2. Сәуле күлейін деп еді ... 3. Аспанды қалың бұлт басып еді дегенмен ... 4. Күн ызғары суық болды сонда да ... 5. Ол орнынан тұрайын деп еді ...
6. Менің киімім жұқа болды ... 7. Бүгін мен көп жұмыс тындырдым сонда да ...
Мәтіндегі сөйлемдердің тыныс белгілерін дұрыс қойыңыздар.
І топ. Кімде-кім хикмат білімін оқып үйренуге кіріссе, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс, әдепті, қайырымды адам болуы керек. Ондай кісі адамдарға мейірімді, таза, адал болуы, азғын қылықтардан: күнә, қиянат, зұлымдық пен аярлықтан таза болуы тиіс. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет. Білімді кәсіп, өнер етіп алмауы керек, әрі оны мал-дүние табу құралы етіп жібермеуі қажет. Кімде-кім мұны керісінше істейтін болса, онда ол кезбояушы саналады.Жалған ақша -таза ақша боп есептелмейтіні сияқты, жалған сөзде ешқашан мән болмайды. Егер мінез-құлқы біз айтқандай емес, теріс мінезді кісі болса, ол ешқашанда ғалымдар қатарына қосылмайды. Сондай-ақ, адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.Кімде-кім өзін өз дәрежесіен жоғары көтермек болса, ондай адамнын, өсу жолына тосқауыл койылады.
Әбу Насыр әл-Фараби
ІІ топ.
Отыз бірінші қарасөз
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Абай Құнанбаев
- Екі мәтінде қандай ортақ мәселе байланыстырып тұр?
- Бұл мәтіндерде білім, тәрбие
- Ендеше, бұл мәселелер ата-бабамыздың ықылым заманнан бері толғандырғаны белгілі. Қазіргі уақытта да бұл мәселелер өзекті.
«Мен оқитын білім ордасы» тақырыбында ой-толғау жазу
Студенттер берілген тақырып бойынша мәтін құрау. Мәтінде кемінде 6 құрмалас сөйлем болуы керек.
1-топ. Мұғалімдер жетістігі
2-топ. Студенттер жетістігі
Сонымен, «Құрмалас» деген сөз «құра, құрау» сөздерінен алынып, грамматикалық термин ретінде ғана қолданылады. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді венн диаграммасы бойынша салыстыр.
Жай сөйлем
|
Құрмалас сөйлем
|
Құрмаласу тәсілі
|
Жаңбыр жауды
Жер көгерді
Күн шықты
Мал өріске кетті
|
Жаңбыр жауды да, жер көгерді.
Күн шыққан соң, мал өріске кетті
|
Баяндауыштары тиянақты.
Шылаулар арқылы
байланысып тұр.
|
Бет қаратпайтын боран болды
Қапан қалаға бармады
|
Бет қаратпайтын боран болғандықтан, Қапан қалаға бара алмады.
|
Қосымша арқылы байланысқан, біріншісінің баяндауышы тиянақсыз.
|
Іс бітті. Қу кетті
|
Іс бітті – қу кетті.
|
Орын тәртібі – интонация арқылы байланысқан.
|
«Сен-маған, мен – саған» әдісі бойынша бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар дайындайды.
Кері байланыс
«Бес саусақ» әдісі
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза жасадым? Кім маған көмек берді?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай жаңа білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Алақан – алға ұмтылу. Жұмысты жақсарту үшін не жасау керек? Білімімді қалайша толықтырам?
V. Үй тапсырмасын беру
Задание на дом. Абай Құнанбаев шығармаларынан үзінді жазып алып, синтаксистік талдау жасау
Оқытушы
Преподаватель ______________ _Кудыкенова Ж.М.
қолы/подпись аты-жөні/Ф.И.О.
Достарыңызбен бөлісу: |