Көріп отырғанымыздай, бірінші компонент екінші компонентке грамматикалық ұстыны жағынан тәуелді.
Иерархиялық тұрғыда коммуникативтік дербестігі бар келесі синтаксистік санат: ол құрмалас сөйлемдер.
Тілде құрмалас сөйлемдерді топтастырудың түрлі ұстанымдары бар. Соның бірі функционалдық ұстаным бойынша құрмалас сөйлемдер осы сипатта теңдік және айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдер деп топтастырылады, яғни болмыстағы айқындауыштық, бағыныштылық санат тілде, сөйлеуде осы құрылымдар негізінде репрезентацияланады.