Құрманғазы Сағырбайұлы- қазақтың ұлы күйші композиторы. Ол Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жиделі ауылында дүниеге келген. Құрманғазының ұстазы Ұзақ дейтін күйші болған. Құрманғазының күйлері өз заманының тарихын бейнелеген. Оның алғашқы күйлерінің бірі “Кішкентай” деп аталады. Ол күйді Исатай мен Махамбетке арналған. Сол сияқты “Кісен ашқан”, “Ақбай”, “Түрмеден қашқан”, “Қайран шешем”, “Адай”, “Сарыарқа”, “Төремұрат” сынды күйлері ел арасында кеңінен тараған.

Құрманғазы-қазақ үшін ұлы күйші, ғаламат қайрат пен жігердің иесі. Оның бүкіл өмірі мен сан соқпақты тарихтың ащы тағдырымен астасып, әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті. Халқы аңыз етіп, оны батырға балады. Ерлігін ақындар жырлады. Ақындардың өлең- толғауларына арқау болған ұлы тұлға өмірі, оның ғаламат күйлері аңыз болып тарды. “Құрманғазы” поэмасы- Құрманғазы жайлы бір толғау.
Хамит Ерғалиев-белгілі ақын, Қазақстанның халық жазушысы. Ақын Атырау облысы Махамбет ауданы Аққыстау ауылында дүниеге келген. 30-ға тарта жыр жинақтарының авторы. Әлемдік әдебиеттегі Д.Байронның, В.Шекспирдің, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың т.б ақындардың озық туындыларын қазақ тіліне аударған. Ақынның шығармалары шет ел тілдеріне аудырылған. Осындай еңбектері үшін 1982 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Ақын- көптеген ордендер мен медальдардың иегері. Х.Ерғалиевтің “Әке сыры”, “Күй дастан”, “Құрманғазы”, “Жайық жырлары” т.б. Осылардың ішіндегі “Құрманғазы” атты поэмасы ұлы күйшінің шығармаларына тіл бітіріп, қайта сөйлетті.