Медеу ауылдық округінің әкімі
Дарын Мұқтарұлының баяндамасы.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді орындауда ауданда біршама жұмыстар атқарылды.
Барлық ұйымдастыру, саяси жұмыстар Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіруге, қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтауға, адамзат құндылықтарын дәріптеуге, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталды.
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050 – Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жалпы халықтың кәсіппен айналысып, табыс табуына, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен азаматтарға көптеген қолдау көрсетілетіні жайында кеңінен айтылған.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берген бірқатар мемлекеттік бағдарламалар ауданның әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде. Үкіметтік бағдарламалар игілігін дұрыс пайдалана білудің нәтижесінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы көтеріліп, елдің әл-ауқаты артуда.
Қашанда берекесі мен бірлігі жарасқан Медеу ауылы, Әулие Абыз елі өзіндік тарихы, өзіндік бет-бейнесі бар, шағын ауыл болса да намысты қолдан бермейтін ауыл. Медеу ауылдық округінде жалпы халық саны 417 оның ішінде ауылда 364 адам, 89 отбасы, 55 зйнеткер, алтын,күміс алқа иегерлері-25, «Нұр Отан» Партиясының мүшелері-78 есепте тұрады.
Аудан көлемінде өтетін ауыл-мекеме күндерінде де ауылдың көркемөнерпаздары топ жарып, өрісті өнерлерімен көрініп жүр.
Ауылда жаңа типтік жобада салынған мектеп жұмыс жасайды.Биыл осы Медеу орта мектебіне күрделі жұмыстар жүргізіліп,есік –терезелері ауыстырылды.Мектепте 57 оқушы, мектеп алды даярлық тобында 8, шағын орталықта 12 бала тәрбиеленеді. Осы мектеп ұжымында 25-ұстаз, 3-тәрбиеші, 18-жұмысшы жұмыс жасайды. Мектепке шәкірттерді тәрбиелеуге толық мүмкіндік бар қажетті кабинеттер, компьютерлік класстар, спорт залы, акты залы, асхана, кітапхана жұмыс жасайды. Жылу қазандықтары толықтай қыс айына дайындалып, толықтай жұмыс жасауға дайын тұр.
2017 жылы атқарылған жұмыстар Ауылдың кіре беріс жолына көтерме тас жол жасалып ,қазір ел игіліне пайдалануда.Әкімшілік ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді.Ауылдың бір көшесіне 3 фонар орнатылды.
Ауылдық округте жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында әр-түрлі мәдени спорттық шараларды өткізіп тұру дәстүрге айналған. Медеу орта мектебінің спорт залында жастар арасында баскетбол, волейболдан және де ауылдағы шағын футбол алаңында футболдан жарыстар өткізіліп отырады. Қыс мезгілінде хоккей қорапшасында жарыстар ұймдастырылады.Ауыл жастары аудан көлемінде өтетін жарыстарға белсене қатысып, бірнеше рет жүлделі орындардан көріне білді.
Және де ауылымызда адам өміріне ең қажетті шағын фельдшерлік пункт жұмыс жасайды.Осы фельдшерлік пунктте бір-ақ адам жұмыс жасайды. Медеу ауылына бір фельдшердің аздық ететіні сөзсіз. Отыратын орыны да қыста суық ешқандай жөндеу жұмыстары жасалмаған,қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Жылма-жыл тазалық айлығында барлық ауыл жұртшылығы жұмыла жұмыс жасап отырады. Халықтың тұрмыс жағдайы әл -ауқатының артуы ауыл әкімінің басты назарында. Және де ауылымызға бірден көрік беріп тұрған қаздай тізіліген көше жарығы былтырғы жылғы істелген жұмыстардың бірі деп білемін. Обылыс әкімінің тапсырмасымен сонау шалғайдағы Қүршім ауданының көмегімен көше жарығына 2млн қаражат беріп, бір көшеге барлығы 16 фонар орнатылып, іске қосылғанын білесіздер. Осының өзі ауылымызға көрік беріп, еңсесемізді бір көтеріп тастағаны сөзсіз.
Мал шаруашылығын кәсіп еткен өңір болғандықтан мал шаруашылығы саласындағы барлық мемлекеттік бағдарламаларды мүмкіндігінше пайдаланып келеді.
Ауылда 49 шаруа қожалығы тіркелген. Шаруа қожалықтарында 108 адам жұмыс жасайды. Халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуіне бұл да үлкен көмек, шаруа қожалықтарының науқанды жұмыстары мал азығын дайындау, төл алу жұмыстары да халық назарында.
Ауыл шаруашылығын дамытуда облыс басшысы Д.Ахметов мырзаның арнайы тапсырмасын орындау мақсатында біршама жұмыстар қолға алынып, атқару үстінде -2 шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қара мадарын,3-шаруа қожалығы асыл тұқымды қой шаруашылығы,3-шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы малдарын өсіруде. Мал азығы жем- шөппен толық қамтамассыз етілген. Мал баздары, малды күтетін арнайы орындар, қажетті техникалар жеткілікті. Және де сыбаға бағдарламасы бойынша 2 -ш\қ-тары асыл тұқымды МІҚ малдарын сатып алып жұмыс жасауда. Инфрақұрылым саласы бойынша ауылдағы 3-шаруа қожалығына мемлекеттің есебінен және өз қаражаттарынан, жарықтандыру бағытында электр энергиясын пайдалануға жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.
Ауыл округінде 7621 бас қой, 4212 бас ірі қара, 3666 бас жылқы,1420 бас ешкі малы, 565 бас үй құстары өсірілуде.Осы қожалықтармен тікелей жұмыс жасайтын жеке еңбек шарт негізіндегі үш мал дәрігері жұмыс жасайды. Негізгі жоспар бойынша кан алу, егу т\б сырғалау және базаға енгізу жұмыстары өз мәнінде орындалуда.
Ауылдағы ең қажетті дүние су құбырының қиындықпен болса да жұмыс жасауда. Бұл тіршілік көзі, себебі су құбырынан басқа біздің ауыл үшін басқа су көзі жоқ. Осы уақыттар аралығында су құбырына ел болып жұмыла жұмыс жасаудың нәтижесінде жұмыс істеп келеді.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 2012 жылы 4 млн. теңге, 6 адам шағын несие алса, 2013 жылы 11 адамға 11млн. теңгенің несиесі берілді. 2014 жылы 5 адам,6 млн.500 мың тенге несие алды.Яғни жұмыссыз адам өз істерін мал өсіру бағытында мүмкіндік алып, жұмыстарын жандандыра түсті. Еңбек әлеуетін дамыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы халықтың жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік келісімшарттар жасалды.
Біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға 2 адам оқуға жіберілді. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 1 адам жұмысқа орналасты.
Жастар практикасына орналасуға 2 адам жіберілді.
Қорыта келгенде бүгінгі уақытта ерінбей еңбек етем деген азаматтарға мемлекет барлық жағдай жасауда.
Елдің берекесі ауыл ақсақалдары үнемі өмірде де, өнерде де жанды көмегін, ағалық ақылдарын аяған емес. Тентегін үйде түзейтін ел әрқашанда елдің береке – бірлігін ұстап келеді..
Бүгінгі ел тынысының дұрыстығы жасалып жатқан игі шаралардың арқасы. Ауыл жұртшылығы өз құқығын дұрыс ұғынып, дұрыс түсінеді. Біліп қана қоймай, оның барша жұртшылық үшін дұрыс сақталып отырылуын назарда ұстайды. Заң шеңберінде жұмыс жасау елдің ес білген баласынан еңкейген кәрісіне дейін міндетті екенін жақсы сезінеді. Бұл әкімнің де, қарапайым халықтың да басты парызы болмақ. Тыныш елде жақсы тұрмыс болары анық. Халықтың әл – ауқатының өсуі жақсы тұрмыстың болуы осындай тәртіп пен берекенің арқасы.
Сол бағытта бұрынғы кеткен кемшіліктер болса түзей отырып, елдің әл – аухатын көтеру жолында барлық жұмыстар жасала береді.
Ауданымыздың жаңарып, өркендеуі халықтың көңіліне үлкен сенім ұялатуда. Еңбек ақы, зейнет ақының өсуі тұрмыстың түзелуі, бұл барша Қазақстан халқына жасалып жатқан үлкен қамқорлықтың белгісі. Бұл бағытта ауыл жұртшылығы, шаруа қожалықтары, баршамыздың да жаңаша серпінмен бүгінгі күн талабына сай жұмыс жасау басты міндетіміз болмақ.
Саржал ауылдық округінің әкімі Т.Қайранбаевтың есебі
Құрметті ауылдастар !
Бүгінгі есеп беру жиналысымда барша ауылдастарымды осы келген жаңа жыл мерекесімен тағы да бір құттықтаймын. Жаңа жыл – барша жұрт ізгі тілекпен, үкілі үмітпен, ақ ниетпен асыға күтетін айрықша мереке. Сондықтанда еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, жанұяларыңыз үшін жарқын болашақ тілеймін.
Міне өткен 2017 жыл да өз кезеңінде Тәуелсіз еліміз үшін, ауданымыз үшін де ерекше із қалдырған оқиғаларға толы болды. Біздің шағын ауылымыз үшін де бұл жыл да өзінің есте қалатындай ерекшеліктерімен, еңбек саласындағы, мәдениет пен білім әлеуметтік және денсаулық салаларындағы табыстарымен есте қалмақ.
Еліміздің әлеуметтік –экономикалық дамуы жылдан жылға қарыштап алға басуда. Мұның бәрі Елбасымыздың жүргізіп отырған білімді, парасатты, салиқалы саясатының арқасы екендігі бүгінгі таңда ешкімге де күмән туғызбас. Ел дамуындағы негізгі жолдарды жыл сайын парламент пен халыққа арналған жолдауында саралап, дәйектеп түсіндіріп беріп отыр. Биылғы жылғы 10-қаңтардағы жаңа жолдауында жаңа әлемге, яғни ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындап, жаңа әлем деңгейіне қосылу үшін алдымызға он міндетті шешуді тапсырды. Өткен жылы еліміз саясатта, экономикада, спорт саласында маңызы зор халықаралық шараларға бастамашы болды.
Ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы өткен жылы да бірнеше бағыттағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында өз жалғасын тапты. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың жергілікті жердегі кейбір орындалысына тоқталып өтсек. Саржал ауылдық округі 1700 - ге жуық халқы бар, аудан көлеміндегі ірі елді мекен. Жер көлемі 265285 га жерді алып жатыр. Ауылымыз негізінен мал шаруашылығымен шұғылданатын болғандықтан, негізгі даму бағытымыз да осы шаруашылықты дамыту, өркендету болып табылады. Осы бағытта 73 шаруа қожалығы жұмыс жасауда. Сонымен бірге 380 жеке ауланың 288 ауласында мал бастарын өсірумен шұғылданады. 1-қаңтар 2018 жылға Саржал ауылы бойынша 6756 бас МІҚ –мен, оның 3975 басы аналық сиыр, 5600 бас қой малымен, оның 5395 басы саулық, 1418 бас ешкі, оның 706 басы ешкі саулығы, 8801 бас жылқы малымен, оның 5234 басы аналық бие малдарымен келіп отыр. Мемлекетіміздің малшаруашылығын дамытуға деген қолдауы соңғы жылдары жүйелі түрде жолға қойылған. Соның бір дәлелі - шаруа қожалықтарына жеңілдетілген несие түрлерін ұсынуы, мысалға «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы «Алтын асық», «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары, «Жол картасы 2020», «нәтижелі жұмыспен қамту», «Мал бордақылау», «Береке» бағдарламалары арқылы жеңілдетілген несие түрлерін пайдалану мүмкіндіктерін беруі. Бұл пайдаланып отырған жеңілдетілген несиелердің ерекшелігі де сонда алған несиені 3-тен 10 жылға дейінгі мерзімде төменгі несиелік пайызбен қайтаруға болады. Өткен жылы жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша мал бастарын малдарын өсіру үшін несие алуға қазығушылықтарын танытып, сол мүмкіндіктерін пайдаланған да шаруашылықтар баршылық. Соның арқасында шаруашылықтардың мал бастарын өсіріп, оны дамытуға қол жеткізуде. Семей қаласының «Северный» базарында өткен жәрмеңкеге алты рет қатысып, жиыны 12 тоннадай ет , екі тоннадай қымыз апарылды.
Ауылдық округ бойынша мал басы төмендегідей:
р/с
|
Мал түрі
|
Мал
|
басы
|
2014 ж
Салыст-а
+ , -
|
01.01.2014
|
01.01.2017
|
01.01.2018
|
|
|
|
1
|
МІҚ
|
6721
|
7438
|
6756
|
+35
|
2
|
Қой мен ешкі
|
36072
|
11438
|
7018
|
-29054
|
3
|
Жылқы
|
7539
|
8792
|
8801
|
+1262
|
Кейінгі 3-4 жылда қой малының өсімі керісінше кеміп, ірі қара мен жылқы малының өсімі артып отыр. Оған негізгі себеп, бүгінгі күні шаруашылықтарға қой малынан көрі ірі малдарды ұстау тиімді болып отыр. Себебі қой малын ұстау шығыны көп, нарықтық бағамы да шаруашылықтар үшін тиімсіз. Өнімін өткізетін сұраныс та төмен болды. Оның жүнін еш жерде алмады, алған жердің өзі килограмын 20 теңгеден сұрады. Екіншіден, шағын шаруашылық үшін мал басының барлық түрімен емес тиімді түрімен шұғылдану пайдалы екені айтпаса да түсінікті жағдай.
Ал енді, баршаңызға белгілі өткен жылғы қыстама ерте басталып, өзінің қаталдығын, толассыз жаңбыр, бірнеше күн жауған қар, жаппай жалтыраған көктайғақ, не сіреуленіп қатып қалған қалың қардың кесірінен ауылдың ішкі сыртқы жол қатынастары түгелдей үзіліп, қатынас мүлдем болмай қалғанын, соның салдарынан аудан, облыс басшыларына дейін хабарландырылып, сол адамдардың араласуымен округте төтенше жағдай жарияланғанын баршаңызға аян. Мұндай табиғаттың тосын қиыншылықтарына төтеп беру мүмкін болмай қалды. Қолдағы бар ескі техникалар қауқарсыз болып қалды. Әсіресе қолында техникалары жоқ ауыл тұрғындарына қиын болды. Қараша, желтоқсан айларында аудан орталығынан көмекке техникалар дер кезінде келмегенде жағдайдың тым қиын болары сөзсіз еді. Биылғы қыстама керісінше халыққа да малға да жайлы болып тұр. Дегенмен шаруашылықтардың басым көпшілігінің техникалары ескі, сонау совет дәуірінен қалған техникалар. Ондай ескі техникалардың сынуы да көп. Қосалқы бөлшектері қымбат. Сондықтан мұндай техникалармен бүгінгі таңда қатаң мал азығын дайындаудың өзі оңай шаруа емес. Шаруа қожалықтары бойынша осы уақытқа дейін жаңа 6 МТЗ-82 тракторы ғана алынды. Дегенмен бұл біздің ауыл үшін аз. Шаруашылықтар жаңа техникаларды лизингтік жеңілдікпен алуға деген мүмкіндіктері болып тұрғанда, соны пайдаланып жаңа тракторларды, оған қажетті ауыл шаруашылық машиналарын қоса алғандары дұрыс болған болар еді.
Сонымен қатар шаруа қожалықтарында мал тұқымын асылдандыру жұмыстары жалғасын табуда. Әрине бұл көрсеткіштің үлес салмағы біздің ауылымыз үшін төмен болса да, мұны алдағы үлкен мақсаттарға бетбұрыстың басы деп айтуға болады. Асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысу – ол қосымша табыс көзін ашу деген сөз, немесе жергілікті 100 бас мүйізді ірі қараның орнына 10 бас асыл тұқымды мал басын өсірген пайдалы екенін бүгінгі күні баршамыз да мойындаймыз. Міне осы бағытта жұмыс жүргізіп жатқан шаруашылықтарға мемлекет тарапынан қолдау, субсидия төлеу одан әрі жалғасын табуда. Оның өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ауылымыздағы шаруа қожалықтары осы мемлекеттік субсидияларды игеруде біршама жақсы көрсеткіштерге жетісуде. Мысалы, 2012 жылы ауыл бойынша 35 млн.636 мың теңге субсидияны игеруге қол жеткізілсе, бұл көрсеткіш 2013 жылы 52 млн. 416 мың теңгені құрады, 2014 жылы бұл көрсеткіш 70677 мың теңгені құрады. 2016 жылы 132млн. 612 мың теңге болса. Ал, 2017 жылы 133 млн. 743 теңгеге жетті.
Субсидияның жекелеме түрлеріне тоқталсақ:
р/с
|
Субсидия түрлері
|
Субсидия (млн.тенге)
|
2013ж.
|
2014ж.
|
2016ж.
|
2017ж.
|
ш/с
|
ш/с
|
ш/с
|
суммасы
|
ш/с
|
суммасы
|
ш/с
|
суммасы
|
1
|
Асыл тұқымды мал
сатып алуға
|
20
|
25
|
25
|
24 814
|
30
|
61 064
|
22
|
52090
|
2
|
Қатаң мал азығына
|
23
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
3
|
Селекциялық жұмыс
жүргізуге
|
25
|
30
|
30
|
36 247
|
39
|
51 243
|
31
|
46653
|
4
|
Қымызға
|
3
|
5
|
5
|
9 905
|
12
|
20 201
|
15
|
35000
|
Ауылшаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмысы 2017 жылдың жоспарына сай толықтай орындалды. Сонымен қатар жануарлар ауруының алдын алу іс-шаралары бойынша жұмыстар толықтай атқарылды. Бұл салада бес малдәрігері тиянақты жұмыс жасауда.
Ауылдық округтің негізгі көрсеткіштерінің бірі ауылшаруашылығының оның ішінде мал шаруашылығының өндірілген өнімдері .
Ауылдық округ бойынша өндірілген өнім төмендегідей:
р/с
|
Өнім түрі
|
өлшем бірл.
|
2013ж.
|
2015ж.
|
2016ж.
|
2017ж.
|
%
2016 ке
|
1
|
Ет
|
ц
|
25171
|
32429
|
35153
|
30805
|
87,6
|
2
|
Сүт
|
ц
|
35569
|
41236
|
42258
|
47137
|
111,6
|
3
|
Жұмыртқа
|
Мың дана
|
85,3
|
94,8
|
99,7
|
103,1
|
103,4
|
4
|
жүн
|
ц
|
814
|
581
|
483
|
387
|
80,1
|
Достарыңызбен бөлісу: |