Құрметті Бекболат Серікбекұлы! Құрметті жиынға қатысушылар!



Дата02.07.2018
өлшемі79 Kb.
#45991


Облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаровтың Басқарманың 2017 жылы атқарған жұмыстарының есеп беру жиынында жасайтын баяндамасы
Құрметті Бекболат Серікбекұлы!

Құрметті жиынға қатысушылар!
Өткен 2017 жыл дін саласы үшін айтулы өзгерістерге толы жыл болды.

Ең басты өзгеріс, «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы №500 Жарлығы.

Аталған Тұжырымдама мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу бойынша ресми көзқарастар жүйесі болып табылады.

Бұл дін саласындағы тарихи құжат. Себебі, аталған құжат қабылданған күннен бастап, мемлекет тарапынан дін саласына қатысты жасалынып жатқан қадамдар Тұжырымдаманы басшылыққа алуда.

Тұжырымдама қабылданғаннан кейін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленіп, жалпыхалықтық талқылауға салынып жатыр. Аталған Заң жобасы жақын күндері қабылданады деп күтілуде.

Өткен жылы Басқарма тарапынан облыс көлемінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы мен Тұжырымдама аясында іске асырылды.

Аталған жұмыстар облыс әкімдігінің салалық басқармаларымен, Тараз қаласы және аудан әкімдіктерімен, құқық қорғау органдарымен, діни бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатыла отырылып, жүзеге асырылды.

Енді, облыстағы діни ахуалдың жай-күйі мен атқарылған жұмыстарға нақты келер болсақ.



Облыс халқының саны – 1 млн. 116,5 мың болса, оның ішінде, ұлттық ерекшеліктері бойынша 969,1 мыңы мұсылман (86,71%), 131,6 мыңы христиан (11,86%) халықтары, 15,8 мыңы басқа діндер мен атеистік және агностиктік (1,43%) көзқарасты ұстанушылар болып табылады.

2017 жылдың соңында мемлекеттік тіркеуден өткен діни бірлестіктер мен филиалдардың саны 341-ге жетті. Оның ішінде, 295 мешіт пен 46 шіркеу (8 православтық, 1 католиктік, 37 протестанттық) бар.

Және орыс-православ шіркеуінің 1 өкілдігі тіркелген.

2016 жылы 281 мешіт болған. 2017 жылы жаңадан 14 мешіт1 есептік тіркеуден өтті.

Облыс бойынша 16 мешіттің діни қызметшісі жоқ. Аталған 16 мешіттің барлығы ауылдық жерлерде орналасқан.

Жыл санап мешіттерді кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылы 39, 2015 жылы 21, 2016 жылы 18 мешітте имам жоқ болған еді.

Ал, олардың діни білім деңгейлеріне келер болсақ, 13,6%-ы – жоғары білімді, 39,3%-ы – орта білімді, қалған 47,1%-ы – сауат ашу курстарын бітірген.

Ағымдағы жылы Басқарма мен облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті бірлесіп өткізген имамдардың біліктілігін арттыру курстарынан 300-ге жуық діни қызметші өтті.

Атап айтқанда, өткен жылдың 17 қазанында Басқарманың ұйымдастыруымен облыстағы мешіт имамдарына арналған «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы діни қызметшілердің ықпалы» атты облыстық семинар өткізіліп, оған 250 діни қызметші қатысты.

Аталған семинарда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті мен Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының және ҚМДБ-ның білікті мамандары арнайы шақырылып, дәріс оқыды.

Облыста 66 ауыл имамына демеушілер есебінен 20-25 мың теңге көлемінде айлық жалақы төленді.

Ал, республикалық «Уақып» қайырымдылық қоры арқылы облыстың 10 имамына стипендия тағайындалды.

Облыс бойынша мешіттерге келуші жамағаттың саны 29 мыңға жуық. Оның 38,8%-ы 14 пен 29 жас, 48%-ы 30 бен 63 жас аралығындағылар болса, 13,2%-ын 63 жастан жоғарғылар құрайды.

Демеушілердің көмегімен облыс бойынша 295 мешіттің 290-ына бейнебақылау жүйесі орнатылған (Меркіде 2, Т.Рысқұлов 1, Шу 1 мешітте жоқ).

Осы ретте, мешіттердегі діни ахуалдың жай-күйін зерделеу жұмыстарына бейнебақылау жүйесінің мол пайдасы тиюде.

Сондай-ақ, ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар, яғни, намазханалар мен құлшылық үйлерінің саны 35-ті құрады. Оның ішінде, 33 намазхана мен 2 христиандық құлшылық үйі бар.



По христианскому направлению

- В регионе осуществляют деятельность 8 религиозных объединений и 1 представительство Православного толка. 87,5% из числа священнослужителей имеют высшее образование, 12,5% - среднее.

Количество прихожан русских православных церквей составляет около 700 человек. По возрастному составу – в основном пожилые граждане. Посещение этих церквей молодежью в небольшом количестве связано с их отъездом после окончания средних школ в более крупные города нашей страны и в Россию.

- В осуществляющей свою деятельность единственной Римско-Католической церкви, находящейся в г.Тараз, количество прихожан составляет около 100 человек.

- На территории области также осуществляют деятельность 34 религиозных объединения и 5 филиала Протестантского направления.

Деятельность всех религиозных объединений на постоянном контроле Управлении. Специалистами – религиоведами проводятся изучение содержания проповедей священнослужителей церквей, составляются количественные и качественные показатели прихожан по этническому, возрастному составу.

В регионе прошли официальную регистрацию и получили Свидетельства на право осуществления миссионерской деятельностью 7 иностранных миссионера, являющиеся представителями Польши, Италии, России, Южной Кореи и Египта. Деятельность миссионеров на постоянной основе находится под контролем соответствующих правоохранительных органов и УДР. Нарушения законодательства Республики Казахстан в сфере религии указанными миссионерами не наблюдалось.

Облыстағы діни ахуалдың тұрақтылығына дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары қызметінің әсері елеулі болып табылады. Өңірімізде ақпараттық-түсіндіру топтары облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейлерде құрылған.

2017 жылы облыстық, қалалық, аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамы 100% дінтанушы, теолог және психолог мамандардан және дін саласына уәкілетті мемлекеттік қызметшілерден жасақталды. Аталған өзгеріс ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасына оң ықпалын тигізуде.

Өткен жылы облыстық АТТ 293 іс-шара өткізіп, 16500-ден астам адам қамтыса, қалалық және аудандық, сондай-ақ, ауылдық АТТ тарапынан 2965 іс-шара ұйымдастырылып, 163 мыңнан астам адам қамтылды.

Аталған бағыттағы АТТ жұмыстары биылғы жылы да жалғасын табатын болады. Бірақ АТТ іс-шараларының басым көпшілігін келесі мақсатты топтар арасында жүргізу қажет:


  • Мешіт жамағаттары, оның ішінде, деструктивті ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтар;

  • Жұмыссыздар;

  • Оралмандар мен мигранттар;

  • Өзін-өзі қамтамасыз етушілер мен кәсіпкерлер және жалдамалы жұмысшылар;

  • Шетелдік діни оқу орындарында оқитындар мен олардың жақындары;

  • Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілердің жақындары;

  • Пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтар;

  • Мектеп-интернаттар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері;

  • Спорт мектептерінің тәрбиеленушілері мен жаттықтырушылары;

  • Саяжай тұрғындары;

  • Жастар мен жасөспірімдер.

Алдағы уақытта АТТ іс-шараларының санына емес, сапасына мән берілетін болады. Сондықтан АТТ іс-шараларын жоғарыда аталған санаттар арасында жүргізуге жоспарлау қажет.

Сонымен қатар, аталған бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары БАҚ көздерінде де жүзеге асырылды.

Өткен жылы маңызды діни тақырыптарда газет беттерінде - 416, телерадиодада - 37, интернет кеңістігінде - 590 мақала мен 2882 ақпараттық материал жарияланды.

Сондай-ақ, 2017 жылы Басқарма облыстық ішкі саясат басқармасымен келісе отырып, «Jambyl» телеарнасының «СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?» бағдарламасы арқылы дін саласына қатысты тақырыптарды талқылау алаңына шығаруды қолға алып, 5 тақырыптық түсірілім эфирге шықты.



(1. «Діни экстремизм – ХХІ ғасыр індеті»; 2. «Дін мен дәстүр сабақтастығы»; 3. «Зайырлы мемлекеттегі діни қатынастар заңмен реттеледі»; 4 «Ас беру мәдениеті»; 5 «Жат діни ағымдар және қазақ қыздарының тағдыры»)

Аталған бағдарламаларда спикер ретінде Басқарма мен Дін проблемаларын зерттеу және Оңалту орталықтарының дінтанушы, теолог мамандарымен қатар, зиялы қауым өкілдері мен спорт және мәдениет саласының қоғамға танымал тұлғалары қатысты.

Облыста dini.zhambyl.gov.kz, asyldin.kz сайттарының қызметтері үйлестірілуде.

Облыс тұрғындары дін саласындағы мемлекеттік саясатқа қатысты ақпараттарды Басқарманың dini.zhambyl.gov.kz сайтынан ала алатын болса, ал, ислам дініне қатысты қызықтырар ақпараттарды облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің asyldin.kz сайтынан алуға толық мүмкіндіктері бар. Тіпті, asyldin.kz сайтының мобильдік қосымшасы да қарастырылған.

Облыс көлемінде христиандық бағытта сайттар қызметі бүгінгі күнге жоқ.

Сондай-ақ, 2017 жылға дейін қызмет еткен tarazdini.kz, sektamnet.kz сайттарында қаржы тапшылығына («Жийде» қоғамдық бірлестігі) және үйлестіруші үкіметтік емес ұйымның жабылуына («Исследование агрессивных культов» қоғамдық бірлестігі) байланысты, ақпараттық жаңарту жұмыстары тоқтап тұр.

Интернет кеңістігінде діни экстремистік және террористік мазмұндағы ақпараттардың таралуының алдын алу бойынша тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылы 1662 күдікті сілтеме анықталып, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетіне дінтану сараптамасына жолданылып, 329 сілтеме бұғатталды. Қалған сілтемелердің дінтану қорытындысы күтілуде.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде теріс пиғылды діни ағымдар идеологиясына қарсы 2266 контрпропагандалық жарияланымдар орналастырылды.

Басқарманың ұсынысымен облыстық қазақ драма театры «Тағдыр тәлкегі», орыс драма театры «Хочу домой», Жуалы аудандық мәдениет бөлімі «Берекең кетсе...» драмалық спектаклдерін әзірлеп, ҚР ДІАҚМ Дін істері комитетінің дінтану сараптамасынан оң қорытынды алды.

Бүгінгі күнге Тараз қаласы мен аудандарда тұрғындар үшін аталған спектакльдердің бірнеше қойылымы өтіп, оң бағалануда.

Тараз қаласы мен аудандар көлемінде дін саласына қатысты 48 сыртқы көрнекілік құралы орналастырылған.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдарды тарту мақсатында, 2017 жылы 13 млн. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылды.

Аталған жобалардың 3-еуі Дін проблемаларын зерттеу орталығы, 2-еуі Оңалту орталығы тарапынан ұйымдастырылды.



Аталған Жобалар аясында:

- 5 бейнеролик пен 1 бейнефильм әзірленді. Аталған бейнематериалдар облыстық телеарналардан көрсетілуде. Сонымен қатар, халық көп шоғырланатын орындар, атап айтқанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, емханаларда, білім беру ұйымдарында, көшелерде орналасқан лэд-экрандарда және түзеу мекемелерінде көрсетілімі ұйымдастырылды.

- 21 мың данаға жуық діни әдебиеттер мен кітапшалар сатып алынып, Тараз қаласы мен аудандарға және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінің кітапхана қорларына таратылды.

- республикаға және облысқа танымал ғылыми дәрежелі дінтанушы, теолог мамандарды арнайы шақырып, түрлі санаттағы облыс тұрғындары арасында 100-ден астам іс-шара (конференция, семинар, вебинар, кездесу, т.б.) өткізілді.

- журналистер арасында үздік шығармашылық байқауы өткізілді.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған «Өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралардың желілік кестесі» қабылданып, оған Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің және салалық басқармалардың профилактикалық іс-шаралары енгізілді.

Желілік кестеге сәйкес, 2016 жылы 3017 іс-шара өткізілсе, үстіміздегі жылы 3266 іс-шара ұйымдастырылды.

Басқарманың 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, жыл ішінде Тараз қаласы мен аудандарда «Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының күндері» өткізілді2.

Басқарма күндері аясында кешенді зерделеу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және атқарылып жатқан іс-шараларды жетілдіру туралы Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне тиісті ұсыныстар берілді.

Қыз балаларды ұлттық санада тәрбиелеуді, олардың адамгершілік-рухани дамуы мен діни ұстанымдарын таңдауға кеңес беру мақсатында облыстағы білім беру мекемелерінде 262 (Тараз қаласында – 15, аудандарда – 247) «Қыз Жібек» клубтары жұмыс атқарады. Сондай-ақ, облыстағы 3 жоғары оқу орындарында «Айша бибі» және «Қыз Жібек» клубтары құрылған.

Аталған клубтардың жұмысын жандандыру мақсатында ағымдағы жылдың 25 қазанында «Қыз Жібек» клубтары мүшелеріне арналған «Жат діни ағымдар және қазақ қыздарының тағдыры» тақырыбында облыстық семинар өткізіліп, оған лектор ретінде республикаға және облысқа белгілі ғылыми сарапшылар мен қоғам қайраткерлері шақырылды.

Облыста деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтарды оңалту және қоғамға бейімдеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

2015 жылдан бүгінгі күнге дейін жүргізілген оңалту жұмыстарының нәтижесінде, деструктивті діни бағыттағы 419 азамат қоғамға бейімделді.

Оның ішінде:

- 2015-2016 жылдары – 201;

- 2017 жылы – 218 азамат оңалтылды.

Оңалған 419 азаматтың ішінде, 40 әйел бар.

Аталған жұмыстар ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті тарапынан ұсынылған оңалту критерийлеріне сәйкес, жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне (бұдан әрі – ҚАЖД) қарасты түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтар арасында діни экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстары бір жолға қойылған.

Осы мақсатта, түзеу мекемелерінде ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарына арналған Басқарма мен ҚАЖД және облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті арасында үшжақты іс-шаралар жоспары қабылданған.

Аталған жоспарға сәйкес, Басқарма мен Орталықтардың қызметкерлері және мешіт имамдары апта сайын кездесулер өткізді.

Сотталушы азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында, соңғы кездері топтық кездесулерден гөрі жеке сұхбаттарға мән берілуде.

Жыл ішінде, Басқарма мен 2 Орталық қызметкерлері 116, мешіт имамдары 110 жеке және топтық форматта кездесулер өткізді.

Бүгінгі күнге жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, 33 сотталушы радикалды діни көзқарасынан қайтарылды. Оның ішінде, 2017 жылы 2 сотталушы оңалтылды.

Облыс бойынша шетелдік діни оқу орындарында оқитын азаматтардың саны – 253.

Басқармамен шетелдік діни оқу орындарында білім алып жүрген облыс жастарын отандық білім беру орындарына қайтару жұмыстары белсенді атқарылуда. Атап айтқанда, жыл басында шетелдік діни оқу орындарында білім алушы азаматтардың саны 40 болса, олардың жақындарымен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, 15 азамат елге оралды.



По административным правонарушениям

Признавая невмешательство во внутренние дела религиозных объединений и право на религиозную автономию, государство оставляет за собой право реагировать на деятельность верующих и религиозных объединений в случае нарушения ими законодательства Республики Казахстан, причинения ущерба законным интересам граждан, организаций и государства в целом. В таких случаях государством принимаются меры, предусмотренные законодательством.

Так, при взаимодействии и совместной работе сотрудников управления по делам религий, акиматов районов, правоохранительных органов, если в 2016 году к ответственности за административные правонарушения были привлечены 13 человек, то в 2017 году в результате совместной работы с правоохранительными органами выявлено 17 фактов правонарушений.

Құрметті жиынға қатысушылар!

Жамбыл облысын дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты қолдайтын тұрғындар үлесін 2017 жылы 79%-ке жеткізу жоспарланған болатын.

Жалпы дін саласында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, жоғарыда аталған көрсеткіш 84,4%-ға орындалды.

Алдағы уақытта өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау бағытында Өздеріңізбен бірлесіп, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыратын боламыз.



Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рахмет.

Доклад окончен. Спасибо за внимание!!!

1 Тараз қаласындағы «Әл-Фирдаус», «Құрал қажы»;

Байзақ ауданында Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты Ақшолақ ауылындағы «Баян ана», Мырзатай ауылдық округіне қарасты Сеңкібай ауылындағы «Сеңкібай»;

Қордай ауданында Масаншы ауылындағы «Хазрет Биләл», «Медина», «Ислами Нур», «Салман Фарси», Сортөбе ауылындағы «Ал-Хаким», Ауқатты ауылындағы «Усман бин Аффан», Арал ауылдық мешіті;

Т.Рысқұлов ауданы, Луговое кентіндегі «Жүсіп»;

Шу ауданында Бірлік және Еңбекші ауылдық мешіттері жаңадан ашылды.

2 Басқарма күндері аясында:

- әкімдіктердің мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру барысында атқарып жатқан жұмыстарын зерделеу, атқарылып жатқан жұмыстарды одан ары жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;

- әкімдіктер жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің қызметін зерделеу;

- діни ахуалды тұрықтандыру бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралардың желілік кестенің жүзеге асырылу барысын талдау;

- әкімдік тарапынан деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтарды қоғамға бейімдеу және оңалту жұмыстарының (әлеуметтік, психолгиялық, т.б. көмектер) барысын зерделеу және нәтижесін талдау;

- дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының қызметін зерделеу, АТТ мүшелеріне әдістемелік көмек көрсету;

- діни мазмұндағы сыртқы көрнекілік құралдарын зерделеу;

- сауда орындары мен қоғамдық жерлерде және кітапханаларда діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың заңсыз таратылымы мен сатылымының алдын алу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізу;

- қалалық БАҚ көздерінің дін саласындағы ақпараттандыру жұмыстарын зерделеу;

- деструктивті діни ағымдарға тартылған оқушылармен және олардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- ғибадат үйлеріндегі (мешіт/шіркеу) діни ахуалды зерделеу, жамағаттарымен кездесулер өткізу;

- әлеуметтік сауалнама жұмыстарын жүргізу;

- «open air» форматында парақшалар мен бүктемелер және флаерлер тарату жұмыстары жүргізіледі.

Нәтижесі бойынша қала/аудан әкімдерінің қатысуымен қорытынды жиын өткізіліп, зерделеу жұмыстары барысында анықталған кемшіліктерді жою және атқарылып жатқан жұмыстарды одан ары жетілдіру бағытында нақты ұсыныстар беріледі.

3 Тараз қаласынан – 2, Қордай ауданынан – 18, Жуалы ауданынан – 2, Шу, Талас, Мойынқұм аудандарынан – 1 азаматтан бар.

Аталған азаматтардың 15-і Пәкістанда, 2-еуі Қырғыз Республикасында, 3-еуі Түркияда, 3-еуі Египетте, 2-еуі Сауд Арабиясында оқып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет