Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Жануарлар – жанды табиғаттың бір бөлігі. Сен аңдар мен құстарды қарындаш және бояулармен салдың, аппликация, коллаж, монотипия жасадың. Бүгін жануарлардың көлемді бейнелерін полимер балшығынан немесе ермексаздан мүсіндейсің.
Егер сен мына бөліктерді жасасаң, кез келген жануарды мүсіндей аласың:
|
1) дөңгелек немесе сопақ басын;
2) қияр тәрізді ұзын не сопақ денесін;
3) төрт аяғын (егер жылқыны мүсіндейтін болсаң ұзынырақ, ал кірпінің аяғын қысқа етіп мүсіндейсің); 4) мойнын (керіктің мойны тәрізді ұзын немесе сусиырдың мойнындай қысқа болады);
5) жеке бөліктері (құлағы, көзі, мұрны, құйрығы, терісінің жолақтары мен дақтары) арқылы жануарларды бір-бірінен ажырата аламыз.
|
Мадақтау сөздері арқылы бағалайды.
|
3-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері.
|