Құрметті әріптес!


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет3/24
Дата08.10.2022
өлшемі0,76 Mb.
#152220
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Көркем еңбек 1-тоқсан 3-сынып
наурыз, Задания МОДО
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.

Табиғат – адамды қоршаған дүние. Ол: теңіз бен мұхит, тау мен шөл, өсімдіктер мен жануарлар. Табиғат дамудың нәтижесінде пайда болды. Табиғаттың жанды және жансыз түрі бар.

Табиғатты шебер суретші дейді. Оны қалай түсінетініңді айтып бер.

ҚБ: Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын!.







Кез келген ағаш жапырағына қара (үйеңкі, талшын, емен, қайыңның жапырағы). Олардың оң жағы мен сол жағы бірдей екеніне көңіл бөл. Жапырақты қақ ортасынан бүктесең, оның екі жағы тура беттеседі. Олардың да оң және сол жағының бірдей екенін байқайсың. Мұны екі жағы бірдей симметрия деп атайды. Ал бейнені бірдей екі бөлікке бөлетін сызықты симметрияның осі дейді.

Симметрия құбылысы табиғатта байқала бермейді. Мысық және тағы басқа жануарлардың суреттеріне қарап, олардың симметриялы екенін дәлелде.










1. Қағаз парағының ортасынан жіңішке сызық жүргіз. Сызықтың сол жағына көбелектің қанатын суреттегідей етіп бояумен сал. 2. Қағазды сызықтың үстінен ақырын бүкте. Сурет ішінде қалсын. Қағаздың екі жағын беттестір де, үстінен қолыңмен басып тұр.

3. Қағазды аш. Сурет таңбасы пайда болды. Енді керекті бөлшектермен толықтыр. Симметриялы сурет жасай алдың ба?

Сабаққа қатысу белсенділігіне байланысты қалыптастырушы бағалау бойынша мадақтау сөздері арқылы ынталандырады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет