ҚҰрметті әріптестер!



бет3/6
Дата15.05.2020
өлшемі1,46 Mb.
#68826
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ-2020
Қашықтықтан байқау
БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

  1. Байқауға өтініштер 2 бағыт бойынша қабылданады.

1-ші бағытта: «Қазақстанның үздік ұстазы» ордені, «Білім беру ісінің үздігі», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ы.Алтынсарин» медалі сарапқа салынады. Аталмыш марапатқа ұсынылатын педагогтің еңбек өтілі үздіксіз 15 жылдан кем болмауы шарт. Жетістіктер портфолиосына соңғы 5 жылдықтағы жетістіктерді жолдауы тиіс.

2-ші бағытта: «Үздік педагог», «Педагогика саласының үздігі», «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін», «Үздік жас педагог», «Үздік тәрбиеші», «Үздік педагог-психолог» төсбелгілері сарапқа салынады. Аталмыш төсбелгіге ұсынылатын педагогтің еңбек өтілі ең кемі үздіксіз 5 жылдан, «Үздік жас педагог» наградасы бойынша 3 жылдан кем болмауы шарт. Жетістіктер портфолиосына соңғы 3 жылдықтағы жетістіктерді жолдауы тиіс.

ЕСКЕРТУ: «ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ – 2020» байқауына қатысу үшін өтінішті толтырған кезде бағытты және награда атауын (орден, төсбелгі) көрсетулеріңіз қажет! Әр педагог өзін-өзі ұсына алады немесе мекеме басшысынан ұсыныс болу қажет.

Ұсыныс құжаттарын арнайы құрылған сараптау комиссиясы тексеріп, бағалайды. Сараптау комиссиясының шешімімен үздік деп табылған қатысушылар аталмыш төсбелгілерге лайық деп танылып, қатысушы марапат иегері атанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет