Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Қадірлі қала тұрғындары!



бет9/19
Дата21.07.2020
өлшемі39,83 Kb.
#63512
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Тұрғын үй құрылысы:

Өткен жылы, Қызылорда қаласы қарқынды құрылыс алаңына айналды.

Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының қолдауымен, Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысын дамытуға тартылған инвестиция көлемі 49 млрд. 378 млн. теңгені құрады.

Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының 80 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.



2016 жылы 4 мың 126 пәтерді құрайтын 80 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілді.

Былтырғы жылы 379 мың 563 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды.

Осындай ауқымды жобалардың нәтижесінде, соңғы 4 жыл көлемінде қаламызда жаңадан 11 шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңға жуық жерлестеріміз жаңа пәтерге ие болды.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту бағдарламасы аясындасоңғы 4 жылда қала бойынша 3 млрд.  61 млн. теңгеге121 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті.

 ******

Қала халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да кезең-кезеңімен жүзеге асуда.

2015 жылы, Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылдық округінде газдандыру жұмыстарына 2 млрд 157 млн. теңге бөлініп,  4 мыңнан аса тұрғын үйлер, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар көгілдір отынмен қамтылды.

Былтырғы жылы Талсуат ауылдық округін газдандыру үшін облыстық бюджеттен 271 млн.теңге қаралып, ауылдық округ бойынша 500-ге жуық тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан табиғи газбен қамтылды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет