Жолаушылар тасымалы бойынша:
Қызылорда қаласындағы қалаішілік қоғамдық көлік тасымалын сапалы қызметпен қамтамасыз етуге «Қызылорда» автобус паркі» құрылып, бүгінде қаладағы кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көліктердің орнына жаңадан барлық талаптарға сәйкес, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасалған, экологиялық таза үлкен сыйымдылықтағы заманауи 112 автобус алынып, қала халқына қызмет етуде.
Қаламызда аумағы 5 гектар жерге, жаңа үлгідегі автобус паркі салынуда.
Жаңадан 3 диспетчерлік пункт іске қосылды.
Тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан оқушылар мен студенттердің қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүруіне облыстық бюджеттен 93 млн. 300 мың теңге қаралды.
Қазіргі уақытта, қалаға жақын орналасқан елді мекендерден қала мектептерінде қатынап оқитын 511 баланы, күнделікті арнайы бөлінген 8 автобус (№ 39, 138, 172, 176, 178, 189, 218, 264) тасымалдауда.
Достарыңызбен бөлісу: |