Қаладағы «Тұңғыш Президент саябағы» жанынан «Рәміздер алаңы» бой көтерді.
«Рәміздер алаңында», Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн,биіктігі 60 метрлік қасиетті Мемлекеттік Туымызорналастырылды.
«УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен 120 млн. теңгеге «Шиелі-Қызылорда», «Сырдария-Қызылорда» бағыттарынан кіреберіс қақпалар салынды.
Қызылорда қаласы мәдени-рухани өмірінде өрелі істермен ерекшеленіп, халқымыздың ең басты құндылығы ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесін жоғары деңгейде атап өттік.
Жыл басынан бері – Жамбыл, Ақтөбе облысының күндері, халықаралық айтыс, концерттер мен фестивальдар, ғылыми конференциялар мен форумдар, «Алтын дән» мерекесі, жылдағы дәстүрге сәйкес қала күнін атап өттік.
2016 жылы қала бойынша 1 мың 110 мәдени шаралар ұйымдастырылып, 615 мың көрермен қатыстырылды.
Осындай игілікті шаралардың жалғасы ретінде, ел болашағы саналатын жастардың бастамаларына қолдау көрсету үшін 10 жас маман «Самғау» сыйлығының, математика саласында үздік жетістік көрсеткен 10 жас арнайы «Асқар Жұмаділдаев» атындағы қаржылай сыйлықтың иегерлері атанды.
Достарыңызбен бөлісу: |