Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Қадірлі қала тұрғындары!


Жыл өткен сайын аймағымызда демографиялық өсім қалыптасып



бет18/19
Дата21.07.2020
өлшемі39,83 Kb.
#63512
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Жыл өткен сайын аймағымызда демографиялық өсім қалыптасыпбылтырдың өзінде 18 мың 694 сәби дүниеге келді. Оның 65 пайызы Қызылорда қаласының кішкентай тұрғындары.

Құрметті қызылордалықтар!

Қалада өткен жылы өңірді өрге сүйреген біршама жұмыстар атқарылды. Алдымызда атқаруға тиісті ауқымды міндеттер бар.



Ендігі ретте, биылғы жылы жүзеге асырылатын жобаларамыздың ең маңызды дегендеріне тоқталамын.

2017 жылы Қызылорда қаласы бойынша ауыз су инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жобаларды жүзеге асыруға республикалық, жергілікті бюджеттерден 3 млрд. 550 млн. теңге қаралады.

Биылғы жылы қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық, жергілікті бюджеттерден 1 млрд. 724 млн. теңге бөлінді.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында қаламыздың ең үлкен көшелерінің бірі Қазыбек би көшесінен Жезқазған автожолына дейінгі жалпы ұзындығы 5,8 шақырымды құрайтын Қорқыт Ата көшесін қайта жаңғыртуға, облыстық бюджеттен  1 млрд. 426 млн. теңге қаралды.

Бұл жұмыстармен қатар, қала көшелерін ағымдағы, орташа жөндеуге қалалық бюджеттен 229 млн. 666 мың теңге бөлінді.

Өзекті мәселелердің бірі болып келген Белкөл кентін газдандыруға, облыстық бюджеттен 378 млн. теңге қаралды.

Тасбөгет кентінде 160 орындық спорт кешенін, 140 орындық балабақша құрылысын бастауға облыстық бюджеттен 200 млн. теңге бөлінді.

Қаламыздағы «Қуғын - сүргін құрбандарын еске алу» ескерткішінің аумағын абаттандыруға 142 млн. 470 мың теңге қаралды.

Облыстық бюджеттен бөлінген 49 млн. 346 мың теңгеге Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші жасалынды.

Қызылорда қаласының орталығынан бой көтеретін бұл ескерткіш наурыз айында салтанатты түрде ашылады.

Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан «Арай-2» мөлтек ауданында көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізуге, «Бәйтерек» мөлтек ауданынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін қажетті жер телімдерін мемлекеттік мұқтаждыққа алуға облыстық бюджеттен 386 млн. 96 мың теңге бөлінді.

Жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты жұмыспен қамту бағытында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында жалақыны субсидиялауға, жастар тәжірибесіне, республикалық бюджеттен  118 млн. 968 мың теңге бөлінді.

Биылғы жылдан бастап «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы, 6 айлық мерзімге жұмысқа тартылатын жастардың айлық жалақысы 54 мың теңгеге жетті.

2017 жылы, осы бағдарлама арқылы 285 жас маман жұмысқа тартылады.

Қаладағы білім ошақтарын арнайы кабинеттермен жабдықтауға, облыстық бюджеттен 171 млн. 439 мың теңге қаралды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет